Рухани-адамгершілік тәрбие
– белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін
мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлықтағы
адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық
тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік
мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне
бағытталған.
К.Д. Ушинский: «
Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер
етуден құрайды
», – десе, дана Абай: «Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды
жетелеуі тиісті, сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие
болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын», – деген
болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз
тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып
қалыптасады.
Мектепке дейінгі тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы, сәбидің жеке тұлға
болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Алғашқы отансүйгіштік, патриоттық
сезімдері отбасы мен балабақшадан бастау алады. Туғандарына, жақындарына
деген махаббаты, туған өлкесіне, қаласына сүйіспеншілігі бала санасына
ерекше әсер етіп, өшпестей із қалдырады [3;5].
Сондықтан бала тәрбиесінде оның мектепке дейінгі кезеңін ерекше назарда
ұстау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы
балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан
сайын ойдағыдай жүзеге асады.
Біздің бөбекжайымызда мектеп жасына дейінгі балалардың бойына
рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында түрлі іс-
шаралар өткізіліп, халқымыздың салт-дәстүрі, қолөнері, ұлттық ерекшеліктері
кеңінен насихатталып отырады. Дәстүр дегеніміз – ата-бабамыздың бізге
қалдырып кеткен мол мұрасы, қазынасы, қағидасы, ережесі, шексіз байлығы.
Дәстүр заман талабына сай өзгеріп отырады. Оны өзгерту керек. Бірақ біз оның
дәнін, нәрін сақтай отырып, келер ұрпаққа негізгі дәнектерін дарытып
отыруымыз керек. Сол кезде ғана біздің ұрпақ Мәңгілік елдің рухани-
адамгершілік құндылықтарын сақтаған халыққа айналмақ.
Осы бағытта бөбекжайда оздырылған өз тәжірибемдегі бірнеше
ісшараларға тоқталып өтейін:
97
2015-2016
оқу
жылында
облыстық
семинарда
ата-аналардың
қатыстырылуымен
«Салт-дәстүр
–
асыл
қазынам»
атты
ісшара
ұйымдастырылып, көпшілік көңілінен шықты. Аталмыш іс-шараның мақсаты
тәрбиеленушілерді халқымыздың ежелден келе жатқан салтдәстүр, жөн-
жоралғыларымен таныстыру.
2016-2017 оқу жылдары облыстық семинарда «Қазақтың ұлттық
қолөнерінде қолданылатын технологиялар» атты атааналармен жұмыс түрлері
көрсетілді. Бұл шараның негізгі мақсаты: қазақтың ұлттық қолөнерін
насихаттау, қолөнер бұйымдарын жасау жолдарымен қазіргі ұрпақты
таныстыру, бойларына ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының бірінші Президенті
күніне орай «Біз Президентпен біргеміз!» атты ашық тәрбие сағатын
ұйымдастырдым. Осы ашық ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы болашақ
ұрпақты елбасымыздың балалық шағымен, қызмет барысымен таныстырып,
ұрпақ бойына мақтаныш сезімін туғыза отырып, еліміздің патриоты болуға
тәрбиелеуді көздедім.
2016 жылы еліміздің Тәуелсіздік күніне
орай
«Тәуелсіз
Қазақстан»
көрмесі
ұйымдастырылды.
Көрмеге
бөбекжай
атааналары түгелдей дерлік атсалысып,
Республикамыздың
мақтаныштарына
арналған
ғимараттарының
кішірейтілген
үлгілерін жасап, көрмеге ұсынды. Аталмыш
көрмеде
еліміздің
әдемі,
биік
ғимараттарымен
танысқан
тәрбиеленушілердің жанарларынан еліне
деген зор сүйіспеншілік пен мақтанышты
анық байқауға болатын еді. Бұл жұмыс
арқылы балалардың бойына қазақстандық
патриоттық
сезімдерін
оятумен
қатар,
атааналар мен бөбекжай арасындағы өзара байланыстары да нығайа түсті.
Отбасы – балабақша – бала арасындағы сабақтастық барлығын бірдей
ойлауға, бірдей шешім қабылдауға алып келеді. Осыдан ерекше ойланудың,
ұрпақ тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлудің қажеттігі туындайды. Сондықтан да
сабақтастық – Мәңгілік ел идеясының өзегі. Бұл – қағида. Осы қағида жүзеге
асқанда ғана қазақ халқының азаматтары «Мәңгілік ел» идея аясында бірігіп
жұмыстанады. Ал халқымыз бірігіп, ауызбіршілікте болғанда ғана біз үшін,
келер ұрпақ үшін алынбас асу, бағындырмас биіктік қалмасы сөзсіз.
Бөбекжайымызда өткізіліп отырған барлық шаралардың негізгі мақсаты:
келер ұрпақ бойына ұлттық тәрбиені, руханиадамгершілік құндылықтарды,
ұлтжандылық пен ізгілік қасиеттірін сіңіре отырып, Мәңгілік елдің тұтқасын
мықтап ұстайтын, Тәуелсіздік туымызды көк аспанда мәңгілік желбірететін,
Қазақстан мемлекетін жер бетіне әрқашанда танымал ететін келер ұрпақты,
болашақты тәрбиелеу.
98
«Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан шықсын» демей ме дана
халқымыз. Сондықтан, ұстаздық жолында жүрген біздер келер ұрпақтың
жарқын болашағы белгілі бір деңгейде бізге де қатысты екенін жете түсініп, ел
ертеңін қалыптастыруда аянбай еңбек етіп, талмай ізденуді басты
мақсатымызға айналдыруымыз қажет. Және ол солай болмақ та.
Қорыта келгенде, Елбасымыз айтқандай «Мәңгілік ел» болашағы – білімді
ұрпақ, саналы жастар. Осы тұрғыда ұстаз қауымының атқарар ісі көп, оны
парыз деп білуіміз керек. Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген,
отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын, білімді, иманды, еңбекқор
ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан
шығармауға тиіспіз.
Өскелең ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі
өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын,
рухани дүниесі бай, интнллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану
заманына сай болып тәрбиеленуі керек.
Сондықтан да «Мәңгілік ел» идеясы – Қазақстаннның лайықты дамуының
болашағы, ұрпақ алдындағы жауапкершілік, алдағы онжылдыққа қойылған
міндеттерді шешу, бұл біздің еліміздің жарқын болашағы. [3; 14].
Достарыңызбен бөлісу: |