«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет36/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   296
materialy resp chteniy

Жаңашылдығы: 

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контекстінде Қазақстанда 

мектепке  дейінгі  білім  берудің  тарихы  мен  дамуын  зерделеу,  еркін  және 

өркендеген елде тәрбиелеуге талпыныс жасау. 



Негізгі  бөлім

:    Қазіргі  қоғамда  білім  берудің  алғашқы  баспалдағы 

мектепке  дейінгі  дамыту  болып  табылады.  Мектепке  дейінгі  жас  –  әрбір 

адамның  өміріндегі  ең  жарқын  қайталанбайтын  шақ,  жеке  тұлғаның  алғашқы 

қалыптасу кезеңі, баланың өзіндік тануы мен даралағының қалыптасу кезі.  

Сол  мектеп  жасына  дейінгі  тәрбиенің  тарихи  дамуына  зеттеу  жұмысын 

педагогикалық  және  оқу-әдістемелік  әдебиеттермен  танысу,  талдау  арқылы 

жүргіздім.  [6]  Педагогикалық  және  оқу-әдістемелік  әдебиеттерды  талдау 

нәтежесінде  анықтағаным  шет  елдердегі  мектеп  жасына  дейінгі  тәрбиенің 

тарихи дамуы    Я.Коменский, Г.Пестолоций, Р.Оуэн,  Ф.Фребель  ғылымдардың 

жұмыстарымен  басталса,  Қазақстан  Республикасында    Қазақ    қоғамындағы 

білім  беру  ісі  «қазақтың  тұңғыш  ұстазы»  ретінде  танылған  Ы.  Алтынсарин 

есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық 

қызметі  мен  идеялары  бүгінде  педагогика  саласының  ғылыми-зерттеу 

жұмысына айналды.  

Ұлт  мәдениетiнiң  маңызы  және  оның  жеке  тұлғаның  рухани  дамуына 

тигiзер  әсерi,  білім  беру  туралы  ой-пiкiрлердiң  қалыптасуына  Ш.Уалиханов, 

Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев,Ш.Құдайбердиев,Ж.Аймауытов,А.Байтұрсынов, 

М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Т.Шонанов,  Ә.Бөкейханов  сынды  халқымыздың 

ағартушылары мен өнер қайраткерлерiнiң қосқан үлесi зор болды.  Өз халқына 




75 

 

бiлiм  мен  өнер  сәулесiн  шашқан  Н.Құлжанова,  М.Бегалиева,  М.Ниязова, 



Ш.Иманбаева  сияқты  қазақ  әйелдерiнен  шыққан  алғашқы  қарлығаштар  өз 

еңбектерiнде  жас  ұрпақ  тәрбиесiнiң  өзектi  мәселелерiне  байланысты  айтқан 

құнды пiкiрлері әр кезеңдердегі білім мазмұнын жаңартуға негіз болмақ. 

Ал  ағартушы  қайраткер  педагог-ғалым  қазақ  әйелі  Нәзипа  Құлжанова 

мектепке  дейінгі  тәрбие  туралы  жазған  еңбегінің  құндылығы,  оның  Қазақстан 

топырағында тұңғыш мектепке дейінгі педагогика ғылымының негізін салушы 

педагог-ғалым болуымен ерекшеленді. Н.Құлжанова 1925-29 ж.ж. М.Горкийдің, 

В.Г.Короленконың,  А.Куприннің,  В.В.  Лаврененконың,  Н.К.  Крупскаяның 

еңбектерін қазақ тіліне аударды.   

Н.Құлжанова А.Байтұрсыновтың ұстаздық үлгісінен нәр алған адам. Ол өзі 

педагогикалық екі еңбек жазды. Оның бірі «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923) 

деп  аталса,  екіншісі,  «Ана  мен  бала»  (1927)  деп  аталады.  Н.Құлжанованың 

«Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегіне А.Байтұрсынов кіріспе сөз жазып, 

бұл  еңбектің  «Қазақстан  топырағындағы  жаңа  тақырыпқа  арналған  тың 

туынды» деп жоғары баға береді. [5]  

Н.  Құлжанова  мектепке  дейінгі  тәрбие  мекемесінің  жұмыс  мазмұнын, 

атқаратын  қызметін  айта  келіп,  баланы  тәрбиелеу,  өсірудегі  ұлттық 

ойындардың  ерекшеліктеріне  тоқталады.  Үш  пен  жеті  жас  аралығындағы 

балалардың физиологиялық ерекшеліктерін - бала әлемін сөз етеді.  

Әсіресе,  жас  баланың  айналаны  білуге  деген  құмарлығын,  сөйлеуге, 

сұрақтар беруге бейім болатынын, сол арқылы ойы өсіп жетілетінін айта келіп, 

баланың  ойын  дамыту  үшін  олардың  сұрақтарын  жауапсыз  қалдыруға 

болмайтындығына, 

баланы 


табиғат 

аясында 


тәрбиелеудің, 

табиғат 


құбылыстары жайында үнемі әңгіме жүргізудің мәніне тоқталады. Н.Кұлжанова 

баланы  жас  кезінде  көбінесе  табиғат  аясында  тәрбиелеудің  тиімділігін  айта 

келіп, «Бала даланың кеңдігінде шолпылдатып суға түсіп, жүгіріп құспен бірге 

сайрап,  көбелек  қуып,  шыбын-шіркей,  құрт-құмырсқамен  бірге  көкорай 

шалғын,  тоғай  арасында  сайрандай  жүріп,  көңілі  де,  жан-тәні  де  бірдей  өсіп 

өркендемек» дейді.    

Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттары «Тән саулығы», 

«Баланың  сырт  сезімдерінің  дамуы»,  «Заттың  түр-түсін  ажыратуы»,  «Бала 

тілінің  шеберлілігі»  «Баланы  еңбекке  дағдыландыру»,  «Баланың  әдемілік 

сезімін ояту», «Бала ойындары мен ойыншығы», «Баланы көпшіл болуға баулу» 

деп  жіктей  келіп,  осы  мәселелердің  әр  қайсысының  мән-мағынасын  ашып 

талдайды. 

Ана  мен  бала  тәрбиесі,  әсіресе  баланы  мектепке  дайындау  жайында 

әдістемелік  құралдар  ана  тілімізде  күні  бүгінге  дейін  тапшылық  етуде.  Олай 

болса  бұдан  75-80  жыл  бұрын  жазылған  Н.  Құлжанованың  еңбектері  күні 

бүгінге дейін өзінің құндылына қылау түсірмес аса құнды еңбек екені даусыз. 

Сөйтіп  Н.Құлжанова  -  тұңғыш  мектепке  дейінгі  педагогиканың  негізін 

салушы педагог, ғалым болды.  

Қазақстанда  тұңғыш  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  негізін  салған  көрнекті 

педагог-ғалым  қазақ  әйелі  Нәзипа  Құлжанованы  мәңгі  есте  қалдыруда 




76 

 

Қазақстан үкіметі арнаулы қаулы қабылдап, оның туған жері Қостанай облысы 



Рудный қаласындағы педколледжге ғалымның атын берсе, сондай-ақ Қостанай, 

Семей  қалаларында  Н.Құлжанованың  атында  бір  көшенің  аты  берілсе,  

ағартушы қайраткер ғалымға жасалған үлкен құрмет болар еді деп ойлаймын. 

Әрине  сапалы  мектепке  дейінгі  білімді  бала  балабақшада  алалатындығы 

сөзсіз.  Елімізде  балаларды  нәрестелік  шағынан  қоғамдық  мекемелерде 

тәрбиелеу,  олардың  күтімі  мен  денсаулығын  жақсарту,  мектепаралық 

сабақтастық мақсатында 1917 жылы 2 қарашада 1-рет декларация жарияланып, 

бұл  іс  қолға  алына  бастаған.  1917  жылы  мамыр  айында  Алматыда  тұңғыш 

балабақша  ашылып,  онда  әр  түрлі  ұлттан  жүзге  тарта  бала  тәрбиеленген. 

Еліміздің  әр  өңірінен  біртіндеп  балабақшалар  ашылғанымен,  ата  –  аналар 

тәрбиенің  мәнісін  жете  түсінбегендіктен  балаларын  балабақшаға    беруден  бас 

тартқан    жайттар  орын  алды.  Балабақшалардың  ашылуы  мектепке  дейінгі 

тәрбиенің мазмұнының жетіліп, қалыптасуын қамтамасыз етті.  

1917-2017  жыл  аралығы  ол  бір  ғасыр.  Бұл  жылдар  арасында  

балабақшаларда бірталай өзгерістер болған. 

Қайта  құру  кезеңінде  біраз  балабақшалар  саны  жойылып,  жекешеленіп 

сатылып  кеткен.  Тарихқа  жүгінсек,  Алматы  қаласында  қайта  құру  кезеңіне 

дейін мемлекетке және ведомстволарға қарасты 363 балабақша болған.  

Ол  кезде  қала  халқы  1  миллионға  енді  ғана  жеткен  болатын.  Қайта  құру 

дәуірінен  кейін  небәрі  135  балабақша  қалған.  Бұл  балабақша  ғимараттары 

жаппай  сатуға  шығарылды.  Көңілге  медеу  болатын  жайт,  жыл  сайын  оларды 

мемлекет қайтарып алып жатыр. 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері балабақшалар  күннен күнге  бой көтеріп 

көбейіп,  мектпеке  дейінгі  білім  дамып  келеді.  Елбасымыздың  тапсырмасымен 

2010 жылы «Балапан» бағдарламасы енгізіліп біршама балабақшалар ашылды, 

білім  беру  саласындағы  әлеуметтік  жауапкершілік  жүйесі  дамып,   білім 

беру әдістемелерін  жаңғырту  секілді  мәселелермен  айналысу  нақты  жолға 

қойылды. 

Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  білім  мазмұны  жаңартылып  Мемлекеттік 

стандарт  бойынша  бағдарламалар  жасақталды,  жаңа  инновациялық 

технологиялар,  педагог ғалымдардың әдіснамалары бойынша  жұмыстанады.  

Бүгінде  мен  қызмет  атқаратын  №  9  «Бәйтерек»  балабақшасы  «Балапан» 

бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданының Маңғыстау - 5 тұрғын массивінде 

ашылған  болатын.  «Бәйтерек»  атауының:  Ежелгі  түпкі  ұғымында  «Бәйтерек» 

деген  сөздің  өзі  «өмір  ағашы»  деген  мағынаны  білдіреді.  Міне,  осы  жапырақ 

жайған  алып  ағашқа  ұқсап  біздің  балабақша  тамырын  тереңінен  жайып, 

жапырағы  жайқалып  өсіп  келеді.  Осы  балабақшада  іс-әрекеттік  тұғырда 

баланың  және  тәрбиеші  педагогтің  өздігінен  алдына  мақсат  қоя  отырып  іс-

әрекетті  жоспарлап,  ұсынылған  тапсырмаларды  өнімді,  нәтижелі  орындауға 

талап  етемін.  Білім  мазмұнын  меңгертуге  ықпал  етіп,  оны  жүзеге  асыруға 

жағдай туғыза білемін және мектепке дейінгі ұйымдағы білім сапасын көтеруде 

нәтижеге  жетудің  жолдарын  таңдауға,  іс-әрекетті  арнайы  ұйымдастыруға, 

бақылау  жасауға,  өзіндік  талдауға  өз  үлесімді  қосқанымды  мақтан 



77 

 

тұтамын.Балабақшада    балаларға  экологиялық  тәрбие  беруде  жалықпай  жаңа 



технологияларды  өз  жұмысымызда  пайдаланып,  сонымен  қатар  балаларды 

мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Экологиялық жұмыстар балалардың 

білімін  ғана  дамытып  қоймайды,  оларды  жан-жақты  тәрбиелеудің  де 

міндеттерін шешеді. 

 

Балаларға арналған балабақша ішінен экологиялық бұрыштар жасақталды. 



Тәрбиешілермен  тәрбиеленушілер  аудандық,  облыстық,  республикалық 

сайыстарда  жүлделі  орындарға  ие  болды.  Жұмыс  нәтижелері  арқасында  ата-

аналармен  бірлесіп  «Табиғатты  аялайық»    акцияларын,  «Туған  жерім  – 

мақтанышым» атты көрме, «Табиғатпен үндес» байқауларын ұйымдастырдым. 

Ата-аналар  тарапынан  балабақшаның  көркейе  түсуі  үшін,  өз  ұсыныстарын 

білдіріп  балабақша  жанынан  балаларға  арналған  шағын  жылы  жай  (теплица), 

шағын су бұрқауы (фонтан) және  спорттық алаң жасақтау жобасын ұсынып өз 

белсенділіктерін  танытты.  Маңғыстау  облыстық  балалар  кітапханасы  және 

маңғыстау облыстық мұражаймен байланыс жұмыстарын жүргізіп, балалардың 

танымдық көз қарастарын қалыптастыру үстіндеміз. 

Мен  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңартуда  өздігімнен  ізденіс 

жасауда  ғылыми  әдістемелік  әдебиеттерді  оқып  үйренуге,  идеялар  базасын 

құруға, дайындауға дағдылануына жұмыстанамын. Білім  мазмұнын балаларға 

жеткізуде  тиімді  әдіс-тәсілдерді,  көрнекі  құралдарды:  бейне  таспалар,  үн 

таспалар,  фонотека,  фильмотека,  видеотека,  демонстрациялық,  дидактикалық 

құралдарды  т.б  тиімді  пайдалануына  тәрбиешілерге    көмек  беремін.  Атап 

айтқанда ол жаңа технология арқылы (құм терапия, жобалық қызмет, степ бай 

степ, т.б) ұлттық негіздегі білім беру ұйымдарының мәнi  халқының мәдениетiн 

тереңде  жан-жақты  үйрету,  олардыңсанасынаұлтына  деген  құрмет  пен 

мақтаныш  сезiмiн  сiңiре  бiлудi  басқа  ұлттардың  мәдениетiн  қадiрлей  бiлумен 

ұштастыруды жүргіземін.

 

Жоғарыда айтылған ойлардан мен өз зерттеу жұмысымда мектепке дейінгі 

білім  беру  теориялық-әдіснамалық  тұрғыдан  негіздей  отырып,  балабақшадағы 

тәрбиелеу  мен  оқыту  үдерісін  ұйымдастырудың  педагогикалық,  әдістемелік 

және  тәжірибелік  мүмкіндіктерін  қарастырып,  тәрбиеші  педагогтардың 

шығармашылығын  дамытудың  жолдарын  әлдеде  зерттеу  үстіндемін. 

Н.Құлжанованың  айтқан  сөзіндегі  яғни  «Баланы  табиғат  аясында  еркін 

тәрбиелеу»  дегеніндей  біздің  балабақшамыздың  басым  бағыты  экологияға 

бағытталған.  Балаларға  экологиялық  тәрбиеде  жұмыстанып,    экологиялық 

дамыту  жағдайаттарын  жасадық.  Балаларды  табиғатты  сүюге,    өз  жерін,  елін 

қадірлеуге,  патриоттық  сезімдерін  қалыптастыруда  жұмыстанудамыз.  Мәңгілі 

Ел  ұлттық      идеясыныңда  бір  принцептері  туған  елін,  жерін  сүю,  қадірлей 

білуге  тәрбиелеуді көздейді. 

Өз  жұмысымда  Қазақстанда  мектепке  дейінгі  білім  берудың  тарихы  мен 

дамуын  ашып  көрсетуге  тырыстым,  дегенмен  бұл  мәселе  өте  ауқымды 

болғандықтан  әліде  зерттеу  керектігін  назардан  тыс  қалдырмай  және  алдағы 

уақытта  әр  қырынан  тереңірек  зерделеу  болашақта  алдыма  қойылған 

мақсаттардың бірі болады.   




78 

 

Мектепке  дейінгі  білім  беруде  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіретін  тәрбие  ең 



алдымен  ұлттық  құндылықтарға  негізделе  жүргізілген  абзал.  Оның  ішіне 

рухани-адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық сезімнің ұдайы дамып отыру 

бағытындағы  іс-әрекеттер  кіріктірілуі  тиіс.  Балабақша  қабырғасынан  бастап, 

отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішінде 

салт-дәстүр,  менталитет,  тарихтың  маңызын  бойына  сіңіріп  өсіру  ең  басты 

қағида болуы қажет.  М.Шаханов айтқандай төрт ана үшін күресуге белді бекем 

буған ұрпақ елі үшін аянбайды. Н.Құлжанова түйіндеген қазіргі кездегі күрделі 

мәселенің  бірі  болып  отырған  ана  тілі  бала  үшін  асыл  қасиет  екенін  ұқтыру 

баршамыздың міндетіміз. 

Сонымен  қатар  бірлікке  тәрбиелеу,  бір-бірінің  ынтымақтастықта  жұмыс 

істету,  берекелі  орта  қалыптастыру  бағытындағы  іс-шаралар  Мәңгілік  ел 

идеясындағы басты құндылық екенін ескеріп отыру қажет. Тәрбие мен білімді 

тәрбиеші ретінде тәжірибемен ұштастырып отыру да өзі нәтижесін береді. Әр 

мағыналы  іске  балаларды  үнемі  қатыстырып,  көшбасшылыққа  ұмтылудың 

іргетасын  балабақшадан  бастау  Елбасымыз  көрсеткен  Мәңгілік  ел  идеясын 

жүзеге асырудың басты құралы екенін ұмытпағанымыз абзал. Тарихи оқиғалар, 

әсіресе  отаншылдыққа  бағытталған  ізгілікті  істердің  мазмұнын  үнемі 

тәжірибемен  ұштастыра  отырып  бала  бойына  сіңіру  қазіргі  қоғамдағы  өзекті 

мәселе. Бала әр нәрсеге қызығушылықпен қарайды. Осыған байланысты баланы 

ұлттық  қасиеті  жоғары,  маңызын  жоғалтпаған  дәстүрдің  озық  үлгілерімен 

сусындатып, оның мағынасын ашатын шараларды жиі өткізу қажет. 

Мәңгілік  ел  идеясы  ең  алдымен  болашақ  ұрпақ  үшін  екенін  ескерсек, 

еліміздің мәңгілік болуы жолында халқымыздың гүлденуі басты орында. Оған 

ең алдымен ұрпақтың құнды тәрбиесі мен сапалы білімі жол ашады. Сондықтан 

да  танымдық  шаралардың  барлығы  осыған  бағытталуы  қажет.  Төл 

тарихымыздың  ақтаңдақ  тұстарын  балабақша  тәрбиеленушілеріне  жасына  сай 

түсіндіріп,  бойына  сіңіріп  отыру  қажет.  Тарихи  тұлғалар  жайында  айту, 

электронды  құралдар  арқылы  көрсету,  тарихи  оқиғаға  байланысты  ойларын 

айтқызу, қиялын шарықтату отаншылдыққа баулудың мағыналы жолы. Тарихи 

тұлғаларға  еліктеуге,  хакім  Абай  айтқандай  «болмаса  да  ұқсап  бағуға» 

тырысуға бағыттау өзі нәтижесін береді. 

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау