«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет31/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   296
materialy resp chteniy

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ІС-ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА ДАМЫТУ 

 

Идрисова Толқын Маратхановна 

МКҚК «Гуманитарлық колледж» 

практика оқытушысы 

Астана қаласы 

 

Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, онда өзге адамдарды да танып-түсініп, 

сәйкесінше  көмектесе  алмайды.  Қоғамда  қарым-қатынасқа  түсетін  әрбір  адам  

өзін-өзі  тануын  тереңдетуі  шарт,  бірақ  Джерсиидтің  байқауынша  бұған 

жеткілікті мөлшердегі жүректілік керек, өз рефлексиясының нәтижелері қандай  

болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі 

объективтілік қажет. 

Студент  тұлғасының  өзін-өзі  тануы  білім  беру  жүйесінде  жетекші 

мақсаттардың бірі өзіндік дәрежесін алуы қажет. Студенттің «Мен»позициясын 

қалыптастыру 

қазіргі 

таңда 


педагогика 

мен 


психологияғадеген 

гуманистіккөзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне 

қатысы  бар  әр  адамның  өзін-өзі  адамгершілік  тұрғыда  дамуын  қамтамасыз 

ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін-өзі дамыту қағидаларын меңгеруі 

қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды. 

Бүгінгі  таңда    қоғам    өзгерістерінің  шешуші  факторы  –  Адам. 

Адамныңқарым-қатынасының  үйлесімділігін  қамтамасыз  етуде  адамгершілік 

құндылықжетекші  орын  алады.  Жалпы  «Адам-Қоғам»,  «Адам-Әлем» 

қатынасының  адамныңдүниеге  деген  көзқарасы  қандай  ұстанымдарға, 

принциптерге 

арқа 

сүйейтініненқұндылықтарды 



анықтауда 

үлкен 


маңыздылыққа ие болғанын көреміз. 

Педагог  –  тәрбие  беру  басымдылықтарының  негізгі  жолсерігі. 

Тәрбиеүрдісінің  ақырғы  нәтижесі  оның  кәсіби-тұлғалық  қасиеттеріне 

байланысты.Мейірімділік,  кішіпейілділік  ортасы,  педагогикалық  қолдауды 

күшейту,балаларға  белсенді  сенім  арту  –  бала  тұлғасының  адамгершілік-

руханиқалыптасуының  негізін  қалаушы  жағдайлар.  Тәрбиеленушілерге 

жүргізілгенсауалнамалардың  нәтижесі  бойынша  олар  ең  алдымен  басқа 

адамдардың    бойындамейрімділік,  сүйіспеншілік  қасиеттерін  бағалайды. 

Достық,  адалдық,    ақ    жүректік,қайырымдылық,  көпшілдік,  адамдарға  құрмет 

сезімі,  жауапкершілік,  өзін-өзіқұрметтеу сезімі де маңызды. 




71 

 

Әрбір педагог өзінің оқушыларының қандай  болғанын тілесе, өзі десондай 



болуы  тиіс.  Бұл  кәсіби  іс-әрекетте  құзыретті  әдісті  іске  асыруғамүмкіндік 

береді. Әр педагогтың ұстанымы: 

 

өз-өзіне сенім – өмірдің негізі; 



 

педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс; 



 

кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті; 



 

балалардың өзін-өзі көрсетуінің алуан  түрлілігіне  дене  және  сөз 



реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті; 

 



психологиялық-педагогикалық    білімдерді    меңгеруі,    балалардың  

жекеерекшеліктерін ескеру; 

 

ақжарқын  және  балалармен  қарым-қатынас  жасаудың  табиғи  дарыны, 



жанжүрегімен қызмет етуге дайындығы. 

2014  жылдың   17  қаңтарындағы  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Біздің  болашаққа  барар 

жолымыз  қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға 

байланысты.  ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз  –  белсенді,  білімді  және 

денсаулығы  мықты  азаматтар»-  деп  көрсеткен  болатын.   Елбасымыздың  алға 

қойған мақсатын іске асырудың бірден – бір жолы студенттердің кәсіби білімін 

жетілдіру, мәдениетті де білімді азамат болып шығуына ықпал жасау. 

Жаңа  білім  ғасырында  теориялық  білімді  терең  меңгерген,  жаңа 

технологиямен  қаруланған,  жан-жақты  білімді,  білікті  педагог  қана  еліміздің 

болашағына  өз  үлесін  қоса  алады.  Кәсіптік  іс-тәжірибе  кәсіптік  білімнің 

бағдарламасының  құрамдас  бөлігі  және  білікті  мамандарды  кәсіби  іс-әрекетке 

дайындаудың  тиімді  формасы.  Дәл  осы  болашақ  мамандарды  бүгінгі  қоғам 

талабына сай дайындау мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды оқу 

үрдісінде жүйелі пайдалану қажет. Білім алушы өзінің бейімділігін, шеберлігін, 

алған  теориялық  білімін  тәжірибемен  ұштастырғанда  ғана  педагогке  тән 

іскерлік,  шеберлік  қалыптасады.  Қазіргі  заман  педагогі  –  қоғамдық  дамудың 

деңгейінен  көрінетін,  жаңалыққа  жаны  құмар,  жаңаша  ойлау  дағдысын 

меңгерген, балалардың қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын 

әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс.  

Педагог 

балалармен 

қарым-қатынасқа 

түсе 


алатын 

жоғары 


ұйымдастырушылық  қабілетін  қалыптастырғанда  жоғары  және  мол  тәжірибе 

жинақтағанда  ғана  оның  бойынан  кәсіби  құзіреттілігі  анық  байқалып  тұрады. 

Кәсіби  құзыреттілік    –  педагогтың  жеке  тұлғалық  сапалары  мен  оның 

психологиялық-педагогикалық  және  теориялық  білімнің  кәсіби  біліктілігі  мен 

дағдысының  бір  арнада  тоғысуы.  Болашақ  маман  өз  ісінің  шебері,  жақсы 

педагог  болу  үшін  мамандығына  қажетті  қабілеттерді  және  қарым  –  қатынас 

мәдениетін  меңгеріп  әлемдік  білім  кеңістігіне  талпынуы  керек.  Ахмет 

Байтұрсыновтың  пікірінше:  «Бала  білімді  тәжірибе  арқылы  өз  бетімен  алу 

керек. Ал балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған 

мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беру, бұл –педагогтің қызметі».  

Болашақ  маманның  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруда  педагогикалық 

іс-тәжірибе  үлкен  рөл  атқарады.  Педагогикалық  іс-тәжірибеден  өту  кезінде 




72 

 

машықкерлердің  іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі 



артады,  шығармашылық  деңгейде  жұмыс  істеу  барысында  өз  білімдерін 

дәлелдейді.  Жоғарыда  аталған  іс  –  әрекеттер  арқылы,  мысалы:  Ол  жансыз 

жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға және белгілі мәселелерді 

ұсынып,  шешім  жасауына,  талдауға,  түзетулер  енгізіп  отыруға  деген 

белсенділігінен көрінеді. 

 

Қазіргі  кезде  үздіксіз  білім  беру  үдерісінде  білім  беру  технологияларын 



қолдану  ең  өзекті  мәселеге  айналды.  Болашақ  мамандарды  дайындауда  – 

болашақ  жас  мамандардың  өз  бетінше  жаңаша  жұмыс  істеу  қабілетін, 

шығармашылығын  дамыту  арқылы  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау  алға 

қойылған  мақсаттардың  бірі.  Студенттер  педагогикалық  іс-тәжірибені  өту 

барысында,  қалыптасқан  қағидалар  бойынша  сабақ  бермей,  мейлінше  жаңа 

инновациялық  технологияларды  пайдалана  білуді  үйрету  қажет.  Бұл  тек 

болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қоймай, сонымен қатар 

оқушылардың да сабаққа деген ынтасын арттыра түседі. 

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің 

басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби 

шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық желілерге шығу», - делінген. 

Білім  беру  технологиялары  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін  жетілдіруге 

мүмкіндік  жасайды.  Білім  беру  технологиясын  оқытудың  тиімділігін 

қамтамасыз  ететін  білім  саласы;  оқытуға  ықпал  ететін  барлық  факторларды 

есепке  алу  мен  іріктеу  негізінде  оқытуда  мейлінше  жоғары  жетістікке  жету 

мүмкіндіктерін  іздеуге  бағытталған  ғылыми  білім  саласы;  білімді  меңгерудің 

барлық аспектілерін қамтитын жоспарлаудың, қамтамасыз етудің, басқару мен 

бағалаудың  кешенді,  кіріктірілген  үдерісі;  қойылған  білімдік  мақсаттарды 

табысты  іске  асырудағы  оқыту  мен  тәрбие  үдерісінің  әдістері  мен 

құралдарының  жиынтығы  түрінде  тұжырымдау  кең  тараған.  «Білім  беру 

технологиясы»  ұғымынан  басқа  «педагогикалық  технология»,  «оқыту 

технологиясы»  (дидактикалық  технология),  «тәрбиелеу  технологиясы»,  «тұтас 

педагогикалық  үдеріс  технологиясы»,  «педагогикалық  үдерісті  жобалау 

технологиясы»,  «педагогикалық  үдерісті  жүзеге  асыру  технологиясы», 

«педагогикалық  және  өзара  мақсаттас қарым-қатынас  технологиясы»  және 

басқалар қазіргі кезде педагогикалық лексиконда жиі қолданылады. 

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау