МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Куспанова Ризвангуль Хасангалиевна
«Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері
БҚО, Теректі ауданы,
Подстепный ауылы
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу».
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы
Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық Жолдауында
:
«Біз білім – ғылым – инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге
қарай жылжып келеміз, біріншіден, бұл – уақыт, қазір инновация заманы,
инновация ғасыры», – деп атап көрсеткендей, білім беру жүйесінде ерекше
маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, оқу үрдісінде
инновациялық технологияларды пайдалану. Оқытудың инновациялық
педагогикалық технологияларын меңгеру педагогтан орасан зор іскерлік пен
шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат
көздеген жүйелі ізденістер педагогтың инновациялық технологияны
меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология – педагогтың кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Мұның өзі инновациялық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар
екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ,
инновациялық технологиялар – білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс
болып табылып, балалардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай
жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында инновациялық технологиялар оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
«Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын
арттыру,
қарқынды
ғылыми-зерттеу
қызметімен
ықпалдастырылған
инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және
технологияларды жетілдіру көзі» деп атап өткеніндей, қазіргі білім беру
саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру
тұрғысынан білім мазмұнына инновациялық енгізудің тиімді инновациялық
әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды
даярлау болып отыр.
Заман сұранысына орай мектепке дейінгі ұйым педагогтарының негізгі
мақсаты – тәрбиеленушілердің тәрбиесі мен білімін сапалы ету, оның
толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осыған орай,
326
соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып,
балабақша өміріне енгізіліп, кеңінен қолданылуда. Педагогика ғылымында
баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру болғандықтан, инновациялық технология бойынша әдістемелік
жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үрдісінде бірнеше
педагогикалық
технологиялардың
қолданылып
жүргені
мәлім.
Бұл
технологиялардың бәрін бір ұйымдастырылған оқу қызметінде қамту мүмкін
емес. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымда әрбір ұйымдастырылған оқу
қызметінде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда
жетілдіру арқылы тәрбиеленушілердің білім жетістіктерін арттыруға болады.
Мұнда тәрбиеленушілердің әрекеті, технологияны қабылдауы, ынтасы,
құштарлықтарына жете көңіл бөлінуі тиіс.
Мысалы, «ТРИЗ» қолдаушылары алдында тұрған басты мәселе – дайын
формуланы балалармен ҰОҚ өткізуде схемалық түрде қолдану ниетінен
сақтандыру. Балалар тумысынан үлкендердің ақпараттарын талдай отырып,
өздерінің қандай да бір жүйесін құруға, өзінің пәктігі мен аңғалдығын көрсете,
жүріп жатқан үдерістердің заңдылықтарын ұғынуға талпынады. «ТРИЗ»
оқиғалар мен құбылыстардың заңдылықтарын түсіну үдерісімен мүмкіндігіне
қарай танысуды ұсынады. «ТРИЗ» технологиясы балалармен тарихи тақырыпта
әңгімелесуді ұсынады: қарындашты ойлап табу тарихы; үстелді ойлап табу
тарихы; дөңгелек, шам, радио, робот және т.б. тарихы. Объектіні даму
тұрғысынан қарау үнемі жетілдірудің, ойлап табудың себептерін түсінуге
мүмкіндік береді. Балалар ойлап табудың қайшылықтарды шешу екендігін
түсіне бастайды.
Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие
үрдісінде өзекті ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылуда. Оқу-
тәрбие үрдісін ізгілендіру баланың еркін дамуы үшін оның бойында жалпы
азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық
ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс. Мектепке дейінгі ұйымда оқу-
тәрбие үрдісін тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетпен тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы
балалардың ойлау белсенділігін арттыруға, ҰОҚ барысында бірнеше
технологияны тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс –
іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру.
Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және
экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай балаларды толыққанды, жан-
жақты тұлға ретінде қалыптастыру үшін тәрбиешілер оқытудың қазіргі
технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі
қажет.
Жалпы технологияны меңгеруде педагогтардың жан-жақтылығы және
білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III
съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары
болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет», – деген болатын.
327
Сондықтан қазіргі заманғы педагогтардың ең басты қасиеті – инновациялық
білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.
Бұрынғы тәрбиеленуші тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі
өздігінен білім іздейтін, өзіндік пікірі бар жеке тұлға екендігіне ерекше мән
беруіміз керек.
Осы мақсатта біздің «Бәйтерек» бөбекжай ұжымының педагогтары үнемі
ізденісте жүреді. Мектепке дейінгі ұйымда пайдалануға болатын барлық
технологияларды жақсы меңгерген тәрбиешілер әр оқу қызметтерін
тәрбиеленушілерге пайдалы, қызықты, әрі оларды жан-жақты дамытуға
мүмкіндік беретіндей етіп өткізуге тырысады.
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
саясатындағы
басым
бағыттардың бірі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту. Елбасы
мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға қоғам назарын аудара отырып:
«Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізінде мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға оқытудың заманауи инновациялық әдістерін енгізу, ал білім беру
технологиялары – жасампаз болуы қажет», – деп тапсырма берген болатын.
Инновациялықтехнологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалды,
кәсіптік-адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами
келбетінің қалыптасуына әсерін тигізетіндігін, өзін-өзі дамытып, оқыту-
тәрбиелеу үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектесетіндігін жете түсінген
тәрбиешілер инновациялық технологияларды талдау барысында мына
факторларды ескеріп келеді:
- алынып отырған технология оқытудың тақырыбы мен мазмұнына сай
болуы;
-тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
Мектепке дейінгі ұйымымызда инновациялық технологияны пайдалану
төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады:
1-кезең – оқып үйрену;
2-кезең – меңгеру;
3-кезең – өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану;
4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру.
Осы кезеңдерден өтіп, бірнеше инновациялық технологиялар түрін жетік
меңгерген тәрбиешілер бір-бірімен тәжірибе алмасып, өз тәжірибелерін үнемі
жетілдіре отырып, кәсіби шеберліктерін шыңдайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 қазандағы №408
бұйрығы негізінде, Білім басқармасының 2015 жылдың 20 қаңтардағы №28
«Жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын аппробациядан
өткізу бойынша» бұйрығымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы бойынша
сынақ алаңдары бар 5 мектепке дейінгі ұйымдар бекітілді. Солардың бірі
«Бәйтерек» бөбекжайы 2015-2016 оқу жылынан бастап Қазақстан
Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарда жалпы білім беру оқу бағдарламасы
мен инновациялық технологияларды аппробациялау және қолдану бойынша
сынақ алаңы болып таңдалып, тиімді әрі жүйелі жұмыстанғаны үшін
эксперименттік топтардың тәрбиешілері Кубаева З., Утегенова Ж. (І кіші топ
328
тәрбиешілері), Бактиярова Д., Сатыбаева А. (ІІ кіші топ тәрбиешілері),
Искалиева Ж., Утепбергенова С. (ортаңғы топ тәрбиешілері) Аудандық білім
беру бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
2016 жылы бөбекжай ұйымының педагогтары С. Серікқалиева, А.
Сарсенова, А. Зайнуллинаның облыс көлемінде «Мектепке дейінгі ұйымда
жаңа технологияларды қолдану жолдары» атты әдістемелік көмекші құралдары
таратылды.
Біздің мектепке дейінгі ұйымда күнделікті қолданылатын инновациялық
оқыту технологияларына тоқталып өтелік:
З.Дьенештің логикалық блоктар балаларды математиканы игеруге
дайындау және алгоритмикалық ойлау мәдениетін дамыту құралы:
Денсаулық сақтау технологиясы;
Монтессоридің педагогикалық жүйесі;
Мнемотехнология;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту (ТРИЗ) технологиясы;
«Фребель сыйы» технологиясы;
Ақпараттық технология;
«Зайцев» технологиясы;
Ойын технологиясы және т.с.с.
Аталмыш технологияларды жетік меңгерген педагогтар ұжымы
инновациялық технологияларды ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қолдану
тақырыбында
облыс
көлемінде
бірнеше
семинар
ұйымдастырып,
тәжірибелерімен бөлісіп жүр.
«Мектепке дейінгі ұйымда
ұйымдастырылған оқу қызметінде
жаңа технологияларды қолданудың
тиімді жолдары» атты облыстық
семинардан фотокөріністер
«Денсаулық сақтау»
технологиясы бойынша
ұйымдастырылған оқу
қызметіндегі күннің екінші
жартысында
ұйымдастырылатын ұйқы
ашар жаттығулары
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің элементтерін пайдалана
отырып ұйымдастырылған оқу қызметі «Сиқырлы су»
329
Мнемотехнология бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі «Су асты
әлемі»
Педагогикалық технологияларды зерттеп, тәжірибеде қолдана келе
келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен,
ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы
біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса олардың жан-жақты
дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі
балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда, мектепке дейінгі
тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына
бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-
бағытталған
әрекеті.
Баланың
жеке-даралығын
түсіну,
қабылдау,
қызығушылықтарын
ескеру,
шығармашылық
мүмкіндіктерін
дамыту,
эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылардың барлығы қазіргі кездегі
тәрбиешінің басты міндеттері.
Осылайша, инновациялық технологияларды қолдану – тәрбиешіні қазіргі
заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай
алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой
өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны
өсіруге жетелейді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы біз:
Балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын
оятамыз;
- Өз бетті ізденуге, зерттеуге, яғни өзін өзі дамытуғы мүмкіндік
туғызамыз;
- Өзіне қызмет көрсету дағдылары мен кезкелген жағдайға тез
бейімделуге үйретеміз;
- Сөздік қорларын молайта отырып, ойларын еркін жеткізуге баулимыз;
-Тәрбиеленушілердің
танымдық қабілеттерімен қатар, сенсорлық,
шығармашылық қабілеттерін дамытамыз;
- Оларды жүйелілікке, нақтылыққа баулимыз. Инновациялық
технологиялар тәрбиешілер үшін жаңа мүмкіндіктер, тың жаңалықтар және
жарқын болашақтың ертеңгі ұрпағын тәрбиелеудің сенімді кепілі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |