88
ӨТКЕНДІ АЯЛАЙ ОТЫРЫП, ЖАҢАҒА ЖЕТЕМІЗ
Конкаева Саида Танатовна
«Бәйтерек» балабақшасының орыс тілі мұғалімі
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
Тербетіп тұрса болды жер-бесігім,
Дәулеттің тілемеймін көл-көсірін...
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа,
Жалғыз-ақ-
Құтты болғай енді осы күн!...
С.Жиенбаев
Біздің елімізде ғасырлар бойы ел мүддесінің мұраты мен мұқтажы
жолында құрбан болған ірі тұлғалардың аңсап өткен тәуелсіз таңы елімізде
арайлап атты. Кемеңгер көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған Қазақстан
халқы аз уақытта ауыз толтырып айтарлықтай талай табыстарға қол жеткізді.
Әлем жұрты таң қалатындай, тамсанатындай, қызыға қарайтындай биіктерді
бағындырды. Елін береке бастауына бастаған Елбасы «Қазақстан-2030» жылға
дейін даму стратегиясының қорытындысын шығарып, Қазақстан халқына
«Қазақстан-2050» атты жолдауын жария еткен болатын. Тәуелсіздігімізді
алғалы бері Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде экономикамыз
нығайып, дамудың жаңа жолына түстік. Қазір Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында дегенге ешбір күмән жоқ. Бір
кездері кеңестік жүйенің құрсауында болған қазақ елі әлемге танылып, ата-
бабаларымыздың сан жүздеген жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігі берік
орныққалы, ісіміз ауқымды жолмен алға басып келеді. Мәселеміз шешіліп,
тағдырымыз өсіп келеді. Соның бір айқын дәлелі, халқының берекелі
болашағына жасалған тағы бір жарқын қадам – Қазақстан-2050 стратегиясын
жүзеге асырудағы «Мәңгілік ел» жобасы. Елбасы алғы сөзін: «Қазақстан XXI
ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Біздің басты
масқатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың
және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру», – деп бастады.
Биылғы жолдаудың атының өзі бүкіл қазақ елін бір мақсатқа, бір мүддеге, бір
болашаққа жұмылдыруға бағытталған. Елбасының бұл жолдаудағы биік
мақсаттардың барлығы жастар үшін жасалып жатқандығы белгілі. Себебі, ел
ертеңі жастардың қолында емес пе?
«Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты»
Стратегиясында рухани тұтастану мен ұрпақтар жалғастығы, ұлттық сана-сезім
мен жаңа қазақстандық патриотизмнің белгіленген бағдарға орай қалыптасуы
мәселелерімен сабақтас сауалдардың маңыздылығына тоқтала отырып,
Президент жақын болашақта аса қуатты да күшті Қазақстан мемлекетін
өркениетті жолмен құруға барлық жағдай жасалғандығына айрықша назар
аударды. «Қазақстан-2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыру бойынша
ерекше жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей
89
отырып, ұлттық тіліміз, руханиятымыз, дәстүрлеріміз сақталғанда ғана уақыт
үніне ілесе алатынымызға көңіл бөлген болатын Елбасымыз: «Мәңгілік Ел»
идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», – деп айтқандай, бұл идея
Қазақстандық бірегейлік бағытындағы ең маңызды құжатқа, екінші
Конституцияға айналып келеді.
Білім берудің негізгі бағыттарының бірі – тәрбие жұмысы. «Қазақстан-
2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев: «Бала
тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап,
балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», – деп көрсеткен
болатын.
«Ұстаздарға көрсетілер құрмет қандай болса, қойылар талап та сондай»
дегендей, бүгінгі заман талабына сай, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан
шығар жол таба білетін, жалпы бәсекеге қабілетті білімге ие болатын өскелең
ұрпақ тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, біздің мақсат – өз тәжірибемізге
өзгеріс енгізу. Біз бұл мақсатқа мәңгі ізденісте болуды қажет ететін өз
жұмысымыз жайлы ойлану, мониторинг жасау, саралау, зерттеу, кәсіби
біліктілігімізді арттыру міндеттерімен жете аламыз.
Біздің «Бәйтерек» балабақшасы 2014 жылдан бастап «Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік құндылығы бағдарламасы бойынша жұмыс жасап
келетінін айта кеткім келеді. Балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін
қазақстандық патриотизмді және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде
жүзеге асырып келеміз. Біз ескіні аялай отырып, жаңаға жетуді көздейміз.
Күнделікті өткізген оқу қызметімізге биік мақсаттар қоя отырып, балаларды
соған ұмтылдыруға, жан-жақты білімді болып, адами құндылықтарды бойына
сіңіріп, үш тілді еркін игеруіне атсалып жүрміз. Балабақшамызда әр тәрбиеші
әртүрлі жаңа технологияларды, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастырамыз. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық идеямызды
балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге жете жеткізу үшін қажырлы
жұмыс атқарып жатырмыз. Себебі, өскелең ұрпақтың санасына, өмір салтына
сіңген құндылық пен сенім «Мәңгілік ел» орнатудың қозғаушы күші болары
сөзсіз. Балабақшамызда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тілге,
математикаға,
логикаға
оқытуға
арналған
«E-Blocks»
интерактивті
бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Мантессори әдісі әр топта кеңінен
қолданылып, бала өз ісіне өзі жауаппен қарап, өзі шешім шығарады және де
балалардың жан-жақты дамуына, тілдерге ерте оқытуға, Қазақстан халқының
мәдениеті мен ұлттық мәдениетті оқытуға бағытталған оқыту кешендері: 1)
сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі»; 2) сөйлейтін қаламы бар «ZEREK»;
3) Интерактивті дыбыстық картасы», сонымен қатар жетекші отандық және
шетелдік инновациялық әдістер мен технологияларды одан әрі тереңірек
зерттеуін, бейімделген технологияларды анықтау, білім беруді жаңғыртумен
байланысты әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес болуды дамытуға алға міндет
қойып отырмыз.
90
Балаларды азаматтыққа және патриотизмге, рухани-адамгершілік және
көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру мақсатында
білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мейрамдарын өткізу,
«Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған халықаралық пони турнирі,
"Зерек бала» облыстық зияткерлік сайысы, облыстық балалар шығармашылығы
фестиваль-байқаулары т.б. іс-шараларын кең ауқымда ұйымдастырылуы оқыту
процесінің тәрбиелік мәнін күшейтеді.
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге
арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің
ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел». Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің
қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды айқын сеніммен
айтқан болатын. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа,
ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой
түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік
болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050»
стратегиясы ұлттың ұлы бағдары.
Елдігімсің теңеуі жоқ бағаңның,
Қызығады қаншама ел маған мың.
Отыз емес, елуімен тартысар,
Қазақтан жолбарысы жаһанның!
Достарыңызбен бөлісу: