«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет28/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   296
materialy resp chteniy

Әдебиеттер 

1.

 



Меңжанова  А.К.  Мектепке  дейінгі  балаларды  көркем  шығармалар 

арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.- Алматы, 1992 

2.  Островская  Л.  Ф.  Педагогические  ситуации  в  семейном  воспитании 

дошкольников. – М., 1990. 

3.  Петерина  С.В.  Воспитание  культуры  поведения  у  детей  дошкольного 

возраста. - М., 1986 




66 

 

 



БАЛА ТӘРБИЕСІ - БАРШАҒА ОРТАҚ 

 

 

Н.А. Кулмаганбетова 

  А.А. Ахметжанова 

Жезқазған гуманитарлық колледжі 

 

 

Баланы бұзуға, түзеуге себеп  

 болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге. 

                                                                                            Ж. Аймауытов 

 

Бала  –  біздіңболашағымыз.  Ал  олардың  болашағын  дұрыс  қалыптастыру, 



ата-анамен педагогтың қолында.  

Халқымыз  ұлт  болып  қалыптасқаннан  бері,  болашақ  ұрпақ  тәрбиесіне 

үлкен  мән  берген.  Елін,  жерін  қорғайтын,  ұлтжанды  ұрпақ  тәрбиелеуде  дала 

перзентіне  тән  еркіндік  пен  тәуелсіздік,  қайсарлық  пен  қайырымдылық,  ақ 

ниеттілік,  парасаттылық  тәрізді  асыл  қасиеттерді  дарыта  білген.  Осы  аталған 

қасиеттерді  өскелең  ұрпақ  ата-бабадан  қалған  өнеге  деп  қабылдаса,  ертеңгі 

күннің жарқын болашағына сеніміміз арта түсері анық. 

Тәрбие  –  жекетұлғаны  мақсатты  түрде  қалыптастыру  әдістерінің 

жиынтығы,  шәкірт  тұлғасын  сомдайтын  ұстаз  болса,  ал  тұлғалық  қасиетін 

қалыптастырып дамытатын отбасы. 

Бала болашағы бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, тұтас бір ұлттың 

бүгінін ертеңмен жалғайтын алтын көпірі тәрізді. Әр отбасында дүниеге келген 

сәби  ата-анасының  ғана  емес,  туған  елінің  ертеңгі  арқа  сүйер  азаматы,  төл 

ұлтының туын көтерер перзенті. 

Жас  ұрпақтың  дені  сау  болып  өсіп,  уақытында  білім  алып,  жүрек 

қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет ету - бір ғана ата-ананың 

емес, қоғамның міндеті. 

Олай  болса,  баланың  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  ететін  рухани 

құндылықтарды, 

адамгершілікті 

бойына 

сіңіртетін, 

этноәлемділік 

құндылықтарды  тәрбие  үрдісінде  пайдалана  отырып,  отбасы,  мектеп, 

жұртшылық өзара бірлікте, педагогикалық ынтымақтастықта болуы балаларды 

дұрыс тәрбиелеуге жетелейді. 

Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі, отбасы - ең үлкен мықты 

тәрбие ошағы. 

Қоғамда отбасы үш қызмет атқарады: 

1) дүниеге ұрпақ әкелу; 

2) дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз ету; 

3) өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру. 

«Баланың  құқығы  жөніндегі  конвенцияда»  (1989ж.)  отбасында  баланың 

құқығын  қорғау,  оған  қамқорлық  жасау  көрсетілген.  Отбасындағы  жас 

ұрпақтың  тұлғалық  қасиеттерінің  қалыптасуына  ата-ананың,  отбасы 



67 

 

мүшелерінің  қарым-қатынасындағы  мейірімділік  пен  махаббат  қажет.Толық 



мәнді  отбасы  болу  үшін  ата-ананың  және  басқа  отбасы  мүшелерінің  береке-

бірлікті, түсіністікті сақтай отырып, сыйластықта болуы қажет. 

Бала  отбасынан  жақсыны  да,  жаманды  да  бойына  сіңіреді.  Сондықтан  да 

халқымыз  «Бала  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»  дейді.  Бүгінгі  ұл  – 

ертеңгіәке,  ол  әкеге  қарап  өседі.  Бүгінгі  қыз  –  ертеңгіана,  ол  шешесіне  қарап 

бой түзейді. Данышпан Абай: «Балаға үш мінез алуан адамнан жұғады,бірінші 

ата-анасынан,  екінші  ұстазынан,  үшінші  құрбысынан»,-дегенекен.  Қай  бала 

болса да құрбысы мен ұстазынан гөрі отбасында көбірек болатындықтан,  ата-

анасынан  үйдегі  өнегесі,  мәдениеті  мен  ішкі  жан  дүниесі  балаға  зор  ықпал 

ететіні белгілі. 

Баланың  отбасындағы  тұлғалық  қасиетін  жетілдіретін  жағдайдың  бірі  -

отбасыішілік  және  отбасынан  тысқары  атқарылатын  еңбек.  Отбасындағы 

күнделікті  тұрмыс  қажеттілігін  қамтамасыз  етуден  туындайтын  еңбек  баланы 

әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің 

барысында  баланың  жауапкершілігі  артып,  еңбек  ету  қажеттігін  түсінетін 

болады.  Отбасы  тәрбиесі  кешенді  педагогикалық  мақсаттылық  арқылы  іске 

асады. 

Отбасындағы  тәрбиенің  тиімді  болуы  ондағы  қарым-қатынас  түрлеріне 

байланысты: 

-ынтымақтастық қарым-қатынас; 

-ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас; 

-өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас; 

-бәсекелестік қарым-қатынас; 

-отбасындағы  қайшылықты  қарым-қатынас.  Демек,  әр  отбасында  түрлі 

қарым-қатынастың  орнығуынан  баланың  жеке  тұлғалық  қасиеті  қалыптасады. 

Олай  болса,  ата-ана  бала  тәрбиесіндегі  басты  тұлға  екенін  естен  шығармаған 

жөн.  

Қазіргі  кезде  отбасы  тәрбиесінде  қоғам  ата-анаға  үлкен  жауапкершілікті 



жүктеп  отыр.  Оның  ең  басты  міндеттері  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған, 

рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор т.с.с. қасиеттері қалыптасқан 

адамды тәрбиелеу. Бала негізгі тәрбиені алдымен отбасында ата-анадан алады. 

Әркім өз баласын болашақта білімді, тәрбиелі, еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, 

еліне  қызмет  ететін  жақсы  маман  иесі  болса  екен  деп  тілейді.  Ал  осы 

тілектердің  орындалуына  мүмкіндік  жасайтын  алдымен  ата-ананың  өзі. 

Отбасында  тәлімді  тәрбие,  өнеге  көріп  өскен  бала  жақсы  жетістіктерге  жетіп, 

өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады. 

Данышпан, ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби

  «Балаға  білім  беру  үшін, 

алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа 

әкеліп  соғады

»  -  деген.  Балабақша  тәрбие  -  білім  берудің  алғашқы  ошағы. 

Алайда, баланы балабақшаға беріп тәрбие, білім алады деп бар жауапкершілікті 

тәрбиешіге жүктеп қоюда жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң, ата-ана 

тәрбиешімен  тығыз  қарым-қатынаста  болып,  оның  дұрыс  тәрбие  мен  білім 

алуына бірлесе әрекет етуі керек. Мұндай әрекет баланың даму деңгейіне әсер 




68 

 

етіп, тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Бір-бірімен серіктестік барлық 



қатысушыларға  жағымды  әсер  ететіндей  болуы  тиіс,  сонда  ғана  тәрбие  мен 

білім нәтижелі болады. 

Қазіргі  балабақша  мен  отбасы  бір-бірімен  ынтымақтастықта  болған 

жағдайда  ғана  бала  тәрбиесіне  оң  ықпал  етеді.  Ата-аналар  балабақшаның 

тәрбие-білім  беру  процесіне,  тыныс-тіршілігіне  белсенді  қатыспайынша,  ата-

анамен тәрбиешінің қарым-қатынас принциптеріне қол жеткізуі мүмкін емес.  



Қарым-қатынас принциптері: 

- өзара сенім мен құрмет 

- өзара сыйластық 

- өзара қолдау мен көмек 

- бір-біріне төзімділік пен шыдамдылық таныту 

-әлемге деген түсіністік көзқарасының тиімділігі мен ықпалын ұзақ уақыт 

бойы сезіну. 

Тәрбиешілердің  отбасымен  қарым-қатынас  сипаты  жіктелім  жүйесіне 

негізделеді.Тәрбиеші  ата-аналардың  барлығына  бірдей  қарым-қатынас 

формасын  артпайды,  керсінше  қажеттіліктеріне,  сұраныстарына,  отбасылық 

тәрбие  ерекшелігіне  бағытталады.  Ата-аналарды  балабақшаның,  топтың  іс-

шараларына  араласуына  барынша  күш  сала  отырып,  тәрбиелік  іс-шаралардың 

түрлі формаларымен таныстырады.  

Отбасымен  жұмыс  жасаудың  негізгі  формалары  –  топтық  және  даралық 

болып екіге бөлінеді:  


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау