«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет26/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   296
materialy resp chteniy

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 

 

Байназарова Т.Б. 



ҚазМемҚызПУ, п.ғ.к., доцент 

Абдыкалыкова Г.К. 

 №81 балбақша меңгерушісі 

Алматы қаласы 

 

Бүгінгі  таңда  егеменді  еліміз  өзінің  қоғамдағы  саяси,  әлеуметтік-

экономикалық,  мәдени-білім  парадигмасы  жүйесін  әлемдік  өркениет  үлгісінде 

дамытуда.  Білім  беру  жүйесіндегі  болып  жатқан  реформа  жаңа  ұлттық 




59 

 

модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің педагогикалық теориясы 



мен практикасында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралыЗаңындабілім  беру  жүйесінің 

басты міндеті – делінген [1]. 

2012  жылы  Қазақстан  Республикасының  «Мектепке  дейінгі  білім  беру» 

стандартының  осы  кезеңге  дейінгі  қалыптасқан  отандық  және  халықаралық  

тәжірибені  сәйкестендіре  отырып,  мектепке  дейінгі  балалардың  тұлғалық 

дамуын  қамтамасыз  ететін  жобасы  талқылануда.  Стандарттың  негізгі 

мақсаттардың  бірі  –  бала  дамуындағы  күтілетін  нәтижелер,  яғни  өмір 

дағдылары  және  балалар  құзыреттілігінің  жиынтығы  алынады.  «8.7.3. 

…баланың  психологиялық  қорғанысын,  қоршаған  ортаға  деген  сенімін,  өмір 

сүруге қуануын, бастапқы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз ететін тұлғаға 

бағдарлану  сипатын  қамтиды»  деп  тұлғаға  бағдарлану  тұғырын  тірек  еткен. 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында  ағымдағы  жағдай  және  білім  беруді  дамытуды  тежейтін 

факторларды  талдай  келе,  «бір  жастан  бес  жасқа  дейінгі  балаларды  мектепке 

дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар 

қамтылғанын көрсетеді». Аталған кемшіліктерге сай  мектепке дейінгі баланың 

өзіне  тән  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оның  толыққанды  қалыптасуы  үшін 

дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейінде әрекеттің 

өзіндік  түрлерін,  баланың  даму  бағытын,  оның  кейінгі  мектеп  жағдайына 

бейімделуін қамтамасыз етуі тиіс екендігі көрсетілген. 

Бұл  аталған  күрделі  міндеттер  сәби  шақтағы  балалардың  сенсорлық 

тәрбиенің  қалыптасу  деңгейіне  тікелей  байланысты.  Бүгінгі  таңда  педагогика 

ғылымында  оқушылардың  танымдық  әрекетін  қалыптастыру  мәселесіне 

арналған зерттеулердің маңызды қоры жинақталды.  

Қазақстанда  мектепке  дейінгі  педагогика  ғылымында  Н.Қ.Құлжанова, 

А.К.Меңжанова, 

Б.Баймұратова, 

М.С.Сәтімбекова, 

Қ.А.Аймағамбетова, 

Г.Меңлібекова,  С.Н.Жиенбаева,  Ә.С.Әмірова,  Ф.Н.Жұмабекова,  Г.З.Таубаева, 

Г.М.Метербаева, А.И.Искакова және т.б. мектепке дейінгі тәрбие салаларының 

түрлі бағыттарын зерттеген. 

«Мәдениет»  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  арнайы  жасау,  өңдеу  деген 

мағына  береді.  Оның  жанды  немесе  рухты  тәрбиелеу  деген  екінші  мағынасы 

болған.  «Мәдениет»  сөзін  теориялық  термин  ретінде  римдік  философ  және 

шешен    Марк  Туллий  Цицерон  «тускуландық  пікірталас»  (б.з.д.  45ж)  деген 

еңбегінде  бірінші  рет  қолданды.  Ол  кезде  агротехникалық  термин  болатын, 

соған  сай  «жерді  өңдеу,  топырақты  баптау»  дегенді  білдіретін.  Цицерон  оны 

бірінші  рет  ауыспалы  мағынасында,  адамның  санасына    әсер  ету  деген  мәнде 

қолданды. Цивилизация «Өркениет» сөзі де латын тілінен шыққан. Азаматтық, 

қоғамдық дегенді  білдіреді.  Оның  мағынасы үлкен  өзгеріске  ұшырады.  Уақыт 

өте  келе  «өркениет»  түсінігінің  мағынасы  өзгерді.  Қазіргі  кезде  ол  ең  аз 

дегенде: 1) мәдениеттің көрінісі; 2) қоғамдық даму дәрежесі, материалдық және 

рухани мәдениет сатысы; 3) жабайылықтан кейінгі қоғамдық дамусатысы деген 

ұғымдарды береді. 




60 

 

Мәдениет адамның рухани ішкі қуатын, даму дәрежесін көрсетсе, өркениет 



оған сырттай байлығының көрінісі ретінде әсер етеді. Мәдениет және өркениет 

ұғымдарына берілген анықтамаларды талдай келе  олардың мағыналары ұқсас 

екенін  көреміз.  Бұл  екі  терминннің  мағынасы  өте  жақын,  бірақ  бірдей  емес. 

Мәдениет теориясы адам табиғатының биологиялық және әлеуметтік екі қырын 

бірдей есепке алу керек. 

Белгілі  ғалым  Б.Малтновскийдің  пікірінше,  мәдениет  дегеніміз  –  бойына 

тұтыну  құндылықтарын  әлеуметтік  топтарға  конституция  берген  құқықты, 

мақсатты, 

кәсіпті, 

сенім 


мен 

әдет-ғұрыпты 

жинақтаған 

тұтас 


ұғым.Американдық антропологтар Кребер мен Клакхон «мәдениет» түсінігінің 

–тарихына  арналған  арнайы  еңбектерінде,  мәдениеттің  табиғатын,  оның 

құрамды  бөліктері  мен  ерекшелігін,  психологиямен,  тілмен,  қоғаммен  қарым-

қатынасын  талдауын  үш  бағытта  жүргізеді:  адамның  табиғатпен  байланысы, 

құндылықтармен байланысы және басқа адамдармен байланысы төңірегінде. 

Лесли Уайт мәдениетті «адам мен табиғат  – ажырамас тұтастықта» деген 

алғышарттан  шығарып  анықтайды.  Ол  мәдениеттің  екі  бағытын  бөліп  алады. 

Антикалық  немесе  «нақты  мәдениет»  және  логикалық.Б.Х.Балтабаев: 

«Мәдениет  –  дегеніміз  адам  жасаған  заттың  және  рухани  құндылықтардың, 

әлеуметтік-мәдени қалыптың, қарым-қатынас пен мінез-құлықты қалыптастыру 

әдістерінің    тарихи  даму  жүйесі,  сондай-ақ,  адам  табиғатындағы  күштердің 

заттық  өндіріс  әдістерін  ескере  отырып  даму  әрекеті,  өз  мүмкіндігін  жүзеге 

асыруды,  оның  шығармашылық  еңбегінің  адамзат  әлемін  өзгертуге  және 

игеруге  бағытталған  әлеуметтік  маңызды  шаралары»  -  деп  тұжырымдайды. 

Қазіргі ғылымда мәдениет ұғымына мыңға тарта пайымдау бар. Ғалымдардың 

мәдениет  ұғымына  берген  анықтамаларды  зерттеу  келе  оның  анықтамасының 

көптігі  «мәдениет»  ұғымының  құрылымын  жойып  жібереді,  сондай-ақ  оның 

қызмет аясын анықтауға мүмкіндік бермейді. Балгілі бір дәрежеде мәдениеттің 

гносеологиялық  және  онтологиялық  қасиеттерін  анықтауда    тұлғасыздық, 

формасыздық байқалады, мәдениеттің арнайы ғылыми тетігі, қауымның саласы 

ретінде өзіндік бейнесі мойындала бермейді. 

«Мәдениет»  терминін  саралай  келе,  мәдениет  жеке  тұлға  өміріндегі 

материалдық, рухани және көркемдіктің бәрін өз бойына жинаған деген пікірге 

қосыламыз. 

ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  алғаш  рет  мектепке  дейінгі  жастағы 

балалардың  даму  саласын  зерттеумен  сипатталатын  мектепке  дейінгі 

педагогиканың  дамуы  кезеңі  толықтай  қарастырылды.  Бұл  кезең  – 

психологиялық  және  педагогикалық  зерттеулердің  «Алтын  ғасыры».  Бұнда 

алдыңғы  кезектегі  ғылымның  мәліметтері,  атап  айтқанда  балаларды  құрылыс 

ойыны  мәселелері сәйкес келеді. Мектепке дейінгі жастағы балалар өздерінің 

сенсорлық  қабілеттерін  келесідей  іс-әрекет  түрлерінде  дамытады:  сурет  салу, 

жапсыру, аппликация, құрастыру. 

Мектепке  дейінгі  балалардың  сенсорлық  даму  мазмұнының  негізіне 

мыналарды жатқызуға болады: 

1)

 

Сенсорлық эталондарды меңгеруі. 




61 

 

Сенсорлық эталондар дегеніміз не?  



Л.А.Венгер,  В.С.Мухина  атап  көрсеткеніндей,  заттардың  сыртқы 

қасиеттерінің негізгі үлгілері туралы көрнекі түсініктер болып табылады. 

Түстік сенсорлық эталондары – спектр түстері және олардың шағылысуы, 

пішіндер  –  геометриялық  фигуралар  және  олардың  әртүрлілігі,  өлшемдер  – 

сызықтық өлшемдердің метрикалық жүйесінің бірлігі және т.б. 

2) Қабылдау тәсілдері. Қабылдау тәсілдері 2-ге бөлінеді: 

-  сыртқы,  яғни  затқа  үлгіні  жапсыру,  үлгінің  контурын  және  затты 

саусақпен жүргізу. Бұл тәсіл мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тән қасиет. 

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін келесідей тәсілдер (көрнекілік-іс-

әрекеттік ойлау), көрнекі салыстыру, балалар затты көзбен қабылдағанда, басқа 

сыртқы  әсерлердің  көмегінсіз  салыстыра,  оны  басқа  заттармен  сәйкестендіре 

алады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересек тобына тән қасиет болып 

табылады. 

3) бала алдымен жетекші іс-әрекет үдерісінде затты зерттейді, оның түсін, 

пішінін, өлшемін, бөліктерін ерекшелейді, содан соң мектепке дейінгі жастағы 

ересек тобында сөзбен нақты заттың әртүрлі қасиеттерін сипаттайды. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  қабылдауының  даму  мазмұны 

осындай.  Тек  қана  жүйелік  және  мақсатқа  бағытталған  оқытуда  мектепке 

дейінгі  жастағы  балалардың  сенсорлық  дамуының  жоғарғы  деңгейіне  қол 

жеткізуге  болады.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  білім  сапасын  арттыру  аса 

маңызды  мәселе,  ол  үшін  жалпы  және  негізгі  жағдайларды  жақсарту  басты 

міндет болып табылады. 

Біріншіден,  білім  мен  тәрбие  беруге  арналған  дамытушы  ортаны 

жабдықтау  қажет  десек,  ол  мектепке  дейінгі  кезеңнің  өзіндік  ерекшелігі  мен 

құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. 

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы 

кәсіби  шеберліктерін  үнемі  шыңдап,  білімін  жетілдіруге  жүйелі  көңіл  бөліп, 

ұжымның  шығармашылық  бағыт-бағдарын  айқындап,  оны  жүзеге  асыруға 

белсенділікпен  ат  салысуға  және  жағымды  психологиялық  ахуалдың 

тұрақтануына  ықпал  ету  қажет.  Сондай-ақ,  отбасының  сұранысы  мен  талап-

тілектерін  қанағаттандыру  және  білім  мен  тәрбиенің  балаға  берілген  үрдісі 

жайында  ата-анамен  үнемі  бірлескен  ынтымақты  негізде  жұмыс  істеу  де  өте 

маңызды.  

Үшіншіден,  балабақшада  еңбек  етуге  толық  жағдай  жасалып,  тәрбиелеу 

мен  білім  берудің  технологияларын  сауатты  меңгеріп,  жаңа  педагогикалық 

әдіс-тәсілдер  жүйесін  кәсіби  шеберлікпен игеріп, оны  тәжірибеде пайдалануға 

шығармашылықпен үлес қосып отырса.  

Баланы  тәрбиелеу,  дамыту  және  білім  беру  мәселелерінде  отбасы  мен 

балабақша  ұжымының  бірлескен  өзара  тығыз  байланыста  болуы.Сенсорлық 

даму,  бала  заттардың  түсін,  пішінін,  мөлшерін  және  олардың  кеңістіктегі 

орналасуын  айырып  қана  қоймай,  оларды  мөлшеріне  қарай  сәйкестендіріп 

(үлкен,  кіші,  аз,  көп)  анықтай  алады.Білімнің  бұл  жүйесін  тану  иерархиялық 

басқыштар  бойынша  жүзеге  асады,  олардың  әрқайсысы    мазмұны  бойынша 



62 

 

нақты  белгілі  объект  сәйкес  келеді  [3,  11].  Заттар  туралы  білімнің  шағын 



жүйесінің  негізінде    ұғымды  маңызды  белгілер  анықталған.  Бұл  білімдер  мен 

заттардың  ерекшеліктерін  даралау  шеберліктері  балаларға  байланыстарды 

саналауға  мүмкіндік  береді:  ой  мен  материалды  таңдау,  материал  мен  қажетті 

әрекеттерді  орындауға  арналған  құралдар,  ой  мен  еңбек  процесінің  нәтижесі 

арасындағы. 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау