ашатын, болашаққа сенімді арттыртын идея, бұл кері қайтпайтын және
берік тұрақтылықтың символы.....»
Н.Ә Назарбаев
48
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі күндерде «Білім негізі –
бастауышта» деген ұғымды ұстанған болсақ, қазіргі жаңарған заман талабына
сәйкес «Білім негізі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда» деуге әбден
болады. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев еліміздегі білім саласының дамуы мен
жаңаруын қазіргі күннің ең өзекті мәселесі етіп қойып отыр. Соның ішінде
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы бірден-бір назардан тыс
қалған емес.
Елбасымыз Н.Назарбаев Халыққа жолдаған жыл сайынға дәстүрлі
Жолдауларында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын бірден-бір
назардан тыс қалдырған емес. Елбасымыздың білім саласын жаңалаудағы
көрсетіп отырған қолдауы да ерекше.
Ұлт көшбасшысы «Қазақстан – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қаз стан халқына Жолдауында «Бала тәрбиелеу –
болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға
жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын. Сондықтан да біздің
алдымызда тұрған басты міндет – ұлттық идеяны қоғам өміріне енгізу.
Сол сияқты білім саласының жаңаруының тағы да бір өзектілігі «Мәңгілік
Ел Патриоттық Актісін білім беру мен ұрпақ тәрбиелеу үдерісіне енгізу
болып отыр.
«Мәңгілік Ел Патриоттық Актісі бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңымен
бекітіліп, 2016 жылдың 26 сәуірінде қабылданған алғашқы жалпыхалықтық
идея.
«Мәңгілік Ел Патриоттық Актісі бала тәрбиелеу мен оқытуда маңызы зор
біршама ауқымды мақсаттар мен міндеттерді, сонымен қатар тұжырымдарды
қамтиды. Атап айтқанда әлеуметтік құндылықтар жүйесін қалыптастыру,
тәрбие ұстанымдары мен ойларын біріктіру, ата-бабамыз бен басқа
халықтардың мәдениетін үйлестіру және сақтау және қазақстандық
патриотизмді қалыптастыру. Бұл идеяны мектепке дейінгі ұйымдардың білім
беру үдерісіне енгізу негізгі кезеңдерге бөліп қаралған.
Осы негізгі тұжырымдардың бірі «Қазақстандық патриотизмді»
балабақшамыздың оқу- тәрбие үдерісіне енгізу мақсатында дайындық, негізгі
және қорытынды жұмыстар бойынша жоспар жасақталып, біршама жұмыстар
атқарылды.
Жалпы бала бойындағы басты рухани құндылық – жақынына деген
сүйіспеншілік. Жаныңдағы адамның өмір сүру дәстүрін, әдет-ғұрпын, сезімі
мен пікірін, ойын сыйлау. Өскелең ұрпақты елінің дәстүрі, ғұрпын, ұлттық
құндылықтарымен тәрбиелеу қай қоғамда болсын басты мәселе болған.
Мектепке дейінгі тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы, сәбидің жеке тұлға
болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Алғашқы отансүйгіштік,
патриоттық сезімдерді отбасы мен балабақшадағы тәрбиеден бастау алады.
Туғандарына, жақындарына деген махаббаты, туған өлкесіне, қаласы мен
ауылына деген сүйіспеншілігі бала санасына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы
өшпестей із қалдырады.
49
Мектеп жасына дейінгі баланың тілінің, сөздік қорының дамуы өзінің
қоршаған ортасымен тығыз байланысты. Туғандары, анасы, тәрбиешісі қандай
тілде сөйлесе, бала сол тілде алғашқы сөздерін айта бастайды. «Бала тілі – бал»,
олар әр түрлі пікірлер айту арқылы өз қиялын жеткізеді. Еліміздің әр азаматы
ана тілінде еркін сөйлеп, өз туған жері туралы құндылықтарды жете меңгеріп,
тілін, жерін құрметтеп өсуі керек. Осы сәтте балаға отбасы үлгі болып,
мектепке дейінгі ұйымда педагог қызметкерлер баланың ойын, білімін
дамытып, жігерлендіру, алға жетелеу арқылы талпындырып отырғаны абзал.
Елбасымыз айтқандай, мәңгілік Ел болашағы – білімді ұрпақ, саналы
жастар. Осы тұрғыда педагог қызметкерлер қауымының атқарар ісі баршылық.
Алдымызда ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, отансүйгіш елі мен
жерінің қамын ойлаған, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу оларға
бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жанымыздан шығармауымыз шарт. Сол
үшін Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру жолында өз үлесімізді қосу әр
педагогтың алдына қойған мақсат, міндеттерінің ең көлемдісі болуы қажет деп
ойлаймын.
Баланың өзі дүниеге келген жерінде өмірдің бастапқы әлеуметтік
тәжірибесін жинақтауын, онда қалыптасқан мінез-құлық, өзара қарым-қатынас
жасаудың жағымды нормаларын сіңіруін, олардың мәдениет әлеміне қосылуын,
Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың ең бастапқы қолайлы кезеңі
деп санаған дұрыс. Сол себепті баланы туған жерінің мәдениеті мен дәстүрі,
қысқаша тарихы, табиғатындағы ерекшелігі мен экологиясы туралы мәліметтер
беріп,
таныстыру
«Мәңгілік
Ел»
Патриоттық
Актісінің
негізгі
тұжырымдарының бірін жүзеге асыру деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22
маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында
мектепке дейінгі білім берудің үлгілік жоспарын бекіту» туралы жоспарына
сәйкес ересектер тобында вариативтік компонентке 3 сағат қаралған.
Вариативтік компонент мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағыты,
эксперименталды
жұмысы,
педагогтардың
шығармашылық
қызметі,
ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс балалармен жұмысы, олардың мүддесі
және шет тілдерін үйрету бойынша жұмыстарды болжайды.
Аталған құжатты басшылыққа ала отырып, осы бағыттағы баланың өз
туған өлкесін жан-жақты танып білу және « Мәңгілік Ел» патриоттық Актісі
негізгі тұжырымдарының бірін оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді көздедік.
Бұл жұмыстар балабақшада қарапайым пәндік қызмет (ҰОҚ) , саяхаттар,
сурет салу, жапсыру, өлең жолдары мен әндерді үйрену, үлкендердің еңбегіне
көмектесу т.б сияқты жұмыстармен іске асырылады.
Осы
бағыттағы
жұмыстарды
жүргізу
барысында
балаларды
адамгершілікке және отансүйгіштікке, өз еліне деген құрметке тәрбиелеу
міндеттері шешіледі.
Алдымен «Мәңгілік Ел» патриоттық Актісін оқу-тәрбие үдерісіне енгізу
мақатында ересектер тобына арналып «Туған өлке – Мақат ауданы»
бағдарламасы
жасақталып,
балабақшаның
педагогикалық
кеңесінде
50
талқыланып, ұсыныстар қабылданып, бекітілді. Жылдық жұмыс жоспары
жасақталып, 6 негізгі блокка бөлінді. 36 сағатқа арналған технологиялық карта
жазылды. Топта материалды-техникалық база жасақталды. Топ тәрбиешілері
туған жердің тарихы туралы өз білімдерін жетілдірді.
Бағдарлама балалар өздері келетін балабақшасы, оның құрылу тарихы,
ата-анасы және олардың қызмет жасайтын орындары мен қызметтері туралы
мәліметтерден бастап ауылымыздағы тарихи ескерткіштер мен ірі өндіріс
орындары, мәдени ошақтар мен жергілікті ақын-жазушылар, Ұлы Отан соғысы
және оларға теңестірілген ардагерлер және жалпы туған жердің іргетасының
қалануы жөніндегі қысқаша тарихи мағұлматтарды қамтиды.
Туған өлке туралы көрнекілік құралдар, бейне баяндар жинағы,
фотосуреттер мен коллаждар және тарихи деректер жинақталды.
Балабақшада шағын музей ұйымдастырылды.
Музейде туған жеріміздегі әсем ғимараттар мен орталық мешіт, ірі өндіріс
орындарының макеттері мен жергілікті ақын-жазушылардың еңбектері,
публицистика, поэзия материалдары, жергілікті соғыс ардагерлері және оларға
теңестірілген адамдардың өмірлік ұстанымдары, туған өлкеміздің табиғат
ерекшеліктері туралы бейне суреттер, республикамыз, облысымыз және
ауданымыздың картасы жинақталып қойылды
Қойылған әр ғимарат макетінің жанында сол ғимараттың қысқаша тарихы
жазылды. Жалпы бағдарламаны жүргізу барысында балалардың өз туған
өлкелері туралы білімдері артып, ата-аналар тарапынан жағымды пікірлер мен
қызығушылықтар байқалды.
Тәуелсіздігіміздің
25-жылдығына
байланысты
балабақшамызда
ұйымдастырылған ашық шаралар мен мерекелік қойылымдар туралы
метериалдар жинағы орналастырылып, «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге
қосқан үлестеріміз» тақырыбындағы ата-аналармен бірлесіп жасақталған
ұлттық нақыштағы бұйымдар мен көрнекіліктер қойылды.
«Бала қиялындағы туған өлке» тақырыбында фотогалерея жасақталып,
келешектегі туған жерді бейнелеген балалар туындысы тамашаланып, бала
қиялындағы болашақ туған жер туралы ұсыныстар жоғарғы атқарушы орындар
назарына берілді. Түрлі тақырыптарда саяхат сабақтар ұйымдастырылды.
Тәжірбие жинақталып, жұмыс жетістіктері аудан көлемінде семинар-практикум
болып таратылды.
Жыл аяғында балалардың осы бағдарлама туралы білім деңгейлерін
анықтау және күтілген нәтижеге қол жеткізуі шамасын байқау мақсатында
бағалау критерилері белгіленді.
Ол баланың өз туған жерінің атауын, үйін, мекен-жәйін, телефоны, ата-
анасының еңбегі мен олардың қызмет орнын, Мақаттың көрікті жерлерін,
алаңдары мен көшелерін, ауданын, кенттің пайда болуы мен дамуының тарихи
фактілерін, өлкетанымдық мәліметтерді, белгілі өнер және мәдениет
қайраткерлері, мемлекеттік және халықтық мерекелерді, Мақаттың әр жыл
мезгіліндегі, балабақшадағы ойын алаңдарындағы табиғат өзгешеліктері,
өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғауды, көлік түрлерін, өнеркәсіптегі,
51
өндірістегі, еңбектегі, кенттегі өмір сүру және қауіпсіздік ережелерін меңгеру
деңгейлерін қамтыды.
Бағалау нәтижесінде баланың өз отбасы мүшелеріне деген сыйластығын,
балбақшасын, ондағы тәлім-тәрбие беріп отырған педагогтар мен басқа да
қызметкерлер еңбектерін бағалау, адамгершлікке және отансүйгіштік тәрбиенің
тиімділігіне қол жеткізгендігін, туған жерге деген сүйіспеншілігінің артқанын
байқадық. Бала бойында өзінің туған өлкесінде болып жатырған
өзгешеліктерге деген жауапкершілігін қалыптырып, оны мақтан тұтуға
тәрбиеледік. Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің негізгі
тұжырымдарының бірін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үрдісіне енгізу
және оның жүзеге асуына өз үлесімізді қосқандығымызды айтуға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық, рухани-адамгершлік
тәрбиесі
бойынша
педагогтардың
кәсіби-құзіреттілік
деңгейлерінің
арттқандығын және өз туған жерінің жетістіктеріне мақтаныш пен
патриотизмді білдіретін, Отанына болашақта адал қызмет етуге дайын тұлғаны
қалыптастыру мүмкіндігінің бар екендігін айтуға болады.
Сондықтан да «Мәңгілік Ел» – еліміздің лайықты дамуының болашағы,
ұрпақ алдындағы жауапкершілік, еліміздің мәңгілігінің негізгі идеясы.
Достарыңызбен бөлісу: |