«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


  жылы  «100  мектеп  100  аурухана»  бағдарламасы



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет218/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   296
materialy resp chteniy

2009  жылы  «100  мектеп  100  аурухана»  бағдарламасы 

аясында  320  орынға  арналып  салынғанын,  және  сол  жылғы  қараша 

айында  балабақшаны  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  өзі  келіп  ашқанын 

мақтанышпен айтқым келеді.  




362 

 

Сондай-ақ,  бүгінгі  күні  білім  берудің  мазмұнды  аспектілерін  дамытуға 



айтарлықтай  көңіл  бөлініп  отыр.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

жалпыға міндетті  стандарты жаңартылды.  Аталған  стандарт негізінде біріңғай 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу»  бағдарламасы  әзірленіп, 

жаңа оқу жылынан қолданысқа енгізілді.  

Мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен  дамытуда  театрландырылған 

қойылымдардың  рөлі  ерекше  екені  бәрімізге  мәлім.  Ал  жаңартылған 

Стандарттың  «Коммуникация»  білім  беру  саласына  жеке  «Драма» 

ұйымдастырылған 

оқу 

қызметі 


болып 

енгізілуі 

осы 

бағыттағы 



жұмыстарымызды  жандандырып,  әрі  қарай  жалғастыруымызға  ықпалын 

тигізді.  

Балалардың  тілін  дамытуда,  олардың  өмірге  деген  көркемдік 

көзқарастарын  қалыптастыруда  театрландырылған  қойылымдардың  маңызы 

ерекше.  Балалар  кейіпкерлерді  ойнай  жүріп,  олардың  іс-әрекеттері  мен  мінез-

құлықтарын  береді  және  ойын  арқылы  тілі  дамып,  адамгершілік  жақсы 

қасиеттері  қалыптасады.  Театр  әр  балаға  қуаныш,  қызық,  ұмытылмас  әсер 

сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. 

Өзім  қызмет  ететін  «Алтын  ұя»  балабақшасында  Үлгілік  бағдарламаны 

және  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  тиімді  іске  асыру  және  балаларды  жан-

жақты бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мен дамыту мақсатында «Драма» 

ұйымдастырылған  оқу  қызметін  ғана  емес,  осы  театрландырылған  әрекетті 

жүйелі  түрде  жүргізу  үшін  балабақшада  «Ертегіде  қонақта»  үйірме  жұмысын 

ұйымдастырып, жетекшілік етудемін. 

Үйірменің  мақсаты:  театрландырылған  қойылымдар  арқылы  мектепке 

дейінгі  жастағы  балалардың  тілін  дамыту,  байланыстырып  сөйлеуін 

қалыптастыру, өмірге оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу. 

Осы  мақсатты  орындау  барысында  алдымызға  мынадай  міндеттерді 

қойдық. Олар: 

-

 



балаларды театр түрлерімен таныстыру; 

-

 



театрландырылған  қойылымдар  арқылы  балалар    тілін  дамыту  және 

сөздік қорларын  байыту; 

-

 

ауызекі сөйлегенде  дыбыстар мен сөздерді анық айтуға үйрету; 



-

 

кейіпкерлердің  іс-әрекеттері  мен  дауыс  ырғақтарын  сәйкестендіре 



дұрыс сөйлеуге баулу; 

-

 



байланыстырып  сөйлеуге  үйрете  отырып,  шығарманың  мазмұнын 

толық ұғынуға,  рөлдерді түсініп ойнауға үйрету. 

Алға  қойған  мақсат-міндеттерді  орындау  кезінде  мынадай  әдіс-тәсілдерді 

басшылыққа алдық: 

-

 

балалардың 



жас 

ерекшеліктеріне 

байланысты 

материалдарды 

жинақтау; 

-

 



қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау; 

-

 



қойылымдарға  керекті  көрнекіліктер  мен  құрал-жабдықтарды:  ширма, 

атрибуттар, костюмдер т.б дайындау. 




363 

 

Осы 



жұмыстарды 

ұйымдастыруда 

алдымен 

балалардың 

жас 

ерекшеліктеріне  сәйкес  халық  ауыз  әдебиеті  мен  шетелдік  және  отандық 



авторлардың  шығармаларының  қоры  жинақталды.  Бұл  балабақшадағы 

педагогтардың өзбетінше ізденуі мен танымдық қызығушылықтарын арттыруға 

мүмкіндік берді.  

Балабақшадағы  педагогтармен  бірлесіп,  театр  әрекетіне  қажетті 

атрибуттар,  көрнекіліктер  мен  құрал-жабдықтар  қолдан  жасалып  дайындалды. 

Ал осы жұмысымызға ата-аналарды тарту үшін түрлі шараларды ұйымдастыру 

оларды балабақшаның тәрбиелеу-оқыту процесіне белсенді араластыруға және 

ата-аналармен ықпалдастықты дамытуға үлесін қосты.  

Үйірме жұмысымда мынадай театр түрлерін қолданамын: 

Қуыршақ театры; 

Саусақ театры; 

Көлеңке театры; 

Үстел - үсті  театры; 

Желілі-рөлді театры; 

Су-хауыз театры. 

Балалармен  театр  әрекетін  театрдың  алуан  түрлерін  қолданып  және 

түрліше сипатта ұйымдастыру балалардың осы әрекетке деген қызығушылығы 

мен  белсенділігін  арттырды.  Мен  балабақша  хауызын  театр  алаңы  ретінде 

пайдаландым. Мысалы: «Алтын балық», «Алтын кілт» ертегілерін сахналадым. 

Осы хауыздағы ұйымдастырылған театр қойылымы балалардың салауатты өмір 

салты дағдыларын қалыптастыра отырып, жағымды көңіл-күй және ұмытылмас 

әсер сыйласа, аталған жұмысқа әріптестерімнің де, басқа топтың балаларының 

да,  қызығушылығы артқанын байқадым.  

Сондай-ақ  сөйлеу  барысында 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау