274
Баланың алдына бірнеше фигуралар қойылады, бала олардың есіне сақтап
қалуы керек, кейін фигуралардың біреуі жоғалып кетеді немесе басқа түрімен
ауыстырылады немесе екі фигураның тұрған орындары бір бірімен
ауыстырылады. Бала осы өзгерістерді байқауы керек.
Барлық фигураларды қапшыққа саламыз. Балаға қапшықтың ішіне қолын
салып, сипалай отырып, барлық дөңгелек фигураларды (барлық үлкен немесе
жуан) алуды ұсыныңыз.
Барлық фигуралардың тағы да бір қапшыққа салыңыз, бала қапшықтан бір
фигураны алып шығып, оның бір немесе бірнеше белгілерін айта отырып,
суреттеп беруі керек. Немесе қапшықтан алмай тұрып, пішіні, көлемі мен
жуандығын айтып беруі керек.
Үш фигураны алыңыз, бала оның қайсысын қандай себеппен артық екенін
айту керек (түсі, пішіні, көлемі мен жуандығы жағынан).
Бір фигураны алып түсі (көлемі, пішіні, жуандығы) осыдан басқа болатын
барлық фигураны табуды ұсыныңыз. Осындай тапсырмаларды ерекшеліктерін
кезектестіре отырып, жалғастырыңыз: қызыл, сары, қызыл, сары (пішіні мен
көлемі, жуандығы бойынша кезектестіруге болады).
Фигуралардың
біріншісі
екіншісінен
бір
ғана
ерекшелігімен
дараланатындай етіп, бір тізбекке салыңыз: түсі, пішіні, жуандығы.
Жанында түсі мен пішіні жағынан бірдей болмайтындай етіп, фигураларды
саламыз (түсі мен көлемі; көлемі мен пішіні, жуандығы мен пішіні және т.б.).
Әрбір блоктың жұбын табу керек, мысалы, көлемі бойынша: үлкен сары
дөңгелек кішкентай сары дөңгелекпен жұптас болады және т.б.
Дьенештың блоктары балалардың заттар мен нәрселердің ерекшеліктері
туралы үғымдарын қалыптастыруда көптеген мүмкіндіктерге жол ашатын
материал ретінде танымал болды. Логикалық блоктар балаларға ойлау
операциялары мен әрекеттерін меңгеруге мүмкіндік тудырады: заттардың
ерекшеліктерін анықтау, оларды абстарктылау, салыстыру, топтау, жалпылау,
жасыру және т.б., сондықтан Дьенеш блоктарының көмегімен оқыту
тапсырмасы қазіргі кезде тиімді деп танылып отыр.
«Логикалық блоктар» дидактикалық материалдары әлемнің көптеген
елдерінде жетістікпен қолданылып келеді. Соңғы он жылдықта бұл материал
біздің еліміздің педагогтары арасында ең тиімді әдіс ретінде танылып отыр.
Дьенеш логикалық блоктарды мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс
жасауда ойын материалы ретінде пайдаланудың тиімді екендігін көрсетті:
Балаларды заттардың ерекшеліктерімен таныстыру: түсі, пішіні, көлемі;
Ойлау машықтарын дамыту: салыстыру, сараптау, топтау, жалпылау,
абстарктылау, жасыру және т.б.;
Ойлаудың қарапайым алгоритмдік мәдениетін меңгеру;
Қабылдау, есте сақтау, назарға алу, елестетудің танымдық үрдістерін
дамыту;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
275
Дьенештің блоктары – мектепкедейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы
бойынша балалардың танымдық дамуындағы тапсырмалардың жетістікпен
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дидактикалық материал.
Дьенештің блоктарын үйлестірушілік, әртүрлі жастарда, сонымен қатар
қысқа мерзімде болатын топтарда пайдалану табысты тәжірибе жинақталған.
Қорытындылай келетін болсақ, қай педагогикалық технологияны
қолдансақ та, оны таңдаудың мақсаты бір, ол –сенімді болашаққа жол ашатын -
дарынды, шығармашыл, қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: