«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет112/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   296
materialy resp chteniy

вариативтік  бөлім

  жұмыстарының 




209 

 

өткізілуі  де  жаңашылдықты  талап  етеді.  Ортаңғы  және  ересектер  тобы 



балаларының

жеке  педагогикалық  психологиялық  жас  ерекшеліктерін  

ескеріп, 

ойлау  қабілетін  арттыру  дағдыларын  тәрбиелеуге  мүмкіндік  беру 

мақсатында  бөбекжайымызда  өзіміз  шығарған  «Біз  кішкентай  аспазшылар», 

«Ойнайық  та,  ойлайық»,  «Логиком»,  «Мультишығармашыл  балдырғандар», 

«Бәрін білгім келеді» жұмыстары  ұйымдастырылып, өткізіледі.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  оқыту  мен  тәрбиелеуді  жаңа  бағытта, 

жоспарлы,  жүйелі,  біртіндеп  ұйымдастыру  бөбекжайдың    дамуына  мүмкіндік 

береді.  

Практикалық нәтижесі 

Педагогикалық тәжірибе педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты 

педагогикалық  нәтиже  беретін  оқыту  және  тәрбие  тәжірибесі.  Педагогтың 

тәжірибесінде  жаңалық  болмауы  мүмкін,  бірақ  ол  ғылымда  белгілі 

принциптерді,  технологияларды,  әдістерді  табысты  түрде  қолданып,  басқа 

педагогтарға 

 

үлгі 


болып, 

озат 


тәжірибесі 

таратылады. 

Педагогикалық  тәжірибемен  бөлісу  үшін  шығармашылық  ізденіс,  жаңалығы 

бар  тәжірибе,  құнды  мағлұмат  ұсыну  керек.    Сонымен  қатар,    тәжірибе 

сұранысқа  ие,  жақсы  нәтиже  беретін  тақырыпта,  үнемі  дамытып  және 

жетілдіріп  отырса,  іске  асыру  барысында  қолданылатын  құрал-жабдықтармен 

қамтылса  ғана жемісті болмақ.  

Педагогикалық қызмет барысында өз тәжірибемнің практикалық нәтижесі 

төмендегідей мазмұнда. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  өміріне  ақпараттық-коммуникативтік 

технологияларды  енгізудің  басты  мақсаты  –  балалардың  тілдерін,  сөздік 

қорларын  дамыту,  бес  білім  беру  саласы  бойынша  оқу  іс-қызметтеріне  

қызығушылықтары  арттыру,  шығармашылық,  іздемпаздық,  танымдық 

белсенділіктері  мен    қабілеттерін,  интеллектуалдық,  логикалық  ой-өрістері 

жетілдіру екені баршамызға белгілі.  

Мен өз жұмысымда оқу жоспарында берілген инварианттық бөлімдегі оқу 

қызметтерін  ActivInspire  бағдарламасында  дайындап,  флипчарт  түрінде 

өткіземін. Бұл балалардың білуге деген құштарлығын туғызады, мотивациясын 

күшейтеді.  Ал  педагог үшін  балаға  сапалы,  қызықты  мәлімет  беруге,  уақытты 

үнемдеуге  және  мағлұматты  көрнекі  түрде  баяндауға,  түсіндіруге  мүмкіндік 

береді.  

Осындай  жұмысымның  нәтижесінде  2014  жылдың  16-17  қазан  күндері 

Астана  қаласында  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  Республикалық 

орталығының  ұйымдастыруымен  «Интерактив  Қазақстан»  студиясының 

базасында,  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  педагогикалық  қызметкерлерінің 

арасында «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» республикалық байқауында 

І-ші орынды иелендім.   

2015  жылдың  5  маусымында  №2  хаттамасымен  бекітілген  «Мектепке 

дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  флипчарт-сабақтарды  қолдану»  флипчарттар 

жинағы облыс көлеміндегі педагогтарға таралымға ұсынылды.  




210 

 

Сонымен  қатар,  2015  жылдың  17  шілдесінде  «Мектепке  дейінгі  балалық 



шақ»  республикалық  орталығында  «Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  білім  беру 

үдерісінде  флипчарттарды  пайдалану»    оn-line  тәртібіндегі  республикалық 

оқыту курсында өз тәжірибеммен бөлістім. 

Сондай-ақ  ересектер  тобында  қызмет  ететіндіктен,  білім  беру 

бағдарламаларының  вариативті  бөлімінде  «Бәрін  білгім  келеді»  жұмысын 

балалардың  жас  ерекшеліктерін,  мүмкіндіктері  мен  қабілеттеріне  сай 

құрастырып, жүргізудемін. 

Дүниеде балалар түсіне бермейтін жайттар көп-ақ. Өмірді жете танығысы, 

бәрін  білгісі  келетін  олар:  «Ол  кім?»,  «Бұл  не?»,  «Неліктен?»,  «Қайда?», 

«Қашан?»  тәрізді  сұрақтарға  жауап  іздеп,  тыным  таппайды.  Олардың    көп 

нәрсені   білуге  деген  ынта-жігері  шексіз.  Осындай  балалардың  деген 

құштарлығын  қанағаттандыру  үшін  «Жануарлар»,  «Өсімдіктер»,  «Құстар», 

«Табиғат  ғажайыптары»,  «Тағамдар»,  «Көліктер»,  «Ертегілер»,  «Киімдер», 

«Ойыншықтар»  тақырыбындағы 9 танымдық  бөлімді алдым.  

Беріліп  отырған  тақырыптар  Қазақстан  Республикасы    мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартында  берілген 

тақырыпқа  қосымша  ретінде  алынды.  Балалар    әлемдегі  ең  үлкен  жануар, 

немесе кішкентай құс, ұялшақ гүл үңгірлер мен таулар, ағзаға зиянды тағамдар, 

көліктер,  киімдер,  ойыншықтардың  шығу  тарихы,  қазақ  және  әлем  

халықтарының ертегілері, т.б өздеріне қызықты мәліметтерді игереді. 

Оқыту  барысында  балалар  әр  ай  сайын  1  үлкен  бөліммен  қызықты 

деректер,  видеолар,  презентациялар,  саяхаттар  жасау,    шығармашылық 

шеберханаларда  еңбек  ету,  логикалық  тапсырмаларды  орындау  арқылы 

танысады.  Әр  3  ай  сайын  балалардың  игеріп  жатырған  білімдерін  бекіту 

мақсатында  «Сен  білесің  бе?»,  «Білгір  достар»,  «Бәрін  білгім  келеді!» 

тақырыбындағы ойын-сауық, сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Аяқ киімдер 

дүкеніне,  ойыншықтар  дүкеніне  жоспарлы  саяхаттар  жасалып,  балалардың  өз 

қалаларындағы ғимараттарды танып біледі. 

Баланың  бәрін  біліп,  көргісі  келетін  құштарлығына  тосқауыл  қоймай, 

олардың  қойған  сұрақтарына  жауап  беру  мақсатында  құрылған    «Бәрін  білгім 

келеді» үйірме жұмыстарынан әдістемелік  құрал құрастырылып, 2016 жылы 4 

наурызында    №1  хаттамамен  бекітіліп,  облыс  көлеміндегі  педагогтарға 

таралымға ұсынылды. Бұл әдістемелік құрал қалалық «Үздік жобалық жұмыс» 

байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. 

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі 

мен  оның  қыр-сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен  қабілетінің  дамуына 

жағдай  туғызу  қажет.  Осы  мақсатта  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтары 

Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартын  басшылыққа  алып,  балалармен 

қосымша жұмыстар ұйымдастырып, жүргізуі керек.  

Әр  мектепке  дейінгі  ұйымда  балалармен  үдемелі  инновациялық 

технологиялар  мен  жаңа  бағдарламалар  негізінде  жұмыс  жасауға  қабілетті, 




211 

 

инновациялық  технологияларды  меңгерген,  жаңашыл  педагогтар  өз  жұмысын 



жүйелі жүргізсе бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыруға болады. 

Қорыта  келгенде,  педагогикалық  ізденіс,  тәжірибе,  оқыту  мен 

тәрбиелеудегі  жаңа  бағыт  –  сауатты  да    мәдениетті  ұрпақты  қалыптастыруға  

кепілдік. 

Оқыту барысында заманауи технологиялар, инновациялық жұмыстарды, 

мейлінше жаңа  әдістерді  қолдану  педагогтың  кәсіби дамуына үлкен септігін 

тигізері анық.  

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау