Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Саусақ буындарына арналған санамақтар:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым – әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмке – менн
Кішкене бөбек – сен!
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз!
«Қуырмаш» ойыны
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш
- дей келіп, жұмылған әр саусақты
жеке-жеке ашарда:
Сен түйеңе бар,
Сен жылқыға бар.
Сен сиырға бар,
Сен қойыңа бар,
Сен үйде отырып
Анаңа көмектес.
Достарыңызбен бөлісу: |