Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему математика ертегілер елінде можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материалаКонец формы
Сабақтың тақырыбы: математика ертегілер елінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білімдерін жетілдіру, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау;
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, ертегі кейіпкерлері бейнеленген ойыншықтар, шарлар, алтын сандықша
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Тапсырмалар орындау
3. Жұмбақтар шешу
4. Логикалық есептер шығарту
5. Сан айтысы
5. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: әділ-қазылар алқасын тағайындау, топтарды таныстыру, сайыстың шартын айту. Әр топтың алдында алтын сандықшалар тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай, яғни «ертегі кейіпкері» түріндегі бір ойыншық беріледі. Соңында көп ойыншық жинаған топ жеңімпаз атанады.
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен көрермендер! Бүгінгі біздің «Математика ертегілер елінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақ. Біз сендермен ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерімен таныса отырып, тапсырмалар орындаймыз, жұмбақ шешеміз.
1- жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысалық... Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар:
І топ: «Ханшайымдар» (қыздар командасы)
ІІ топ: «Ханзадалар» (ұлдар командасы)
2- жүргізуші: Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады:
1) «Ертек-ертек , ерте екен...»
2) «Ақ сандық, көк сандық»
3) «Ойнар»
4) «Сандар айтысы»
І бөлім. «Ертек-ертек , ерте екен...»
1-жүргізуші: Сайысымыздың І бөлімі «Ертек-ертек , ерте екен...». Бұл бөлім бойынша қатысушыларымыз кезек-кезегімен ұяшықтарды таңдау арқылы ертегі кейіпкерлері ұсынған тапсырмаларды орындауы қажет.
1-ұяшық. «Күлшеқызға көмектес»
Күлшеқыз (Золушка) сағат 12-де үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.
Сұрақ: Сатының 21 баспалдағы бар. Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды. Бұл баспалдаққа Золушка төменнен санағанда қандай нөмір береді? (12)
2-ұяшық. «Қаршақызға көмектес»
Өгей шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың ұзындығы 6,8 метр, ал ені 5,2 метрге тең.
Шарбақтың ұзындығын анықтаңдар? (24м)
3-ұяшық. «Алладинге көмектес»
Алладин: «Ұшатын кілемнің көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет. Кей кезде желмен, кейде желге қарсы бағытта ұшамын».
Сұрақ: Егер ұшатын кілемнің жылдамдығы 55,6 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 1,2 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен қандай жылдамдықпен ұшамын? Ал желге қарсы ше?
4-ұяшық. «Алтыншашты ханшайымның тапсырмасы»
Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңдар:
5-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»
Баспалдақтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз. (20)
6-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»
Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)
ІІ бөлім. «Ақ сандық, көк сандық»
2- жүргізуші: Сайысымыздың ІІ бөлімі «Ақ сандық, көк сандық». Бұл бөлім бойынша әр топ екі сандықтың бірін таңдап, сандық ішіндегі жұмбақтарды шешуі қажет. Іске сәт!
o Ақ сандық ішіндегі жұмбақтар
1) Алла мықты жаратқан сегіз батыр
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.
/Абай/
Шешуі:
Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,
Таба алмасам, ақылды болар неміз?
Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,
Жақсылық пен жамандық – болды сегіз.
2) Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,
Егін сап жұрт қатары кәсіп етпес.
Өзінің мекенінен шығып кетсе.
Тіршілік көремін деп үміт етпес.
(балық)
3) Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.
(Түзу)
o Көк сандық ішіндегі жұмбақтар
1) 1 ағаштың 12 бұтағы бар
Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
2) Бір-ақ жерде жасында
Тұрды оранып жасылға.
Қартайғанда сарғайды.
Кезіп кетті сай-сайды.
(қаңбақ)
3) Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер)
ІІІ бөлім. «Ойнар»
1- жүргізуші:
Басыр, басыр бас ойнар,
Екі бақсы тас ойнар.
Көбік қарда түлкі ойнар,
Көктемде жылқы ойнар,
Жыртық үйде тамшы ойнар,
Көже менен тұз ойнар,
Етік пенен біз ойнар...
-дей отырып, сайысымыздың ІІІ бөліміне көшелік. Сайысымыздың осы бөлімінде сендер логикалық есептер шығарасыңдар.
1-тапсырма. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде)
2-тапсырма. Аңшы ит сұр қоянның соңынан жүгіріп келеді. Ит 2 км жүгірген соң тоқтады. Екеуінің қайсысы қанша процентке көп терледі?
3-тапсырма:Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
4-тапсырма. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?
5-тапсырма. Дөңгелекті үш түзумен ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын табыңыз. (7)
6-тапсырма. Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жей алады. Олар барлығы жабылып осы қойды неше сағатта жей алады?
7-тапсырма (екі топқа да ортақ). Төмендегі кейіпкерлердің ішінен “Су перісінің” ең жақын досын тауып, қазақша, орысша және ағылшынша атауын жазып көрсет. (балық – рыба – fish)
ІV бөлім. «Сан айтысы»
2- жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Сан айтысы» Бұл бөлімнің шарты бойынша қатысушыларымыз бір-бірлеріне кез келген сан айтады. Сәйкесінше топтың әрқайсысы айтылған санға байланысты ұйқас сөз не сөйлем тауып жауап беруі қажет. Мысалы:
- Үш!
- Мені жеңбек күш.
-Алты!
- Алтын балтам.
...
- Он!
- Кигенің тон!
ІV бөлім. «Сан айтысы»
1- жүргізуші: Сонымен бүгінгі сайысымыз да аяқталып қалды. Ал енді әділ-қазылар алқасына сөз берелік! Әділ-қазылар алқасы шешім қабылдағанша Ә.Қалаубаеваның «Ертегілер» әні орындалып, слайд-шоу арқылы ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер көрсетіледі.
Қорытынды: жеңімпаз топты марапаттау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему математика ертегілер елінде можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала
Достарыңызбен бөлісу: |