70
ІV. Ауыз әдебиетін пайдаланып, жұмбақ шешу:
а) Жөңкиді бұлттар дүркіреп,
Жауады жауын күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақнайза жерге жарқ етті. (Найзағай)
Жұмбақтағы жөңкиді, дүркіреді, күркіреді, ақнайза, т.б.
сөздердің мәнін ашып түсіндіру.
б) Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау:
Ақсың, сұрсың, қарасың
Қайда қалқып барасың ?
Жерге нөсер төгемін.
Өссін гүлдер көп егін,
Гүл-гүл жайнап өсер көп,
Нөсерлетсең, нөсерлет!
Жаңбырдың жалпы табиғатқа тигізер пайдасы туралы
әңгімелеу. Жаңбыр кезінде байқағандарын айтқызу.
в) “Кемпірқосақ” өлеңін жаттау.
Жаңбыр жауып басылды,
Күннің көзі ашылды.
Көк жиекке көрікті,
Кемпірқосақ асылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Тұрды ауыл қасында.
Жете алмайсың қуғанмен,
Ренжіме жасыма (Ә. Дүйсенбиев).
V.. Қимылды ойын: «Көктемгі жауын» (музыка ойнала-
ды). Бақылау кезінде көргендері мен сабақта алған білімдерін
тұжырымдап байланыстыру үшін «Көктемгі жаңбыр» тақыры-
бына сурет салу. Салған суреттер бойынша әңгімелету.
Жазғы жаңбырдан соң (ойын )
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары жайлы түсі-
нік беріп, қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын дамыту.
Қоршаған табиғатты аялай білуге тәрбиелеп, білімдерін жетіл-
діру.
Әдіс-тәсілдер: Көркем сөз, әңгімелеу, әңгімелету, маз-
мұнды ойын.
71
Көрнекті құралдар: «Жаңбыр» бейнелеген картина, кем-
пірқосақтың суреті. Меңгерілетін сөздер: “Күн-Ана”, күн шуа-
ғы, тамшы, кемпірқосақ, мейірім.
Барысы: Тәрбиеші балалардың назарын сабаққа аударып, жаз
мезгілі жайлы, жазда болатын табиғат ерекшеліктері жөнінде
сұрап, білімдерін нығайта түседі.
- Бір жылда қанша жыл мезгілдері бар? Олар қалай ата-
лады?
- Жаз мезгілінің қандай ерекшеліктері болады? – деген
кіріспе сұрақтар қоя отырып, балалардың сұраққа жауап беруіне
тәрбиеші тарапынан көмек береді.
Тәрбиеші: Балалар, сендер жазда жауған жаңбырды көр-
діңдер ғой ,
Жаңбырдан соң жазда аспанда не көрінеді?
Бала: кемпірқосақ, ол әр түсті болады.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар, мен сендерге Кемпірқо-
сақтың пайда болуы жайлы “Кемпірқосақ” деген ертегі айтып
беремін. Қане, қызық ертегіні мұқият тыңдайық!
Ертегі айтылады.
Сергіту жаттығуы.
Көк жүзінен жөпелеп,
Күміс жаңбыр төгілді.
Көкте қызыл жасылды,
Кемпірқосақ көрінді.
Тәрбиеші: Балалар, ертегіні түсіндіңдер ме, ұнады ма?
(Иә, ұнады. Сонда кемпірқосақ алуан түсті гүлдерден
пайда болған екен ғой! – деп балалар таң-тамаша).
Тәрбиеші: Осы кемпірқосақтың шығуы жайлы түрлі
аңыз, ертегілер, әңгімелер бар, біз тек қана соның біреуімен ғана
танысып отырмыз. Сендер қалай ойлайсыңдар, ақ гүлдің өзім-
шілдігі, қомағайлық қылығы дұрыс па?
Бала: Жоқ, дұрыс емес. Ондай қасиет адамгершілікке
жатпайды.
Тәрбиеші: Иә, балалар, бірақ, ақ гүл өзінің қателігін
кейін достарынан айырылып, жалғыз қалғанда түсінді ғой. Ақ
гүлдің қателігін кешіруге бола ма?
72
Бала: Ақ гүлді кешіруге болады. Ол бәрін түсінді.
- Ақ гүлдің жабырқаған кезінде жаны ашып көмектескен
қандай мейірімді.
Тәрбиеші: Күн-ана әр уақытта мейірімді, шапағатты
болады. Күннің мейірімділігі соншалық, ол дүние жүзіне нұрын
төгіп, бар әлемді жылытып тұрады. Күн шапағатымен ақ гүлді
де кемпірқосаққа айналдырады. Өздерің жаңбыр жауған соң
байқаңдаршы, кемпірқосақ жаңбыр жауған соң түрлі сағымдар-
мен көк жүзінде көрінеді. Кемпірқосақтың түрлі-түсті сағым-
дары күннен алған шапағаты.
Енді, балалар, “жаңбыр” жайлы өлең шумағын оқып, ай-
тып үйренеміз, –деп балаларға бірнеше рет қайталатып айтқызу
(ертегі мазмұнының көркемдігін ашу үшін).
Бұйра бұлттар аунап,
Жерге тамды ақ жаңбыр.
Жердің беті жайнап,
Гүлдер өсті қаулап,
Түледі бір аймақ.
“Ыстық күн” мазмұнды ойынын ойнау. Балалар ойын-
дағы кейіпкерлерге байланысты киінеді, оны тәрбиеші алдын-
ала әзірлеп қояды. Рөлдерді балалар өз еріктері бойынша таңдап
алады.
Алма ағашы жаздың ыстық күнінде қатты шөлдеп
ыстықтайды. Ол күнге:
– “Күн, қандай ыстықсың, мен шөлдеп, қатты ыстықта-
дым”, – дейді.
Күн: – Жарайды, онда мен желге бұйырайын, ол бұлт-
тарды қуып келсін, сөйтіп жаңбыр жаусын.
Күн желге: – “Жел, ағаштар шөлдеп кетіпті, бұлттарды
қуып келші”, – дейді.
Жел уілдеп барып бұлттарды куып келеді.
Бұлттар: Жаңбыр, жаңбыр жауыңдар
Шөлдемесін тіршілік.
(2 рет)
Жаңбыр: Біз тілалғыш тамшымыз,
Айтсаң болды жауамыз дейді.
(2 рет)
Жаңбырдан соң көкте кемпірқосақ көрінеді: Ол күліп:
73
Амансыңдар ма достарым,
Жаңбырдан нәр алдыңдар ма?
Шөлдеріңді қандырдыңдар ма?
Алма ағашы: Сәлеметсің бе, кемпірқосақ,
Иә, шөліміз қанып қалды дейді.
Күн: Алма ағашы, шөлің қанды ма?
Алма ағашы: «Ризамын күн, барлық тірі табиғат жаңбыр-
дан нәр алды. Енді сен жарқырап нұрыңды төгіп тұра бер», – дейді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "жаңбырдан соң" деген
тақырыпта кемпірқосақтың суретін салғызу арқылы мадақтап
қорыту.
Күзгі саябаққа саяхат
Мақсаты: Жапырақтардың сарғайып түсіп жатқанын,
түр-түсін, табиғат құбылысын байқату. Балалардың тілін да-
мыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тірек сөздер: сұр бұлт, тұман, тоңазиды, мұз қабыршық-
тары, бұлт торлайды, қаптайды, желді, т.б.
Тірек білім: Күнделікті өмір тәжірибелеріне сүйену: то-
пырақ бетінің тоңазығанын, тұманды, желді, сұр бұлтты, мұз
қабыршықтарын бақылау арқылы алған білімдері.
Базалық білім: Тоңазиды, мұз қабыршықтары, тұман,
желді, бұлтты, т.б. жаңа сөздерді сөз қорына енгізе отырып,
күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.
І. Топсаяхат әңгімеден басталады.
а) Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті адам өміріндегі пай-
дасы туралы әңгімелеу.
Саябақта байқағандары бойынша балаларға әңгімелету
(Сарғайған жапырақтар. Жапырақтар жерге түсіп жатыр. Күн
салқын. Гүлдер солған. Шөптер сарғайған. Жел соғып тұр. Күн
бұлтты, т.б.).
ә) Тәрбиешінің беретін түсінігі: Айнала сап-сары алтын
сияқты күйге енгендіктен біз оны "Алтын күз" дейміз. Күзде ең-
бектің қызған кезі. Жеміс-жидектер, астық піседі, оны жинау
басталады. Сондықтан да күзді «еңбекқор күз» деп те атайды.
б) М. Байсариеваның «Күз» өлеңін тыңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |