Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет16/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

48 

 

дан тыс қалған деуге болады. Бағдарламада өлі және тірі табиғат 



бөліп  көрсетілмеген.  Ұсынылған  материалдар  нақты  тақырып-

тарға топталмаған. Бағдарламаның түсініктемесінде де біраз ол-

қылықтар кездеседі. Себебі, экологиялық тәрбие мен балаларды 

айналамен  таныстырудың  маңызы,  мақсаты  одан  туындайтын 

міндеттері сабақтас түрде қарастырылмаған.  

Мектепалды  дайындығының  біраз  өркендеген  кезеңі 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы 

№1762 “Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері” ту-

ралы  қаулысынан  кейін  деуге  болады.  Осы  қаулыға  сәйкес  от-

басында және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы 

білім  беретін  мектептерде  5-6  жастағы  балаларды  мектепке 

дайындауға арналған бағдарлама жасалды. Отбасында және ба-

лабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасын (5-6 жас)  

төмендегідей міндеттерді белгіледі: 

-  баланың    психологиялық  және арнайы  дайындығының 

ерекшеліктерін ескеріп, дүние танымын, ой-өрісін, зейінін, қия-

лын, есте сақтау, қабылдауын, т.б.психикалық қабілеттерін дамыту; 

-  баланың  денсаулығын  нығайту,  өмірін  қорғау,  сауық-

тыру, шынықтыру шараларын жүзеге асыру; 

- мектепалды топтарында бағдарламалық материалдарды 

меңгеру үшін тәулік режимін, сабақ, ойын, еңбек, серуен, дема-

лысты өзара сабақтастыра ұйымдастыра отырып, мектептегі оқу 

ісіне дайындау; 

-  баланы  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру  үшін  адам-

гершілік,  эстетикалық,  экологиялық,  дене,  еңбек,  ақыл  ой  тәр-

биесі негіздерін қалау; 

-  баланың  қоршаған  орта  туралы  түсініктерін  кеңейтіп, 

сабақта алған білім күнделікті өмірде қолдана білуге баулу; 

-  баланың  мектептегі  оқу  әрекетін    еркін  игеру  үшін, 

мектепалды бағдарламасын білім мазмұнына сай, қарапайым бі-

лім негіздерін меңгерту; 

-  баланы  ұлттық    салт-дәстүр  негізінде  тәрбиелеуде  ха-

лық  педагогикасын басшылыққа алу. Сондай-ақ,  бағдарламада 

баланы  мектепке  дайындаудың  басты  ерекшеліктері  көрсетіл-

ген. Атап айтсақ, отбасында және балабақшада баланы мектепе 



49 

 

дайындауда білім мазмұнының  біртұтас жүйеленіп жаңартылып 



ұсынылуы;  баланың  психологиялық  және  жалпы  дайындығы-

ның ескерлуі; баланы  мектепке дайындауға арналған оқу- әдіс-

темелік  кешеннің  берілуі;  бағдарлама  мазмұнының  бастауыш 

сыныптардағы  білім  беру  бағдарламасымен  сабақтастығы;  ата-

аналарға  педагогикалық  жұмысты    жүргізудің  әдістемелік  ба-

ғыт-бағдарын ұсынылуы. 

Бағдарламада тіл дамыту мен экологиялық тәрбие жеке-

жеке  сабақ  ретінде  беріліп,  әрқайсысына  жетісіне  бір  сағаттан 

уақыт  бөлінді.  Баланың  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту 

сабағының бір саласы ретінде бағдарламаның аталған бөлімінде 

әр  тоқсанда  белгілі  міндеттерді  шешеді:  бағдарлама  талабы 

бойынша әңгіме, ертегілерді оқығаннан кейін соларға байланыс-

ты қойылған сұраққа толыққанды жауап беруге балаларды дағ-

дыландырудан  бастап,  әңгіме  желісін  бұзбай  өзінің  түсінгенін 

байланыстырып жеткізе білуге тиісті. Сондай-ақ ертегі, әңгіме-

лер  бойынша  үлкендердің  көмегінсіз  оның  мазмұны  жайында 

жүйелі  әңгімелесу,  сурет  сериялары  және  диафильмдер  бойын-

ша әңгіме құрастыру, ондағы кейіпкерлердің көңіл күйін сезіну, 

соған сәйкес дауыс ырғағын өзгерту, яғни балалардың образды 

өмір  тәжірибесімен,  көрген  таныс  оқиғаларымен  байланыстыра 

білу мүмкіндіктерін дамыту көзделген. Тыңдау, әңгімелеу, жазу, 

грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеу, сөздік қорды пайдалана 

білу сияқты тіл қызметінің түрлерін қадағалай отырып, балалар-

ды  шығармашылыққа  жетелеу  және  осы  негізде  байланыстыра 

сөйлеу қабілеттерін дамытудың жүзеге асырылуын көздеген. 

Ал,  экологиялық  тәрбие  бөлімінде  табиғат  жайында, 

ондағы құбылыстар жөнінде ұғымдарын нақтылау, өлі және тірі 

табиғатпен  таныстыру  міндеттері  жүзеге  асырылады.  Онда  өлі 

және 

тірі  табиғатты  бір-бірінен  ажырата



  білуді, 

белгілі  тақырып-

тар арқылы салыстырмалы түрде түсіндіру

 жайы қарастырылған. 

Мектепалды  даярлық  тобы  тұрғысынан  талдағанда  бағ-

дарлама мазмұнындағы бала тілін дамытуға арналған тақырып-

тарды  жүйелеу,  оған  бөлінген  сағат  санын  көбейту  мәселелері-

нің  қажеттігін  байқаймыз.  Сондықтан  да  тіл  дамыту  мәселесі 

барлық оқу-тәрбие жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізілуі 



50 

 

қажет.  Бағдарламада,  экологиялық  тәрбие  бөлімінде  балаларды 



өлі  және  тірі  табиғатпен  таныстырудың  мақсаты  мен  мазмұны 

жалпылама  берілген.  Баланың  ойлауын,  қиялын  дамытуда,  сол 

арқылы  байланыстыра  сөйлеуге  үйренуде  табиғи  құбылыстар-

дың алатын орны ерекше екенін ескерсек, бұл мәселенің әлде де 

болса дұрыс шешімін табуды қарастыру қажет. 

Бағдарлама мазмұнында кездесіп отырған тағы бір олқы-

лық – айналамен таныстыру мен экологиялық тәрбие бөлімінің 

жеке-жеке берілуі, бұлар мазмұн жағынан өте тығыз байланыста 

бір-бірін толықтырып тұратын мәселелер. Сондықтан да оларды 

кіріктіре  қарап,  бір  сағатта  екі  сабақтың  да  мақсатын  жүзеге 

асыруға  болады.  Айналамен  таныстыру  мен  экологиялық  тәр-

биені бөліп қарау үлкен олқылық деп ойлаймыз.  

“Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды даяр-

лау бағдарламасы” (1999) төмендегідей бөлімдерді: түсінік хат, 

оқу  жоспары,  мектепке  дейінгі  ересек  балалардың  оқу-таным-

дық қызметі, айнала қоршаған дүниені тану, тіл дамыту жұмыс-

тары,  мектепке  дейінгі  жастағы  баланы  сауат  ашуға  дайындау, 

көркем  әдебиет  қамтиды.  Аталған  бағдарламаның  зерттеу  та-

қырыбымызға  қатысты  бөлімдерін  талдасақ,  айнала  қоршаған 

дүниені тану бөлімінде қоршаған орта, ондағы табиғат құбылыс-

тары, басқа өмірді дұрыс танып-білуге мүмкіндік туғызады. Ай-

наламен танысу барысында кеңістікті, заттың пішінін, түсін, са-

пасын  салыстырмалы  түрде  үлкен,  кіші,  қатты,  сұйық  деген 

ұғымдарды қалыптастыру деп берілген. Ал, тіл дамыту жұмыс-

тары бөлімінде басты мақсат ана тілінде балалардың сөздік қо-

рын  дамыту,  айналадағы  дүниені,  табиғатты  бақылатып,  түсін-

діріп,  грамматикалық  үлгіде  сөйлесу  әрдайым  сөздік  қорын 

жаңа сөздермен толықтырулар енгізу ұсынылған. 

Бұл  бағдарламаның  кемшілігі  –  мектепалды  даярлығы 

балаларының  тілін  дамытуға,  сөздік  қорын  байытуға  ғана  тоқ-

талғандығы. Онда байланыстырып сөйлеу назардан тыс қалған. 

Айналадағы  қоршаған  ортаны  тану  бөлімінде  жалпылама  ұсы-

ныстар берумен шектелген. Қандай тақырыптар арқылы жүзеге 

асыру  қажеттігі  тәрбиешілердің  шығармашылығына  қалдырыл-

ған,  олай  болса,  әрбір  тәрбиешінің  ізденуіне  байланысты  мате-



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау