- Суицидтің алдын алуы туралы
-
- Әлеуметтік-педагог: Базар И.
- Қараөзек орта мектебі
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары шын мәнінде өзекті бағыттардың бірі болып отыр. Білімді, адамгершілікті, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адам тәрбиелеудегі мемлекеттің тапсырысы – Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында, Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық тәрбиесі бағдарламасында және т.б. маңызды құжаттарда көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамға, соның ішінде балаларға, өмір сүру құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, денсаулықты қорғауға және білім алуға кепілдік береді - Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев балалардың құқығын қамтамасыз ету және олардың сапалы білім алуы – болашақтың маңызды инвестициясы деп атап өтті. Мемлекет пен баланың жақындасуында оқу мекемелері маңызды орын болып табылатынын ескере отырып, әлеуметтік саясаттың осы бөлімін жүзеге асыруда білім беру мекемелері басты рөл атқарады. Баланың бойындағы ең басты, ең маңыздылар балалық шақта қаланады, сондықтан да адамның алдағы өмірі мен тағдыры көбінесе осыған байланысты болады. Одан кейінгі уақытта, мектеп қабырғасында болатын, шартты түрде алдын алу, түзету деп аталады, себебі жұмыс бала санасының деңгейінде ғана емес, түйсік бағдарламаларымен жүргізілуімен де маңызды.
-
- Суицид мәселесі (латын сөзінен sui caedere – өзін өлтіру– өзін-өзі өлтіру акті) қазіргі қоғамды алаңдатпай қоймайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидті болдырмау күні деп белгіледі. ЮНИСЕФ пен ДДСҰ деректері бойынша Қазақстан 2012 және 2013 жылдары өзіне қол жұмсау фактілері бойынша ер балалардың өлім санымен екінші орынды, ал, қыз балалар өлімі бойынша бірінші орынды иеленген. Қазақстан 10-14 жастағы ер балалар мен қыз балалардың қайтыс болу коэффициент деңгейі бойынша бірінші орында.
- Психологтардың пікірінше, балалардың өзін-өзі өлтіруі – дер кезінде олардың жан айқайын, яғни осы арқылы бала өзіне көңіл аудару ниетін естімеудің нәтижесі. Жасөспірім шақ көбіне жанжалмен, жабығуды, шиеленісті, мектептегі және үйдегі проблемаларды сезінуімен сипатталады. Жасөспірімдер, әдетте, өте сезімтал, олар басқа топтағы балалармен салыстырғанда болып атқан жағдайға қызбалықпен әрекет етеді. Олардың иланғыштығы және өзгелерге, оның ішінде өзін өзі өлтіруге талап жасаушыларға еліктеушілігі суицидке баруына негіз болуы мүмкін
- Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата- аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді. Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді.
- Кәмелетке толмағандардың суицидтік әрекетінің негізгі мотивтері: реніш, жалғыздық сезімі, шеттетілу және түсінбеушілік сезімдерін басынан кешіру; ата-ана мейірімінен шынайы немесе жанама айырылу, қызғаныш, жауапсыз махаббат; жақындарының қайтыс болуы, ата-аналарының айрылысуы немесе біреуінің отбасынан кетуі, отбасы мүшесінің ауыр науқасқа шалдығуы; кінә, ұят, ар-намысының тапталуы, өзін-өзі кінәлі сезіну; қорлықтан шошу, кешірім сұрауға ниетсіз болу; махаббаттағы сәтсіздік, жыныстық бейәрекетсіздік, жүкті болу; кек алу, қарсылық көрсету, ашыну сезімдері, бопсалау және қорқыту; өзіне көңіл аудару ниеті, аяушылықты тудыру, қиын оқиғалардан, жағымсыз жағдайлардан қашу; жолдастарына, кітаптағы немесе фильм кейіпкерлеріне еліктеу немесе оларға аяушылық таныту («Вертер әсері»), ҰБТ тапсырудағы сәтсіздік және т.б.
Егер жеткіншек шынымен де өзін өлтіруді ойластырса, оны бірнеше ерекшеліктен немесе белгілерден байқауға болады, оларды 3 топқа бөлуге болады: сөздік, мінез-құлықтық, жағдаяттық. - Сөздік белгілер (ерекшеліктер) Өзіне қол жұмсағысы келген жеткіншек өзінің жан дүниесінің жағдайы туралы, өлім туралы тікелей айтады: «Мен өзімді өлтіргім келеді», «Мен бұлай өмір сүре алмаймын»; өзінің ниетін меңзейді: «Мен енді ешкімге кедергі болмаймын»,
- «Сен енді маған алаңдамайсың»;
- өзін өлтіру тақырыбына көп әзілдейді
- ; өлім мәселесіне қатысты жағымсыз
- қызығушылық танытады.
- Жасөспірімдер өзін-өзі бағалауда өте тұрақсыз және бұл кезде олар үлкен максималистер; олар өз қабілеті мен білімінен күдіктенеді, оларға мінез- құлықтың жиі өзгеруі, алаңдаушылық тән. Бойларына лезде қорқыныш ұялайды. Кей кездері отбасындағы немесе мектептегі аздаған жанжал баланы жабығу күйге түсуге итермелеуі мүмкін
- Мінез-құлықтық белгілер (ерекшеліктер) Жеткіншек өзіндегі қымбат заттарды тарата бастайды; өзінің істерін ретке келтіреді, осыған дейін ренжіскен адамдармен татуласады; өзінің мінез- құлқының түбегейлі өзгергенін көрсетеді, тамақты өте аз немесе өте көп ішеді; өте аз немесе шамадан тыс көп ұйықтайды; сырт бейнесінде ұқыпсыздық байқалады; мектептегі әдеттерінде сабаққа бармау, үй тапсырмасын орындамау, сыныптастарымен қатынаспау, ашушаңдық, тұйық болу, көңіл күйінің болмауы байқалады; айналасындағыларға белсенділік немесе бейжайлық таныту; бірде эйфорияда, кейде үмітсіздік күйде болу; шарасыздық, үмітсіздік пен ашыну белгілерін байқатады
- Жағдаяттық белгілер (ерекшеліктер) Бала өзін қоғамнан аластатылғандай, шеттетілгендей сезінген; қоршаған ортасы тұрақсыз болғанда (отбасындағы дағдарыс; маскүнемдік; отбасылық немесе жеке өзінің проблемалары); өзін физикалық, сексуалдық немесе эмоционалдық зорлықтың құрбаны ретінде сезінсе; бұрын суицидке әрекеттенсе; суицидке бейімділік өз достарының, таныстары немесе отбасы мүшелерінің бірі өзіне қол жұмсаған актілердің немесе ғаламтордағы кері ақпараттың әсерінен болса; жақындарынан айырылу (жақындарының өлімі, ата- аналарының айрылысуы); өзін көп сынаған жағдайда суицид жасауға шешім қабылдайды.
Балалардың суицидті мінез-құлқының алдын алу бойынша ата-аналарға әдістемелік ұсыныстар - Баламен сөйлесу қажет, көңіл-күйінің неліктен түсіңкі болу себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, оның арман-тілектері жайында сөз қозғап, болашаққа жоспар құруға бағыттайтын әңгімелерге жетелеу қажет. Балаға оптимистік серпін беріп, жарқын болашаққа «сендіру», алдына қойған мақсаттарына қол жеткізе алатынына қабілетті екеніне жүрегіне сенімділік отын қондыруға барынша әрекет жасау қажет. Оның «өкпелегіштігін», «күңкілдектігін» кінәламай, керісінше, оның тұлғасындағы жақсы жақтарын көрсетуге тырысу керек. Оны табысты, ақкөңіл, кішіпейіл және сергек балалармен салыстыруға болмайды, себебі бұл онсыз да төмен бағалауын тереңдетіп жібереді.
- 19 ғасырдың басынан бастап әлемнің барлық елдеріндегі өз-өзіне қол жұмсаушылық статистикасының тұрақты да біркелкі өсуі байқалған.
- ресми сттистика бойынша жыл сайын өз-өзіне қол жұмсап 1 000 000 адам қайтыс болады екен.
- Болжамдар бойынша 2020 жылға қарай жыл сайын өз-өзіне қол жұмсап 1 500 000 адам қаза болады.
Суицид статистикасы - Еркектердің арасында аяқталған суицидтер саны әйелдерге қарағанда 4 есе артық болады (бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі болуы мүмкі).
- Жасы ұлғайған сайын (65-85 лет) бұл арақатынас 6-9-ға дейін өседі.
- Екінші жағынан әйелдер еркектерге қарағанда 4 есе жиі өз-өзін өлтіруге талпыныс жасайды екен, алайда, олар өлімге сирек әкелетін «жеңілдеу» тәсілдерді таңдайды.
Суицид статистикасы - ДДҰ өз-өзіне қол жұмсаудың 800 себебін тіркеген. Солардың ішінде:
- 41% - белгісіз
- 19% - жазалау алдындағы қорқыныш
- 18% – жан азабы
- 18% - үйдегі қапа
- 6% - құштарлық
- 3% ақша шығыны
- 1,4% - өмірге асыра қаныққан
- 1,2% - тән аурулары.
- Мұндай нақты сандарды көргенде табиғи бір сұрақ туындайды – егер өз-өзіне қол жұмсауға бел буған адамның өзі сол себепті анық түсінбесе, оны статистика жасайтындар қалай соншалықты анық біледі? Өз-өзін өлтіру – көптеген себептер әкелген соңғы қадам, және әрбір себеп өз кезегінде қыруар басқа себептердің салдары болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері - Мектепке дейінгі жастағы балаларға өлім туралы ойлану бұл тақырып олардың назарынан тыс қалмайды (ертегілер, өмірдегі оқиғалар).
- 5 жасқа дейінгі балалардың суицидтік мінез-құлығы өте сирек кездесетін жайт.
- Төмен сыныптардағы оқушылар арасында, негізінен 9 жастан кейін, суицидтік белсенділік орын алған. Ең төменгі жас шамасына жалпы балалар суицидінің тек 2,5% ғана келеді. Балалардың суицидтік мінез-құлқының ауыр психикалық ауруға немесе реактивтік торығуға сирек байланысты болады. Жағдайлардың басым көпшілігінде ситуацияға қарай жауап әрекеті, көбінесе наразылық әрекеті орын алған. Жағдайлардың 80%-нда олардың себебі болып отбасы ішіндегі шиеленістер табылады.
- 10-12 жаста өлім уақытша құбылыс ретінде бағаланады. Өмір мен өлім ұғымдары ажыратылады, алайда, өлімге деген эмоциялық көзқарасыөз тұлғасынан абстракцияланады. Өз өліміне басқаалардың жауаптв әрекетін көруге ұмтылыс немесе «екінші рет туылуға» деген үміт балалар мен жасөспірімдер арасындағы суициденттерге тән. Өлім туралы ойлар балалық шақ бойы бірнеше кезеңнен өтеді: бала санасында өлім туралы түсініктің мүлдем болмауынан ол туралы өмірден кетудің атрибуттары қосылған (траур, жерлеу және т.б. түсініктер) формалдық білім алуға дейін. Өлім туралы білімді бала не өзінің жеке тұлғасы, не жақындары арасындағы ешкімнің тұлғасымен арақатынасқа қоймайды; өлімнің кері айналмастығы туралы түсінік қалыптаспаған, ол әлі адамынң ұзақ уақыт болмауы немесе басқа түрде тірлік ету ретінде түсініледі. Бала екі жақты болмыс мүмкіндігін мойындайды: айналасындағылар үшін өлді деп есептеліп және өле отырып, сонымен қатар өзінің олардың қапалануына куә болып, өзінің жерленуі мен өзін ренжіткендердің өкінуін бақылау. Қорқыныштың болмауы балалар психологиясының ерекше қасиеті болып табылады. Өмірлік тәжірибесі болмағандықтан және хабардар болмауынан, олар таңдау әдісін қолдана алмайды.
- Есепсіздік, өзін-өзі өлтіру тәсілдері туралы білімінің болмауы, ықпал ету нысанынан қарамастан, өлімнің өте жоғары тәуекелін қалыптастырады.
Балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің ерекшеліктері - Жас жасөспірім кезінде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, алдын ала жоспарланбайды. Жазалау қаупі төніп тұрған кезде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері қолға түскен алғашқы нәрселердің көмегімен жүзеге асырылады. Осы топтағы жасөспірімдерде ө өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің ауыр медициналық салдары болмайды. Бұл – өлімге бас тігудің шынайы талпынысы емес, тек жанжалдан қашу, қиын жағдайдан басын алып қашу ниеті.
- Орташа жастағы топта өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері қоршаған адамдарды жазалау, өкпелетушіден кек алу мақсатымен жасалған демонстартивті сипатқа ие. Көбіне өз-өзіне қол жұмсау талпыныстары жанжал ушығып тұрған кезде, аффект жағдайында жасалады. Мұндай әрекеттердің медициналық салдары да ауыр болады. Осы топтағы жасөспірімдерге қызығушылықтарының жұтандығы, ой-өрісінің шектеулігі, өтірік алдау, үміттерінің қирауы, сәтсіздіктерге түсініксіз әрекет етумен ұштасатын ашуланшақтық, қызбалық, эмоциалық тұрақсыздық тән. Мұндай жасөсаірімдер стресске тұрақсыз болып, өз-өзіне ие болу машығынан хабардар болады.
- 1. Адамның иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі.
- 2. Қаржылық жағдайлардың әсері.
- 3. Ренжу
- 4. Қателік
- Қазіргі қоғамдағы
- суицидтің себептері
- Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттен жасөспірімдерді аулақ ұстау үшін спорт секциялары мен алуан түрлі үйірмелерге оқушыларды жаппай тарту қажет. Ғылыми деректер бойынша бос уақыты көп оқушы кейде жаман нәрсеге үйірсек келетіні белгілі. Сол үшін ата-аналар осы жағын батыл ойлануы тиіс.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер: - Эмоционалды
- Дәрменсіздік, күдер үзу, елеусіздік сезімі. Қайғыру. Торығу (көңіл-күйінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы). Жеңілу, сәтсіздікке ұшырау, өзін кінәлі сезіну. Шамадан тыс қорқыныш пен уайымдау. Өзінің сыртқы түріне қалай болса, солай қарау. Жалғыздық, ешкімге керек болмау сезімдері. Күнделікті ортада уақыт өткізгенде, бұрын қуаныш сыйлайтын жұмысты орындау барысында ішінің пысуы. Өлім туралы ойлану. Болашаққа жоспарының болмауы. Түкке тұрғысыз нәрселерге ашулану.
-
- Ауызша
- Өз-өзін кінәлау. Өзінің дәрменсіздігі, өмірмен қош айтысқысы келетіндігін айту. Қоштасу. Нақты өз-өзіне қол жұмсау жоспары туралы хабарлама.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер: - Мінез-құлқы бойынша
- Мінез-құлқының кенеттен өзгеруі. Сабаққа бармау. Жақындарынан алыстау. Ағат әрекеттерді жасау. Өз-өзіне қол жұмсау үшін құралдарды, осы туралы кітаптарды сатып алу. Сыртқы бейнесіне салғырт қарау. Шектеулі сана.
- Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері оның девиантты мінез-құлқысымен байланысты. Осындай әлеуметтік ауытқы болып келесілер табылуы мүмкін:
- — пайда табу бағытындағы ауытқулар— ұрлық жасау, ұжымдық ұрлық, машинелерді айдап кету және т.б.;
- — агрессивті бағыттағы ауытқулар— сотқар әрекеттер, төбелес, вандализм, өз-өзін жарақаттау;
- — әлеуметтік-пассивті ауытқу— сабақтан қашу, үйден кету, қаңғыру, маскүнемдік.
Өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне психологиялық диагностика жасау - Өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың 80% өз ниеттері туралы қоршаған ортаға белгі береді. Бұл ретте ақпаратты беру жолдары шұбалаңқы болуы мүмкін.
Өз-өзіне қол жұмсаған әрбір адамның айналасында орта есеппен алғанда оның өлімі ауыр жан жарақаты болып қалған 6 адам бар. - “Суицидтік адам өзінің психологиялық қаңқасын тірі қалған жақындарының сандығында қалдырады”.
- Эдвин Шнейдман
Назар аударғаныңызға РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |