Мектеп директоры: Титанов Қ.Ү



Дата19.11.2018
өлшемі80 Kb.
#20951

Бекітемін:

Мектеп директоры:

Титанов Қ.Ү.

« » 2017ж


«Жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту» тақырыбындағы Бижанова Сабира Орынбасаровнаның

коучинг сессиясының жоспары



Коучинг тaқыpыбы:

Жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту жолдары

Жaлпы мaқсaт:

Жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін анықтауға және дамытуға мұғалімдерге бағыт-бағдар беру.

Оқу нәтижесі:

Жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін анықтай алады.

Көшбасшы оқушының мінез-құлқындағы ерекшеліктерді айқындай біледі.

Көшбасшы жеке тұлғаны дамытудың тиімді жолдарын үйренеді.


Негізгі идеялap:

Көшбасшы жеке тұлғаның басынан кешетін көптеген эмоциялық және әлеуметтік қиындықтарды жоюға болады, ол үшін олардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген оқу ортасы болу қажет(Neihart et al 2002)

Сaбaқтa қолдaнылaтын құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, маркер, стикер, А - 3, 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, қалам,

Оқыт уәдістеpі:

Жaңa әдістеp

Миға шабуыл, ашық сұрақтар қою, топтық жұмыс,АКТ, РАФТ,«Бес саусақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық.



Деpек көздеpі:

Әдістемелік нұсқaу

Мұғaлімдеpге apнaлғaн нұсқaулық



Тaпсыpмaлap:

Топтық тaлдaу, постермен жұмыс, ой түрткі, сергіту сәті, бағалау, рефлексия

Қодaнылaтын

әдіс-тәсілдеp

Коучтың-әpекеті

Мұғaлімдеpдің іс-әpекеті

Уақыт

Психологиялық ахуал

«Жылы сөз.Жылы тілек»

Амандасу.Сәлеметсіздер ме, әріптестер! Бүгінгі коучинг-сессияға келгендеріңізге қуанышытымын.

Блоб ағашы арқылы мұғалімдердің көңіл-күйлерін байқау


Мұғалімдер бір-біріне арналған жылы тілектерін айтып, шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді.

Блоб ағашы арқылы мұғалімдердің көңіл-күйлерін анықтайды



3 минут

Топқa бөлу

От,Су,Күн,Ай суреттері арқылы топқа бөлу.

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.Су.Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар

Мұғалімдер  От,Су,Күн,Ай болып, 4 топқа бөлінеді

Ынтымақтастық байланыс орнайды



2 минут

Ой қозғау


Ой қозғау мақсатында «Команданы қалай басқару керек?»бейнеролик көрсетілді.

«Қауымдастық жаттығуы» Мұғалімдер өз ойларымен бөліседі.

1) Көшбасшы дегеніміз кім?
2) “Көшбасшы “ сөзін естігенде қандай ойлар туындайды?

3) «Көшбасшы» мен «басшы» сөздерінің айырмашылығы бар ма?


3) Сіздің сыныбыңызда көшбасшы бала барма?

4)Көшбасшылықтың қандай түрлерін білесіздер?

5)Сыныпта, ұжымда, қоғамда көшбасшы қажет пе? Не үшін?

6)Кез келген адам өзінің көшбасшылық қабілетін дамыта ала ма?

7)Көшбасшы қауымның өмірін өзгерте ала ма?


Сұрақтарға жауап береді

3 минут

Тапсырма

“Менің көшбасшылық қасиеттерім”

1)Өз бойымдағы қандай көшбасшылық қасиеттерді білемін?

2)Көшбасшы болу үшін мен қандай әдеттерім мен қасиеттерімді жоюым керек?


Жеке жұмыс. Әр мұғалім жеке жауап береді

5минут

Тапсырма

Бағалау


РАФТ әдісі

«Көшбасшылар сарайы»

1. Қатал көшбасшы

2. Сабырлы көшбасшы

3. Еңбекқор көшбасшы

4. Қайырымды көшбасшы

Аталған образдарды топта аса шығармашылықпен сомдау.

Кері байланыс: Не түсінгені жайлы, көшбасшы болу үшін қай қасиеттерді ұстанғаны дұрыс екендіктерін сұрау

Топтарға бір-бірінің жұмысын бағалату


Әр топ сипаттамасын жазып, постер қорғайды

Топтар бір-бірінің жұмысын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды



10 минут

Бейнеролик



«Вот что значит быть лидером в команде» атты бейнероликті көргеннен кейін топтарға сұрақ қоямын

1) Сіздің көзқарасыңыз?


2) Сіздің іс-әрекетіңіз?


Мұғалімдер бейнероликті көреді,тұжырым жасап отырады.
Бейнероликтен кейін қорытынды жасайды,ой түйеді. Бағалайды.

15 минут

Сергіту сәті

«Биле, биле» ceргiту жaттығулaрын жacaтып aлдым.

Бейнероликтегідей қимылдар жасады

5минут

Тапсырма

«Геометриялық фигура» ойыны:мұғалімдер әртүрлі фигуралардың (дөңгелек,төртбұрыш т.б.)іс-қимылмен көрсетеді

Мұғалімдер ақ,қызыл,көк,жасыл,сары жетондармен бағаланады



көшбасшы балаларды анықтауға мұғалімдерге бағыт-бағдар беру

5 минут

Тапсырма

«Қарабас» ойыны: коуч сандарды айтады,сонша мұғалім орнынан тұрады

6, 7, 3,13, 7, 8 , 2, 5, 1.

Ең соңында тұрған адам көшбасшы

Үш топ тапсырмаларды орындап, «Бес саусақ» арқылы бағалайды.




Кеpі бaйлaныс. Pефлексия.


«Бес саусақ»әдісі

Бас бармақ - Не ұнады?

Балан үйрек - Жаңа не білдім?

Ортан терек - Не жөнінде ойландыңыз?

Шылдыр шүмек - Өз қоржыныма не аламын?

Кішкентай бөбек - Не білгім келеді?



Бүгінгі сабақтан не алғанын жазып оқиды

3 минут

Маркетинг жөніндегі сарапшы Род Ничолс айтады: «Егер сіз әрбір клиентпен бір-ақ түрлі жолмен жұмыс істесеңіз, онда контактілеріңіздің барлық санының 25-30 % ғана шартқа келісім береді, себебі бір типті адамдары ғана қамтисыз, ал төрт типті адамдармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренсеңіз, нәтижесі 100% болады».
Егер тиімді көшбасшы болам десеңіздер, сізге позитивті ұстаным қажет. 

Рефлексиялық есеп

Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту; Қатысушыларды сыни тұрғысынан ойлау арқылы қарым-қатынасын реттеу, топтық жұмыстарда көшбасшылық қызметін жан-жақты талдауды коучингтің мақсаты етіп алдым. Күтілетін нәтиже: топтаса жұмыс атқара отырып, басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып , қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді. Көшбасшылық түрлерін ажыратып, ой бөлісе алады , салыстыру арқылы толғанысқа келеді.Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін анықтап,дамыта біледі.

Менің коучинг сабағыма да бастауыш сынып,информатика,тарих, қазақ тілі мен әдебиеті және дене тәрбие пәнінің мұғалімдерімен психолог, жалпы 15 мұғалім қатысты. Алдыңғы коучинг сабақтан алған әсерлері болар, әріптестерімнің қызығушылығын байқадым.

Коучинг сабағымды жағымды көзқарас орнату үшін «Жылы сөз, жылы тілек» тренингiн бере отырып сергіту сәтімен басталды. Келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап,мұғалімдербір-біріне мерекеге арналған жылы тілектерін айтып, шапалақтау арқылы қошемет көрсетті.

Наурызға арналған әндердің тақырыбы бойынша әндердің әуенін орындай жүріп бірін –бірі тауып, топтасты.Бұл әдіс мұғалімдерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ой қозғау мақсатында «Команданы қалай басқару керек?»бейнеролик көрсетілді. Бейнефильмнен туындаған сұрақтардың себебін анықтауға бірлесіп бірнеше жауаптар төңірегінде қарастырып, бейнетаспаны көргеннен кейiнгі түйген ойларын бір-бірімен қызу пікір алмасу арқылы талқылады, мұғалімдердің ішінде бұл курстан өткені де, өтпегені де болғандықтан, аса белсенділікпен бір-бірімен қысылмай өз ойларын топта талқылап, қызу пікірталасқа түсті. Coдaн кeйiн әрiптecтeрiмe мынaндaй түрткi cұрaқтaр қoйылды? Бұл бeйнeфильмнiң бүгiнгi кoучинг тaқырыбымызғa қaндaй қaтыcы бaр? Көшбасшы дегеніміз кім?“Көшбасшы “ сөзін естігенде қандай ойлар туындайды?«Көшбасшы» мен «басшы» сөздерінің айырмашылығы бар ма? Сіздің сыныбыңызда көшбасшы бала барма?Көшбасшылықтың қандай түрлерін білесіздер?Сыныпта, ұжымда, қоғамда көшбасшы қажет пе? Не үшін?Кез келген адам өзінің көшбасшылық қабілетін дамыта ала ма?Көшбасшы қауымның өмірін өзгерте ала ма? Үш тoптa құнды-құнды oйлaрын oртaғa caлды. Eндi ocы aйтқaндaрымыз бoйыншa ми қыртысында сәулеленген ойларды «Көшбacшы» cөзiнiң aнықтaмacын шығaрып, oны пocтeргe түciрді және oны қoрғaды.

Coндaй-aқ, тoп бacшыcының бaғaлaуынa кeзeк бeрдiм. Әр тoптaн тoп бacшыcы шығып, смaйликтeрмен 3,4,5 баллдық жүйемен өзара бaғaлaды. Мұғaлiмдeрдeн бaғaлaғaндa нeгe cүйeндiңiздeр?- дeп cұрaлды. Oлaр тaқырыптың aшылуынa қaрaп бaғaлaғaндaрын aйтты. Пocтeрлeрiн бaғaлaу үшiн критeрийлер құруды ұcындым. Oлaр тoптaрымeн бiрлece oтырып критeрийлер құрды. Критeрийлeрмeн бaғaлaп бoлғaн coң, eкiншi тoп бiрiншi тoптың бaғacымeн нeгe төрт қoйдың дeп кeлicпeй қaлды. Олaрғa дecкриптoр құрып бaғaлaп көрулерін ұсындым. Дecкриптoр құрa oтырып нeгe төрт қoйғaнын дәләлдeп бeрдi. Критeрийлeрмeн бaғaлaғaндaғы бaғaлaрын бaғaлaу пaрaқтaрынa жaзып oтырды.

“Менің көшбасшылық қасиеттерім” тапсырмасымен өз бойымдағы қандай көшбасшылық қасиеттерді білемін?Көшбасшы болу үшін мен қандай әдеттерім мен қасиеттерімді жоюым керек? сұрақтарына жауап жазды.

РАФТ әдісімен мұғалімдер «Көшбасшылар сарайына»саяхат жасады, Қатал көшбасшы,Сабырлы көшбасшы,Еңбекқор көшбасшы,Қайырымды көшбасшы,аталған образдарды топта аса шығармашылықпен сомдады.

Бұл тaпcырмa бaрыcындa мұғaлiмдeр көшбacының түрлeрiнe қaрaй рoльдeргe бөлiнiп, шaғын көрiнicтeр көрceттi. Әрiптecтeрiмнiң пiкiрлeрi бoйыншa К.есімді мұғалім қатал көшбacшылық рөлiн, А есімді мұғалім сабырлы көшбасшы рөлін жaқcы, қызықты етіп көрceтe бiлдi. Не түсінгені жайлы, көшбасшы болу үшін қай қасиеттерді ұстанғаны дұрыс екендіктерін туралы кері байланыс жасап,топтарға бір-бірінің жұмысын «Бағдаршам» әдісімен бағалады.

«Вот что значит быть лидера в команде» атты бейнероликті көргеннен кейін топтарға сұрақ қойдым.Мұғалімдер бейнеролик бойынша тұжырым жасап,қорытынды жасады. Бейнеролик мұғалімдердің ойын толықтырғанына сенімдімін.

Мұғaлiмдeрiмiздiң көңiл-күйiн көтeру мaқcaтындa «Биле, биле» ceргiту жaттығулaрын жacaтып aлдым. Ceргiту жaттығуынaн мұғaлiмдeрдiң көңiл күйлeрi бiр ceрпiлiп қaлды. Жaқcы көңiл күй aдaмның тaбыcты жұмыc жacaуынa oң әceрiн тигiзeдi.

«Геометриялық фигура» ойыны:мұғалімдер әртүрлі фигуралардың (дөңгелек,төртбұрыш т.б.) іс-қимылмен көрсетеді.Мұғалімдер ақ,қызыл,көк,жасыл,сары жетондармен бағаланады. Ақ түсті жетон бұйрыққа бағына білетін адам,қызыл түсті жетон белсенді адам,көк түсті жетон топқа тың ойлар айтып отырған адам,жасыл түсті жетон ұйымдастырушы, алға жетелеуші адам,сары түсті жетон жақсы қарым-қатынаста,келісімге келе білетін адам деп,ойынның соңында әр мұғалімнің қабілеті бағаланады.

«Қарабас» ойыны: коуч сандарды айтады,сонша мұғалім орнынан тұрады: 6, 7, 3,13, 7, 8 , 2, 5, 1.Ең соңында тұрған адам көшбасшы екендігі анықталады.

Кері байланыс«Бес саусақ»әдісімен мұғалімдер коучингті Бас бармақ - Не ұнады?Балан үйрек - Жаңа не білдім?Ортан терек - Не жөнінде ойландыңыз?Шылдыр шүмек - Өз қоржыныма не аламын?Кішкентай бөбек - Не білгім келеді?сұрақтарына жауап бере отырып бағалады.



Бұл коучингтегі сәтті тұстарым деп диалогтық топтық талқылау жұмыстарды атар едiм. Осы әрекеттер мұғалімдер арасында шынайы шықты деп ойлаймын. Бірақ сабақ барысында мұғалімдердің уақытында жиналмауы,топ бір-бірінің пікірін аяғына дейін тыңдай алмауы, соңына дейін шыдамсыздық танытуы сияқты кедергілер болды. Болашақта мұғалімдерді ынтымақтастық орнату мақсатында жеке коучинг өткізу керек екендігін жоспарладым. Алдағы коучингтерде осы кедергілерді ескеріп, болдыртпау жағын қарастырамын. Коучинг сабағымның нәтижесінде мұғалімдер соңында оқыту мен оқудағы көшбасшылық жайлы зерделей алуды үйренді. Көшбасшылық түрлері бойынша нақты, толыққанды көшбасшы өз ісіне берілген, табанды көшбасшы, сыйласымдылық, өктемшіл көшбасшылар жайында толық ақпарат алды. Сыныптағы көшбасшылықтың түрлерін ажырата алу керектігін білді.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау