Мектеп ас блогының паспорты



жүктеу 447,86 Kb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата23.11.2018
өлшемі447,86 Kb.
#23768
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

25

Мектептік ас блоктарда дайын тамақтардың сапасын бақылау үшін 



бракераждық сынаманы жүргізу тəртібі 3-Қосымшада келтірілген. 

110. Ыстық тағамдардың (көжелер, тұздықтар) температурасы 

тарқатылған кезде кемінде 75°С, екінші тағамдар жəне гарнирлер –65°С-

ден кем емес, суық көжелер, сусындар – 14°С-дан жоғары емес.  

111. Дайын бірінші жəне екінші тағамдар мармитте немесе ыстық 

плитада дайындағаннан бастап екі сағат қана тұрады. Салаттар, 

винегреттер, гастрономиялық тағамдар, өзге суық тамақтар мен сусындар 

порциялық түрде суытылатын сөрелерге қойылғаны мақұл жəне ол бір 

сағаттың ішінде таусылатындай болғаны жөн. Дайын кулинариялық 

тағамдар (котлеттер жəне өзге кулинариялық тағамдар) плитадан 

түсірілгеннен кейін жарты сағат ішінде тоңазытқыш жабдықтарға салынуы 

тиіс, қайта таратылатын кезде микротолқындық пештерде жылытылады.  

112. Екі-үш реттік тамақтану асмəзірін құраған кезде бір тектес 

тамақтар жəне гарнирлер бір күн ішінде қайталанбауы керек.  

113. Дайын тамақтарды тарқатуға таза жəне құрғақ ыдыс-аяқтар мен 

асханалық құралдарды пайдаланады. Бір реттік ыдыстарды қайта 

пайдалануға тиым салынады.  

114. Таратқыш құрал-саймандар таза болғаны жөн жəне олар дайын 

тамақтың əрбір түріне жеткілікті мөлшерде болғаны шарт.  

115. Дайын тамақтарды тасымалдауға қажеттілік туындаған жағдайда, 

олар термоста жəне қақпақтары тығыз жəне қатты жабылатын арнайы 

бөлінген ыдыстарда жеткізіледі. Ыстық бірінші жəне екінші тамақтарды 

термостарда не бары үш сағат қана сақтауға рұқсат (оларды тасымалдау 

уақытын қоса) етіледі.  

116. Тағамдық қалдықтарды суытылатын камераларда немесе жеке үй-

жайларда арнайы таңбаланып белгіленген қақпағы бар ыдыстарда 

сақтайды. Бочоктар мен шелектер қалдықтар тасталғаннан кейін жуғыш 

жəне дезинфекциялайтын заттармен жуылады, ыстық сумен шайылып, 

содан кейін кептіріледі. Тағамдық қалдықтарды жинайтын ыдыстарды жуу 

үшін лас сулары канализацияға бірден жіберілетін орын əзірленеді. Ал 

тағамдық қалдықтарды тасымалдау үшін осы мақсатқа арнайы бекітілген 

көлік түрлерін пайдаланады. 

 

7.  Жалпыбілім беру мектептері асханаларының жұмыс істеу 

жағдайына қойылатын талаптар 

 

117. Асханаларда шығарылатын тағамдық өнімдердің ассортименттері 

сол асхананың қуаттылығына, объект типіне, үй-жайларының жинақ 



 

26

түріне, олардың тоңазытқыштық жəне  технологиялық жабдықталуына 



қатаң  сəйкестікте жасалынып шығарылуы керек. Асханалар өз тағамдарын 

шығаруын іс жүзіндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сəйкестікте 

қамтамасыз етеді.  

118. Өндірістік үй-жайлар мен келушілерге арналған үй-жайлардың 

микроклиматы гигиеналық нормативтерге сəйкес болуы керек.  

119. Іс жүзіндегі ҚНжЕ талаптарына сəйкес өнеркəсіптік өндіріс, 

қосалқы жəне санитарлық-тұрмыстық бөлмелерінде механикаландырылған 

ағынды-сорғышты жалпыараластырғыш желдеткіштермен (вентиляция) 

жабдықталынуы керек.  

120. Тұрмыстық жайлар ағынды вентиляция жүйесімен 

жабдықталынады, көбінесе табиғи ағымдағы желдетулер.  

121. Жүктер экспедициясының жайлары, вестибюльдер жылы 

шатырлармен жабдықталынуы керек.  

122. Ылғал шығару, жылылық жəне газдар бөлу көздері болып 

табылатын құрал-жабдықтар мен жуғыш ванналар өзіндік жергілікті 

сорғыштық жүйелермен жабдықталынуы керек. Кіші өндіріс орындарында 

табалдырық тұрқына шақталған екі қабаттық есіктер қоюға болады, олар 

біртіндеп ашылуға мүмкіндік береді.  

123. Жұмыс орындарындағы өндірістік жабдықтардан жылу бөлінулер 

қарқындылығы адам денесінің 25-50% көлеміне 70 Ватт (бұдан əрі - Вт) 

бір квадрат метрден аспауы керек. Бөлінген жылулардың адам организміне 

кері əсері байқалған жағдайларда: секциялық-модульдық жабдықтар 

қолдану; электр плиталарының секцияларын уақытында өшіріп немесе аз 

қуаттылыққа көшіріп отыру;  плиталалардың, пештердің, қыздыру 

тандырларының жəне өзге қыздырумен жұмыс істейтін жабдықтардың 

жанындағы жұмыс орындарында ауалық себезгілік қолдану. 

124. Өндіріс орындары жайларының ауасындағы зиянды заттардың 

концентрациясы шектік-рұқсат етілген концентрациядан артпауы керек. 

 

8. Персоналға қойылатын талаптар жəне мектеп ас блогын өндірістік 

бақылау 

 

125. Персоналдың жеке бас гигиенасын сақтауына қойылатын 



талаптар.  

Жалпы білім беру ұйымының ас блогында іс жүзінде қолданыстағы 

ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004 «Жалпыбілім беру мекемелері» талаптары 

бойынша тұрмыстық үй-жайлар қарастырылуы керек.  




 

27

126. Жұмыскерлер жұмысқа қабылданар алдында жəне айналымдық 



медициналық тексеруден міндетті түрде өтуі қажет жəне де бекітілген 

тəртіп бойынша гигиеналық тұрғыдан оқытылуы тиіс.  

127. Əрбір жұмыскердің өзімен бірге барлық медициналық тексерулер 

мен зерттеулердің нəтижелері көрсетілген жəне гигиеналық оқытулардан 

өткендігі туралы белгілер соғылған медициналық кітапшасы болуы тиіс. 

Санитарлық киім жекелей бөлінген шкафтарда сақталынады. 

128. Барлық жұмыскерлер қолының тазалығына баса назар аударып, 

таза санитарлық киімде жұмыс істеуі, объектіден шығарда жəне 

əжетханаға барарда санитарлық киімді шешуі жəне жұмыс басталар 

алдында, əжетханаға барғаннан соң,  əрбір үзілістен кейін жəне лас 

заттармен жанасқан кезде қолын ықтияттап сабынмен жууға тиіс. 

Шаштарын қалпақ астына немесе орамал тартып жасырып, кулинарлық 

жəне кондитерлік тағамдар дайындаған уақытта зергерлік сəндік заттарды, 

сағат сияқты жəне тағы басқа да сынатын бұйымдарды шешіп тастау 

керек, тырнақты қысқа қырқып тастауға тиіс жəне оны лакпен бояуға 

болмайды.  

129. Мектеп ас блоктарының жұмыскерлеріне санитарлық киімдерге 

түйреуіштерді, инелерді қадауға болмайды жəне арнаулы киімдердің 

қалталарында жеке бастың қажетті заттарын салып сақтауға тиым 

салынады.  

130. Күніге жұмыс басталар алдында медицина қызметкері суық жəне 

ыстық цехтардың жұмыскерлерінің ашық жерлерінде іріңді жарақаттардың 

жоқтығын тексереді. Терісінде іріңді жаралары, іріңдеген кесілген 

жарақаттары, күйіктері, көгерген орындары бар тұлғалар жəне зарарлы 

аурулары бар деген күдіктілер де бұл цехтарға жұмыс істеуге 

жіберілмейді.  

131. Əрбір объектіде алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті 

медикаменттер жиынтығы бар дəріханалық қобдиша болуы тиіс.  

132. Жөндеу жұмыстарымен айналысатын слесарьлар, 

электромонтерлер жəне өзге жұмыскерлер өндірістік жəне қоймалық үй-

жайларда таза санитарлық киім киіп, құралдарын жабық жəшіктерде салып 

алып жүруге тиіс. Жұмыс жүргізілген уақыттарда шикізаттардың, 

жартылай дайын тағамдардың жəне дайын тамақтардың ластануына жол 

берілмейді. 

133. Өндірістік бақылауды ұйымдастыру.  

Меншік түріне байланыссыз өндірістік бақылау жұмыстары 

жүргізіледі. Өндірістік бақылау жұмыстарын жүргізу тəртібі мен 

оралымды айналымдылық жиілігі, оның ішінде зертханалық зерттеулер 

жүргізу де нормативтік құжаттармен анықталады.  



жүктеу 447,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау