Мектеп ас блогының паспорты



жүктеу 447,86 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата23.11.2018
өлшемі447,86 Kb.
#23768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

19

63.  Тағамдық өнімдерді (қаптама түріне байланыссыз) тасымалдауға 



арналған арнайы транспортты өзге мақсаттарға пайдалануға тиым 

салынады.  

64.  Транспорттық ыдыстарға тағамдардың əрбір түріне сай 

қарастырылған  стандарттарға сəйкес белгі салынып таңбаланылады. 

65.  Объектілерге түсетін азық-түліктік шикізаттар жəне тағамдық 

өнімдер бүтін таза ыдыстарда болуы керек жəне олардың сапасы мен 

қауіпсіздігін толық растайтын іс жүзіндегі нормативтік құжаттарға сəйкес 

болуы тиіс. Объекттерге азық-түліктік шикізаттар жəне тағамдық 

өнімдерді мына жағдайларда қабылдауға тиым салынады:  

1)  азық-түліктік шикізаттар мен тағамдық өнімдердің сапасы мен 

қауіпсіздігін растайтын құжаттар болмаса;  

2)  ауыл шаруашылық жануарларының барлық түрлерінің еттері мен 

ішек-қарындарын мал дəрігерлік куəліксіз жəне таңбасыз;  

3)  мал дəрігерлік куəліксіз балықтарды, шаяндарды, ауыл 

шаруашылық құстарын, тазаланбаған құстарды (жабайыларынан 

басқаларын) қабылдауға;  

4)  сыртқы қабығы ластанған жұмыртқаларды, жарықшақтыларды, 

"тек", "бой" жəне де сальмонеллез бойынша қауіпті саналатын 

шаруашылықтардан шикі жұмыртқаларды, қаздардың жəне үйректердің  

жұмыртқасын қабылдауға;  

5)  герметикасы бұзылған консервілік банкаларды, бомбаждарды, 

"тарсылдағыштарды", таттанған банкаларды, майысқандарды, этикеткасы 

жоқтарды қабылдауға;  

6)  амбарлық зиянкестермен зарарланған жармаларды, ұндарды, 

кептірілген жемістерді жəне өзге тағамдарды қабылдауға;  

7)  көгерген жəне шіріген белгілері бар көкөністер мен жемістерді 

қабылдауға;  

8)  жеуге болмайтын саңырауқұлақтарды, жеуге болатын, бірақ 

дақылданбағандарын, құрттағандарын, мыжылғандарды қабылдауға;  

9)  жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жəне бұзылған белгілері бар 

тағамдық өнімдерді қабылдауға;  

10)  үй жағдайында дайындалған тағамдарды.  

66.  Тағамдық өнімдерді өндірушінің ыдысында (тарасында) сақтау 

қажет, керек болған жағдайда тағам түріне қарай белгі ұрылған таза 

ыдысқа салуға болады. Қаптамасы жоқ тағамдық өнімдер өз тарасында 

немесе таза қағазға салынып таразыға тартылады.  




 

20

67.  Тағамдық өнімдерді тағам түріне қарай қабылданған 



классификация бойынша сақтау керек:  

1)  құрғақ тағамдық өнімдер (ұн, қант, жарма, макарондық өнімдер 

жəне басқалар);  

2)  нан;  

3)  ет, балық, сүт-майлық жəне гастрономиялық тағамдарды;  

4)  көкөністер жəне жемістер.  

68.  Тағамдық өнімдерді сақтау барысында тауарлық көршілестік 

ережесін, қоймаға жинақтау нормасын, жарамдылық мерзімі мен сақтау 

шартын қатаң ұстанған абзал. Арнайы өзіндік иісті тағамдарды (татымдық 

тұздықтарды, сельдь), бұл иістерді бойына сіңіретін (сары май, қатты 

ірімшік, жұмыртқа, шəй) тағамдардан бөлек сақтау керек. Тауарлық 

көршілестік пен жарамдылық мерзімдерін ұстану_____________________ 

69.  Тағамдарды сақтайтын тоңазытқыш камераларды оңай жуылатын 

сөрелермен, конденсаттарды жинайтын жəне алып кететін, ал қажет болған 

жағдайларда – тазаланған немесе таттанбайтын болаттан ілгешегі бар 

аспалы бөренелермен қамтамасыз етіледі. 

 

70.  Тағамдық азық-түліктер шикізаттары мен тағамдық өнімдер 



арнайы температура тəртібінде міндетті түрде белгіленген мерзімдеріне 

сəйкес сақталынады. 

71.  Мұздатылған ет тұшаларын, жартылай тұшаларды, аяқтарды бір-

біріне, еденге жəне қабырғаға тиіспейтіндей етіп ілгешектерге іледі. 

Тоңазытылған еттерді сөрелерде немесе арнаулы ыдыстарда үсті-үстіне 

жатқызып дестелеп жинайды.  

72.  Тоңазытылған көжелік тағамдар, құстардың еті жəне балықтар 

тұтындырушының тарасында сөрелерде немесе арнаулы ыдыстарда 

сақталады.  

73.  Қаймақ пен ақ ірімшікті қақпағы бар ыдыста сақтайды. Қаймақ 

пен ақ ірімшіктің ыдысында қасық, күрекшелерді қалдыруға болмайды.  

74.  Сары майды зауыт тарасында немесе пергаментке орап кесек-

кесек күйінде, ерітілген сары майды - өндірушінің тарасында сақтайды.  

75.  Ірі қатты ірімшіктерді ыдыссыз таза сөрелерде сақтайды. Қатты 

ірімшіктерді бірінің үстіне бірін қоятын жағдайда араларына картон 

немесе фанера салады. Ұсақ қатты ірімшік кесектерін тұтыну тараларында 

сақтайды.  

76.  Дайын ет өнімдерін (шұжықтарды, окороктарды, сосискаларды, 

сарделькаларды) тұтындырушының немесе өндірістік тараларда сақтайды.  



 

21

77.  Қораптағы жұмыртқалар арнаулы ыдыстарында бөлменің 



температурасы 20°С жəне салыстырмалы ылғалдығы 65-70% жағдайда 

сақтайды. Жұмыртқаларды ұзақ уақытқа (екі аптадан ұзақ) пайдалануға 

алғанда, оларды тоңазытқышта сақтау керек. Жұмыртқа ұнтағын құрғақ 

бөлмеде, меланж – минус 6°С температурасында сақталынады.  

78.  Жармаларды жəне ұнды арнаулы ыдыстарында қаппен жəне 

бірінің үстіне бірін жатқызып, еденнен 15см жоғары жерде сақтайды.  

79.  Макарондық өнімдер, қант, тұз тұтындырушының тарасында 

сөрелерде немесе арнаулы орындарда сақталады.  

80.  Шай мен кофе құрғақ ауа айналатын жайлардағы сөрелерде 

сақталады.  

81.  Нанды сөрелерде, шкафтарда сақтайды. Нан үшін жекеше қойма 

бөлінуі керек. Қара нан ақ наннан бөлек сақталады.  

82.  Нан қойылатын шкафтардың есіктерінде вентиляцияға арналған 

тесіктер болуы керек. Нан сақтайтын шкафты аптасына бір рет сірке 

қышқылының бірпайыздық ерітіндісімен сүртіп отырған жөн.  

83.  Көкөністерді, жемістерді, жидектер мен көгеріш шөптерді сақтау:  

1)  картоп жəне тамыржемістілерді суық қараңғы жайларда 

сақтайды;  

2)  қырыққабатты – жеке сөрелерде, сандықтарда;  

3)  ашытылған, тұздалған көкөністерді – бөшкелерде, температурасы 

10°С жоғары емес жағдайларда;  

4)  жемістер мен көгеріш шөптер температурасы 12°С жоғары емес 

салқын жəшіктерде сақталады;  

5)  кіші өндірістік объектілерде не бары үш күнде қолданылатын 

өнім сатып алу жағдайларында, көкөністерді жұмыс 

үстелдеріндегі тартпаларға салып сақтауға рұқсат етіледі; 

6)  тоңазытылған көкөністерді, жемістерді, жидектерді төмен 

температуралы камераларда тұтындырушының ыдысында 

сақтайды.  

84.   Əрбір ыдыстың аталған тағам түрінің жарамдылық мерзімі 

көрсетілген белгі соғылған ярлығын тағамдық өнімді толық қолданып 

біткенше сақтайды. 

85.  Азық-түліктік шикізатты өңдеу мен тағамдық өнімдерді 

шығаруға қойылатын талаптар. Кулинариялық жəне кондитерлік 

заттардан тағамдар əзірлеген кезде  технологиялық процесстердің 

ағымдылығын ұстану қажет. Ағымдылық принципі жəне шикі азық-түлік 

пен дайын тағамдар тасымалдау жолдарын бөлектеуді ұстану. 




жүктеу 447,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау