Дәлелді медицинаның тарихы
Дәлелді Медицина -дегеніміз бұл нақты науқасты емдеу үшін жақсы клиникалық зерттеулерді дәл және шын жүректен қолдану.
Мейіргерлік іс-тәжірибенің тарихына қысқаша шолу
Мейіргер ісі саласындағы ғылыми зерттеулердің басталуы 1850-ші жылдары Флорренс Найтингейл жүргізген ең танымал зерттеу жұмысы болып саналады, Оның зерттеуі Қырым соғысы кезіндегі сарбаздардың өлімі мен сырқаттануларына әсер еткен факторларды талдауға арналды. Мұқият және сауатты жүргізілген талдау негізінде ол мейіргерлік күтіміне тиімді өзгерістерді сәтті енгізді, және бұл жалпы денсаулық сақтау саласының дамуына зор ықпал етті. Кейіннен, Флоренс Найтинг зерттеулерінен кейін, 1900 жылдардың басына дейін, зерттеулердің көпшілігі клиникалық мәселелерден гөрі мейіргерлерді оқытуға қатысты болды, сондай-ақ мейіргерлік әдебиеттерде клиникалық мәселелер бойынша зерттеулер іс жүзінде болған жоқ. 1950 жылдардан бастап мейіргерлер жүргізген зерттеулердің өсу деңгейіі байқалды. Мысалы, Уолтер Рид атындағы Ғылыми-зерттеу институтында «Мейіргерлік ғылыми орталық» құрылды. Сондай-ақ, мейіргер ісі саласындағы зерттеулерді ілгерілету мақсатында «Американдық мейіргерлік Қор» құрылды. 1950 жылдары жүргізілген зерттеулер санының артуы жаңа ғылыми журналдың ашылуына қажеттілік туындатты. Осы кезеңдерден бастап кәсіби журналдарда мейіргер ісі саласындағы зерттеулер туралы ақпараттарды тарату мүмкіндіктері тұрақты түрде өсе бастады. 60-жылдары мейіргер ісінің көшбасшылары практикалық мәселелер бойынша зерттеулердің жоқтығына алаңдаушылық білдіре бастады. Кәсіби мейіргерлік ұйымдар, мысалы, мейіргер ісі саласындағы жоғары білім жөніндегі мемлекетаралық кеңес, әр түрлі клиникалық тақырыптар бойынша зерттеулерге шоғырланған мейіргер ісі саласындағы басымдықтарды белгіледі, бұл нақты клиникалық мәселелер бойынша кәсіби әдебиеттердің көбеюіне оң әсерін тигізді.
1970 жылдары зерттеулердің анағұрлым маңы ды бағыты науқастарға күтім жасауды жақсарту болса, мейіргерлер сонымен бірге зерттеу нәтижелерін клиникалық іс тәжірибеде қолдануға назар аудара бастады. Зерттеулерді мейіргерлік тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне қарай бағалау үшін нұсқаулық әзірленді. 1970-ші жылдары мейіргерлік зерттеулерге арналған бірнеше журнал ашылды, оның ішінде «Мейіргер ісіндегі жетістіктер», «Мейіргер ісі және денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер» және «Мейіргерлік зерттеулердің Батыстық журналы» да бар. Сонымен қатар, мейіргерлік зерттеулер халықаралық деңгейде бола бастады. Мысалы, 1978 жылы Еуропалық 25 ұлтттық қауымдастығының арасындағы қарым-қатынасты дамыту және серіктестік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында еуропалық мейіргер ісі жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 1980 жылдары да мейіргерлік зерттеулер кең ауқым ала бастады.
Осылайша, 1986 жылы Америка Құрама Штаттарында Ұлттық денсаулық сақтау институтына қарасты (National Institutes of Health-NIH) Мейіргерлік істері саласында Ұлттық зерттеу орталығы құрылды (National Centerfor Nursing Research-NCNR) құрылды. Мейіргерлік зерттеулердің дамуына тек мейіргерлік ісінің мамандары ғана емес, сонымен қатар туыстас саланың мамандары да ықпал етті. Сонымен, Канададағы McMaster медициналық мектебінің тобы Evidence-based Medicine-EBM деп аталатын клиникалық оқыту стратегиясын жасады. Дәлелді медицина (ДМ), клиникалық шешімдерді қабылдаудың негізі ретінде, оныңызерттеу нәтижелері биліктегілердің пікірлерінен әлдеқайдартық болды, сондай-ақ іс
жүзінде медициналық білім мен тәжірибеде ерекше терең өзгерістер әкелді, бұл сонымен қатар денсаулық сақтаудың барлық мамандықтарына әсер етті.
Мейіргерлік зерттеулердің институционалды негізі «Ұлттық мейіргерлік зерттеулер орталығы» (NCNR) «Ұлттық денсаулық сақтау институтында» (NIH) жеке институт болып қайта құрылған кезде одан әрі нығайтылды әрі кеңейтілді. 1993 жылы мейіргерлік зерттеулердің ұлттық институты (National Institute of Nursing Research-NINR) құрылды, бұл мейіргер ісі саласындағы зерттеулерді денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер үшін анағұрлым маңызды етуге көмектесті. Мейіргер ісі саласындағы зерттеулерді қаржыландыру мүмкіндігі басқа елдерде де кеңейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |