Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57/16 ( )
8 беттің 96 беті
Әдістемелік өңдеу
•
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
•
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
.35 мин (15%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру
. 60 мин (30%)
Жоспар:
- Егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
-Мейіргердің жеке бас гигиенасы.
- Жеке қорғаныс барьералары.
Егу бөлмесіндегі мейірбикенің міндеттері
Егу бөлмесі барлық емдеу мекемелерде болады. Егу бөлмесінде әр түрлі емдеу шараларын
орындайды: тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға ине салу, бір рет
қолданылатын жүйені құрастыру, қанның тобын тексеру т.б.
Егу бөлмесі екі зонаға бөлінеді: таза және болжамды таза. Таза зонада
залалсыздандырылған құралдар, тоңазытқыш, дәрілер тұратын шкаф болады. Бұл зонада
қызыл сызықпен сызылып бөлінеді.
Бұл жерге пациенттерге тұруға болмайды.
Болжамды таза зонада қалған құрал жабдықтар болады және пациенттер кіріп қан
тапсырады.
Егу бөлмесіндегі мейірбикенің міндеттері
Сыртқы келбеті
Этика және деонтология
Мейірбикенің функционалдық міндетін
Асептика, антисептика ережесін сақтауды
Дәрілерді топтар бйынша жазып алу, сақтауды
«А» тізіміндегі дәрілердің тәуліктік және бір рет қолданылатын дозаларын
Құжаттарды жүргізуді
ОЗБ материалдарын дайындау, мерзімін сақтауды
Алғашқы жәрдем көрсететін дәрілер жинағын дайындауды (анафилактикалық шок,
қан кету т.б.)
Санитарлық эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруды
Орауларды дайындауды
Егу бөлмесін жабдықтандыру
Биохимиялық, серологиялық және т.б. ережелерін білу
Парентеральды енгізу жолдарын білу
Қан тобын, резус факторды анықтауды
Бір рет қолданылатын жүйені құрастыруды
Әр түрлі тесулерді жасауға көмектесу
Керекті құралдарды дайындауды
Бұғана асты катетрді күтуді
Бұйрықтарды білуді:
Дәрілермен жұмыс істеу ержелерін білуді
Манипуляция ережелерін білуді
Өз мамандығын жоғарылату
Егу бөлмесінің жабдықтары
-
Кушетка, дәрілерді сақтайтын шкаф, тоңазытқыш
-
Манипуляциялық стол(2): заласыздандырылған мақта шариктері мен тампондар
салынған бикстер
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57/16 ( )
9 беттің 96 беті
Әдістемелік өңдеу
-
70% спирт, дәрі дәрмектер, шприцтер, заласыздандырылған мақта, қысқыш, қайшы
салатын ыдыстар
-
Бір рет қолданылатын жүйелер
-
Заласыздандырылған қысқыш, қайшы
-
Бір рет қолданылатын қолғап
-
Заласыздандырылған биксті қоятын үстел
-
Дезнинфекциялық ерітінділер қоятын үстел
Штативтер, вакутайнерлер, цилиндрлер мен инелер
Көк тамырға қоятын катетрлер
-
Жиыстыру үшін құралдар
-
Қолжуғыш
-
Бір рет қолданылатын сүлгі немесе салфеткалар
-
А және Б сыныбының қорабы.
Егу бөлмесінің құжаттарының тізімі
1.
Дәрілерді тапсыру журналы
2.
Шприцтерді тапсыру және тіркеу журналы
3.
Наркотикалық дәрілерді тіркеу журналы
4.
Тоңазытқыштың температурасын тіркеу журналы
5.
Бактерецидтік лампаның сағатын тіркеу журналы
6.
Қанды сақтау температурасы режимін сақтау журналы
7.
Қанның тобын және Rh – факторын тіркеу журналы
8.
Трансфузиялық заттарды құюы туралы тіркеу журналы
9.
Спиртті тіркеу журналы
10.
Қанды әр түрлі тексеруге алғанын тіркеу журналы
11.
Қанды пациентке құйғанын тіркеу журналы
12.
Манипуляцияларды тіркеу журналы
Егу бөлмесінің жұмыс жоспары
8.00-8.15 – Түнгі жұмыс істеген мейірбикеден кезекті қабылдап алу.
8.15-8.30 – Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
8.30-9.00 – Биохимиялық анализдерді алу.
9.15-9.30 – Бикстерді ОЗБ-ге апару.
9.45-12.00 – Жоспарлық операциялар (жансыздандыру), пациенттерді қабылдау,
құжаттарды толтыру, қанның тобын тексеру, жаңадан түскен пациенттерді тіркеу.
12.00-14.30 – Дәрігердің нұсқауын орындау.
14.30-15.00 – Нұсқау қағазынан дәрілерді жазып алу.
15.30-15.45 – Кезекшілікті тапсыру.
Дәрілік заттарды егуге дайындау
Егулер дегеніміз – дәрі дәрмек заттарды тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көк
тамырға, сүйекке, жұлын каналына шприцпен жіберу.
Асептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, себебі асептика ережелері бұзылған
жағдайда ағзаға түрлі микроорганизмдер ағзаға еніп, кейде өлім қауіпін төндіруі мүмкін.
Сондықтан да ине егу барысында асептика ережелерін қатаң түрде сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: