Ұсынылып отырған зертханалық қондырғы импульс моментінің сақталу заңының дұрыстығына көз жеткізуге, гироскоптың прецессиясын бақылауға және гироскоптың айналу жылдамдығы мен сыртқы күш моментінің прецессия жылдамдығына әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.
7-суретте маховикпен бірге жылдамдықпен айналатын электродвигательдің роторы және П қарсы салмағы бар горизонтальды стержень көрсетілген.
Қарсы салмақты стержень бойымен жылжыта отырып, гироскопты балансирлеуге болады, яғни ротордың осін горизонталь етіп қоюға болады (У осі бойымен).
Бұл теңгерілген гироскоптың қалпы болады . Бұған жүктің үстінен жайлап ұру арқылы көз жеткізуге болады. Сонымен қатар, гироскоптың осі вертикаль жазықтықта айналмау керек. Осы кездегі жүктің орнын белгілейік (суретте О нүктесі).
Жүкті О нүктесінен r қашықтыққа оңға не солға жылжыту арқылы тепе-теңдікті бұзамыз – сыртқы айналдырушы момент туғызамыз
(6)
Достарыңызбен бөлісу: |