Биоқондырғыда биомасса үш температуралық режимдердің бірінде өңделеді: психрофильді- ; мезофильді -; термофильді- .
Мал тезектерінің биоқондырғыда анаэробты өңделуі 20-40 сөткеге( созылады екен.
Қондырғыдағы биомасса фракцияларға бөлінбеу үшін, оны араластырып отырады.
Жоғарыдағы келтірілген деректер негізінде биомассадағы органикалық қалдықтан болатын биогаз шығымы (q) биомассаның сулылығына (WБ), температурасына(T), өңделу ұзақтығына (t) және оны араластырудың жиілігіне тәуелді деп болжамдауға болады. Тәжірибелік зерттеулердің мақсаты осы тәуелділіктерді анықтау.
Дәстүрлі бір факторлы экспериментте, егер тәуелділік сызықтық заңдылыққа келмесе, факторды кем дегенде бес деңгейде және кең арнада өзгерту керек болады. Сондықтан тәжірибе саны және шығын көп болады.
Тәжірибелік зерттеулердің көлемін қысқарту және математикалық үлгі алу мақсатымен зерттеуді экспериментті математикалық жоспарлау әдісін пайдаланып жүргізген тиімді. Сонда эксперимент нәтижесі бойынша зерттелген нысанның математикалық үлгісі түрлі реттегі полином түрінде алынады [6].
Биогаз шығымын зерттеуде экспериментті жүргізу келесі факторларды өзгертумен байланысты: биомасса сулылығы (WБ); биомасса температурасы (T0); биомассаның өңделу ұзақтығы (t); биомассаның араластыру жиілігі.
Биомассаның температурасы мен оны араластырудың жиілігі тәжірибелік қондырғының құрылысымен байланысты. Қондырғыдағы биомассаның температурасы өлшенетін, ал оны жылытатын жүйенің температурасы реттелетін болу керек.
Зерттеудегі биомассаны араластырып тұру үшін қондырғы механикалық араластырытын құрылыммен жабдықталады.
Эксперимент көлемін азайту мақсатымен биомассаны араластырудың жиілігін зерттеулерде бір деңгейде ұстауға болады.
Тәжірибелік зерттеу қондырғыдағы биомассадан биогаз бөліну тоқтағанша созылады. Сондықтан органикалық қалдықтың өңделу ұзақтығы (t) тәжірибеден анықталады.
Биогаздың шығымының өңделу ұзақтығындағы өзгеру заңдылығын анықтау үшін тәжірибелік зерттеуде қондырғының жұмысқа жіберілген уақыты (t0), биомассадан алғашқы биогаз шыққанша өңделу ұзақтығы (tн), осыдан бастап тұрақты бір уақыт (сөтке немесе бірнеше сөтке, газдың шығу қарқынына қарай) өткен сайын биогаз шығымы (qi) мен биомассаның өңделу ұзақтығы (tri) кестеге тіркеледі (1-кесте).
1- кесте - Биомассаның өңдеу уақыты мен биогаз шығымы
Уақыт
|
t0
|
tн
|
tr1
|
..........
|
tri
|
t
|
ti
|
Жылы,айы,
күні,уақыты
|
сағат
|
сағат
|
..........
|
сағат
|
сағат
|
q, м3/кг
|
-
|
qн
|
q1
|
..........
|
qi
|
qt
|
Достарыңызбен бөлісу: |