Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары



жүктеу 318,93 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі318,93 Kb.
#17682

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы № бұйрығына

қосымша


Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 27 наурыздағы №173

бұйрығымен бекітілген




Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары


  1. Жалпы ережелер

1. Медициналық көрсетілген қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 58-бабына және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік Кодексі) 134, 137, 144-баптарына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ауруханаішілік комиссиялар – денсаулық сақтау ұйымдарында құрылатын комиссиялар (ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы жөніндегі, асқынған және өлім жағдайларын қарау жөніндегі);

2) ағымдағы талдау – сараптама жүргізу кезінде медициналық қызметтерді алып жатқан пациенттердің медициналық құжаттамасын зерделеу негізінде талдау жүргізу;

3) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі - Стандарт) - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – МФҚБК) – медициналық қызметтерді көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы;

6) емделіп шыққан жағдай – пациентке емделуге түскен кезден емделіп шыққанға дейін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайда көрсетілген медициналық қызметтер кешені;

7) клиникалық аудит – денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға және клиникалық хаттамаларға сәйкестік мәніне жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шараларды егжей-тегжейлі ретроспективалық және (немесе) ағымдық талдау жүргізу;

8) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;

9) медициналық қызмет көрсету кемістіктері (бұдан әрі – кемістіктер) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды орындалмауын және клиникалық хаттамалардың сақталмайтынын айқындайтын медициналық қызмет көрсету тәртібін емдеу-диагностикалық іс-шаралардың бұзылуы;

10) медициналық көрсетілетін қызметтер - нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар денсаулық сақтау субъектілерінің іс-қимылы;

11) медиатор – «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Медиация туралы заң) талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға;

12) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары (бұдан әрі – бағалау индикаторлары):

құрылым индикаторларын – кадр, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу көрсеткіштері;

процесс индикаторларын – профилактика, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау көрсеткіштері;

нәтиже индикаторларын – денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесіндегі денсаулық үшін салдарды бағалау көрсеткіштерін қамтитын медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы  стандарттарға сәйкестігінің және толықтығының, тиімділігінің көрсеткіштері

13) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына сараптама (бұдан әрі – сараптама) – тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіші медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау индикаторларын пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;

14) медициналық көрсетілетін көмектің сапасын басқару – денсаулық сақтау ұйымының қызметін жоспарлауды, ұйымдастыруды, уәждемесін, ішкі аудитті, сондай-ақ, медициналық көмек сапасын жақсарту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және қызметтің істіктерін алдын алуға және жоюға бағытталған басқа да шараларды қамтитын үздіксіз, өзара байланысты іс-қимылдың жүйелі, тәуелсіз және құжаттамаланған процесі;

15) мониторинг – басқарудың үздіксіз процесінде уақытылы және барабар шешімдер қабылдау үшін қолдау көрсету нәтижелеріне қол жеткізуді іске асыру барысында денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы жүйелі ақпаратты жинау процесі;

16) пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі (бұдан әрі – Қызмет) – медициналық қызметті көрсету сапасын басқару бойынша қызметті іске асыратын денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі;

17) ретроспективалық талдау – сараптама жүргізу кезінде медициналық көмек алған пациенттердің медициналық құжаттамаларын зерделеу негізіндегі талдау;

18) сыртқы индикаторлар – медициналық көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау мен талдау жүргізу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы сыртқы сараптамада қолданылатын денсаулық сақтау субъектісінің медициналық қызметінің сәйкестігін және толықтығын, тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;

19) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіпте аккредителген жеке тұлға;

20) тәуелсіз сараптама – клиникалық хаттамаларға және медициналық көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкестігін және толықтығын, тиімділігін айқындайтын көрсеткіштерді, индикаторларды қолданумен денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын, медициналық көрсетілетін қызметтің сапа деңгейі туралы қорытынды шығару мақсатында сыртқы сараптама шеңберінде тәуелсіз сарапшылар жүргізетін рәсім;

21) ішкі индикаторлар – денсаулық сақтау ұйымының әрбір құрылымдық бөлімшесінің медициналық қызметінің толықтығын, тиімділігін сипаттайтын медициналық қызмет сапасына бағалау және талдау жүргізу мақсатында ішкі сараптамада қолданылатын көрсеткіштер.

3. Сараптаманың негізгі қағидаттары:

1) жүйелілік – құрылым шешім және процесс индикаторларының өзара байланыстағы сараптамасын жүзеге асыру;

2) объективтілік – сараптаманы жүзеге асыру кезінде Стандарттарды және клиникалық хаттамаларды қолдану;

3) ашықтық – тәуелсіз сарапшыларды тартумен МФҚБК мамандары және оның аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – МФҚБК АД) сараптаманы жүзеге асыру.

4. Сараптама жүргізу барысында медицина қызметкерлерінің Стандарттардың, клиникалық хаттамалардың талаптарының сақталуына талдау жүргізеді.

5. Сараптама жүргізу кезінде ақпарат көзі ретінде медициналық құжаттар және денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар пайдаланылады.

6. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптау ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Медициналық қызметтердің сапасын ішкі және сыртқы сараптау кезеңдері бірдей.

7. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптаудың негізгі кезеңдері:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының халық денсаулығының жағдайына республикалық және облыстық көрсеткіштермен, сондай-ақ белгілі бір кезеңі үшін қызметінің көрсеткіштерін жұмысының алдыңғы ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерімен салыстыру мақсатында есепке алу және есептілік құжаттарын талдау;

2) жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралардың егжей-тегжейлі ретроспективалық және (немесе) ағымдағы талдауын зерделеу арқылы олардың денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі мәніне клиникалық аудит жүргізу;

3) сараптама нәтижелерін талдау және қорыту;

4) сараптама нәтижелері бойынша анықталған кемістіктерді жоюға және алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау.

8. Медициналық қызметтердің сапасына сараптама:

1) қажет болған жағдайда пациенттің қатысуымен ағымдағы талдау;

2) ретроспективті талдау жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады.

9. Медициналық құжаттамаға талдау жүргізу кезінде:

1) анамнез жинау сапасы;

2) диагностикалық зерттеулер жүргізудің толықтығы мен негізділігі;

3) жүргізілген зерттеулер нәтижелерін есепке ала отырып, қойылған клиникалық диагноздың дұрыстығы, уақытылығы мен негізділігі (жоспарлы емделуге жатқызғанда емдеуге жатқызуға дейін жүргізілген зерттеулер ескеріледі);

4) бейінді мамандар консультацияларының уақытылығы мен сапасы;

5) емдеу іс-шараларының көлемі, сапасы мен өткізу негізділігі;

6) медициналық араласулардан кейінгі асқынулардың болмауы немесе дамуы;

7) қол жеткізілген нәтиже;

8) медициналық құжаттаманы жүргізу сапасы бағаланады.

Амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде қосымша диспансерлік, профилактикалық және оңалту іс-шаралары, скринингтік зерттеулер бағаланады.

10. Анамнезді жинау сапасы мынадай өлшемшарттармен бағаланады:

1) анамнез жинаудың болмауы (жүргізілмеген);

2) анамезді жинау толықтығы;

3) жүйелілік (бастан өткерген созылмалы аурулар және тұқым қуалаушылық аурулар туралы, жүргізілген гемотрансфузиялар, дәрілік препараттарға төзімділігі аллергологиялық статусы туралы деректердің болуы);

4) нақты жағдайды түсіндіруде елеулі мәні бар жеке жағдайлары туралы деректердің болуы;

5) анамнезді сапасыз жинау салдарынан емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуде жол берілген тактикалық қателер салдарынан асқынудың дамуы.

11. Диагностикалық зерттеулердің толықтығы мен негізділігі бес өлшемшарт бойынша бағаланады:

1) диагностикалық іс-шаралардың болмауы (жүргізілген жоқ);

2) емдеу тактикасындағы қателер және диагнозды дұрыс қоймауға алып келген, жүргізілген диагностикалық зерттеулер нәтижесі бойынша қорытындының болмауы немесе дұрыс емес қорытынды;

3) клиникалық хаттамаларда көзделген диагностикалық зерттеулерді жүргізу;

4) хаттамаға енбеген диагностикалық зерттеулерді жүргізу негіздемесі, пациенттің денсаулық жағдайы жоғары қауіпті болған жағдайда қосымша зерттеулер мен диагностикалық емшараларды жүргізу;

5) дұрыс диагноз қою үшін ақпараты толық емес және емдеу мерзімдерін негізсіз ұзартуға және емдеу құнының қымбаттауына әкелген диагностикалық емшаралар мен қосымша зерттеулер жүргізу.

Клиникалық хаттамаларда көзделген, диагностикалық іс-шараларды орындамаудың объективті себептері (жабдықтардың болмауы, дәрігердің біліктігінің жеткіліксіз болуы, пациенттің ауыр жағдайы ескеріліп, реанимациялық іс-шараларға немесе операциялық араласуға шұғыл көрсетілімдердің болуы) сараптаманың нәтижесінде көрсетіледі. Медициналық қызмет көрсетудің келесі кезеңдерінде Зерттеп-қарау стандартының орындалмауын ықпал етуі бағаланады.

12. Клиникалық диагноздың дұрыстығы, уақытылығы мен негізділігі төрт өлшемшарт бойынша бағаланады:

1) диагноз жоқ, толық емес немесе дұрыс қойылмаған диагноз, аурулардың халықаралық жіктемесіне сәйкес келмейді;

2) ауру ағымының ауырлығын анықтайтын негізгі патологиялық синдром анықталмаған, қосалқы аурулар мен асқынулар анықталмаған;

3) диагноз дұрыс, бірақ толық емес, асқынулар анықталғанмен негізгі патологиялық синдром анықталмаған, нәтижесіне әсере тетін қосалқы аурулар анықталмаған;

4) негізгі аурудың дұрыс диагнозы, қойылған емдеу нәтижесіне әсер ететін қосалқы аурулар диагностикаланбаған.

Дұрыс емес және (немесе) уақытылы емес диагностиканың объективті себептері (негізгі аурудың атипиялық ағымы, қосалқы аурулардың симптомсыз ағымы, сирек кездесетін асқынулар мен қосалқы аурулар) сараптама нәтижелерінде айқындалады. Диагнозды дұрыс және (немесе) уақтылы қоймаудың медициналық көмек көрсетудің одан арғы кезеңдеріне әсерін бағалау жүргізіледі.

13. Бейінді мамандар консультациясының уақытылығы және сапасы төрт өлшемшарт бойынша бағаланады:

1) аурудың нәтижесіне теріс әсер еткен, симптомдар мен синдромдарды қате түсіндіруге әкелген консультацияның болмауы (өткізілмеген);

2) консультация уақтылы өткізілді, диагноз қою кезінде консультанттың пікірі ескерілмегендіктен, аурудың нәтижесіне ішінара әсер етеді;

3) консультация уақытылы өткізілген, диагноз қою кезінде консультанттың пікірі ескерілді, емдеу кезінде консультанттың ұсынымдарының орындалмауы, аурудың нәтижесіне ішінара әсер етті;

4) консультанттың пікірі қате және аурудың нәтижесіне әсер етті.

Консультация кешіктіріліп жүргізілген жағдайда, консультацияны уақытылы бермеу себебіне ықпал ету және диагнозды уақтылы қоймаудың медициналық қызметтерді көрсетудің одан арғы кезеңдеріне объективті бағалау жүргізіледі.

14. Емдік іс-шараларды өткізу көлемі, сапасы және негізділігі жеті өлшемшарт бойынша бағаланады:

1) көрсетілімдері болған жағдайда емнің болмауы;

2) көрсетілімдерсіз емді тағайындау;

3) ауру ағымының ерекшілігі қосалқы аурулар мен асқынулар ескерілмей тиімділігі төмен емдеу іс-шараларын тағайындау;

4) ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайы дәрілік құралдардың әрекет ету механизмінің ерекшелігі ескерілмей, емдік іс-шаралардың толық көлемде орындалмауы;

5) пациенттің бастамасы бойынша емдеуді тоқтатудың құжат бойынша ресімделген жағдайларынан басқа, клиникалық әсерін толық бағаламау және (немесе) ауру ағымының ауырлауы кезінде емдеуді уақытынан бұрын тоқтату;

6) жаңа патологиялық синдромның дамуы және дәрі-дәрмектердің ауыр жанама әсері ескерілмегендіктен полипрагмазияның болуы, клиникалық хаттамалардан едәуір ауытқу, Стандарттар талаптарының сақталмауы;

7) жаңа патологиялық синдромның дамуына және пациенттің жағдайының нашарлауына әкелген полипрагмазияның болуы, клиникалық хаттамалар талаптарынан толық ауытқу, Стандарттар талаптарының сақталмауы.

Емдеу іс-шараларын бағалау кезінде медициналық көмектің сапасының сараптамасы нәтижелерінде қиындық туғызатын немесе емдеу іс-шараларын жүргізу мүмкін емес және аурудың нәтижесіне әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін себептердің болуы ескеріледі және көрсетіледі.

15. Стационар деңгейінде сараптама жүргізу кезінде емдеуге жатқызудан бас тартудың негізділігін бағалау, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде медициналық көрсетілетін көмектің сапасын бағалау, жедел көмек станцияларымен (бөлімшелерімен) сабақтастықтың болуына, халықтың стационарлық көмекке қолжетімділігіне бағалау жүргізіледі.

Амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде пациенттер үшін медициналық көмек көрсету қолжетімділігіне, тіркеу орнының жұмысын ұйымдастыруға бағалау жүргізіледі.

16. Медициналық қызметтердің сапасын бағалауға барлық туындаған асқынулар, сонымен бірге операциялық араласу (кешіктірілген операциялық араласу, барабар емес көлем мен әдіс, техникалық кемшіліктер) және диагностикалық емшаралар жатады.

17. Қол жеткізілген нәтиже төрт өлшемшарт бойынша бағаланады:

1) медициналық қызметтерді көрсету технологиясын сақтау кезінде күтілетін клиникалық әсерге қол жеткізу;

2) анамнезді сапасыз жинау және диагностикалық зерттеулерді өткізу салдарынан емдеу және профилактикалық іс-шаралардың клиникалық әсерінің болмауы;

3) ауру ағымының ерекшеліктерін, қосалқы ауруларды, асқынуларды, дәрілік заттардың әсері тетіктерінің ерекшеліктерін ескермей тиімділігі аз емдік, профилактикалық іс-шараларды өткізудің салдарынан күтілетін клиникалық әсердің болмауы;

4) қажетсіз салдардың дамуына негіз болған полипрагмазияның болуы.

18. Медициналық құжаттаманы жүргізудің сапасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес (бұдан әрі - №907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) жазбалардың болуы, толықтығы және сапасы бойынша бағаланады.

Сараптама жүргізу барысында пациенттің инвазивтік араласулар жүргізуден хабардар болуының келісімін, ұсынылған емнен бас тартуын, патологоанатомиялық зерттеу жүргізбеу негізділігін ресімдеу бағаланады.

19. Диспансерлік іс-шаралар жеті өлшемшарт бойынша бағаланады:

1) диспансерлік бақылау, диспансерлік қарау-тексерулердің уақытылығы, профилактикалық ем тағайындау;

2) зерттеп-қарау түрлерінің толықтығы және клиникалық хаттамаларға сәйкес келуі;

3) тағайындалған емінің сапасы және клиникалық хаттамаларға сәйкес келуі;

4) емдеуге жатқызу кезінде стационарлық емге көрсетілімдердің болуы;

5) жоспарлы емдеуге жатқызуды егер пациент жатқызуға келмеген жағдайда амбулаториялық деңгейде емдеудің тағайындалуын бақылау;

6) стационардан шығарғаннан кейінгі байқау;

7) сауығуына байланысты пациентті диспансерлік есептен алу дұрыстығының құжатпен расталуы.

20. 5 жасқа дейінгі балалардың профилактикалық іс-шаралары алты өлшемшарт бойынша бағаланады:

1) бақылау мерзімдерін сақтау және мамандардың қарап-тексеруінің толықтығы;

2) күтім жасау және емшек сүтімен қоректендіру бойынша ұсынымдардың уақтылығы;

3) балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра қадағалап қарау және балалардың ерте жастағы даму қағидаттарына сәйкес күтім жасау және емшек сүтімен қоректендіру бойынша ұсынымдардың барабарлығы;

4) ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес иммундау мерзімдерін сақтау;

5) белгіленген мерзімде вакцинадан кейінгі кезеңде денсаулығының жағдайын бақылауды жүзеге асыру;

6) медициналық қорытындылардың негізділігі.

21. Жүкті әйелдердің арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізудің сапасы алты өлшемшарт бойынша бағаланады:

1) жүктілігі бойынша есепке алу мерзімдері және бақылау;

2) пренаталдық скрининг нәтижелерінің болуы;

3) жүктілігі бойынша бақылау кезеңінде тексерудің толықтығы және тиімділігі;

4) жүктілік асқынуларының және экстрагениталдық патологияның уақытылы диагностикасы, оның ішінде экстрагениталдық патологияны анықтау мақсатында бейінді мамандардың консультациясының болуы;

5) жүкті әйелдің қауіп тобының жоспарланған емдеуге жатқызу деңгейіне сәйкестігі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүкті әйелдерді амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.

22. Сараптаманың аяқталуы бойынша қорытынды шығарылады:

1) көрсетілген медициналық қызметтің Стандарттар талаптарына және клиникалық хаттамалар сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы;

2) пациентке мемлекет кепілдік берген көлемде тегін медициналық көмек ұсыну туралы;

3) нақты тұлғаларды көрсете отырып тәртіптік және (немесе) әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану үшін негіздердің болуы туралы.




  1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

23. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі сараптама (бұдан әрі – ішкі сараптама):

әрбір медицина қызметкері (өзін- өзі бақылау – бірінші деңгей);

құрылымдық бөлімше деңгейінде (екінші деңгей);

емдік-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасар деңгейінде (үшінші деңгей);

қажет болған жағдайда қоғамдық бірлестіктердін кәсіптік қауымдастықтың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тартумен Қызмет деңгейінде (төртінші деңгей) денсаулық сақтау ұйымының деңгейінде іске асырылады.

24. Ішкі сараптама ретроспективті және пациенттер медициналық көмек алған уақыттан бастап жүргізіледі.

25. Ішкі сараптама өзін-өзі бақылау деңгейінде барлық емделіп шыққан жағдайлар бойынша бөлімшенің әрбір дәрігері, әр мейіргері жүзеге асырады.

Өзін-өзі бақылау медицина қызметкерлерінің нақты білімінде және өздерінің функционалдық міндеттерін, Стандарттарды, клиникалық хаттамаларды орындауда айқындалады және медициналық қызметті көрсету процесіндегі ауытқуларды анықтауға және жоюға бағытталған.

26. Құрылымдық бөлімшелер деңгейіндегі ішкі сараптаманы барлық емделіп шыққан жағдайлар бойынша бөлімше меңгеруші жүргізеді.

27. Үшінші деңгейдегі ішкі сараптаманы айына кемінде 25% емделіп шыққан жағдайларды қамтумен емдеу ісі жөніндегі орынбасар жүргізеді.

Екініші және үшінші деңгейлердегі бақылау Стандарттарға және клиникалық хаттамаларға сәйкес келмеуінің, кемістіктердің алдын алуға бағытталған.

28. Төртінші деңгейдегі ішкі сараптаманы Қызмет жүзеге асырады.

29. Қызметтің құрылымы мен құрамы амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелген (қызмет көрсетілетін) халық саны, стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың қуаты (төсек саны), бейіні, көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының басшысымен бекітіледі.

30. Қызметтің құрамына басшының медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары/Қызмет басшысы, дәрігер-сарапшы, госпитальдық эпидемиолог (штатта - инфекциялық бақылау мейіргері болмағанда), клиникалық фармаколог (штаттық бірлігі болғанда), провизор (штатта – фармацевт болмағанда), басшының мейіргер ісі жөніндегі орынбасары (штатта аға мейіргер болмағанда), психотерапевт (психолог), экономист кіреді.

31. Қызметтің негізгі міндеттері:

жақсарту бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін көрсетілген қызметтердің кемістіктерін және жүйелі сәйкессіздігін анықтай отырып медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау;

медициналық көрсетілетін қызметтер сапасы индикаторларының динамикасына мониторинг жүргізу және қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жоспарлау;

пациенттерді денсаулық сақтау ұйымдарында болуына оңтайлы (соның ішінде ақпараттық қамтамасыз ету, сервистік-тұрмыстық жағдай) жағдайларды қамтамасыз ету және тиісінше сапалы қызметтерді алуын бақылау және мониторингтеу жолымен қолдау көрсету болып табылады

32. Қызмет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Стандарттарды енгізу, өзінің процестері мен емшараларын бағалау ішкі индикаторларды қолдану бойынша денсаулық сақтау ұйымдары құрылымдарының қызметінің тиімділігін талдайды;

2) ауруханаішілік комиссияның жұмысына қатысады және олардың қызметіне талдау жүргізеді;

3) тиісінше басқарушылық шешімдер қабылдау үшін денсаулық сақтау ұйымының басшылығына талдау жүргізу нәтижесінде анықталған проблемалар туралы ақпаратты ұсынады;

4) медициналық қызметтерді көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымының персоналын оқытады және әдістемелік көмек көрсетеді;

5) денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің пікірін зерделейді және персоналды ұйымдағы сапаны жақсарту және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жөнінде хабардарлығын қамтамасыз етеді;

6) денсаулық сақтау ұйымының мынадай бағыттар бойынша медициналық қызметтердің сапасын басқару бойынша қызметін үйлестіреді:

медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына пациенттердің қанағаттану дәрежесін зерделеумен пациенттердің (өтініштерін) проблемаларын шешеді;

кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану жай-күйін және тиімділігін бағалайды;

Стандарттарға, клиникалық хаттамаларға сәйкестігіне пациенттерге медициналық көрсетілетін қызметтердің технологияларын бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктейді;

мемлекет кепілдік берген көлемде пациенттерге медициналық көмекті қамтамасыз ету қағидаларын сақтайды;

жұмыстағы кемістіктердің алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық қызметтерді көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлейді;

басшыға қарау үшін ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы талдау есептерді дайындайды;

7) аккредиттеу рәсіміне денсаулық сақтау ұйымын дайындау бойынша жұмысты үйлестіреді;

8) аккредиттеу алдындағы кезеңде құрылымдық бөлімшелердің аккредиттеу стандарттарының сақталуын бақылайды.

33. Қызмет басшысы Қызметтің жұмысын үйлестіреді, денсаулық сақтау ұйымдары құрылымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, МФҚБК және оның аумақтық департаменттерімен өзара байланысты жүзеге асырады.

34. Дәрігер - сарапшы медициналық құжаттамаға, емдеу-профилактикалық іс-шараларға ретроспективті және ағымдағы талдау жүргізеді, оның Стандарттарға, клиникалық хаттамаларға сәйкестігіне талдау жүргізеді, Стандарттарға және клиникалық хаттамаларға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасының орындалуын бақылайды.

35. Госпитальдық эпидемиолог (инфекциялық бақылау мейіргері) – аурханаішілік инфекциялардың таралу және туындау қаупін және себептерін талдап, бағалайды және олардың алдын алу шараларын әзірлейді, ведомствоішілік инфекциялық бақылауды жүзеге асырады.

36. Клиникалық фармаколог дәрілік полипрогмазияның жанама әсерлерін, резистенттілік туындаған жағдайда, соның ішінде қаупі жоғары препараттардың, дәрілік заттардың дұрыс тағайындалуын талдайды, стандарттар, клиникалық хаттамалар, ғылыми негіздемелер, пациенттердің мұқтаждығын, ұсынылатын медициналық қызметтерді есепке ала отырып, дәрілік формулярды дайындау жұмысын үйлестіреді, қателерді жою бойынша шараларды әзірлейді.

37. Провизор дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімді қалыптастыру дұрыстығын, дәрілік заттарды қабылдау, сақтау шартын, бөлу тәртібіне талдау жүргізуді, дәрілік препаратарды ұжымды пайдалану мониторингін жүзеге асырады, қателерді жою шараларын әзірлейді.

38. Басшының мейіргер ісі жөніндегі орынбасары (аға мейіргер) орта және кіші медицина персоналының жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен шараларды әзірлей отырып олардың жұмысына талдау жүргізеді.

39. Психолог пациенттерге консультация береді, психологиялық проблемалардың алдын алуға, шешуге, пациент пен медицина қызметкері арасындағы шиеленісті реттеуге қатысады, пациенттерді стационарда болу жағдайында бейімделуге көмектеседі, персоналды пациенттермен және оның туысқандарымен қарым-қатынас жасау дағдыларына оқытады.

40. Экономист медициналық қызметтерді көрсету шығыстарын (дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, жабдықтардың) талдайды, тиімділігі және қауіпсіздігі біртектес емдеу-профилактикалық іс-шаралардың құнына салыстырмалы бағалау жүргізеді, пайдаланылатын дәрілік препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдықтардың экономикалық тиімділігін талдайды.

41. Қызмет пациенттердің және (немесе) олардың туыстарының көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін сауалнама және медициналық көрсетілген қызметтердің сапасына негізделген өтініштерді талдау жүргізу жолымен айқындайды.

Сауалнама стационарлық емдеуде жатқан науқастар санының кемінде 10 % респондентін және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін бір ауысымда қабылданатын адамдардың нақты санының кемінде 5 % респондентін қамти отырып, анонимді еркін негізде ұсынылады.

Сауалнаманың нәтижелері бойынша көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесі бойынша қорытынды жасалады, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мен деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспары құрылады.

42. Қызмет денсаулық сақтау ұйымы көрсеткен медициналық көмек мәселелері бойынша өтініштерді (сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің блог-платформасына, денсаулық сақтау басқармасының сайтына, тікелей денсаулық сақтау ұйымына келіп түскен) тәжірбиелі мамандар ішінен комиссия құру арқылы, қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тартумен, қарайды,

Жазбаша өтініш «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес қаралады.

Емдеудегі пациенттер өтінгенде қызмет бес жұмыс күннен аспайтын мерзімде туындаған проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылданады.

43. Қызмет пациенттердің шағымдарын сотқа дейін реттеу бойынша шараларды қабылдайды, соның ішінде «Медиация туралы» Заңға сәйкес медиаторларды тартумен, пациент пен ұйым персоналы арасындағы туындаған шиеленісті жағдайда келісім түрінде шешуге көмектеседі.

44. Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінде аккредиттеу алдындағы мониторинг тұрақты негізде жүргізіліп отырады. Тоқсанында кеміне 1 рет Қызмет Ұлттық аккредиттеу стандарттарының қағидалары мен рәсімдерінің сақталуын бағалайды.

45. Денсаулық сақтау ұйымының қызметін бағалауды тұтастай және ұйымның әр құрылымдық бөлімшесі бойынша ішкі индикаторларды бағалау негізінде Қызмет жүзеге асырады. Медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қызметке ай сайын басшымен бекітілген кесте бойынша медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары бойынша мониторинг нәтижелерін ұсынады.

46. Қызметтің әдістемелік-ақпараттық қолдауды ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімінің (медициналық статистика кабинеті) қызметкерлері жүзеге асырады.

47. Пациенттерді қолдау қызметі деңгейінде сараптама:

1) стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін, ұйымдарда айына кемінде 15% емделіп шыққан жағдайларда, сондай-ақ барлық жағдайларда:

өлім жағдайларында,

ауруханаішілік инфекциялардың туындау фактілері,

асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі,

алдыңғы емнің сапасыз болуы салдарынан бір айдың ішінде сол бір ауру бойынша қайта емдеуге жатқызу,

емдеу мерзімдерін ұзарту немесе қысқарту,

диагноздар айырмашылығы,

негізсіз емделуге жатқызу;

2) Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда, айына кемінде 10% емделіп шыққан жағдайлар, сондай-ақ барлық жағдайлар:

ана өлімі;

0 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, үйінде қайтыс болғандар;

еңбекке жарамды жастағы адамдардың үйінде қайтыс болуы;

онкологиялық аурулар мен туберкулездің асқынған түрлері;

еңбекке жарамды адамдардың алғаш мүгедектікке шығуы;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйым деңгейінде басқарылатын жүктіліктің асқынуы,

стационардан шығарылғаннан кейін пациенттерді бақылау (балаларды, босанудан кейінгі кезеңдегі әйелдерді (42 күнге дейін), қан айналым жүйесі аурулары бар науқастар (инсульттан, инфаркттан кейінгі науқастар);

3) жедел медициналық көмек ұйымдарында, тоқсан ішінде кемінде 20% қызмет көрсетілген шақырулардың, сондай-ақ барлық жағдайлар:

бірінші шақыру тәулік ішінде бір ауру бойынша бір пациентке қайта шақырулар,

шақыру кезінде өліммен аяқталу жағдайы: бригада келгенге дейінгі өлім, бригада келген кездегі өлім,

науқастарды емдеуге жатқызу жағдайында жедел жәрдем бригадасы мен стационар қойған диагноздардың айырмашылығы;

4) қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында – барлық жағдайлар:

өлім жағдайлары,

аурухана ұйымдарына емдеуге жатқызу,

емдеу мерзімдерін ұзарту немесе қысқарту,

жарақаттану;

5) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ұйымдарында – барлық жағдайлар:

өліммен аяқталу,

ауруханаішілік инфекцияларының туындау фактілері,

ауруханалық жарақаттану.

6) Қан қызметі саласында жұмыс істейтін ұйымдарда тоқсан ішінде донорлардың медициналық картасының кемінде 20%-ы сараптамаға жатады сондай-ақ, қан мен оның компоненттерін әзірлеу және сақтау кезеңдері мен технологиясына бақылау жүргізіледі:

функционалдық блоктардың болуы және оларды ұстау;

«Салқындату тізбегінің» шарттары;

техникалық қызмет көрсету тұрақтылығы, медициналық құрал-жабдықты калибрлеу;

кіру бақылауының нәтижесі;

карантиндік сақтау;

күрделі кезеңдерді анықтау рәсімдерінің болуы;

қан өнімдерінің инфекциялық және иммундық биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

қанды консервілеу кезінде ақаудың болуы.

48. Медициналық көрсетілетін қызметтердың ішкі сараптамасы шеңберінде орта медицина қызметкерлерінің жұмысының сапасына бағалау жүзеге асырылады, ол:



  1. құрылымдық бөлімшелердің аға мейіргерлерінің жұмысының сапасын бағалауды;

2) құрылымдық бөлімшелердің орта медицина қызметкерлерінің жұмысының сапасын бағалауды қамтиды.

49. Аға мейіргерлердің жұмысын бағалау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) кадрлық жоспарлау, орта және кіші медицина қызметкерлерін ұтымды орналастыру және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;

2) орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау, біліктілігін бағалау және санатының үлес салмағы бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар;

3) бөлімшелерде эпидемияға қарсы іс-шараларды бақылауды жүзеге асыру;

4) орта медицина персоналының операциялық емшаралардың манипуляциясы мен стандарттарын орындауды ұйымдастыру;

5) дәрілік препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және қолдану қағидаларының сақталуын бақылау.

50. Құрылымдық бөлімшелердің орта медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалау:

1) медициналық құжаттамалардың толтырылуының толықтығы және уақытылығы;

2) дәрігердің тағайындауларының орындалу толықтығы, уақытылығы мен сапасы;

3) операциялық емшаралар стандарттарының орындалуын білуі және дағдылары;

4) пациенттермен және әріптестермен коммуникативті қарым-қатынас жасай білу;

5) мейіргер манипуляцияларының нәтижесінде асқынулардың болмауы;

6) дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталу қағидаларын білу және сақтау;

7) медициналық мақсаттағы бұйымдарды залалсыздандыру және стерильдеу режимін, стерильденген материалды сақтау қағидалары мен мерзімдерін білу және сақтау;

8) бактериологиялық бақылау нәтижелерінің талдауымен ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау қағидаларын білу және сақтау;

9) бактериологиялық бақылаудың нәтижелерінің талдауымен медициналық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, жою, дезинфекциялау қағидаларын білу және сақтау;

10) пациенттердің жалпы күтімінің сапасын бағалау (базданудың, төсекжаралардың болмауы);

11) дәрігерге дейінгі кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсете білу.

51. Екінші деңгейде орта медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалауды құрылымдық бөлімшелердің аға мейіргерлері жүзеге асырады.

52. Үшінші деңгейде денсаулық сақтау ұйымының аға мейіргері орта медицина қызметкерінің медициналық құжаттаманы толтыру сапасына емделіп шыққан жағдайлардың кемінде 10 %-ына сараптама жүргізеді.

53. Қызмет (төртінші деңгей) ай сайын орта медицина қызметкерінің медициналық құжаттаманы толтыру сапасына емделіп шыққан жағдайлардың кемінде 10 %-ға сараптама жүргізеді.

54. Ішкі сараптама нәтижелері мұқият талданады. Құрылымдық бөлімшенің нақты бір дәрігерінің, мейіргердің қызметін бағалау қорытындысы бойынша және денсаулық сақтау ұйымы және құрылымдық бөлімшесі бойынша талдау және басқару шешімдерін қабылдау үшін:

1) анықталған бұзышылықтардың жалпы саны, олардың құрылымы, ықтимал себептері мен оларды жою жолдары;

2) денсаулығының жай-күйінің нашарлауына әкелген анықталған ақаулар саны;

3) медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстардың көбеюіне әкелген анықталған ауытқулар саны белгіленеді.

55. Ішкі сараптама нәтижелері Қызметтің отырысында қаралады, ауруханаішілік комиссияның отырыстарында, дәрігерлік конференцияларға шығарылып, талқыланады.

Ауруханаішілік комиссиялардың құрамына бірінші және жоғары біліктілік санаттары бар құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері (бейінді бөлімшелердің), мамандығы бойынша практикадағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл дәрігерлер кіреді.

Басшының емдік-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары комиссия жетекшісі болып табылады.

Ауруханаішілік комиссияның отырысы айына кемінде 1 рет өткізіледі.

Медициналық құжаттаманы ресімдеуде, медициналық қызметті немесе медициналық қызмет көрсету технологиясын таңдауда қателіктер жіберген медицина қызметкерлері қателіктердің туындау себептері және олардың қайталануын болдырмау жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Бірнеше рет бұзышылықтарға жол берген медицина қызметкерлері қосымша оқуға, біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі, оларға тәжірибесі бар әріптестері арасынан тәлімгерлер бекітіледі.

56. Басқару шешімдерін қабылдауды талап ететін кеміcтіктерге жол берілген жағдайлар басшылықтың қарауына шығарылады.


  1. Сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

57. Сыртқы сараптаманы МФҚБК және оның аумақтық департаменттерінің мамандары, тәуелсіз сарапшылар жүзеге асырады.

58. МФҚБК және оның аумақтық департаменттерінің мамандары Кәсіпкерлік Кодексте белгіленген тәртіппен денсаулық субъектісіне (объектісіне) барып немесе бармай ішінара жоспардан тыс тексерулер жүргізгенде сыртқы сараптаманы жүзеге асырады.

Сыртқы сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар МФҚБК және оның аумақтық департаменттерін Кодекстің 58-бабының 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес тартылады.

59. Ішінара тексерулер кезінде тексеру кезеңіндегі сыртқы сараптамаға:

1) стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда:

өлім жағдайларының тіркелгендерінің жалпы санынан жағдайлардың 100 %;

мынадай жағдайлардың кемінде 50 %:

ауруханаішілік инфекциялардың туындауының тіркелген жағдайларының жалпы санынан,

асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі,

алдыңғы емнің сапасыз болуының салдарынан бір айдың ішінде сол бір ауру бойынша қайта емдеуге жатқызу,

талдау кезеңінде емделіп шыққан науқастар санынан әрбір стационар бөлімшелері бойынша стационарлық науқастың медициналық карталарының кемінде 10 %-ы;

2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда:

мынадай жағдайлардың 100 %:

тіркелген жағдайлардың жалпы санынан ана өлімі жағдайлары (жазатайым оқиғаларды қоспағанда),

0 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда (жазатайым оқиғалар), үйінде қайтыс болғандар,

еңбекке жарамды адамдардың үйінде қайтыс болғандар,

онкологиялық аурулар мен туберкулездің асқынған түрлері;

тіркелген жағдайлардың жалпы санынан жағдайлардың кемінде 50 %:

жүктілік кезіндегі асқынулар (ауыр деңгейдегі гестоздар, босанудағы, акушерлік қан кетудегі асқынулар, гистерэктомия);

еңбекке жарамды жастағы адамдардың алғаш мүгедектікке шығуы;

стационардан шыққаннан кейін қан айналым жүйесі ауруларымен (инфаркт, инсульттерден кейінгі), онкологиялық аурулармен пациенттерді байқау;

әр бөлімшеден және (немесе) мамандар бейінінен амбулаториялық науқастардың медициналық картасының кемінде 10.

3) Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда тегін және ақылы негізде қан тапсырушы донорлардың медициналық картасының кемінде 50 %.

4) Жедел медициналық көмек ұйымдарында:

тіркелген жағдайлардың жалпы санынан жағдайлардың кемінде 50 %:

бір тәулік ішінде бір ауру бойынша қайта шақыртулар,
шақыртулар кезіндегі өлім (бригада келгенге дейінгі өлім, бригада келген кездегі өлім),

жедел медициналық жәрдем бригадасы мен науқастарды емдеуге жатқызған стационардың қойған диагноздарының арасында айырмашылық,

жалпы бейінді мамандандырылған бригадалардың шақыртуларға шығуы медициналық картасының кемінде 10 %.

60. Сыртқы сараптамаға жоспардан тыс тексерулер кезінде Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жоспарды тағайындауға негіз болған, жағдайлар жатады.

61. Сыртқы сараптаманың қорытындылар бойынша:

міндетті сараптамаға жататын ішкі сараптама жағдайларының, сондай-ақ пациенттердің өтініштерін қарау жағдайларының, сараптама қағидаттарын сақтау мәніне ішкі сараптама нәтижелері;

Қызмет қабылдаған шаралардың барабарлығы мен тиімділігі;

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыртқы индикаторлар динамикасында шекті мәніне сәйкестігі талданады.

62. Ішінара немесе жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік Кодексте айқындалған тәртіппен ресімделген тексерулердің нәтижелері туралы акті (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады.

Актіге: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әр өлім жағдайына (өліммен аяқталу) тәуелсіз сарапшының сараптамалық қорытындысы (бұдан әрі - сараптамалық қорытынды) қоса беріледі.

Өлім жағдайына берілетін сараптама қорытындысы бар актінің бір данасы денсаулық сақтау ұйымының басшысына немесе басшы болмаған жағдайда басшыны алмастыратын адамға беріледі.

63. Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына сыртқы сараптама нәтижелері бойынша денсаулық сақтау ұйымының басшысы басқарушылық шаралар қабылдайды, оның ішінде дәрігерлер мен орта медицина персоналына арналған оқыту бағдарламаларының қажеттілігін, сыртқы сараптаманы және бағытын айқындайды.



64. Тәуелсіз сарапшылар ішкі және сыртқы сараптама шешімімен келіспеген жағдайда жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ келісімшарттық негізде тәуелсіз сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау субъектілерді тартумен жүргізіледі.



жүктеу 318,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау