Гравюра - таңдап алынған материал (ағаш, линолеум, плексиглас т.б) бетіне арнаулы аспаптармен ойып салынған сурет.
«Гравюра» француздың «grawer» – «қию», «тырнау» және «ою-нақыштау» деген сөзінен шыққан.
Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравирлеу процесі ұстамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұнда ешқандай асығыс істеуге болмайды. Гравюраның түрлері өте көп, олар: линогравюра, литография, ксилография т.б. болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
Гравюра қандай мағынаны білдіреді?
Гравюра қай тілден шықты?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4. Е.В.Шорохов Основы композиции. М., 1979 г. 256с
5.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
6. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
Дәріс 7-8
Тақырып: Линогравюра.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Линогравюрамен жұмыс жасау техникасының ерекшеліктері
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарға оқып жатқан пәнінің тарихи кезеңін, спецификасын, графиканың мәні мен атқаратын қызметін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
Линогравюра дегеніміз – линолеумнен ойып жасалған сурет. Бейнеленетін сурет линолеумге салынады. Суретті «штихель» деп аталатын қашаумен қияды. Қара бояулармен боялатын жерлерге тиіспейді, ақпен боялатын жерлердің бір қабатын әбден қырнап алып тастайды. Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояуы жағылады (арнайы білікпен), одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына салып өткізеді.
Бақылау сұрақтары:
Линогравюра дегеніміз не?
Ол үшін қандай құралдар қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4. Е.В.Шорохов Основы композиции. М., 1979 г. 256с
5.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
6. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
Дәріс 9-10
Тақырып: Литография.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Литографиямен жұмыс жасау техникасының ерекшеліктері
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарға оқып жатқан пәнінің тарихи кезеңін, спецификасын, графиканың мәні мен атқаратын қызметін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
Графика өнерінің тағы бір түрі – Литография. Литография арнаулы әк тасқа салынады. Онда ең алдымен тастың беті мұқият дайындалады. Сонан кейін қою жұғатын литогрфия қарындашпен немесе тушьпен сурет салынады. Одан кейін сурет сүртіліп кетпейтіндей етіп тасты азот қышқылы ерітіндісімен шайып өңдейді. Тастағы майлы қарындаш пен тушьтің ізі қышқыл ерітіндісін қабылдамайды. Керісінше, литография бояуы сурет салған іздерге жұғады. Осы әдіспен қағаз бетіне басады.
Бақылау сұрақтары:
Литография дегеніміз не?
Қандай құралдармен орындалады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4. Е.В.Шорохов Основы композиции. М., 1979 г. 256с
5.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
6. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
Дәріс 11-12
Тақырып: Ксилография.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ксилографиямен жұмыс жасау техникасының ерекшеліктері
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарға оқып жатқан пәнінің тарихи кезеңін, спецификасын, графиканың мәні мен атқаратын қызметін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
Ағашқа салынған гравюраны ксилография деп атаймыз. Гравюра қатты да, серпімді ағаш кесіндісіне ойылып жасалынады. Бұл гравюра да штихель деп аталатын ерекше кескіштермен кесіледі.
Көп тиражға арналмаған гравюраны жұмсақ ағашқа, мәселен, ақ қайыңға жасауға болады.
Сонымен графика (гравюрлеу) деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, графикалық суретке — қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады.
Бақылау сұрақтары:
Ксилография дегеніміз не?
Қандай құралдармен орындалады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
5. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
Дәріс 13-16
Тақырып: Қазақстан графика өнерінің өркендеуі.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қазақстандағы графика өнеріне жалпы сипаттама.
Қазақстан өнерінің деңгейі
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарға оқып жатқан пәнінің тарихи кезеңін, спецификасын, графиканың мәні мен атқаратын қызметін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
Соңғы жылдары бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрында, яғни монументті мүсіндерден көркем өнер жобасына дейінгі, суреттерден эстампқа дейінгі, фрескіден витражға дейінгі үлкен шығармашылық жандану айқындалды. Кеңестік уақыттағы көп ұлтты халықтың өнерінен жинақталған үлкен шығармашылық тәжірибе даму әдісінің жаңаша түсінігінің негізінде тереңдей түсті. Жоғары деңгейде гүлденген көп ұлтты бұрынғы кеңестік бейнелеу өнерінің ішінде Қазақстан өнерінің өзіндік орны ерекше. Себебі соңғы жылдары Қазақстан өнері халықтың халықаралық деңгейде жоғары танылып көрінуінде. Бұл көзқарасты әлемдік көзқарастағы бұрынғы кеңес суретшілері даусыз, толласыз қолдап отыр. Олар біздің еліміздің өнерінің бүгіні мен болашағын терең әрі жарқын етіп көрсеткілері келеді. Бакулық Т.Салаховтың, Вильнюстен С.Красаукастың, Фрунзенің Л.Ильинасының, Тбилисилік А.Банзелаззеннің, Алматылық С.Мамбеевтің, Е.Сидоркиннің, К.Телжановтың шығармашылық туындылары, Кеңес Одағы суретшілерінің шет мемлкеттерде өткізілетін көрмесінде міндетті түрде көрсетілу керек болды. Шет елдерде көрсетіліп жүрген көп ұлтты кеңестік өнер туындыларының ішінде қазақ халқының ұлттық өнерінің орны бөлек, әрі ерекше екені дәлелденді.
Графика өнері 1960-1970 жылдары символдық аллегориялық, метофоралық, терең пәндегі композициялармен байи түсті. Қазақстан суретшілері дүниежүзілік бейнелеу өнерінің тәжірибесі мен ұлттық дәстүрдегі ежелгі мұраларға сүйене отырып графика өнерін одан әрі дамытты. Бейнелеудегі жанрдың әр алуандығы техникалық құрамдар аясының кеңеюі Қазақстан графикасының мүмкіншілігін арттырды. Е.М.Сидоркиннің автолитографикалық сериялары («Қазақтың ұлттық ойындары», 1963 ж.; «Сәкен Сейфуллинді оқығанда», 1964 ж.; «Ғасырлар қойнауынан», 1971-1979 ж.), М.Қисамидинов («Махамбет сериясы», 1973 ж.), А.Сұмағұлов (І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, 1975 ж.), А.С.Рахманов («Біздің ұрпақтың ойлыштар сериясы», 1977 ж.), Б.Д.Пак («Сарыарқа» атты ойлыштар сериясы, 1974 ж.), А.А.Гурьев («Интернационалды Қазақстан», линогравюралық сериясы, 1971 ж.), Е.С.Бисенбинова («Көктем» атты автолиторгарфия, 1974 ж.), Х.С.Абаев («Қазақтың ертегілері», 1981 ж.) т.б. творчествосы Қазақстан графикасының дамуына едәуір үлес қосты. Суретші- графиктердің қатарында: К.Төлеқұлов (М.О.Әуезовтың «Жастарға арналған сөз» атты кітабы, 1976 ж.); Б.Машрапов (Ә.Әлімжановтың «Жаушы» атты кітабы, 1974 ж.); Т.Мұқатов (Ы.Шүрековтың «Исатай-Махамбет» атты кітабы, 1976 ж.); Т.Ордабеков (І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына линогравюралық серия, 1981-1983 ж.) т.б. бар.
«Қазақстан мен Қырғызстанда графика өнері жоғары деңгейде…!» - деп атақты кеңес өнертанушы А.Чигодаев Қазақстандағы графиканың деңгейін жоғары бағалаған және екі елдің графикасында да өзіндік ұлттық көркемсурет шектерінің бар екендігін айтқан.
Графикалық туындардан суретшілердің алуан түрлі жеке нақыштарды, шығармашылық қызығушылықтарды көруге болады. Қазақстан графикасы еліміздің мүмкіндігінің молдығын ең алдымен, шығармашыл адамдардың, жаңашыл адамдардың еңбектерінен танытты.
Графика беттерінде космосқа адамның ұшуы, Қазақстан Магнитасындағы құрылыс, республикалардағы ірі гидроэлектростанциялар, шабан портреті, жұмысшылар мен интеллигенттер және басқа да көптеген нәрселер басылды. График-суретшілер үлкен әлеуметтік проблемалармен, маңызды тақырыптармен белсенді әрі қызыға шұғылданды. Графика арқылы республикадада көптеген қызықты өмірбаян-портреттер пайда болды.
Бақылау сұрақтары:
Қазақстан графика өнері қай жылдардан гүлдене түсті?
Қазақстан деңгейін жоғары бағалаған кім?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
5. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
6. Н.В.Одноралов Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве
М., «Просвещение» 1988г.
Дәріс 17-20
Тақырып: Қазақстан суретшілерінің көркем шығармалары.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қазақстан көркем өнерінің гүлдену кезеңі
Қазақстан график-суретшілері.
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарға оқып жатқан пәнінің тарихи кезеңін, спецификасын, графиканың мәні мен атқаратын қызметін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
Қазақстанның көркем өнерінің нағыз гүлденген шағына, дамуына аға-буын суретшілері Ә.Қастеевтің, ағайынды Х.Ходжиков пен К.Ходжиковтардың, А.Истайловтың, А.Ғалымбаеваның, М.Лизогубтың, Л.Леонтьевтің, Е.Говрованың, Н.Барановтың, В.Антошенко-Оленовтың, А.Черкасскийдің және т.б., сонымен қатар орта буын суретшілері С.Мамбеев, А.Степанов, А.Жүсіпов, Е.Сидоркин, К.Бельжанов, М.Кенбаев, С.Романов, Х.Наурызбаев, Н.Нұрмұхаммедов, Г.Исмаилова сияқты аға-апалардың еңбегі өлшеусіз. Республикамыздың көркем өнерінің алтын қорына өзіндік үлес қосқан буын өкілдері С.Айтпаевтың, А.Рахмановтың және В.Рахмановтың, А.Гурьевтің, И.Исабаевтың, Ш.Сариевтің, О.Нұржумаевтың, А.Сыдыхановтың, Т.Тоғысбаевтың, М.Кисамидиновтың, Е.Бисенбиновтың және Б.Пактың т.б. суретшілердің еңбегін атап айтуға болды.
Қазақтың бейнелеу өнерінің белсенді дамуына, көркемдік-эстетикалық жағынан дамуына, жаңаша қалыптасуына кеңестік кезеңдегі көп ұлтты өнердің, соның ішінде, орыс халқының өнерінің ықпалы, септігі мол болды. Қазақстандағы графиканың түп түркіні полеолит дәуіріне барып тіреледі. Республика территориясындағы графикалық ежелгі суреттер (Балқаш, Түркістан, Маңғыстау т.б. жерлерде) жартастардың беттеріне салынған. Ертедегі графиканың алғашқы нышандарының негізінде қазақтың дәстүрлі безендіру өнерінің ою-өрнек түрі дамыды. Қазақстан графикасы 1930-1950 жылдар аралығында қалыптасты. Алғашқы график-суретшілер Ә.Қастеев («Қазақстан» пейзаждар сериясы, 1930-1960 ж.ж.); В.И.Антошенко-Оленов (ақын І.Жансүгіровтың портреті, 1958 ж.); Е.А.Говорова («Тау тасқыны»,1959); П.Я.Зальцман («Тау лебізі», 1966 ж.); Ә.Ысмаилов («Шарын шатқалы», 1959 ж.); Қ.Қожықов («Талтүс»,1960 ж.); Ю.А.Мингазитдиов («Ә.Жангелдин естеліктеріне», 1959 ж.).
График-суретшілердің шығармашылығында индустрия тақырыбы үдкен орын алды. Осы бағыттағы туындылар ерекше қызықты болды. Қазақстанның алуан түрлі әрі бай табиғаты Е.Говорованың, А.Дочкиннің, А.Исмаиловтың, Ә.Қастеевтің, И.Квасконың туындыларында көрініс тапқан.
Бақылау сұрақтары:
Қазақстан графика өнері қай жылдардан гүлдене түсті?
Қазақтың суретшілерін атап көрсет?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
5. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
6. Н.В.Одноралов Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве
М., «Просвещение» 1988г.
Дәріс 21-24
Тақырып: Шетел график-суретшілерінің творчествалары.
Қарастырылатын сұрақтар:
Шетел график-суретшілерінің көркем творчествосына қысқаша тоқталу.
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарға оқып жатқан пәнінің тарихи кезеңін, спецификасын, графиканың мәні мен атқаратын қызметін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
Станокты графика қайта өрлеу дәуірінен бастап тарады. Ол көнеден бері бейнелеу өнерінің дәстүрлі жанрлары: тематикалық композицияға (Германияда А.Дюрердің, Францияда Ш.Клонның, Голландияда Рембрандтың, Германияда К.Колзбицтің гравюралары, Францияда Э.Делакураның литографиялары, Ресейде И.Е.Репиннің суреттеріне), портретке (Францияда Ф.Клунның, Д.Эгрдің суреттері, Ресейде Н.И.Уткиннің гравюралары, Г.С.Верейскийдің литографияларына), пейзажға (Жапон Хакусаянаның, Кеңес суретшісі А.П.Остроумов-Лебедевтің гравюралары, П.В.Митуричанның, Н.Н.Купреянованың суреттеріне), натюрмортқа (Ресейде М.А.Брубельдің, Францияда А.Матиссаның суреттеріне және Д.И.Митрокиннің гравюрасына) көңіл аударды. Көне заманда графикалық белгіге сай әріптер, шрифт пайда болды. Кітап графикасы (Англияда У.Моррис, СССР-де В.А.Фараоский, Е.Е.Лаксуе, В.В.Лебедев, С.М.Пожарский, С.Б.Теменгатер, ГДР-де В.Клемте) иллюстарция, шрифт суретін, жалпы кітап құрылымымен безендірулер кірді. Графикалық ең жас саласы плакат. Бұл саласы театр мен сауда жарнамасында (Ш.Шире, А.Тулус-Лотрена афишалары кейін СССР-де Д.С.Моррдың, В.В.Маяковскийдің, А.А.Дейнекидің, Польшада Т.Гарапковскийдің плакаттары) саясатты насихаттау міндетін атқаруға кірісті. Суреттен басқа плакатта кітап пен журналдардағы фото монтаж (Германияда Д.Ж.Хортфельдің, СССР-де Г.Г.Куцисанның жұмыстары) қолданылды. Қолданбалы және өндірістік графиканың (СССР-де Н.М.Лисицкий, А.М.Родченко) заттарды безендіруде (пошталық маркалар, экслиблситер, тауар белгілері, этикеткалар т.б.) кең айналым функцияда өсті. Қазіргі заманда графиканың әрі қарай дамуына байланысты графика өнерінің әлі талай жаңа түрлерінің дүниеге келуіне көптеген мүмкіндіктер жасалуда.
Бақылау сұрақтары:
Шетелде графиканы не үшін қолданды?
Қандай жанрларды графика орындалған?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
5. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
6. Н.В.Одноралов Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве
М., «Просвещение» 1988г.
Дәріс 25-26
Тақырып: Е.Сидоркин шығармаларының ерекшелігі.
Қарастырылатын сұрақтар:
Е.Сидоркин көркем творчествосына қысқаша тоқталу.
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарға оқып жатқан пәнінің тарихи кезеңін, спецификасын, графиканың мәні мен атқаратын қызметін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
Сидоркин Евгений Матвеевич – (07.05.1930 ж., Киров облысы, Лебяжье с. – 03.09.1982 ж., Алматы) – кеңестік-график суретшісі. Қаз.ССР-інің халық суретшісі (1980 ж). 1965 ж. Қаз.ССР Ригада Көркем-сурет академиясында оқыды. 1957 ж. Ленинградтың кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірді. 1937 жылы Алматыда жұмыс істеді. С.Михалковтың мысалдарына арналған автолиторграфиялар топтамасын жасады. Сидоркин бұл еңбектерімен өзінің қолтаңбасы бар график екенін аңғартты. Суретшінің қазақ халық ертегілеріне арналған «Көңілді адампаздар» (1958 ж.), «Қазақ эпосы» (1959 ж.) атты иллюстрациялары оның есімін кеңінен таратты. 1963 ж. «Қазақтың ұлттық ойындары» атты автолитографияларының үлкен топтамасын, ал 1964 ж. «С.Сейфуллинді оқығанда» деп аталатын топтамасын жасады. Қазақ халқының тіршілік болмысына, оның ішкі сыр сипатына терең бойлаған бұл топтама суреттері 1965 ж. Лейпцигтегі көрмеде алтын медаль алды.Сидоркин монументі – сәндік өнері саласында да еңбек етті, мұнда әсіресе монументісіне арнап көп қабатты түрлі-түсті ографитто композициясын жасады. Суретші О.Богомоловпен бірге балалар театры фронтонның мозайкалық үлкен панносын жасады.
Кенжебаев Шыңғыс Бисенбайұлы. (04.08.1927 ж. туған. Қызылорда) – кеңестік графигі, плакатшы, монументті-сәнөнер шебері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы көркем-сурет училищесін (1954 ж.), Мәскеудегі В.И.Суриков атындағы көркем-сурет институтын бітірген (1960 ж.). Кенжебаевтің елеулі шығармалары қатарына – бейнелерінің лирикалық нәзіктігінен, бояуларының қанық үйлесімімен ерекшеленетін «Біздің ауылдың адамдары» атты түрлі-түсті линогравюралар сериясы (1959-1963 ж.) жатады. Кенжебаевтің «Қаңылтыр прокаттанушылар» (1960 ж.), «Ыстық көл», «Қысқы кеш» (1962 ж.), «Менің аспаным» (Триптих, 1964 ж.), «Алғашқы ән» (1965 ж.), «Д.Нүрпеисованың портреті» (1967 ж.) сияқты түрлі-түсті линогравюралары еліміздің өнер музейінде сақтаулы. Плакат саласында да өнімді еңбек етті. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен наградталған.
Бақылау сұрақтары:
Сидоркин қандай ертегілерді безендірді?
Кенжебаевтың қандай жұмыстарын білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
5. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
6. Н.В.Одноралов Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве
М., «Просвещение» 1988г.
Дәріс 27-30
Тақырып: Бейнелеу өнеріндегі композицияның орны.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Композиция заңдылықтары мен негізгі түсінігі
2. Композиция ерекшелігін меңгеру
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарға оқып жатқан пәнінің тарихи кезеңін, спецификасын, графиканың мәні мен атқаратын қызметін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
Композиция (латынша «compositio» - құрастыру, шығарма) – көркем шығарманың көрінісі. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп, тұтастыру деген мағынаны білдіреді.
Композиция элементтері бірлікке ұштастырылған, бір-біріне мақсатты көркем құрылым. Пластикалық өнерді композиция көркем форма түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ой – түйінге сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы ортамен көрермендер арасындағы қатынасында белгілейді. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттармен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарықпен көлеңке ұнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция «орнықты», «айнымалы», «ашық» және «жабық» болып бөлінеді. Орнықты және ашық түрі Қайта өркендеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылады, ал айнымалы және жабық түрлері барокка стилінен айқын көрініс тапты.
Жалпы графиканың қандай да болмасын жанрындағы композицияға келер болсақ, оны үлкен үш кезеңге бөлуге болады.
- ізденіс композициясы
- орындалу композициясы
- аяқтау композициясы.
Ізденіс композициясы дегеніміз – сөздің аталуынан да байқалады, белгілі тақырыпқа байланысты болмаса арнайы бекітілген оқу бағдарламасына сай обьектілерді іздеу, табу құрастыру, реттеу деген мағынаны білдіреді
Бақылау сұрақтары:
Композиция мағынасын еске түсіріңіз?
Ізденіс композициясын айтыңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ю.Я.Герчук История графики. Искусства книги: Учебн. пособие для студентов вузов.-М.2000.-320с.
2. Г.Саракулова Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967-166с.
3. Н.Нурмухаммедов Графика Казахской ССР-Алма-Ата: Жалын,1978.-127с.
4.Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж. 17 бет.
5. М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет».-2006.-88 бет.
6. Н.В.Одноралов Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве
М., «Просвещение» 1988г.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырыбы
|
Практикалық сабақ мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
Түзу, ирек, дөңгелек сызықтар.
|
Қағаз бетіне салған сызық түрлерін калька мен қарақағаз арқылы линолеумге түсіру.
Жонғымен ойып кесіп, линолеум бетіне валикпен типографиялық қара бояу жағу,
станок пресспен бастырып шығару.
|
1
|
Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж.17 бет.
М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет»-2006-88 бет
|
2
|
Геометриялық денелерден құралған натюрморт
|
Қағаз бетіне натюрморт сұлбасын салу,
калька-қарақағаз арқылы линолеумге түсіру жолдары.
|
2-5
|
Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж.17 бет.
М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет»-2006-88 бет
|
3
|
Суретшілердің линогравюрада орындалған көшірмесін орындау
|
Қағаз бетіне суретшілердің линогравюрада орындалған көшірмесін көшіру,
Жонғымен ойып кесілген линолеум бетіне валикпен типографиялық қарабояу жағу,
Станокты пресспен бастырып шығару.
|
6-10
|
Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж.17 бет.
М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет»-2006-88 бет
|
4
|
Экслибрис көшірмесін орындау
|
Қағаз бетіне шағын суретті (кітап белгісін, таңба суретін) салу,
Калька-қарақағаз арқылы линолеумге түсіру
Жонғымен ойып кесіп линолеум бетіне валикпен типографиялық қарабояу жағу,
Станокты пресспен бастырып шығару.
|
11-15
|
Т.Ордабеков, М.Канленов, Б.Найманов Линогравюра методикалық оқу құралы; Алматы 2001 ж.17 бет.
М.Ж.Тәңірбергенов Гравюрлеу: (Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы: «Изд.Маркет»-2006-88 бет
|
7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Бейнелеу өнері мамандығында оқитын студенттер практикалық жұмыстар арқылы қолданбалы графика бойынша білімін пысықтау тиімді. Оқытудың мұндай әдісін пайдалану студенттердің білімін практикамен байланыстырып шыңдауға игі әсерін тигізеді.
Станокты графиканың құрал-саймандарын, атқаратын қызметін және олармен жұмыс жасау әрекеттері практикалық жұмыстың мазмұнын құрайды.
Сонымен бірге практикалық жұмыста жұмыстың мақсаты, студенттің біліміне қойылатын талаптар, жұмыстың мазмұны және берілген материалды пысықтауға арналған тапсырмалар қарастырылады.
Сабақтың түпкі мақсаты – студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық – шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:
- аудиториялық жұмыс;
- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;
- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.
Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.
Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:
- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;
- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған, жазылған жұмыстар;
- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.
Бұл айтылған жұмыстар жанрдың қай түрі болмасын (натюрморт, портрет, пейзаж, т.б.), сурет техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.
Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі суреттемелер салу, композициялық ізденіс, әр-түрлі жастар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып сурет өнерінен студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.
Ұзақ мерзімге арналған қойылымдардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, формат көлемін анықтау, өңдік байланысын табу, нұсқаның күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның қағаз бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.
Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға түсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде салынған графикалық бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.
Сурет салғанда неден бастау керек және де неден бастап штрихтау керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден штрихтаған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен штрихтағанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Сурет салғанда осыларды ескерген дұрыс.
8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР жоқ
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1. Сызықтық графикалық композиция
2. Экслибрис жасау
3. Кітап мұқабасын безендіру
4. Портреттік жұмысты көшіру.
5. Жарнамалық плакаттар
6. Композициялық тапсырма (еркін тақырып)
7. Пейзаж орындау
8. Сюжеттік композиция
10. ОҚУ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР жоқ
11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:
Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.
Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.
Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті долбар, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған суреттер қойылады (үй тапсырмаларын қарындаш, ұштық, тушь, жұмсақ материалдар, фломастер, акварель бояуының қара түсімен орындауға болады).
Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:
- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;
- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;
- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;
- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.
жатқызамыз.
Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.
Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:
барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;
сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференция.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Пән бойынша білімді бағалау кестесі
Бағалау саясаты:
№
|
«Қолданбалы графика» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы (долбар, нобайлар)
|
2
|
30
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Аралық бақылау жұмысы (Реферат, жеке тапсырма түрінде)
|
6/9
|
15
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
2
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі (Сабаққа қатысу, берілген жұмыстарды орындау)
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
Емтихан
(Үй жұмысымен жеке және аудиториялық жұмыс көрмесі)
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқаулар бойынша өтеді. (Аралық бақылау max.60%, емтихан 40%, барлығы 100%.
Қорытынды емтихан үй жұмыстары мен жеке және аудиториялық жұмыстардың көрмесімен бағаланады
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
-
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді. Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық графикалық жұмыстарды, тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады.
12. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЙЛІК ҚАМАТАМАСЫЗДАНДЫРУ жоқ
13. АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ТІЗІМІ
№ 322 (арнаулы аудитория), №7 оқу ғимараты.
Достарыңызбен бөлісу: |