нүктесімен қосылады. Бұл - юбканың алдынғы жартысындағы кокетканың
қиылатын сызығы.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 545 стр.
28 кредит саны
№ 28 дəріс .
Тақырып: Тар жең.
Мақсаты: Студенттерге тар жең туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Жеңнің торы
2. Жеңді сызу
Жең бүктелген күйінде сызылады. Бір- біріне тік бұрыш жасай екі сызылады.
Оның көлденең сызығы - иық сызығы да, тік түсетіні - тігіс сызығы.
Тігіс сызығынан оңға қарай иық сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір
бөлігі салынып, оған 3см қосылады жəне табылған нүктеден төмен қарай тік
сызық - тор енінің сызығы (жең түбінің жоғарғы нүктесінің сызығы) жүргізіледі.
Тігіс сызығының бойымен иық сызығынан төмен қарай жең ұзындығының
өлшемі алынады, табылған нүкте көлденең сызық арқылы тор енінің сызығымен
қосылады. Бұл - жең аузының сызығы болады.
Қолтық ойындысының сызығынан жоғары қарай тігіс сызығы бойымен 1см
өлшенеді. Табылған нүкте тор ені сызығының бойындағы 4см нүктесімен пунктир
сызық арқылы қосылады.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 545 стр.
15 апта
29 кредит саны
№ 29 дəріс
Тақырып: Иығы жиырылған көйлектің кеудесі
Мақсаты:Студенттерге иығы жиырылған көйлек туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Иықты жиыру.
2. Иықты жиырудың түрлері.
Берілген фасон үшін көйлек кеудесінің чертежі жазыңқы түрде толық
сызылады. Кеуденің сол жағындағы иық вытачкасы мен белдігі екі вытачкада оң
иыққа көшіріледі.
Бел вытачкалар əдеттегіден кішірек жасалады, олардың тереңдігі 3-4см болуға
тиіс. Вытачканың қалған бөлігі белді іркіп тігуге кетеді. Бұл үшін үлгінің оң
жағындағы иықта қиылатын сызықтарды белгілеу керек. Бірінші қиылатын сызық
жаға ойындысы биіктігі нүктесінен 4,5см қашықтықтан жүргізіледі. Бұдан кейін
сол сызықтың бойымен көйлек кеудесінің сол жағындағы кеуденң көтеріңкі
нүктесіне қию керек. Сол жақтағы вытачка жабылады.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий из трикотажа» 390 стр.
30 кредит саны
№ 30 дəріс
Тақырып: Ашық сарафан.
Мақсаты:Студенттерге сарафан туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1.
Алдыңғы бой.
2.
Артқы бой
Артқы бойдағы желкеліктің биіктігінен бастап иық бойымен оңға қарай иық
ұзындығының үштен бір бөлігі, ал кеуде сызығынан бастап артқы бойдың орта
сызығы бойымен 2см салынады. Табылған нүктелер көлбеу сызық арқылы
қосылады. Бұл жауырындағы ойынды болады. Одан кейін жүргізілген оңға қарай
5см салынады. Артқы бойдың орта сызығының оңға қарай кеуде сызығы бойымен
кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі салынып, оған 2см қосылады. Табылған нүкте
иықтағы 5см нүктесімен қосылады, ал кеуде сызығынан төмен қарай бел
сызығына дейін тік пунктир сызық жүргізіледі.
Сызықтың пунктир екі жағына да бел сызығы бойымен 1,5см-ден, ал кеуде
сызығынан бастап, сол пунктир сызығының бойымен төмен қарай 4-5см өлшенеді.
Табылған нүктеден бел сызығындағы 1,5см нүктелерге көлбеу сызықтар
жүргізіледі. Осылай вытачка сызылады.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий из трикотажа» 397 стр.
6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
№ Тақырып
Семинар
сабақтың
мазмұны
Апта Əдебиет
Əдістемелік
нұсқау
1.
Үлгі
бойынша
эскиздар дайындау
Үлгілерді
ізденіс
жұмыстары
1
В.Ермилова,
Д.Ю.Ермилова
«Моделирование
и
художественное
оформление
одежды»
Дəріс
конспектілері
жəне əдебиет
кешені
бойынша
дайындалу.
2
Үлгі бойынша лекала
дайындау.Құрастыру.
Үлгі бойынша
құрастыру,
өлшемдерін
алу.
2
В.Ермилова,
Д.Ю.Ермилова
«Моделирование
и
художественное
оформление
одежды»
Дəріс
конспектілері
жəне əдебиет
кешені
бойынша
дайындалу.