Тақырыбы: Төмен иықты көйлектің жеңі.
Мақсаты: Мата туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Жең торы.
2.Жең аузының сызығы
Жең бүктелген күйінде сызылады. Бір- біріне тік бұрыш жасай екі сызылады.
Оның көлденең сызығы - иық сызығы да, тік түсетіні - тігіс сызығы.
Тігіс сызығынан оңға қарай иық сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір
бөлігі салынып, оған 3см қосылады жəне табылған нүктеден төмен қарай тік
сызық - тор енінің сызығы (жең түбінің жоғарғы нүктесінің сызығы) жүргізіледі.
Тігіс сызығының бойымен иық сызығынан төмен қарай жең ұзындығының
өлшемі алынады, табылған нүкте көлденең сызық арқылы тор енінің сызығымен
қосылады. Бұл - жең аузының сызығы болады.
Қолтық ойындысының сызығынан жоғары қарай тігіс сызығы бойымен 1см
өлшенеді. Табылған нүкте тор ені сызығының бойындағы 4см нүктесімен пунктир
сызық арқылы қосылады.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 392-394 стр.
18 кредит саны
№ 18 дəріс
Тақырып: Жеңі тұтас пішіліп қолтық тұсы кесілетін көйлектің кеудесі.
Мақсаты:Студеттерге қолтық тұсы туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1.Тор
2. Артқы бой жəне алдыңғы бой
Бір - біріне тік бұрыш жасай екі түзу сызық жүргізіледі. Тік сызық- артқы
бойдың орта сызығы, көлденеңі - желке сызығы.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде
шеңберінің өлшнмі алынып, оған 3-5см қосылады жəне табылған нүктеден төмен
қарай тік сызық - алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі.
Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы боймен кеуде
шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 3см қосылады. Бұдан табылған нүкте
алдыңғы бойдың орта сызығымен көлденең сызық арқылы қосылады. Бұл - кеуде
сызығы.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде
шеңберінің сегізден бір бөлігі салынып оған 0,5см қосылады. Бұл - желкеліктің
кіндігі. Тьабылған нүктеден жоғары қарай 1,5см-ге тең тік сызық- желкеліктің
биіктігі - сызылады, оның жоғары нүктесіне бастап артқы бойдың орта сызығына
дейін ойық сызық - желкеліктің сызығы жүргізіледі. Əдебиет: Е.И. Рачицкая,
В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление изделий » 398 стр
10 апта
19 кредит саны
№ 19 дəріс
Тақырып: Шабу салынатын көйлек кеудесі
Мақсаты:Студенттерге Шабу салынатын көйлек туралы түсіндіру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Алдынғы бой
2. Шабу салу.
Жауырын енгі сызығы онға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің
үштен бір бөлігін өлшеп алып, оған 2см қосады.Бұл нүктені Г əріпімен
белгілейді.Г нүктесінен жоғары қарай ұзындығы 2-5см-ге тең тік сызық
жүргізіледі де,оны ұшына Г1 нүктесі қойылады. Желке сызығынан төмен қарай
жауырын ені сызығының бойымен кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігін өлшеп
алып, оған 0,5см қосады.Табылған нүкте - алдынғы бой иығын төмендету нүктесі
Г1 нүктесінен алдыңғы бой иығын төмендету нүктесіне дейін түзу сызық -
алдынғы бой иығын төмендету сызығы жүргізіледі.
Алдыңғы бойдың орта сызығынан солға қарай желке сызығы бойымен кеуде
шеңберінің сегізден бір бөлігі өлшеніп оған 1см қосылады.Жаға ойындысының
кеңдігі осылай табылады. Осы табылған нүктеден жоғары қарай ГГ1 кесіндісінен
0,5см артық өлшем салынады. Осылай анықталған жаға ойындысын биіктігін
көлбеу сызығы арқылы Г1 нүктесімен қосады.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 418 стр.
20 кредит саны
№ 20 дəріс
Тақырып: Қынама көйлек
Мақсаты: Студенттерге қынама көйлек туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Тор
2. Артқы бой
Бір - біріне тік бұрыш жасай келетін екі сызық жүргізіледі.Оның тік сызығы
- артқы бойдың орта сызығы, көлденені - жеке сызығы.
Артқы бойдың орта сызығына оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде
шеңберін өлшеп алып, оған 2-3см қосады.Табылған нүктеден төмен қарай тік
сызық - алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі.Бұл сызық артқы бойдың орта
сығына паралель өтеді. Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы
бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігін өлшнп алып, оған 3см қосу
керек.Табылған нүкте алдынғы бойдың орта сызығымен көлденең сызығы арқылы
қосылады.Бұл кеуде сызығы.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 435 стр.
11 апта
21 кредит саны