Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
2) "Мәдениет — ерекше бір зерттелуін талап ететін белгілі бір сала
екендігі соңғы жүзжылдық барысында
айқындала түсуде...»
Р. Г. Лоуи,
Мәдени антропология: ғылым.
"Homo sapiens тұқымын өзге хайуандар
тобынан ажырататын адамзатқа тән
ерекшелік "мәдениет" деген атаумен қамтылады;
демек, адамзат әрекетінің ерекше
қабілеттері туралы ғылымды мәдениеттану деп атауға болар еді..."
Вильгельм Оствальд,
Білім беру теориясының қағидалары.
Кез-келген тіршілік иесі өмір сүріп, тұқымын жалғастыру үшін өзінің қоршаған ортасына белгілі бір деңгейде аз да болса бейімделуі тиіс (adjustment). Осы бейімделу үдерісінің бір жағын біз "түсіну" деп атаймыз (understanding). Әдетте, өсімдік тәрізді өмірдің төмен түрлері туралы айта отырып, біздер бүл терминді қолданбаймыз. Бірақ та, біз "түсіну" сөзін қолданатын тұрғыда өсімдіктер де адамдарға ұқсас, тіптен бірдей мағынадағы әрекеттер істейді. Маймылдарға жасалған ғылыми бақылаулар мен тәжірибелер олардың мінез - құлығына біз "инсайт" немесе "түсіну" деп атай алатын қасиеттердің тон екенін айқын көрсетеді. Сондай-ақ, адамға қарағанда нашарлау дамыған басқа да сүтқоректілерде мұндай қасиеттердің бар болуы әбден мүмкін. Бірақ та түр ретінде тек адамда ғана біз түсінуді рәміздік құралдармен жүзеге асатын бейімделу үрдісі ретінде анықтаймыз.
Рәмізде биологиялық эволюция үдерісі бейімделудің сезімдік механизміне әкеледі. Адамға жақын келетін түрлердің бәрі өз бейімделуін сезім мүшелерімен қабылданып, түсіндірілетін мағыналар көмегімен жүзеге асыруға мәжбүр. Ал адамдар сезімдік әсерлер шеңберінен шығуға қабілетті; ол өзінің әлемін рәміздер арқылы қабылдап, түсіндіре алады. Осы қабілетінің арқасында ол түсінуге қол жеткізеді және басқа кез-келген жануарға қарағанда әлдеқайда жоғары дәрежедегі бейімделуді жүзеге асырады. Адамның түсінуі жетілген маймылдармен салыстыруға келмейтіндей бай және ол осы түсінуін өзі мәтіндерімен оңай бөліседі. Осылайша, зоологиялық әлемде түсіну мен бейімделудің жаңа түрі пайда болды.
Бейімделу үдерісіндегі жүйкелік – сезімдік - рәміздік қабілетті қолдану біз көзқарас деп атай алатын соз формулаларында көрініс табады. Қандай да бір адамдар тобының көзқарастар жиынтығын біз олардың философиясы деп белгілейміз. Демек, философия — хайуандардың белгілі тегі — адамның аяқ астындағы жер мен оны қоршаған ғарышқа бейімделуіне көмектесетін күрделі механизм." Философия, әрине, өзі тек бөлшегі ретінде саналатын мәдени жүйенің басқа қырларымен: технологиямен, әлеуметтік құрылыммен, өнер формаларымен тығыз байланысты. Бірақ та, бұл жағдайда бізді түсіндірудің, әлемді түсінікті етудің тәсілі ретіндегі, яғни, осы әлеммен өзара әрекеттесуді адамның ұлы артықшылығына айналдыратындай таза философия қызықтырады.
Супернатурализм жауаптары толық және кесімді болды: бұл Құдайдың ісі; Құдайдың жазғанына қарай болады дегеннен басқа айтары болмады. Шындығында, бұл жауаптар ештеңе айтпады, олар қаншама кесімді болса, соншама бос еді. Өкініштісі сол, қандай да бір жақсы нәрселер үшін өмір жол бермеді; әрине, қайсыбір оқиға құдайдың ісі деп кесіп айтқан соң не туралы сұрап, білуге болады? Кант сөзімен айтқанда, түсіндірудің метафизикалық түрі антропоморфизмге деген тәуелділіктен босатты. Егер де тастар "тас жаратушы күштен құралса", онда ол күштердің табиғатына еніп, соның арқасында шынайы әлеммен тікелей қатынасқа түсуге, демек, ол туралы білім алуға шақыру болып табылады. Метафизикалық түсіндірмелер қаншама бос болса да, алға басуды білдірді; олар жақсы нәрсеге — ғылымға жол ашты.
Қоғамдық ғылымдарда біздер әлі күнге шейін түсіндірудің физикалық үлгісінен шыға алмай отырмыз. Біз өлі де оқиғалардың "жергілікті тұрғындардың сепаратизмі", "адам санасының (mind) тенденциялары", "бауырлардың баламалық қағидалары", "жазықтағы тайпалардың бастапқы демократиясы" және т.б. терминдермен түсіндірілуін кездестіреміз. Бірақ та, ештеңеге қарамастан біздер алға басудамыз.
Егер де адам түсіндірудің метафизикалық типі "тас жаратушы күштердің" шын мәнінде не екенін білу талпынысында жасырын тұйықталған шақыруды қабылдап, "табиғатқа сүйеніп, таза күйінде деректерді алып, оларды өздігінше қарастырған болса" (Агасси), оңда ол ғылыми көзқарасқа және ғылыми шеберлікке өту мүмкіндігіне ие болды. Қалай болса да, метафизикалық түсіндірулерден шыққан талқылаудың бұл типі ақырында олардың орнын басты. Ендігі жерде заттар мен құбылыстар аруақтардың мақсаттары мен ниеттері тұрғысынан да, өзінің себебі ретінде белгілі бір қағидалар немесе мәндерге ие нәрселер ретінде де түсіндірілмеді; олар басқа заттар және оқиғалар терминдерінде түсіндірмелерін табады. Осылайша, жер сілкінісі — бұл тек құдайлардың наразылығын, біздің күнәларымыз үшін жазасын білдіруі емес; ол сонымен қатар "вулканизм қағидасының" жәй ғана көрінісі де емес. Ол басқа геологиялық жағдайларға сүйеніп түсіндірілетін геологиялық оқиға.
Ғылымда адам тектес примат ақырында аман қалуы үшін өзі бейімделуге мәжбүр болатын сыртқы әлемді шынайы және нәтижелі қабылдауға қол жеткізді. Түсіндірудің құралы ретінде анимистік, антропоморфистік және супер натуралистік философиялар мүлде пайдасыз болды, себебі, жалған білім оның мүлде жоқ болғанынан әлдеқайда жаман. Философияның бұл типі әкелген зардап көлемін көрсету мақсатында жалмауыз және діннен безгендер деп өлтірілген ерлер мен әйелдерді есімізге алсақ жеткілікті емес пе. Шын мәнісінде қарапайым философиялардың түсіндіруге қарағанда басқа қызметтері бар; олар адамдарды қиялдармен қамтамасыз етті, комфорт сезімдерін сендірді, жұбаныш пен берді, ал негізінде мұның бәрі биологиялық аман қалуы үшін маңызды болды. Бірақ түсіндірудің тәсілдері ретінде қарапайым философиялар толықтай күйреді.
Метафизикалық философиялар да шынайы әлемді түсіндірмеді, бірақ олар ғылыми қағидаларға сүйену және оның интелектуалдық тәсілін қолдану арқасында әлемді шынайы және нәтижелі түсіндіруге жол ашты. Қазіргі философияның келбеті оның генеологиясын, құрылымын және композициясын ашады, яғни, жаңа, қуатты және дамудағы ғылыми құраушы; бөлек салаларда күшті, бірақ оны қолдану өрісі қысқарып және қамтамасыз ету ортасы тежелген сайын құлдырауға келетін ескі, қарапайым супер натурализм; антропоморфизм мен еркін ерік салаларындағы, бірақ сонда да әлдеқайда қуатты және тіршілікке икемді өркендерге біртіндеп орын беретін қарқынды өсу; ең соңында метафизика ой тұжырымдарынан әр жерде қалған қалдықтар.
Егер философия — ол адам болып табылатын жануардың өзінің космостық ортасына бейімделу механизмі болса, онда адам — ол философиялық қызығушылықтың негізгі пәні. Біз "Ғылым өрісін кеңейту" тарауында көрсеткеніміздей, ғылымның тарихы мен қалыптасуын адам мінез-құлығы детерминанттары тұрғысынан көруге болады. Астрология адам әрекеттеріндегі аспан денелерінің ролін бағалау және жұлдыздар орналасуына сүйеніп адам өмірінің құбылыстарын алдын-ала болжау талпынысы ретінде болды. Ғылыми философия өзінің алғашқы көрінісін астрономия ғылымында тапты, себебі аспан денелері адам мінез-құлығы детерминанттарының ішінде мағынасы аз болғандықтан "менің"(8еИ) "мен емес"(not-self) араласатын антропоморфистік дәстүрінен оңай алынуы мүмкін еді. Аспан құбылыстары өрісіндегі бір кездері тұрақталған ғылымның көзқарасы мен техникасы басқа да салаларға тарала бастады. Ғылым өрісінің кеңею барысы келесі заң арқылы айқындалады: ғылым адам мінез-құлығының детерминанты ретінде белгілі — бір құбылыстардың мәнділігіне кері қатынасында жылжып, дамиды. Астрономияның ізін жердегі физика мен механика басты. Физикалық ғылымдар биологиялық ғылымдардан ерте қалыптасты, себебі, физикалық құбылыстар биологиялық құбылыстарға қарағанда адам мінез-құлығының әлдеқайда азырақ маңызға ие детерминанттары болып табылады. Биология саласында ең алдымен анатомия, ал сонан соң физиология жөне психология дами түседі. Бұл үш ғылымның бәрі де индивидуалды ағзаға жұмылдырылған. Бірақ, уақыт өтісімен индивид шегінен тыс жататын, бірақ оның мінез - құлығына маңызды әрі қуатты анықтаушы әсер ететін құбылыстар класының бар екені ұғынылды. Бұл мета - индивидуалды детерминанттар класы мен жұмыс істеуге жарамды ғылыми техниканы жарату барысында әлеуметтану және әлеуметтік психология пайда болды. Бұл ғылымдарды жарату адам мінез-құлығының детерминанттары категорияларының таусылғаны жөніндегі пікірді білдірді. Астрономия және физика жансыз детерминанттармен айналысты; анатомия, физиология және психология индивидуалды детерминанттарды қамтыды; социология, қоғам туралы ғылым индивидуалды жоғары детерминанттармен айналысты: тағы қандай детерминанттармен санасу керек еді?
"Антропология" термині іс-әрекеттің көптеген түрлерін білдіруге қолданылды, олар — бас сүйекті өлшеу, жерден балшықтан жасалған сынықтарды қазып алу, рәсімдерді бақылау, тайпаларды зерттеу, аборигендерді, тұтас өркениеттерді психо - талдау зерттеу, өнер және қолөнер тарихын қадағалау — ал қазірде оны жалғыз мәдени үрдісті түсіндірудің ерекше және өзіне тон мақсаттарымен шектеуге болмайды. "Әлеуметтік антропологияның" "әлеуметтанудан" ешбір айырмашылығы жоқ. Мәдениет туралы ғылым мәдениеттану болмағанда не болады? Осы терминді енгізуге байланысты, рәміздік түрде туындаған экстросоматикалық континуум дегеніміз — жеке немесе ұжымда қарастырылып отырған адам организмінің қандай да бір реакциялар класы мен бірдей емес; мәдени элементтердің қарым-қатынасы дегеніміз — адам организмінің реакциясы немесе қарым-қатынасымен бірдей емес екендігі кімге болса да айқындала түседі. Терминологияны ауыстыру ойлауға немесе зат туралы көзқарасқа терең өзгерістер әкеле алады немесе әкеледі деу арқылы біздер әсірелеуге жол беріп отырған болып көрінуіміз мүмкін. Әйтсе де, Пуанкаре көрсеткендей, "ыстық" пен "температура" арасындағы айырмашылықты ажыратпайынша, біздердің термальді құбылыстар туралы нәтижелі ойлауымыз мүмкін емес болатын. Шынайы алғашқы жаңалықты ашушы осы амалдардың кейбіреуін шыдамды түрде жасаған еңбекқор емес, солардың қатынасын анықтаған адам болды, - деді Пуанкаре. Жаңа соз ойлап табу негізінен қатынастарды білдіруге керек жөне ол сөз шығармашылық түрде болады. "Мәдениеттану" сөзінің де мағынасы осындай: ол бір жағынан адам ағзасының арасындағы байланысты білдірсе, екінші жағынан, мәдениетті құрайтын экстрасоматикалық үрдісті, яғни, дәстүрді білдіреді. Оның шығармашылық сипаты бар, ол жаңа ғылымды негіздейді және анықтайды.
Джеймс Фейблман
3) Мәдениеттану ғылым ретінде мәдени үрдістің заңдылықтарын, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштері мен құбылыстарын, сондай-ақ адамдардың мәдени мүдделері мен қажеттіліктерін, олардың мәдени құндылықтарды сақтауға, көбейтуге және беруге қатысуын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |