33.Медициналық арахноэнтонология. Медициналық паразитологияның бір бөлімі «Медициналық арахноэнтомология», адам ауруларының қоздырғыштарын және табиғи резервуарларды тасымалдайтын буынаяқтылар типінің өкілдерін зерттейді.
Келешек дәрігерлер үшін паразиттің түрін дұрыс анықтау өте маңызды, яғни дұрыс диагноз қоюға көмектеседі, өз кезегінде емдеу әдістерін анықтайды. Паразиттер адамның кез-келген мүшесін зақымдауы мүмкін, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер паразитарлық аурулармен кездеседі. Морфологиясын, даму циклін, таралуын, паразиттердің орналасуын білу келешек дәрігерлер үшін аурудың симптомдарын оқып білу, диагноз қою, емдеу және алдын-алу шараларын білу үшін қажетті, сондықтан медициналық арахноэнтомология кешенелі медико-биологиялық пәндердің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |