43.Инфузория класы.
Инфузория класы — Infusoria
Күрделі қарапайымдылар болып табылады.Дене пішіні түрліше болып келеді.Өлшемі 30-40 мкм-ден 1000-2000 мкм дейін. Қозғалу органоиды болып кірпікшелірі саналады.Кейбіреулерінің қорғаныстық қызмет атқаратын ерекше құрылымдары-трихоцисталары болады.Оларда қарапайым ауыз қуысы ,жасушалық жұтқыншақ кездеседі. Қорытылмаған ас қалдығы ерекше тесікше-қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарылады.
Инфузорияларда 2 ядро кездеседі: біреуі-үлкен макронуклеус,екіншісі-кіші микронуклеус.Макронуклеус зат алмасу,өсі т.б. вегетативтік қызметтер атқарады,ал микронуклеус-жыныстық көбеюге қатынасады.
Бұлардың көбеюі жыныссыз және жыныстық жолдармен жүреді.Жыныстық процесс конъюгация күйінде болады.Ол үшін 2 дара бір-бірімен жанасып аталық жыныс ядроларымен алмасады.Содан кейін аталық және аналық ядролар өзара қосылады,ал инфузория даралары бір-бірінен ажырасады. Бұл кластың өкілдері ішінен адам паразиті болып тек балантидий саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |