ӘК төрағасы____________________________ Мошна Н.И.
КЕЛІСІЛДІ Факультет деканы ________________ Акишев А.А. «_____»________ 200 ж.
Жжәқб құпталды
ЖжӘҚБ бастығы _________________Варакута А.Ю.«_____»______ 200 ж.
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
1.1 Пәннің мақсаты:
мәдени антропологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуының заңдылықтары жөнінде түсінік беру; студенттерде адам және оның мәдениеті жайында жан-жақты білім – мәдени антропологияның ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру; зерттеу объектісін мәдени антропология тұрғысынан қарастырудың принциптері мен әдістерін анықтау.
1.2 Пәннің міндеттері:
мәдени антропологияның жетекші өкілдерінің теориялық мұрасымен таныстыру;
отандық және шетелдік мәдени антропология теориялары бойынша құнды білімді алу;
мәдениет пен қоғамды зерттеуде мәдениеттанулық сараптау қазіргі мәдениет мәселелері мен оның дамуын ұғынуды қалыптастыру;
ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету
1.3 Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:
жетекші мәдениантропологтардың негізгі еңбектерін; оқулық материалын;
отандық және әлемдік мәдени антропологияның аралық мәселелеріне қатысты кейбір монографиялық еңбектер мен мақалаларды білуі;
ғылым ретінде мәдени антропологияның негізгі даму кезеңдерін;
мәдени антропологияның негіздерін;
мәдени антропологияның бағытын;
мәдени антропологияның алғышарттарын;
1.4 Пәнді оқыту нәтижесінде студент үйрену қажет:
- танымдық өз-өзінді қалыптастыру және дамыту,
- өзбетінше талдау және керекті әдістемені таңдау,
- берілген білімді күнделікті өмірде, кәсіби аумақты қамтитын тәжірибелік шешімдерді дәлелдеу үшін қолдану,
- мәдениет пен адамның бір-біріне әсер ету мәселелеріне қатысты өз пікіріңді дәлелдеу,
- басқа мәдениеттерге толеранты қатыста болуды тәрбиелеу,
- мәдениаралық коммуникацияда гуманисттік аспектілерді көре білуді.
2 Пререквизиттер:
- Алғашқы қоғамдық тарих; -Этнография; -Жалпы тарих; -Этнос және мәдениет; -Философия; -Әлеуметтану.
Пәннің тақырыптық
жоспары
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
|
3 Пәннің мазмұны
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
|
№ р/с
|
Тақырып атауы
|
Сағат саны
|
|
|
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
Зертх.
|
ОӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
1
|
Мәдениантропологиялық білімнің генезисі
|
1
|
2
|
|
6
|
|
2
|
Мәдени антропологияның пәндік саласы
|
1
|
2
|
|
6
|
|
3
|
Антропологиялық білімнің жүйелендірілуі
|
1
|
2
|
|
6
|
|
4
|
Әлеуметтік антропология: мәселелері және практикалық қырлары
|
1
|
2
|
|
6
|
|
5
|
Психологиялық антропология: мәселелері және практикалық қырлары
|
1
|
2
|
|
6
|
|
6
|
Экономикалық антропология: мәселелері және практикалық қырлары
|
1
|
2
|
|
6
|
|
7
|
Мәдени антропологиядағы эволюционистік бағыт
|
1
|
2
|
|
6
|
|
8
|
Тарихи антропология және оның принциптері
|
1
|
2
|
|
6
|
|
9
|
Функционализмнен структурализмге
|
1
|
2
|
|
6
|
|
10
|
Британ әлеуметтік антропологиясы
|
1
|
2
|
|
6
|
|
11
|
Орталықеуропалық мектеп
|
1
|
2
|
|
6
|
|
12
|
Фрейдизм мәдени-антропологиялық теория ретінде
|
1
|
2
|
|
6
|
|
13
|
Американдық мәдени антропологияның социометриясы
|
1
|
2
|
|
6
|
|
14
|
Интерпретативті мәдени антропология
|
1
|
2
|
|
6
|
|
15
|
Структуралық антропология
|
1
|
2
|
|
6
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
15
|
30
|
|
90
|
|
3.1.1 Теориялық курстың мазмұны
1Тақырып Мәдениантропологиялық білімнің генезисі
Халықтардың типтері мен әдеттерін суреттеудегі ежелгі дүние тарихшылары мен саяхаттанушылардың антропологиялық қызығушылығы. XVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғасыр басы ғылыми антропологияның пайда болу кезеңі ретінде. Компаративистиканың пайда болуы. Ч. Дарвиннің түрлердің эволюциясы теориясының мәдени антропологияның қалыптасуына әсері. ХІХ ғасырда этнография, этнология және антропологияның пайда болуы. ХХ ғ. мәдени антропологияның негізгі бағыттары: неоэволюциялық, символикалық, психологиялық, тарихи, когнитивті, экологиялық.
2 Тақырып Мәдени антропологияның пәндік саласы
Антропология табиғи және жасанды ортада адам күн көрісінің негізгі мәселелерін ғылыми тану құралы ретінде. Антропологиялық пәндерді жүйелендірудің варианттары. Антропологияны құрайтын пәндер: адам тарихының алғышартын зерттеуші ғылым ретінде палеонтология, адамның жер бетінде таралуын, оның жүріс-тұрысы және әдеттерін зерттейтін ғылым этнология; адамдардың арасындағы қатынастарды зерттейтін әлеуметтану, ауа райы мен ландшафтың адам мен оның мәдениетіне әсерін зерттейтін әлеуметтік география, адам популяцияларыныңқұрамы мен таралуы, адам экологиясы туралы статистикалық мәліметтер беретін ғылым демография. Антропологияның кеңейтілген түсінігі: гуманитарлық және әлеуметтік пәндерді қосу. Антрпология түсінігінің адам және оның мәдениеті туралы ғылым ретіндегі ағылшындық трактовкасы. Этнография және этнология антропологияның мәдениеттанулық саласы ретінде.
3 Тақырып Антропологиялық білімнің жүйелендірілуі
Биологиялық (жаратылыстанулық) антропология адамның ежелгі формалары және олардың эволюциясы туралы ғылым, өсу заңдылықтары және дене бітіміндегі барлық адамзатқа ортақ вариациялар туралы ілім ретінде. Әлеуметтік антропология адамның әлеуметтік жүріс-тұрысы туралы, қоғамның әр түрлі кезеңдеріндегі адам мен мәдениеттің өзара қарым-қатынасы туралы ғылым. Философиялық антропология адам болмысының құрылымы туралы ғылым ретінде. Теологиялық антропология адамның тәңірлік әлеммен қарым-қатынасы туралы түсінік ретінде. Психологиялық антропология әр түрлі мәдени ортадағы индивидтің іс-әрекеті, білімі және сезімі ғылыми білім ретінде. Когнитивті антропология әр түрлі мәдениеттердегі когнитивті категориялар туралы ғылым ретінде. "Метаантропология" мәдениет туралы ғылым (Д. Бидни).
4 Тақырып Әлеуметтік антропология: мәселелері және практикалық қырлары
Қазіргі замандық қоғам антропологиясы. Зерттеліп жатқан мәдениеттің феномендерінің танылуы және оларды антропологиялық танудың әдістері. Мәдениет болмысы мәселесі әлеуметтік антропологияның орталық мәселесі ретінде. Мәдениеттің жалпы теориясы. Әлеуметтік ұйым теориясы. Этнос пен этникалық теориясы. Күнделікті өмір антропологиясы; жанұя және туыстық антропологиясы. Өнердің экологиялық антропологиясы. Білім беру және тәрбие антропологиясы. Әлеуметтік инженерия антропологиялық білімді қолдану саласы ретінде.
5 Тақырып Психологиялық антропология: мәселелері және практикалық қырлары
Мәдени шок және мәдениаралық бейімдеу кезеңдері. Этникалық сана және өзін өзі тану. Әлемнің этникалық суреті. Этникааралық қатынастар психологиясы. Этникалық бірегейліктің дамуы мен трансформациясы. "Ұлттық сипаттағы" зерттеулер; мәдени мен психологиялық арақатынастары. Әлеуметтік контекстінің этникалық бірегейліктің қалыптасуына әсері. Этникалық стереотиптер; этникалық шиеленістерді реттестіру.
6 Тақырып Экономикалық антропология: мәселелері және практикалық қырлары
Экономикадағы антропологиялық шешімдердің формалары. Тұтыныс қоғамы және әр түрлі қоғамдардағы тұтыныс нормалары. Иррационалды әрекет механизмдері. Тұтынысты виртуалдандыру. Сыйалмасу түсінігі; рәсімдік алмасу жүйелері. Саудалық азшылық және этникалық кәсіпкерлік. Экономикалық интеграция мен жаһандасу модельдері.
7 Тақырып Мәдени антропологиядағы эволюционистік бағыт
Эволюционизм мәдени өзгерістердің теориялық моделі ретінде (Г. Спенсер, Э. Тайлор, Л. Морган). "Бейімделу" түсінігі осы ғылыми бағыттың басты теориялық концепті ретінде. Мәдениетті ғылыми сипаттаудың нысаны ретінде және заңды процесс ретінде негіздеу. Эволюционизмнің методологиялық базасы: эволюция реконструкциясы, салыстырмалы әдіс, әлеуметтік мәдени эволюция детерминанттарын жүйелендіру.
ХХ ғ. 50-жж. неоволюционизм: биология мен мәдени эволюция арасындағы сәйкестіліктерді қалыптастыру. Л. Уайт зерттеулері және олардың эволюционизмді қайта жаңғыртудағы рөлі. Эволюционистік тұжырымдардың үш типі: біртармақты, әмбебап, көптармақты. Біртармақты эволюция тұжырымы әлеуметтік мәдени жүйелерді” бірізді дамуының әмбебап кезеңдерінің бар болуы ретінде. Әмбебап эволюция тұжырымындағы даму формасын білдіретін глобальды өзгерістерді айқындау (Л. Уайт). Көптармақты эволюция теориясындағы эволюцияның жалпы заңдарын қалыптастыруға бағытталмаған әлеуметтік мәдени дамудың бірдеңгейлі жолдарының көптүрлілігі (Дж. Стюард). Экологиялық антропология немесе мәдени география (А. Вайда, Р. Раппорт) адам популяциялары мен жекелеген қауымдастықтардың табиғи ортамен байланысы туралы.
8 Тақырып Тарихи антропология және оның принциптері
Неміс мәдени-тарихи мектеп және оның методологиялық бағыттары (неокантшылдықтың бадендік мектебі, В. Дильтей). Ратцельдің үздіксіздік принципі. Мәдени орталар теориясы (Фробениус, Ф. Гребнер). Ф. Боас – американ тарихи этнологиясының негізін қалаушы (К. Уисслер, Р. Лоуи, Л. Уайт, Рут Бенедикт, А. Кребер). Этнологиялық зерттеулерде "мәдениет" түсінігін негізгі түсінік ретінде мойындау. Тарихи антропологияда методологиялық алғышарттар мен зерттеулер методикасының ерекшелігі (диффузионизм). Өзгешелікті іздеу және әр мәдениеттің ерекшелігі сол мәдениеттің өзінің дамуының нәтижесі ретінде. Мәдени динамика мен аккультурацияны түсіну. Боастың тарихи мектебіндегі дәстүрлер шектеулігінің оның шәкірттерінің тұжырымдарында кері ысырылуы. Жалпы мәдени формалар, мәдени өсу конфигурациялары – А. Кребер "паттерндері". Психоаналитикалық теорияның Р. Бенедикт тұжырымдамасындағы мәдениет типологиясына деген психологиялық бағымға әсері.
9 Тақырып Функционализмнен структурализмге
О. Редклифф-Браун. Э. Дюркгейм әсері. Андамандықтарды зерттеу объектісі ретінде таңдау. Психологизмді қабылдамау. Мәдени емес, әлеуметтік антропология. Структура компоненттер арасындағы тіршілік әркетінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйе ретінде. Тарихи және функционалды түсіндіру айырмашылығы. Салыстырмалы әдіс. Археолгияға сенімсіздік. Дін, рәсімдер және мифологияға әлеуметанулық түсіндіру. "Әлеуметтік заңдарды" қалыптастыруға талпыныс. Территориясы бойынша шалғай келетін фольклорлық-мифологиялық параллельдерге структуралистік түсіндірме.
10 Тақырып Британ әлеуметтік антропологиясы
Эдвард Эванс-Причард: Оксфорд мектебінің лидері. Судандағы зерттеулер. Қоғамды оның өткенін түсіндірусіз-ақ қанағаттанарлық дәрежеде түсіндіруге болады. Мейер Фортес – африкандық акефальдық қоғамдардың теоретигі. Реймонд Ферт (Тикопияның полинезиялықтарын зерттеуші), оның әлеуметтік құрылымдардың пайда болу тарихына қызығушылығы. Мәдени динамиканың ашылуы. Эдмунд Лич: қоғам заттардың емес, өзгермелілердің жиынтығы. Мәдени динамика норма ретінде. Лич билік жөнінде, уақыт туралы мәдени шарттылық жөнінде. Макс глакман: шиеленіс антропологиясы.
11 Тақырып Орталықеуропалық мектеп
Романтизм, эволюционизм элементерімен бірге диффузионизм, эндемиялық расизм. Гердер ілімі ұлттық рух жөнінде және неміс фольклористері мен античниктер (Маннхардт, Гримм, Кун). Мифологиядағы "метеорологиялық" және "аграрлық" интерпретациялар (Фрэзер мен орыс этнографиясына әсері). Фридрих Ратцельдің "антропогеографиясы". "Этнографиялық пәндер" және "этнографиялық туыстық". Миграция мен мәдени әсер етудің бөлінуі. Географиялық детерминизм идеялары. Дюркгеймнің жалпы неміс ғылымы және соның ішінде Ратцель жөнінде негативті пікірі. Генрих Шурцтың ерлер одағы мен жас мөлшерлік класстарды ашуы.
12 Тақырып Фрейдизм мәдени-антропологиялық теория ретінде
Зигмунд Фрейдтің психоанализі және психика жіктелуі жөнінде түсінік. Мәдениет құбылыстарын жеке және жанұялық өмір саласынан алынған психопатологиялық факторлармен түсіндіру. Эдип комплексі. Писхиканың қалыптасуында балалық кезеңнің анықтаушы рөлі. Мәдениет тыйымдар жүйесі ретінде. "Тотем және табу". Фрейд шәкірттері. Отто Ранк ана архетипі жөнінде. Карл Юнгтың "ұжымдық бейсаналылығы". Архетиптер теориясы. Альфред Адлер ("әлеуметтік қызығушылық", саналылық бейсаналылықтан маңыздырақ). Фрейдизм (Геза Рохейм, Алан Дандес) және этнографиядағы пансексуализм (Херардо Рейхель-Долматов).
13 Тақырып Американдық мәдени антропологияның социометриясы
Джулиан Стюардтың мәдени экологиясы. Уайтпен полемика. "Оңтүстік Америка индеецтері бойынша анықтама". Көпсызықты эволюция. Бетти Меггерс: Уайт шәкірті (амазондық мәдениеттің бастаулары жөніндегі дау және Джеймс Фордтың Нуклеарлық Американың мәдени бірлігін түсіндіруі). Маршал Салинз және Элман сервис. Мексика, Перу және Таяу Шығыстағы 60-80 жж. ірі археологиялық бағдарламалар. Роберт Карнейро: соғыс мемлекетті құру факторы ретінде. Ресейдегі политогенез теориялары: Маркс пен Сервис араларындағы. Салинздың "Тас ғасырынығ экономикасы" еңбегіндегі капитализмге дейінгі қоғамдардың политэкономиясы. Карл Поланья мұрасы (субстантивизм; редистрибуция және реципрокность). "Алғашқы мол өнімділік қоғамы". Қарапайым алмасу социологиясы. Қан жағынан туыстасқан бірлестіктердің рөлі. Салинздің "антикапиталистік пафосы" және оны” 1990 жылдардағы еңбектеріндегі постмодернизмге жақындауы.
14 Тақырып Интерпретативті мәдени антропология
Интерпретация этнометодологиядағы негізгі шара ретінде (Г. Гарфинкельдің "Этнометодологиядағы зерттеулері"). Мәдениет белгілер жүйесі және мәтін ретінде. Мәдениетті сараптаудың герметевтикалық принциптері. К. Гирцтің мәдени интерпретативті теориясы, оның негізіне "мәдениетті толық сипаттау" енгізілген, яғни мәдениеттің семиотикалық белгілерінің мағыналарын іздеу. Виктор Тэрнер: рәсім және оның символикасы. Ван Геннеп мұрасы. Лиминалдылық. Коммунитас және құрылым қоғамның өмір сүруінің кезектес келетін деңгейлері ретінде. Экзистенциалдық, нормативті және идеологиялық коммунитас. Түстік жүйелеу. Дағдарыстық культтер теориясы (Энтони Уоллес және Уэстон Ла Барр).
15 Тақырып Структуралық антропология
Клод Леви-Стросс. Алғашқы қауымдық адамның логикалық ойлауға дейінгі ой іліміне сын (Люсьен Леви-Брюль). Моссты алғашқы жоғары бағалау және Мосстан айырмашылық. Адам ақылының және негізгі ментальды құрылымдарының бірлігі идеясы. Бинарлы оппозициялар. Леви-Стросс еңбектерінің эстетикасы (ғылым, ойын және өнер арасындағы; ерекше тіл). Әлеуметтік құрылымдағы бинарлы және тернарлы құрылымдар. Мифтерді сараптау: оппозиция, инверсиялар, медиаторлар. Шынайы өмірді зерттеу модельдерінің сәйкестігінің орнына түземдіктердің модельдеріне сәйкестікті ұсыну. Пәндерді зерттеудің орнына қатынастарды зерттеу. Леви-Стросс миграционист ретінде. "Адам" журналы және Франциядағы Леви- Стросс эпигондары. Леви-Стросс сыны (Эдмунд Лич, Мэри Дуглас).
Постмодернистік мәдени антропология
Антропологияның семиотикалық бұтағы (Г. Гирцтің интерпретативті антропологиясы) постмодернистік мәдени антропологияның бастауы ретінде. Дәстүрлі этнология, оның негізгі қағидалары және постмодернистік мәдени антропологияға сын (деконструкция). Диалогтылық "өзге" және "өзі" модусындағы мәдени антропологиялық зерттеулердің принципі ретінде. Дискурс пен биліктің этнологиядағы жаңа бағдарлы методологиядағы қатынасы. Постмодернистік мәдени модельдегі негізгі аспектілер. Зерттеу объектісінің "полифониялылығы": мәдениет полифониясы. "Дәстүрді ойлап табу" тақырыбы және оның постмодернистік түсіндірмесі. Дәстүрлі мәдениеттегі постмодернистік жағдай. Дәстүрлі және постдәстүрлі мәдениет түсініктері. Мәдениеттегі дәстүрлі және модернистік мәселесінің қазіргі замандық аспектілері.
3.1.2 Дәрістің мазмұны
№1 Тақырып Мәдениантропологиялық білімнің генезисі
1 XVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғасыр басы ғылыми антропологияның пайда болу кезеңі ретінде
2 Ч. Дарвиннің түрлердің эволюциясы теориясының мәдени антропологияның қалыптасуына әсері
3 ХХ ғ. мәдени антропологияның негізгі бағыттары: неоэволюциялық, символикалық, психологиялық, тарихи, когнитивті, экологиялық.
№2 Тақырып Мәдени антропологияның пәндік саласы
1 Антропологиялық пәндерді жүйелендірудің варианттары
2 Антропологияның кеңейтілген түсінігі: гуманитарлық және әлеуметтік пәндерді қосу
3 Этнография және этнология антропологияның мәдениеттанулық саласы ретінде.
№3 Тақырып Антропологиялық білімнің жүйелендірілуі
1 Биологиялық (жаратылыстанулық) антропология
2 Әлеуметтік антропология
3 Философиялық антропология
№4 Тақырып Әлеуметтік антропология: мәселелері және практикалық қырлары
1 Зерттеліп жатқан мәдениеттің феномендерінің танылуы және оларды антропологиялық танудың әдістері
2 Мәдениет болмысы мәселесі әлеуметтік антропологияның орталық мәселесі ретінде
3 Этнос пен этникалық теориясы
№5 Тақырып Психологиялық антропология: мәселелері және практикалық қырлары
1 Этникалық сана және өзін өзі тану
2 Этникааралық қатынастар психологиясы.
3 Этникалық стереотиптер; этникалық шиеленістерді реттестіру.
№6 Тақырып Экономикалық антропология: мәселелері және практикалық қырлары
1 Экономикадағы антропологиялық шешімдердің формалары
2 Тұтынысты виртуалдандыру
3 Сыйалмасу түсінігі; рәсімдік алмасу жүйелері.
№7 Тақырып Мәдени антропологиядағы эволюционистік бағыт
1 Эволюционизм мәдени өзгерістердің теориялық моделі ретінде (Г. Спенсер, Э. Тайлор, Л. Морган)
2 ХХ ғ. 50-жж. неоволюционизм: биология мен мәдени эволюция арасындағы сәйкестіліктерді қалыптастыру
3 Эволюционистік тұжырымдардың үш типі: біртармақты, әмбебап, көптармақты.
№8 Тақырып Тарихи антропология және оның принциптері
1 Тарихи антропологияда методологиялық алғышарттар мен зерттеулер методикасының ерекшелігі (диффузионизм)
2 Мәдени динамика мен аккультурацияны түсіну
№9 Тақырып Функционализмнен структурализмге
1 Структура компоненттер арасындағы тіршілік әркетінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйе ретінде
2 Тарихи және функционалды түсіндіру айырмашылығы.
3 Дін, рәсімдер және мифологияға әлеуметанулық түсіндіру
№10 Тақырып Британ әлеуметтік антропологиясы
1 Эдвард Эванс-Причард: Оксфорд мектебінің лидері
2 Эдмунд Лич: қоғам заттардың емес, өзгермелілердің жиынтығы.
3 Макс Глакман: шиеленіс антропологиясы.
№11 Тақырып Орталықеуропалық мектеп
1 Мифологиядағы "метеорологиялық" және "аграрлық" интерпретациялар
2 Географиялық детерминизм идеялары
3 Генрих Шурцтың ерлер одағы мен жас мөлшерлік класстарды ашуы.
№12 Тақырып Фрейдизм мәдени-антропологиялық теория ретінде
1 Зигмунд Фрейдтің психоанализі
2 Психиканың қалыптасуында балалық кезеңнің анықтаушы рөлі
3 Фрейд шәкірттері
№13 Тақырып Американдық мәдени антропологияның социометриясы
1 Джулиан Стюардтың мәдени экологиясы
2 Көпсызықты эволюция
3 Қарапайым алмасу социологиясы.
№14 Тақырып Интерпретативті мәдени антропология
1 Интерпретация этнометодологиядағы негізгі шара ретінде
2 Виктор Тэрнер: рәсім және оның символикасы
3 Коммунитас және құрылым қоғамның өмір сүруінің кезектес келетін деңгейлері ретінде
№15 Тақырып Структуралық антропология
1 Клод Леви-Стросс ілімі
2 Адам ақылының және негізгі ментальды құрылымдарының бірлігі идеясы
3 Постмодернистік мәдени антропология
3.1.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тәжірибе сабақ №1
1 Компаративистиканың пайда болуы
2 ХІХ ғасырда этнография, этнология және антропологияның пайда болуы
Тәжірибе сабақ №2
1 Антропологияны құрайтын пәндер
2 Антрпология түсінігінің адам және оның мәдениеті туралы ғылым ретіндегі ағылшындық трактовкасы.
Тәжірибе сабақ №3
1 Теологиялық антропология
2 Психологиялық антропология
3 Когнитивті антропология
Тәжірибе сабақ №4
1 Қазіргі замандық қоғам антропологиясы
2 Мәдениеттің жалпы теориясы
3 Әлеуметтік ұйым теориясы
Тәжірибе сабақ №5
1 Мәдени шок және мәдениаралық бейімдеу кезеңдері
2 Этникалық бірегейліктің дамуы мен трансформациясы
3"Ұлттық сипаттағы" зерттеулер
Тәжірибе сабақ №6
1 Тұтыныс қоғамы және әр түрлі қоғамдардағы тұтыныс нормалары
2 Иррационалды әрекет механизмдері
Тәжірибе сабақ №7
1 "Бейімделу" түсінігі
2 Эволюционизмнің методологиялық базасы
3 Біртармақты эволюция тұжырымы
Тәжірибе сабақ №8
1 Ратцельдің үздіксіздік принципі
2 Мәдени орталар теориясы (Фробениус, Ф. Гребнер)
3 Ф. Боас – американ тарихи этнологиясының негізін қалаушы
Тәжірибе сабақ №9
1 Андамандықтарды зерттеу объектісі ретінде таңдау.
2 Психологизмді қабылдамау
3 Салыстырмалы әдіс
Тәжірибе сабақ №10
1 Мейер Фортес – африкандық акефальдық қоғамдардың теоретигі
2 Реймонд Ферттің әлеуметтік құрылымдардың пайда болу тарихына қызығушылығы.
3 Лич билік жөнінде, уақыт туралы мәдени шарттылық жөнінде.
Тәжірибе сабақ №11
1 Романтизм, эволюционизм элементерімен бірге диффузионизм, эндемиялық расизм.
2 Гердер ілімі ұлттық рух жөнінде
Тәжірибе сабақ №12
1 З.Фрейд эдип комплексі туралы
2 Карл Юнгтың "ұжымдық бейсаналылығы". Архетиптер теориясы.
Тәжірибе сабақ №13
1 Мексика, Перу және Таяу Шығыстағы 60-80 жж. ірі археологиялық бағдарламалар
2 Ресейдегі политогенез теориялары: Маркс пен Сервис араларындағы
3 Карл Поланья мұрасы (субстантивизм; редистрибуция және реципрокность)
Тәжірибе сабақ №14
1 Мәдениет белгілер жүйесі және мәтін ретінде
2 Мәдениетті сараптаудың герметевтикалық принциптері
3 Экзистенциалдық, нормативті және идеологиялық коммунитас
Тәжірибе сабақ №15
1 Дәстүрлі этнология, оның негізгі қағидалары және постмодернистік мәдени антропологияға сын (деконструкция)
2 Дискурс пен биліктің этнологиядағы жаңа бағдарлы методологиядағы қатынасы
3 Постмодернистік мәдени модельдегі негізгі аспектілер
3.1.4 Өздік жұмысын зерттеу тақырыптары
1 Тақырып Мәдениантропологиялық білімнің генезисі
1 Халықтардың типтері мен әдеттерін суреттеудегі ежелгі дүние тарихшылары мен саяхаттанушылардың антропологиялық қызығушылығы
2 ХХ ғ. мәдени антропологияның негізгі бағыттары
Ұсынылған әдебиет: [2] 5-20 б.
2 Тақырып Мәдени антропологияның пәндік саласы
1 Антропология табиғи және жасанды ортада адам күн көрісінің негізгі мәселелерін ғылыми тану құралы ретінде
2 Антропологияны құрайтын пәндер: палеонтология, этнология, әлеуметтану, география, демография
Ұсынылған әдебиет: [1] 13-35 б.
3 Тақырып Антропологиялық білімнің жүйелендірілуі
1 Адам болмысының құрылымы туралы философиялық антропология
2 Индивидтің іс-әрекеті, білімі және сезімі Психологиялық антропология ғылыми білім ретінде
3 "Метаантропология" мәдениет туралы ғылым (Д. Бидни)
Ұсынылған әдебиет: [4] 11-29 б.
4 Тақырып Әлеуметтік антропология: мәселелері және практикалық қырлары
1 Күнделікті өмір антропологиясы. Жанұя және туыстық антропологиясы
2 Өнердің экологиялық антропологиясы
3 Білім беру және тәрбие антропологиясы
Ұсынылған әдебиет: [4] 36-57 б.
5 Тақырып Психологиялық антропология: мәселелері және практикалық қырлары
1 Әлемнің этникалық суреті
2 Әлеуметтік контекстінің этникалық бірегейліктің қалыптасуына әсері
Ұсынылған әдебиет: [3] 44-69 б.
6 Тақырып Экономикалық антропология: мәселелері және практикалық қырлары
1 Саудалық азшылық және этникалық кәсіпкерлік
2 Экономикалық интеграция мен жаһандасу модельдері
Ұсынылған әдебиет: [2] 33-70 б.
7 Тақырып Мәдени антропологиядағы эволюционистік бағыт
1 Л. Уайт зерттеулері
2 Әмбебап эволюция тұжырымындағы даму формасын білдіретін глобальды өзгерістерді айқындау (Л. Уайт)
3 Экологиялық антропология немесе мәдени география (А. Вайда, Р. Раппорт)
Ұсынылған әдебиет: [5] 34-63 б.
8 Тақырып Тарихи антропология және оның принциптері
1 Этнологиялық зерттеулерде "мәдениет" түсінігі
2 Боастың тарихи мектебіндегі дәстүрлер шектеулігі
3 Жалпы мәдени формалар, мәдени өсу конфигурациялары – А. Кребер "паттерндері"
4 Р. Бенедикт тұжырымдамасындағы мәдениет типологиясы
Ұсынылған әдебиет: [9] 55-89 б.
9 Тақырып Функционализмнен структурализмге
1 Мәдени емес, әлеуметтік антропология
2"Әлеуметтік заңдарды" қалыптастыруы
3 Археолгияға сенімсіздік
Ұсынылған әдебиет: [7] 74-110 б.
10 Тақырып Британ әлеуметтік антропологиясы
1 Мәдени динамиканың ашылуы
2 Мәдени динамика норма ретінде
Ұсынылған әдебиет: [10] 69-99 б.
11 Тақырып Орталықеуропалық мектеп
1 Фридрих Ратцельдің "антропогеографиясы"
2"Этнографиялық пәндер" және "этнографиялық туыстық"
3 Миграция мен мәдени әсер етудің бөлінуі
Ұсынылған әдебиет: [11] 15-57 б.
12 Тақырып Фрейдизм мәдени-антропологиялық теория ретінде
1 Отто Ранк ана архетипі жөнінде
2 Альфред Адлер ("әлеуметтік қызығушылық", саналылық бейсаналылықтан маңыздырақ)
3 Фрейдизм (Геза Рохейм, Алан Дандес) және этнографиядағы пансексуализм (Херардо Рейхель-Долматов)
Ұсынылған әдебиет: [3] 28-115 б.
13 Тақырып Американдық мәдени антропологияның социометриясы
1 Джеймс Фордтың Нуклеарлық Американың мәдени бірлігін түсіндіруі
2 Салинздың "Тас ғасырынығ экономикасы" еңбегі
3 Роберт Карнейро: соғыс мемлекетті құру факторы ретінде
Ұсынылған әдебиет: [8] 95-206 б.
14 Тақырып Интерпретативті мәдени антропология
1 К. Гирцтің мәдени интерпретативті теориясы
2 Ван Геннеп мұрасы
3 Дағдарыстық культтер теориясы (Энтони Уоллес және Уэстон Ла Барр)
Ұсынылған әдебиет: [6] 78-132 б.
15 Тақырып Структуралық антропология
1 Постмодернистік мәдени антропология
2 Дәстүрлі мәдениеттегі постмодернистік жағдай
3 Мәдениеттегі дәстүрлі және модернистік мәселесінің қазіргі замандық аспектілері.
Ұсынылған әдебиет: [10] 113-121 б.
3.2 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
(Оқу бөлімі-күндізгі)
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағат саны
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындық
|
|
Сабаққа қатысуы
|
18 (2*9)
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындық және үй жұмысының орындалуы
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысуы
|
27 (3*9)
|
3
|
Аудиториялық сабақтарға енбейтін материялдарды оқыту
|
Конспект
|
Ауызша
|
25 (2,5*10)
|
4
|
Бақылау жұмысы мерекелеріне дайындау
|
|
МБ 1, МБ 2
|
20
|
|
Барлығы
|
|
|
90
|
Достарыңызбен бөлісу: |