Келісілді «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары» Ж. Жахметова 2018ж келісілді



жүктеу 222 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі222 Kb.
#21282

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ
«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

КЕЛІСІЛДІ

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация

холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары»
________________Ж.Жахметова

«__» __________ 2018ж



КЕЛІСІЛДІ

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры


________________ Д.Бекманов

«__» __________ 2018ж.


«Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсы бойынша семинардың



ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ӘЗІРЛЕНДІ

«Азаматтарға арналған үкімет»

Мемлекеттік корпорациясы»

КЕАҚ Басқармасының төрағасы

_____________А.Е. Оспанов

«___»________________2018 жыл


Астана – 2018

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі




Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

1.










2.










3.










«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ





Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

1.

Л.С.Жұманалиева

Цифрлық дағдыны дамыту департаментінің директоры




2.

Г.Д.Абдыгалиева

Цифрлық дағдыны дамыту департаментінің бас талдаушысы




«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ





Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

1.

А.Г.Беиспеков

Аймақтық даму департаменті директорының орынбасары




2.

А.Ж.Жұмағазина

Аймақтық даму департаментінің маманы






ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді сапалы және мерзімді атқаруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізіндегі басқарудың мемлекеттік жүйесі.

«Электрондық үкімет» халыққа, сондай-ақ бизнеске де мемлекеттік органдармен көрсетілетін әлеуметтік маңызды қызметтерді жеңілдету үшін құрылған.

«Электрондық үкімет» саласы бойынша білім алу, еліміздің әр азаматы кәсіби және күнделікті өмірде оларды пайдалануға мүмкіндік береді.




Курстың мақсаты:

Курстың мақсаты – кәсіби және күнделікті өмірде қолдану үшін халықтың барлық санатындағы тыңдаушыларға электрондық мемлекеттік қызмет алу дағдыларын оқыту.

Курстың міндеті:

Курстың міндеті:

  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» ұғымымен және қалыптасу кезеңдерімен таныстыру;

  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» веб-порталы навигацияларының қағидаларымен таныстыру;

  • тыңдаушыларды www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинетте жұмыс істеу дағдыларына, ЭЦҚ алу және қолдану дағдыларына оқыту;

  • тыңдаушыларды www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинетте тіркелу, авторлану және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» мобильдік қосымшаларына тіркеуге, авторлану және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

  • тыңдаушыларды www.еlicense.kz порталында және жеке кабинетте тіркелуге, авторлануға және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

  • тыңдаушыларды www.еgov.kz порталындағы қолжетімді электрондық мемлекеттік қызметтердің түрімен таныстыру және оларды алу тәртібіне оқыту;

  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» порталындағы мемлекеттік органдарға электрондық өтінім беру тәсілдеріне оқыту;

  • тыңдаушыларды www.еlicense.kz порталындағы қолжетімді электрондық мемлекеттік қызметтердің түрімен таныстыру және оларды алу тәртібіне оқыту.



Тыңдаушыға қойылатын талаптар:

  • дербес компьютермен, интернет браузермен, папкалармен және файлдармен жұмыс істеу дағдысының болуы;

  • смартфондармен/планшеттермен жұмыс істеу дағдысының болуы;

  • ЭЦҚ жазып алу үшін Flash тасымалдағышының болуы;

ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба құралының көмегімен құрылған және оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін, электрондық құжаттың шынайылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.




  • ұтқыр қосымшаны орнату үшін смартфонның/планшеттің болуы (міндетті емес).

Курста зерделеу нәтижесінде тыңдаушының:
білуі міндетті:

  • «электрондық үкімет» ұғымын және қалыптастырылу кезеңдерін;

  • «электрондық үкімет» веб-порталы навигацияларының қағидалары түсінігін;

  • www.pki.gov.kz порталы туралы ұғымды, ЭЦҚ алу және қолдану тәртібін;

  • www.еgov.kz порталы арқылы алуға болатын электрондық мемлекеттік қызметтің түрлерін, алу реті мен тәсілдерін;

  • «электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасы туралы түсінікті;

  • www.еlicense.kz порталы туралы түсінікті, бұл порталдағы қолжетімді электрондық мемлекеттік қызметтің түрлерін, алу реті мен тәсілдерін;

  • онлайн транзакциялар туралы ұғымды.


Білуі міндетті:

  • www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинетте жұмыс істей;

  • www.еgov.kz порталында және жеке кабинетте жұмыс істей;

  • «электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасын орнату және оны пайдалана;

  • «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелуі және авторлануы;

  • www.еlicense.kz порталында жұмыс істей;

  • электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ пайдалана;

  • біржолғы парольдардың көмегі арқылы электрондық мемлекеттік қызметтер ала;

  • ақпараттық, интерактивтік және транзакциондық электрондық мемлекеттік қызметтерді ала;

  • онлайн транзакциялар жүргізе;

  • қызметтерді онлайн алу және төлем жүргізу тарихын қарай білуі;

  • мемлекеттік органдарға электрондық өтінімдер бере.

Бағдарлама 4,5 аудиторлық сағатқа (270 минут) есептелген, соның ішінде 1 сағат 30 минут (90 минут) – дәрістерге және 3 сағаты (180 минут) – тәжірибелік жұмыстарға арналған.

Оқыту курсы бойынша өткен материалдарды бекіту ретінде тәжірибе жұмыстарын орындау көзделген (осы оқу бағдарламасына қоса берілген қосымшаларда келтірілген).

Оқыту курсының оқу материалдары таныстыру материалдарын, осы оқу бағдарламасын (жаттықтырушылар үшін), (тыңдаушылар үшін) нұсқаулық-жадынамаларды қамтиды.

Компьютер сыныбы болмауына байланысты, оқытуды ұйымның аумағында жүргізу қажет болғанда, оқыту - тәжірибелік сабақтарды орындамай, таныстыру пішімінде жүргізіледі. Мұндай семинардың ұзақтығы – 1 академиялық сағат. Бұл ретте, залда Интернет желісіне қосылу болған кезде оқыту бағдарламасын түсіндіру «электрондық үкімет» порталын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


р/с



Тақырыптар мен тараулардың атауы

Аудитттік сағаттар

ТҚ

Барлығы (мин)

Дәрістер (мин)

Тәжірибелік жұмыстар(мин)

1.

Кіріспе.

10

10

-

проектор, ДК/ноутбук

2.

ЭЦҚ алу. www.pki.gov.kz порталындағы жеке кабинет

15

15

-

проектор, ДК/ноутбук, Интернет желісіне қолжетімділікFlash тасымалдағыш, (№2 тәжірибелік жұмыс үшін)

2.1

№1 тәжірибелік жұмыс

NCALayer бағдарламалық қамтымды орнату. Заңды және жеке тұлғаларға ЭЦҚ алуға өтінім беру.

10

-

10

2.2

№2 тәжірибелік жұмыс

www.pki.gov.kz жеке кабинетінде жұмыс істеу (парольді ауыстыру, ЭЦҚ қолданыстағы кілттерін ұзарту/қайтарып алу)

20

-

20

3.

Интерактивті қызметтерді алу шарттары мен алгоритмі. Мобильді азаматтар базасы дегеніміз не (МАБ)? МАБ артықшылықтары.

20

20

-

проектор, ДК/ноутбук, Интернет желісіне қолжетімділікЭЦҚ

3.1

№3 тәжірибелік жұмыс

www.еgov.kz.порталына тіркелу және авторлану

15

-

15

3.2

№ 4 тәжірибелік жұмыс

Жеке кабинеттегі деректерді редакциялау. МАБ тіркелу.

20

-

20

4.

«Электрондық үкімет» порталының тараулары. www.еgov.kz порталында электрондық мемлекеттік және транзакциялық қызметтерді алу.

15

15

-

проектор, ДК/ноутбук, Интернет желісіне қолжетімділік ЭЦҚ

4.1

№5 тәжірибелік жұмыс

Электрондық мемлекеттік қызметті іздеу (ақпараттық)

15

-

15

4.2

№6 тәжірибелік жұмыс

Электрондық мемлекеттік қызметтіалу

25

-

25

4.3

№7 тәжірибелік жұмыс

Онлайн транзакциялар жүргізу

15

-

15

4.4

№8 тәжірибелік жұмыс

Электрондық өтінімдерді мемлекеттік органдарға ұсыну

20

-

20

5.

«Электрондық үкімет» ұтқыр қосымша

15

15

-

проектор, ДК/ноутбук, Смартфонда/планшетте Интернет желісіне қолжетімділік

5.1

№9 тәжірибелік жұмыс

Play Маркет немесе App Stor арқылы смартфон/планшеттерге «Электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасын орнату

20

-

20

6.

www.еlicense.kz порталындағы қолжетімді электрондық мемлекеттік қызметтерді алу шарттары мен алгоритмі

15

15

-

проектор, ПК/ноутбук, Интернет желісіне қолжетімділікЭЦҚ

6.1

№10 тәжірибелік жұмыс

www.еlicense.kz порталына тіркелу және авторлану

20

-

20




ЖИЫНЫ:

270

90

180






  1. Кіріспе


«Электрондық үкімет» ұғымы. «Электрондық үкімет» қалыптастырылу кезеңі. Электрондық үкіметтің egov.kz порталы – бұл мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының бірыңғай тетігі, сондай-ақ, ақпараттық технологиялардың көмегімен мемлекеттік органдардың бір-бірімен келісімін қамтамасыз етеді. Дәл осы тетік мемлекеттік органдарға кезекке тұруды қысқартуға, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және басқа да көптеген құжаттарды алуды жеңілдетуге және жылдамдатуға мүмкіндік берді. Портал - қызметті алушыларға үйде, жұмыста отырып, кез келген интернеті бар жерде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтің 400-ден астам түрін онлайн-режімде алуға мүмкіндік береді.

Қалыптастырылу кезеңдері – ақпараттық (мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі туралы ақпаратты алу), интерактивтік (интерактивтік электрондық мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі), транзакциялық (мемлекеттік баждарды және төлемдердің өзге де түрлерін төлеумен электрондық мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері) және ықпалдастырылған (композитті қызметтер мен ықпалдастырылған сервистерді іске асыру).



*таныстыру материалдары пайдаланылады



  1. ЭЦҚ алу. www.pki.gov.kz** порталындағы жеке кабинет


Заңды және жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ. Жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ алу кезеңдері. Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу кезеңдері.

www.pki.gov.kz порталындағы жек кабинетте жұмыс істеу. ЭЦҚ парольін ауыстыру. ЭЦҚ қолданыстағы кілттерін ұзарту немесе қайтарып алу.

1 тәжірибелік жұмыс. NCALayer бағдарламалық қамтымды орнату. Заңды және жеке тұлғаларға ЭЦҚ алуға өтінім (№1 қосымшаны қараңыз).

2 тәжірибелік жұмыс. www.pki.gov.kz жеке кабинетінде жұмыс істеу (парольді ауыстыру, ЭЦҚ қолданыстағы кілттерін ұзарту/қайтарып алу).

** www.pki.gov.kz порталы пайдаланылады.



  1. Интерактивті қызметтерді алу шарттары мен алгоритмі. Мобильді азаматтар базасы дегеніміз не (МАБ)? МАБ артықшылықтары ***


«Электрондық үкімет» порталында тіркелу және авторлану. Электрондық үкімет» порталына пайдаланушыны тіркеу процедураларын көрсету. Жеке және заңды тұлғаларды тіркеудің айырмашылықтары. Авторланудың түрлері.

3 тәжірибелік жұмыс www.еgov.kz.порталына тіркелу және авторлану (№3 қосымшаны қараңыз).



www.еgov.kz. порталындағы жеке кабинетте жұмыс істеу. Жеке деректерді редакциялау. Қызметтерді алу және төлеу тарихына көз жүгірту.

Мобильді азаматтар базасы туралы жалпы ұғымдар. МАБ-на тіркелудің артықшылықтары мен тәсілдері.

4 тәжірибелік жұмыс. Жеке кабинеттегі деректерді редакциялау. МАБ тіркелу (№4 қосымша).



*** www.еgov.kz порталы пайдаланылады



  1. «Электрондық үкімет» порталының тараулары. www.еgov.kz порталында электрондық мемлекеттік және транзакциялық қызметтерді алу ***


www.еgov.kz. порталының тарауларына көз жүгірту. Электрондық қызметтерді іздеу және алу. Айыппұл төлемдерін және ұялы байланыс қызметтерін онлайн режімде жүргізу.

5 тәжірибелік жұмыс.Электрондық мемлекеттік қызметті іздеу (ақпараттық) (№5 қосымшаны қараңыз).

6 тәжірибелік жұмыс.Электрондық мемлекеттік қызметті алу. (№6 қосымшаны қараңыз).

7 тәжірибелік жұмыс. Онлайн транзакцияларды жүргізу. (№7 қосымшаны қараңыз).



Мемлекеттік органға электрондық өтінім беру. Азаматтардың электрондық өтінімдері.

8 тәжірибелік жұмыс. Мемлекеттік органға электрондық өтінім беру (№8 қосымшаны қараңыз).



*** www.еgov.kz порталы пайдаланылады.



  1. «Электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасы *


Ұтқыр қосымша туралы қысқаша ақпарат. Тыңдаушының смартфонына/планшетіне «электрондық үкімет» ұтқыр қосымшаны орнату.

9 тәжірибелік жұмыс. Смартфон/планшеттерге Play Маркет немесе App Stor арқылы «Электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасын орнату (№9 қосымшаны қараңыз).



*таныстыру материалы пайдаланылады



  1. www.еlicense.kz****порталындағы қолжетімді электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың шарттары мен алгоритмі



www.еlicense.kz. порталына тіркелу және авторлану. Электрондық үкімет» порталына пайдаланушыны тіркеу процедураларын көрсету. Жеке және заңды тұлғаларды тіркеудің айырмашылықтары. Авторланудың түрлері.

10 тәжірибелік жұмыс. www.еlicense.kz порталына тіркелу және авторлану.



(№9 қосымшаны қараңыз).
**** www.еlicense.kz порталы пайдаланылады

Жаттықтырушыға арналған әдістемелік ұсынымдар
Соңғы мақсаты:

  • тыңдаушылардың «электрондық үкімет» порталына қызығушылықтарын арттыру және тіркелулері;

  • тыңдаушылардың электрондық цифрлық қолтаңба алуларына қызығушылықтарын арттыру және www.pki.gov.kz порталында жұмыс істеулері;

  • тыңдаушылардың «электрондық үкімет» порталын электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қызығушылықтарарын арттыру;

  • «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алған тыңдаушыларды тұрақты пайдалануға деген қызығушылықтарарын арттыру;

  • www.еlicense.kz порталындағы қолжетімді мемлекеттік қызметтерді өз бетінше қашықтықтан алуға деген қызығушылықтарын арттыру;

  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасын орнату және жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жаттықтырушының міндеті - тыңдаушыларға ақпаратты жеткізуде ғана емес, қызықтыру немесе қандай да бір әрекет түрінде олардан жауап алу.

Материалды мазмұндау

Материалды мазмұндау халықтың кез келген топтарына арналған қолжетімділік қағидаларына негізделуі тиіс. Материалды мазмұндаған кезде «электрондық үкімет» порталы арқылы (алудың қарапайымдылығы, оны алудың реті мен шарттары туралы ақпараттың толықтығы, уақыттың және еңбек шығынының азаюы, мемлекеттік органдарға бармай-ақ қызметтерді алудың мүмкіндіктері, электрондық қызметті алуға берілген сұранымды қадағалап отыру мүмкіндіктері және т.б.) мемлекеттік қызметтерді алудың негізгі артықшылықтарына басты екпін қою қажет.

Материалды тыңдаушыға түсіндірген кезде, оларға айтылып отырған білімдер олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, кәсіби қызметімен байланысты болатыны аса жетік тілде түсіндірілуі тиіс.

Мысалы:


  1. тыңдаушылардың бірі отбасын құрмақ ойы бар. Бұл ретте, оған «некені тіркеуге өтінім беру» деген электрондық қызмет түрін көрсеткен жөн.

  2. Тыңдаушылардың бірі жұмыс орнын ауыстыруды жоспарлап жүр. Жұмысқа орналасу үшін оған құжаттар пакетін жинау қажет, оның бірталайын ол (мекенжай анықтамасы, соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтама) «электрондық үкімет» порталында ала алады.

  3. Тыңдаушының бірі бақытты автокөліктің иеленушісі. Көлікке салықты немесе айыппұлды төлеу үшін ол «электрондық үкімет» порталының қызметін пайдалана алады.

  4. Тыңдаушылардың бірі авто немесе жылжымайтын мүліктің иеленушісі болуды жоспарлап жүр және, ол сол үшін банктен несие ресімдемекші. Қажетті құжаттардың жартысын «электрондық үкімет» порталында ала алады (жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, дербес несие есебі және т.б.);

  5. Тыңдаушылардың бірі жеке кәсіпкер ретінде тіркелгісі келеді;

  6. Медициналық мекемелердің қызметкерлері біліктіліктерін арттыру туралы куәлік алады және т.б.

Аудиториямен жұмыс

Оқытуды жүргізу аудиториямен міндетті өзара қарым-қатынас құруды болжамдайды. Сұхбаттасып тұрған адамға бағдарсыз сөйлеу монолог пішімінде болатынын ескерген жөн. Монологтық хабарлама жасау кезінде ақпараттың адам миына жетпеуі 50%-ды, ал кейбір жағдайда бастапқы ақпарат ауқымынан шыға отырып 80%-ды да құрайды.

Оқытудың «Қатысымдық» құрамдасы оқытудың барлық тарауларын қарастырған кезде міндетті түрде болуы тиіс.

мысалы: Тыңдаушылар қызметтің түрін таңдап алулары үшін, оларға қызметтің түрін көрсетуді ұсынған жөн.

Тәжірибелік жұмыстар.

Тәжірибелік жұмыстарды орындау – бірінші кезекте тыңдаушыларды «электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеуге тартуға бағытталған. Яғни, оларға объектіні меңгеру ретінде мұндай қызметті ұсынып тұрғанына сенулері тиіс.



Оқыту бағдарламасына №1 қосымша

1 Тәжірибелік жұмыс



NCALayer бағдрламалық қамтымды орнату. Жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ алуға өтінім беру
Орындау уақыты: 10 минут

Мақсаты: www.pki.gov.kz порталымен таныстыру, ЭЦҚ алу үшін өтінімді беру тәртібін зерделеу.

Орындау тәртібі:


  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарлама немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерін іске қосу -. Браузердің мекенжай жолында http://www.pki.gov.kz.теру қажет.

  2. NCALayer бағдарламалық қамтымды орнату. Порталдың бас бет парақшасында ЭЦҚ кілтін алу басу қажет, содан кейін өтінім беріліп отырған субъекті түрін таңдау керек. Келесі терезеде NCALayer БҚ жүктеу қажет және нұсқаулық бойынша орнату қажет, содан кейін Өтінім беру басу қажет.

  3. Келесі терезеде Суреттегі кодты және ЖСН/БСН енгізіңіз(субъекті түріне қарай) жолын толтыру, кейін ЖСН Тексеру қажет.

  4. Онлайн өтінімнің деректері тарауындағы міндетті жолақты толтыру: елді мекен, кілт қоймасы және кілт қоймасына келер жолды көрсетіңіз (сертификаттарды сақтайтын орынды таңдаңыз), содан кейін Өтінім беруді басыңыз.


Ескертпе: өтінімді бергеннен кейін өтінім бланкісін жүктеу және басып шығару қажет, кілтті растау үшін қажетті құжаттарды жинау қажет.

Мұны білген маңызды! NCALayer бағдарламалық қамтымы тек бір мәрте орнатылады, кейіннен ЭЦҚ және www.pki.gov.kz, www.еgov.kz, www.еlicense.kz порталдарында жұмыс істеген кезде қайта іске қосу қажет (орнатылғаннан кейін жұмыс үстелінде тұратын таңбашаны компьютердің тінтуірінің сол жақ пернесін екі рет басып, қайта іске қосу)

Оқыту бағдарламасына №2 қосымша

2 Тәжірибелік жұмыс

www.pki.gov.kz жеке кабинетінде жұмыс істеу (парольді ауыстыру, ЭЦҚ қолданыстағы кілттерін ұзарту/қайтарып алу)
Орындау уақыты: 20 минут

Мақсаты: www.pki.gov.kz жеке кабинетінде өзіндік жұмыс істеу

Орындау тәртібі:


  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарлама немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерін іске қосу. Браузердің мекенжай жолында http://www.pki.gov.kz.теру қажет.

  2. ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке кіруді жүргізу, ол үшін: www.pki.gov.kz порталының бас бетінде Жеке кабинетті табу керек, AUTH мәні бар сертификаттың көмегімен кіру керек... және ЭЦҚ алған кезде берілген парольді теру қажет.

  3. Жеке кабинеттегі ЭЦҚ менің кілттерім тарауында ЭЦҚ кілттеріне арналған парольді қалай ауыстыратынын, қолданыстағы кілттерді ұзартуды және қайтарып алуды көрсету қажет.


Оқыту бағдарламасына №3 қосымша

3 Тәжірибелік жұмыс



www.еgov.kz.порталына тіркелу және авторлану
Орындау уақыты: 15 минут

Мақсаты: «электрондық үкіметтің» порталына тіркелу тәртібін зерделеу және авторланудың түрлерімен таныстыру

Орындау тәртібі:

www.еgov.kz порталына тіркелу үшін:


  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарлама немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерін іске қосу. Браузердің мекенжай жолында www.еgov.kz.теру қажет.

  2. Порталдың оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы бетке тіркелу үшін «Тіркелу» батырмасын басу қажет.

  3. Пайдаланушы «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалану құқықтары туралы Келісімнің барлық тармақтарымен таныстырылғанын растайды және субъектінің түрін таңдайды да ЭЦҚ-мен тіркеуді басады.

  4. Ескертпелерде көрсетілген талаптарға сәйкес тіркелу үшін пароль ойлап табуы тиіс және RSA(жеке тұлғалар үшін) және GOST(заңды тұлғалар үшін) мәні бар сертификаттың көмегімен порталда тіркеледі.


Авторлану үшін:

www.еgov.kz порталына кіру үшін авторланудың төрт тәсілінің бірін таңдап алыңыз:

  1. логин/пароль (логин – пайдаланушының ЖСН, пароль – тіркелген кезде берілген пароль);

  2. ЭЦҚ (AUTH…мәні бар сертификаттың көмегімен);

  3. сим-картадағы ЭЦҚ (сим-картаға жазып алу үшін ұялы байланыс операторларына қызмет көрсету орталығына өтінім жасаңыз);

  4. біржолғы пароль (мобильді азаматтар базасына тіркелгендер үшін қолжетімді №4 тәжірибелік жұмыс).


Ескертпе: Авторланудың барлық түрі электрондық мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік бермейді. ЭЦҚ көмегімен қызметтің 400-ден астам түрін алуға, ал біржолғы парольдің көмегімен қызметтің 30-дай түрін алуға болады.


Оқыту бағдарламасына №4 қосымша

4 Тәжірибелік жұмыс



Жеке кабинетте деректерді редакциялау.МАБ-на тіркелу.
Орындау уақыты: 20 минут

Мақсаты: Жеке сипаттағы ақпараттың негізгі бөлігі сақталған жеке кабинетпен жұмыс істеу. Жеке деректерді редакциялау. МАБ-на тіркелу тәсілдері.

Орындау тәртібі:

Жеке кабинеттегі жұмыс:


  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарлама немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерлерін іске қосу. Браузердің мекенжай жолында www.еgov.kz. теру қажет.

  2. Авторлануды жүргізу: порталдың бас бетінің оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы Кіруге басу және кіру тәсілін таңдау қажет.

  3. Бас бетте Жеке кабинетті таңдау. Жеке кабинеттерде тыңдаушылар жеке деректерін, сондай-ақ қызметтерді алу тарихтарын тексерулері тиіс.


МАБ-на тіркелу тәсілдері:

  1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ХҚК ИАЖ базасы арқылы;

  2. www.еgov.kz. порталындағы жеке кабинет арқылы, ол үшін: жеке кабинетте тыңдаушының ұялы телефонының қолданыстағы нөмірін жазу қажет, код сөзін беру, содан соң ұялы телефонның нөміріне келіп түсетін сандар комбинацияларын теру және ЭЦҚ көмегімен әрекеттерді растау қажет.


Ескертпе: МАБ-на тіркелуді www.еgov.kz порталы арқылы және электрондық қызмет алуды біржолғы парольдің көмегімен көрсеткен жөн.


Оқыту бағдарламасына №5 қосымша

5 Тәжірибелік жұмыс



Электрондық қызметтерді іздеу (ақпарттық)
Орындау уақыты: 15 минут

Мақсаты: тыңдаушыны «электрондық үкімет» порталының тарауларымен таныстыру.

Орындау тәртібі:


  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарлама немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерлерін іске қосу. Браузердің мекенжай жолына www.еgov.kz. теру қажет.

  2. Тиісті электрондық мемлекеттік қызметті жылдам іздеу үшін қызмет түрінің атауын теріңіз немесе Портал бойынша іздеу жолына кіріспе сөзді енгізіңіз.

  3. Тыңдаушыларға «Электрондық үкімет» порталының Азаматтарға және Бизнеске деген негізгі санатын көрсету. Тыңдаушыларды мағыналары бойынша мемлекеттік қызметтер топтастырылған санаттардың әр тарауымен таныстыру.


Оқыту бағдарламасына №6 қосымша

6 Тәжірибелік жұмыс



Мемлекеттік қызметтерді алу
Орындау уақыты: 25 минут

Мақсаты: «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібін зерделеу.

Орындау тәртібі:


  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарлама немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерлерін іске қосу. Браузердің мекенжай жолына www.еgov.kz. теру қажет.

  2. www.еgov.kz порталына авторлану.

  3. Қызықтыратын электрондық мемлекеттік қызмет түрін таңдау. Мысалы: зейнетақы аударымдары туралы анықтама.

  4. Әлеуметтік қамтамасыз ету тарауындағы Азаматтарға санатының астынан Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу деген мемлекеттік қызметті табу.

  5. Таңдап алған қызметті басып, қызметті, оны алу нұсқаулығы сипатталған терезеге қолжеткіземіз, сондай-ақ қызметті алу жөнінде қысқаша бейнеролик көре аламыз.

  6. Қызметтерге онлайн тапсырыс беруге басыңыз.

  7. Бұдан әрі, Тапсырысты жіберу, (RSAмәні бар сертификат) Сертификатты таңдау және қол қою.

  8. Осы терезеде мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесін күту немесе жеке кабинетке өтіп, «Қызметтерді алу тарихы» тарауында оны алу.

  9. Нәтиже – сақтауға немесе басып шығаруға болатын, электрондық анықтама.


Ескертпе: мемлекеттік қызметтердің таңдауды тыңдаушыларға қалдыру қажет. Осы тәсілмен басқа тараудан мемлекеттік қызметтің 2 түрін алуды көрсету.


Оқыту бағдарламасына №7 қосымша

7 Тәжірибелік жұмыс



Онлайн транзакциялар жүргізу
Орындау уақыты: 15 минут

Мақсаты: «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн төлем жүргізу дағдыларын алу Орындау тәртібі:



  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарлама немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерлерін іске қосу. Браузердің мекенжай жолына www.еgov.kz. теру қажет.

  2. www.еgov.kz. порталына авторлану. Порталдың бас бетінде Бір тізімдегі Онлайн-қызметтерді іздеп табасыз, содан кейін Онлайн-төлемдер тарауын таңдайсыз.

  3. Ұтқыр байланыстың төлемін көрсетіңіз немесе тыңдаушының қалауы бойынша онлайн-төлемді көрсетіңіз.

Ескертпе: онлайн-төлемдерін жүргізу үшін, картаны ұстаушының ұтқыр телефон нөміріне парольмен 3D Secure растау үшін банктің «Интернет банкингі» қызметіне қосылған банктік карта қажет.

Оқыту бағдарламасына №8 қосымша

8 Тәжірибелік жұмыс



Мемлекеттік органға электрондық өтінім беру
Орындау уақыты: 20 минут

Мақсаты: «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік органға электрондық өтінім беру тәртібін зерделеу.

Орындау тәртібі:


  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарламаның немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерлерін іске қосу. Браузердің мекенжай жолына www.еgov.kz. теру қажет.

  2. www.еgov.kz порталына авторлану. Порталдың бас парағындағы «Электрондық өтінімдер» түймешегін табыңыз.

  3. Таңдап алған қызмет түріне басып, қызметтің түрі, оны алу бойынша нұсқаулық сипатталған терезеге қолжеткіземіз.

  4. «Онлайн қызметіне Тапсырыс беру» түймешегін басып, жаңа сұранымды құрыңыз.

  5. Қалқыма терезеде сервистің мақсатымен танысыңыз және «Таныстым» түймешігін басып растаңыз.

  6. Келесі терезеде барлық міндетті жиектреді толтырыңыз, қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз және RSA…(жеке тұлғалар үшін) және GOST…(заңды тұлғалар үшін) мәні бар сертификаттың көмегімен қол қойыңыз. .

  7. Көрсетілген қызметтің нәтижесі – өтінімге (хат) берілген жауап. Өтінімнің қаралу нәтижесі туралы ақпарат немесе өтінімнің мемлекеттік, орталық, жергілікті атқарушы немесе аумақтық органдарға берілгені туралы ақпарат.


Оқыту бағдарламасына №9 қосымша

9 Тәжірибелік жұмыс



смартфонға/планшетке Play Маркет немесе App Store арқылы «электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасын орнату
Орындау уақыты: 20 минут

Мақсаты: «электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасын зерделеу

Орындау уақыты:

Қосымша Android, iOS базасында смартфон/планшеттері бар, Play Маркет, App Store онлайн-магазиндеріндегі пайдаланушылар үшін қолжетімді.



  1. Егер тыңдаушыларда интернет қызметтерге қосылған смартфон/планшеттері бар болса, онлайн-магазиндер арқылы egov.kz Ұтқыр қосымшасын орнатыңыз.

  2. Пайдаланушының Келісімімен танысыңыз, пайдаланушының ұялы нөмірін көрсетіңіз және нөмірдің өзіңізге тиесілі екенін СМС кодтың көмегімен растаңыз.

  3. Ұтқыр қосымша арқылы жеке кабинетті және мемлекеттік қызмет түрін алғаныңызды (сим-картада немесе телефонда ЭЦҚ болған кезде) қарап шығыңыз.


Ескерту: мобильді телефонда USB баусым болған кезде ЭЦҚ тасымалдай алады. Сондай-ақ ұялы байланыс операторларына қызмет көрсету орталығына өтінім жасау арқылы телефонның сим-картасына ЭЦҚ жазып алуға болады.

Оқыту бағдарламасына №10 қосымша

10 Тәжірибелік жұмыс



www.еlicense.kz порталына тіркелу және авторлану
Орындау уақыты: 20 минут

Мақсаты: www.еlicense.kz. электрондық лицензиялау порталына тіркелу және авторлану тәртібін зерделеу

Орындау тәртібі:

www.еlicense.kz порталына тіркелу үшін:


  1. Жұмыс үстеліндегі Бағдарламаның немесе «Іске қосу» таңбашасы арқылы (Mozilla Firefox, Microsoft Internet Exlorer, Opera, Google Chrome) браузерлерін іске қосу. Браузердің мекенжай жолына www.еlicense.kz. теру қажет.

  2. Тіркелу үшін портал парағының оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Тіркелу» басыңыз.

  3. Пайдаланушы электрондық почтасының мекенжайын көрсетуі, пароль ойлап табуы және ойлап табылған парольді растауы тиіс.

  4. Пайдаланушы Келісімнің талаптарымен танысқанын растайды және «Сертификатты таңдау» басады.

  5. RSA…(жеке тұлғалар үшін) және GOST…(заңды тұлғалар үшін) мәні бар қол қоюға арналған сертификатты таңдауы тиіс.


Авторлану үшін:

Кіру үшін www.еlicense.kz. порталының бас парағындағы оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Кіру» басыңыз. Порталға кірудің 2 түрі бар:



  1. Әдеттегі кіру (пайдаланушының ЖСН/БСН, тіркелген кезде берілген пароль);

  2. ЭЦҚ бойынша кіру (RSA…мәні бар сертификаттың көмегімен кіру).


Ескертпе: электрондық лицензиялау порталында авторлану, сондай-ақ қол қою үшін де RSA мәні бар тек бір сертификат қолданылатынын хабарлау қажет

Әдебиет

Негізгілері:



  1. 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының №88-V Заңы.

  2. 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының №418-V Заңы.

  3. 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының №370 Заңы.

  4. http://adilet.zan.kz Қазақстан Республикасының «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бекітілген стандарттары.

Қосымша:



  1. «Электрондық үкімет» порталындағы оқытатын бейнероликтер.

жүктеу 222 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау