9
басқармашылық, ұйымдастыру-әдістемелік және басқа) дене шынықтыру-спорттық
тәжірибесінің аспектілері бар.
Экзамен билетінің құрамында бар:
Жүйелері бойынша екі дисциплинаның теориялық проблемалары;
Дене шынықтыру мен дене тәрбиесі,спорттық жаттығу жүйесіндегі оқыту
теориялары мен технологиялары бойынша сұрақтар;
· дене тәрбиесі мен спорт физиологиясы бойнша сұрақтар: жаттығушылар организмінің
функционалдық жағдайын бақылау,реттеу,диагностика, қозғалыс дағдыларының, физикалық
қабілеттер дамуының құрастырылу механизмдері мен физиологиялық негіздері.
Жауап
ғылыми дәлелденген, ДШжС теориясы мен тәжірибесінің сәйкес
заңдылықтарына сүйенген,логикалық байланысқан, аргументтелген болуы керек,
қабылданған түсінік аппаратын ескере отырып шығарылуы керек.
П. 6М010800 -«Дене тәрбиесі және спорт » мамандығы бойынша қабылдау
экзаменінің құрылысы 2 дисциплинадан тұрады:
1.«Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі».
2.«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясы».
10
Кіріспе
Қабылдау экзаменінің бағдарламасы 2 оқу дисциплинасының мазмұнына негізделген
және құрамында дисциплиналар бойынша келесі бөлімдер бар:
«Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі»
I Бөлім Дене тәрбиесі және спорт теориясының жалпы негіздері
II Бөлім Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері
III Бөлім Дене тәрбиесінің жастық негіздері.
IV Бөлім Білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесінің негіздері.
«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясы»
I Бөлім Дене тәрбиесі мен спорт түрлеріндегі адаптация мен резервтердің ролі және
физиологиялық негіздер.
II Бөлім.Спорттық жұмыс кезіндегі организмнің функционалдық жағдайының
физиологиялық сипаттамасы.
III Бөлім. Физикалық жаттығулардың физиологиялық классификациясы мен
сипаттамасы.
IV Бөлім. Физикалық (қозғалыстық) сипаттардың даму механизмі мен физиологиялық
негіздері Күш. Шапшаңдық. Ептілік. Икемділік.
V Бөлім. Орташа таулы, жоғары температура мен ауа ылғалдылығы, төмен температура
мен белдеу-климаттық ауысулар жағдайларындағы спорттық қабілеттіліктің физиологиялық
негіздері.
VI Бөлім. Қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың физиологиялық механизмдері.
VII Бөлім. Спорттық жаттығу және шыныққандылықты дамыту.
VIII Бөлім. Спорттың циклдық түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. IХ Бөлім.
Жекпе-жектердің физиологиялық сипаттамасы.
Х Бөлім. Спорттық ойндардың физиологиялық сипаттамасы.
ХI Бөлім. Гимнастиканың (спорттық және шығармашылық гимнастиканың,
акробатиканың, аэробиканың, фитнестің) физиологиялық сипаттамасы.
11
Бағдарлама мазмұны
«Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі»
Кіріспе.
Дисциплина «Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі»: мақсат,
тапсырмалар, объект, пән, курсты оқыту әдістері, салалар және басқа ғылымдармен
байланыс.
1 Бөлім. Дене тәрбиесі және спорт теориясының жалпы негіздері.
1 Тақырып. Дене тәрбиесі және спорт теориясына кіріспе.
Дене тәрбиесі және дене шынықтыру туралы ғылыми білімдер жүйесіндегі жалы
теорияның қалыптасу тенденциялары. Ғылыми дисциплина ретінде дене тәрбиесінің
теориясы. Дене тәрбиесінің мақсаты, теория пәні және әдістемелері.
Дене тәрбиесі теориясының негізгі түсініктер жүйесі.
Дене тәрбиесі. Тұлғаның дене тәрбиесі. Тұлғаның дене тәрбиесінің негізгі
компоненттері.
Дене тәрбиесі тәрбиенің ажырамас бөлігі ретінде, тұлға мен қоғамның дене тәрбиесін
бағытты қолдануының негізгі каналы. Дене тәрбиесі педагогикалық процесс ретінде.
Мақсат,тапсырмалар, дене тәрбиесінің негізгі жақтары мен оның компоненттері. Физикалық
дайындық және физикалық шыныққандылық. Жалпы дене тәрбиелік білім беру.
Физикалық даму табиғи процесс ретінде. Физикалық дамуға әсер ететін факторлар.
Физикалық дамудың біркелкі еместігі.Дене тәрбиесі процессінде физикалық дамуды басқару
мүмкіндігі. Физикалық дамудың көрсеткіштері.
Физикалық шыңдалу. Физикалық шыңдалған тұлға туралы елестету эволюциясы.
Физикалық шыңдалу және оның критерийлері: дамудың жан-жақтылығы, формалар мен
функциялар гармониясы, жандық және физикалық және т.б.үйлесімділік.
2 Тақырып. Дене тәрбиесі мен спорт теориясындағы зерттеу әдістері
Методология және тану әдістері. Дене тәрбиесі теориясындағы диалектико-
материалистикалық әдіс: теориялық жағдайлар,заңдар, категориялар.
Танудың жалпылогикалық әдістері: анализ және синтез, абстракциялау, жалпылау,
аналогия, индукция мен дедукция, модельдеу.
Теориялық білімді құрастыру әдістері: ойша эксперимент, идеализация және
формализация, аксиоматикалық әдіс, абстрактіліктен нақтылыққа ауысу (гипотетико–
дедукциялық әдіс), тарихи және логикалық әдістер.
Эмпирикалық білімді құрастыру әдістері: бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент.
Жеке әдістер: әдебиетті оқу, сұрастыру әдістері, тестілеу, динамометрия, хронометрия,
педагогикалық эксперимент және басқа көршілес ғылымдардың әдістері.
3 Тақырып. Дене тәрбиесі мен спортты қолданудың функциялары,формалары
және бағыттары.
Дене тәрбиесінің функциялары. Жалпытәрбиелік функциялар (эстетикалық,
нормативтік, ақпараттық, коммуникативтік, тәрбиелік, әлеуметтік). Дене тәрбиесінің
специфические функциялары (білім беру, қолданбалы, спорттық, рекреативтік, сауықтыру-
реабилитациялық және т.б.)
Дене тәрбиесінің формалары. Базалық дене тәрбиесі, спорт,кәсіби-қолданбалы дене
тәрбиесі , фондық дене тәрбиесі, сауықтыру-реабилитациялық дене тәрбиесі.
Базалық дене тәрбиесі және оның түрлері. Мектептік дене тәрбиесі және дене
тәрбиесінің ұзартылған түрлері.
Спорт. Жарыс түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты спорттың сипаттамасы.
Спорттың дамуына әсер ететін факторлар. Базалық (массалық) спорт және жоғары нәтижелер
спорты. Олардың негізгі сипаттамалары: спорттық нәтижелер деңгейі, массалық, дайындық
шарттары және басқа.