Мазмұны Түсініктеме хат кіріспе



Pdf просмотр
бет7/14
Дата19.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

16 

 

психологиялық,  физиологиялық  және  биомеханикалық  факторлар.  Иілгіштікті  дамытуға 



бағытталған қолайлы жас кезеңдері.  

Иілгіштікті  дамытуға  бағытталған  әдістемелер.  Иілгіштікті  дамытуға  бағытталған 

тапсырмаларды қою ерекшеліктері. Иілгіштікті дамытуға бағытталған құралдар. Иілгіштікті 

дамытуға  бағытталған  әдісті  физикалық  тәрбиелеуде  қолдану  ерекшеліктері.  Иілгіштікті 

дамытуға  бағытталған  тиімділікті  арттыруға  арналған  әдістемелік  тәсілдер.  Иілгіштікті 

дамытуға  бағытталған  ауырлықты  нормалау.  Жаттығу  жүйесі  және  жеке  жаттығу  кезіндегі 

иілгіштік жаттығу орны. Иілгіштік дамуының деңгейін бақылау. 

8 тақырып. Физикалық тәрбиелеу процессіндегі дене бітіммен келбетті қалыптастыру. 

Дұрыс  келбет  сипаттамасы.  Физикалық  жетілудің  компаненті  ретінде  дұрыс  сымбат 

мәні.  Келбетке  әсер  ететін  факторлар.  Келбеттің  бұзылуы.  Келбетті  физикалық  тәрбиелеу 

құралдарымен  бұзу  профилактикасы.  Дұрыс  келбетті  қалыптастыру  тапсырмалары, 

құралдары және әдістемелері. Келбеттің бұзылуын түзету әдістемесінің негізі. 

Көпжылдық  физикалық  тәрбиелеу  процессінде  жаттығу  жүйесіндегі  және  жеке 

жаттығу кезіндегі сымбаттылық жаттығуының орны. 

Физикалық  тәрбиелеудегі  дене  массасын  реттеу  тапсырмалары.  Дененің  массасын 

анықтайтын  факторлар.  Беттің,  дененің  қалыпты  критерийлері  мен  оны  бақылау  амалдары. 

Дене массасын реттеу әдістемесінің негіздері. 



                     

9 тақырыпФизикалық тәрбиелеудегі тапсырмаларды құру формалары. 

Физикалық 

тәрбиелеудегі 

физикалық 

жаттығумен 

дайындалу 

формалары. 

Дайындалудың құрамы мен құрылымы.  

Жұмысқа қабілеттілік динамикасы – дайындық құрылымын анықтайтын негізгі фактор. 

Дайындалудың  негізгі  бөлшектері  және  олардың  өзара  байланысы.  Әр-түрлі  факторларға 

тәуелді  мазмұнмен  дайындалу  құрылымына  тәуелділігі  (дайындық  тапсырмалары, 

дайындалушының  дайындығы,  дайындалу  процессіндегі  дайындалушының  жұмыс 

қабілетінің өзгеруі, метеорологиялық жағдай, материалдық жағдай және т.б.). 

Дайындықтың  белгіленген  формалары.  Дайындықтың  белгіліенген  формаларының 

ерекшеленген  шегі.  Шешілетін  тапсырмаларға  байланысты  дайындықтың  белгіленген 

формасының типтері.  

Дайындықты  өткізу  әдістемесінің  жалпы  негіздері.  Дайындықтың  басталуын 

ұйымдастыру.  Сабақтағы  жұмысты  (фронталды,  топтық,  жеке)  ұйымдастыру  әдістері. 

Қосымша  жаттығулар  әдісі.  Мұғалімнің  дайындыққа  орын  таңдауы.  Командаларды, 

бұйрықтарды және нұсқауларды қолдану. Дене шынықтыру сабағындағы оқушылардың оқу 

қабілетін  белсендіру  амалдары.  Дене  шынықтыру  сабағында  физикалық  ауырлықты 

нормалау.  Дене  шынықтыру  бойынша  оқу  процессін  жекелендіру.  Оқудың  дайындалу 

бөлімін  құру  және  өткізу  әдістемесінің  негіздері.  Дайындықтың  негізгі  бөлімін  құру  және 

өткізу  әдістемесінің  негіздері.  Дайындықтың  қорытынды  бөлімін  құру  және  өткізу 

әдістемесінің негізі.  

Мұғалімнің сабаққа алдын-ала және тікелей дайындығына қойылатын негізгі талаптар. 

Мерзімді типтегі дайындықты өткізудің сапалық критерииі.  

Дайындықтың  мезгілсіз  формалары.  Мезгілсіз  типті  дайындықтардың  ерекшеленетін 

белгілері.  Мезгілсіз  типті  дайындықтың  шағын  формалары:  таңғы  гигиеналық  жаттығу, 

кіріспе гимнастика, дене шынықтырудағы үзіліс. Шағын дайындық формаларының әдеттегі 

белгілері. 

Дайындықтың  мезгілсіз  типті  ірі  формалары:  өз  бетімен  дайындалу  сабақтары  (жеке 

немесе  топтық),  дайындықтың  дене  шынықтыру-рекреативтік  формалары,  дайындықтың 

жарыс түріндегі формалары.  

Физикалық  тәрбиелеудегі  дайындықтың  мезгілсіз  форма  орны.  Өзіндік  және 

ұйымдастырылған  дайындықтың  беймезгіл  формасының  сипаттамасы  мен  әдістемелік 

ерекшеліктері  (жекелей,  топтық  және  массалық).  Дамытушы,  сауықтырушы  және  қалпына 

келтіруші физикалық жаттығулардың ерекшеліктері 




17 

 

10 тақырып. Физикалық тәрбиені жоспарлау және бақылау

Жоспарлау  педагогтың  тәжірибелік  әрекеті  секілді.  Физикалық  тәрбиелеу  процессін 

шартты  түрде  тиімді  жоспарлау  факторлары  (мақсатты  дайындалушының  ерекшелігі, 

жоспарды жүзеге асыру шарттары, уақыт бюджеті және т.б). 

Жоспарлау  түрлері:  жедел,  ағымдық  (этаптық),  циклдық  және  перспективті. 

Жоспарлауға қойылатын талаптар: мақсатты түрде бағыттау (нақты мақсатты жүзеге асыру), 

жүйелілік,  перспективтілік,  ғылыми  дәлелдеу,  ақиқат,  дәлдік,  нақтылық,  жоспардың 

келісімділігі, форма мазмұны мен әдістердің әр-түрлілігі, оқушылардың қызығушылығымен 

талаптарын жүзеге асыруалдыңғы жұмыс пен қорытынды нәтижелерін есепке алу және т.б. 

Жоспарлау  технологиясы:  ақпараттарды  алдын-ала  жинақтау,  тапсырмаларды  бекіту  және 

соңғы  нәтижелерді  анықтау,  жоспарды  өңдеу  кезіндегі  операцияның  кезектілігі,  ауырлық 

динамикасын нормалау, жоспарлау құжатын рәсімдеу.  

 Жоспарлау  құжатын  рәсімдеу  түрлері:  тексттік,  графикалық,  желілік.  Жоспарлар 

мазмұны мен формалар нұсқаулығы.  

Физикалық  тәрбиелеудегі  педогогикалық  бақылаудың  мәні.  Дайындық  әсерін 

басқарудағы  бақылаудың  мәні.  Педогогикалық  бақылау  түрлері:  алдын-ала,  ағымдық, 

этапты,  қорытынды  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау.  Педогогикалық  бақылаудың  мазмұны 

(білімді бақылау, физикалық жаттығуларды орындау техникасы және қызмет ету қабілетінің 

тиімділігі,  қозғалыс  қабілетін  дамыту  деңгейі).  Жетістікке  жету  деңгейі,  баға  шкаласымен 

критериилері.  Тестке  қойылатын  талаптар.  Мектеп  тәжірибесіндегі  қолданылатын  тесттер 

және тестілеу әдістемелері. Оқушының физикалық жағдайын бағалаудың кешенді жүйесі.  

Жедел бақылау, сабақтағы жедел бақылау көрсеткіштері (обьективті және субьективті). 

Ағымдағы  бақылау,  ағымдағы  бақылау  көрсеткіштері.  Этапты  бақылау,  этапты  бақылау 

көрсеткіштері. Нәтижелер талдауы. Қорытынды бақылау. 

Өзін-өзі  бақылау  және  оның  көрсеткіштері.  Өзін-өзі  бақылау  күнделігі.  Күнделікті 

жүргізу  әдістемесі,  өзін-өзі  бақылау  нәтижелерінің  талдауы.  Педогогикалық,  дәрігерлік 

бақылау және өзін-өзі бақылау бірлігі.  

           

3 Бөлім. Дене тәрбиесінің жастық негіздері. 

 

1  Тақырып  .  Дене  тәрбиесі  көпжылдық  процесс  ретінде  және  оның  жастық 

дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі ерекшеліктері.  

Өмірдің  әртүрлі  кезеңдеріндегі  адамның  дене  тәрбиесінің  ерекшеліктерін  анықтайтын 

әлеуметтік-биологиялық  факторлар.  Жастық  дамудың  негізгі  фазалары  мен  кезеңдері. 

Қазақстан  Республикасы  халқының  жастық  құрылысы  және  оның  дене  тәрбиесінің 

мемлекеттік  жүйесінде  көрінуі.  Дене  тәрбиесі  (дене  шынықтыру  білімі)  балалар  мен 

жастардың  үдемелі  даму  фазасындағы  дене  тәрбиесінің  бағытты  қолданылуының  негізгі 

формасы ретінде.          

 

 



2 Тақырып.Ерте жастағы балалардың дене тәрбиесі. 

Ерте  жастағы  дене  тәрбиесінің  мағынасы.  Ерте  жастағы  балалардың  дене  тәрбиесін 

қамтамасыз етудегі отбасының ролі. Дене тәрбиесі тапсырмаларын орнатудың спецификасы. 

Ерте  жастағы  балалармен  дене  тәрбиесі  сабақтарының  мазмұны  мен  әдістемесі.  Дене 

тәрбиесінің  бағытты  қолданылуының  формалары.  Жаңа  туылған,емшектегі  балалар  және 

ерте  жастағы  балалармен  дене  тәрбиесі  сабақтарын  және  қозғалыстың  активтілік  режимін 

ұйымдастыруға әдістемелік талаптар.     

  

3 Тақырып.Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  дене  тәрбиесі.  бала  бақша  жағдайында  

балалардың  дене  тәрбиесі  бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыру,.  Тапсырмалар  және 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау