Мазмұны кіріспе тарау. Туризи – табиғатты тану 7



жүктеу 1,01 Mb.
бет1/2
Дата01.01.2018
өлшемі1,01 Mb.
#6856
  1   2



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3

1 ТАРАУ. ТУРИЗИ – ТАБИҒАТТЫ ТАНУ 7

1.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам 7

өміріндегі маңызы 7

1.2. Туристік жарыстың оқушылардың экологиялық білімін 13

тереңдетудегі рөлі 13

2 ТАРАУ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫ, ЖАҢАЖОЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ; ӨТКІЗІЛГЕН ТУРИСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАРЫС 15

2.1. Жаңажол орта мектебінде саяхат - жарыс өткізуді 15

ұйымдастыру шаралары 15

2.2."Табиғат - ортақ үйіміз" атты туристік жарыс 18

бағдарламасы 18

2.3."Табиғат - ортақ үйіміз" атты тақырыбында өткізілген 31

туристік - экологиялық жарыс 31

2.4. Жас табиғатшылар үйірмесі 44



3 ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 52

3.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми- 52

педагогикалық негіздері 52

3.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан 61

тыс орындалатын жұмыстар 61

ҚОРЫТЫНДЫ 63



ПАЙДАНЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 65



КІРІСПЕ

Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білімберудің ғылыми негіздері талқыланды.

Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам -табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.

Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бұлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.

Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы экологиялық проблемалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема - оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру.

Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Осы бағытта оқу үрдісінде халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалану, дәстүрлі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының экологиялық білмдерін көтеру, экологиялық ойларын дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, жалпы адамзаттық экологиялық рухани құндылықтарды игеріп, түсінуге жас өспірімдердің көздерін жеткізу - қазіргі кезеңдегі мұғалімдердің міндеті.

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз - оның тек қана дене бітімі жағынан өсіп жетіліуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабіліеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлей, сүйеді. Осы бағыта жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру үшін қалаулары бойынша экологиялы және ұлт болашағы, сана-сезім экологиясы, тіл экологиясы, өлкетану, туризм, топырақ, жер қыртысы экологиясы, химия-экология, биология-экология т.с.с. Арнайы пәндер енгізілуіне басты назар аударуылуда.

Оқушыларды экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.

Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мен мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Оқушылардың теория жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқолық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға, еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне, мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.

Диплом жұмысының тағы бір негізгі мақсаты оқушыларды туризмге, яғни табиғатқа саяхат жасауға бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлемін бақылап,

төңіректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп, қолмен ұстап, табиғатты қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта өткізілетін сабақ - туристік жарыстың әдістемесін иновациялық әдістемелелерін жаңартып мақсаты мен мазмұнын тереңдету.



Жұмыстың мақсаты:

Туристік жарыс бағадарламасы бойыншач әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру. Жарыс барысында қоршаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу, оқушылар арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік сезімдерін ұштау. Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер орындалады:

1.Әдебиеттерге ізденіс, шолу, талдау жасап тақырыпқа байланысты мәліметтер жинау;

2."Табиғат - ортақ үйіміз" атты туристік жарыс бағдарламасын жасау;

3.Осы бағдарламаны жарыс өтетін мектеп басшыларына таныстырып, олардан рұқсат алу;

4. Жарысқа қатысатын оқушыларды іріктеп алу;

5. Туристік жарыс өткізілетін жерді таңдап алу;

6. Оқушыларды жарысқа апару үшін олармен алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу;

Туристік жарыс өткізу;

1 ТАРАУ. ТУРИЗИ – ТАБИҒАТТЫ ТАНУ

1.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам

өміріндегі маңызы

Туризм біздің елімізде қазіргі кезде өте қарқынмен дамып келеді. Ғалымдардың айтуынша туризмге деген қызығушылық бұдан әрі дами береді. Көпшілік адамдар үшін туризм туған өлкені және шөт мемлекеттерді тану құрамы ғана емес, сонымен бірге ол дене шынықтыру мәдениетінің негізгі, құраушы бөлімі болып табылады.

Қазақстан туризмнің дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосатын мемлекет. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның жер бедері, климаты, географиялық белдеудің көптүрлілігі көз тартады. Осының барлығы туристерге демалыс түрлерін (теңізге шомылу, шаңғымен сырғанау, тауға жорықтар) таңдауына мүмкіндік береді.

Қазақстан территориясында көптеген ежелгі мәдени ескерткіштер, архитектуралық және тарихи ескерткіштер, қазіргі салынған Медеу мұз айдыны, Екібастұз энергетикалық кешені, Айша-бибі мавзолейі бар. Адам қолынан туындаған осы ғажайып туындылар біздің мемлекетке келушілерді өзінің қайталанбастығымен таң қалдырады.

Атақты орыс жазушысы А.М.Горький отан тануды туризмнің рекреациялық түріне жатқызды. Біз үшін, Қазақстан халықтары үшін ең бастысы - Отанды танып білу, оның тарихымен таныс болу, оның әсемдігін құдіретін, байлығын танып білу. Туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсияларсыз еліміздің ұлылығы мен әсемдігін көріп білу, түсіну мүмкін емес.

Туризм - демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз - қоғамның игілігі болып табылады. /10/Оны өзің үшін және қоғам үшін ұқыпты пайдалану керек. Автомобильдің гуілі, магнитофон, гитараның шуылы адамның көңіл күйіне зиян әсер етеді. Австриялық оқымыстылардың айтуынша, шуылдар адам өмірін 8-12 жылға қысқартады екен. Осы шуылдардан құтылу үшін барлық кезде уақыт жете бермейді. Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша ұйқыға, тамақ ішуге жұмсалғаннан басқа жылына 300 сағат бос уақытымыз бар екен. Ал біз 1 жылда 58 сағатты ғана табиғатты тамашалауға жұмсаймыз. Оп бір күнге шаққанда 4-ақ минутты құрайды екен. Дәрігерлер туризммен айналысатын адамдардың 1,5 есе аз ауыратынын мақұлдап отыр.

Аристотельдің айтуынша, әрекетсіздіктен сорақы ешнәрсе жоқ. Осыдан жүз жыл бұрын әр адам дене жұмысының 90 пайызын өзі атқарған. Ал техниканың дамуына байланысты бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Осы орайда XVIII ғасырда өмір сүргөн француз дәрігері Тиссоның сөздері еріксіз еске түседі:

Қозғалыс кез-келген дәрі-дәрмектің әсерін алмастыра алады, ал барлық дәрі-дәрмек қозғалыстың орнын басуға дәрменсіз. Демалыс еңбек тәрізді белсенді болуы керек. Ал қазіргі туризм осыған сәйкес келеді.

Туризмнің өзі - қозғалыс. Ол барлық адам орындай алатын жүктеме береді. Әр адам өзіне қаншалықты жүктеме қажет екенін өзі мөлшерлеу керек немесе дәрігердің көмегімен анықтау керек.

Туризмнің бұдан басқа танымдық қызметі бар. Туризм адамның ішкі жан дүниесін байытады, мінез-құлқын тәрбиелеуге әсерін тигізеді.

Туризм - француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.

Туризм - адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет пен өнердің дамуына жол береді.

Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады, яғни туризмнің ұлттық мәнділі, қанғаттандырылуы туристік саяхатқа пайдаланатын негізгі қозғалыс құралдары; сяхаттың ұзақтығы, топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының негізгі принциптері және т.б.

Туризм келесі түрлерге бөлінеді:

1 Рекреациялық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы ерекшеленеді. Мысалы, реакреациялық туризм құрамында төмендегі бағдарламалар болуы керек:

А) көріп тамашалау, көңіл көтеру (театр және кино, жәрмеңке, қала күндері, фестивальдар және т.б.);

Ә) қызығушылық іс-әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка және т.б.);

Б) "этникалық" және тұрмыстық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);

Г) туристік- сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.);



2. Діни туризм.

Туризмнің бұл түрі әртүрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделгөн. Діни туризм екіге бөлінеді:

А) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару; ғ,

Б) әулие жерлерге бару;



3. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатынада келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.

4.Конгресті туризм.

Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақстындағы туристік сапарлар қатысуға /12/ байланысты ұйымдастырылады.

Туризмнің осы түрінің интенсивті дамуы толығымен халықаралық іскерлік және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға әкөледі.

5. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм.

Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне негізделген.

6. Өз бетінше ұйымдастырылған туризм.

Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтармен және бірлестіктермен бірге отырып ұйымдастырады.



7. Іскерлік мақсаттағы туризм.

Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.

8.Танымдық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға алынған табиғи аймақтарға баруды ұсынады.

9. Спорттық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты: активті және пассивті түрге бөлінеді.

Активті спорт туризміне спорттық белгілі түрімөн айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге - белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.

10. Емдеу медицина туризмі.

Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Емдеу туризмі адам организміне табиғи құралдармен әсер ету арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы, климат арқылы емдеу, теңіз арқылы, батпақ арқылы, жеміс- жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б.

Қозғалыс құралдарына байланысты туризм келөсі түрлкрге бөлінеді.

1. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.



2. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі ХІХ-ғасырдың 40 жылдарынан /15/ бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестік те болып тұрады.

3. Әуе жолы туризмі.Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы, 1960 -1980 жылға дөйіннің өзінде туризмде қолданылатын әуе жолы транспортының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.

4. Теплоход туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға тоқтауы және тоқтамауы да мүмкін.

Өзен бағыттары - өзен пароходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурсиялық серуендер жатады.

Круизді және туристік - экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.

Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде.

5. Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік- экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін, яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және "денсаулық автобусы" деп аталатын - серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус).

6. Велосипед туризмі.Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады.



7. Жаяу туризм Туризмнің бұл түрі ішкі туризмде кеңінен таралған.

Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді, саяхаттау ұзақтығына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді. Топ құрамы бойынша: /8/

1. Жаппай туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);

2. Жеке туризм. Туризмнің көбінесе іскерлік, ғылыми және сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі. Соңғы кезде жеке туризм туыстық байланыста, шақырулар бойынша баруда кеңінен таралуда.

3. Жанұялық туризм, Туристердің жанұя мүшелерімен бірге саяхаттауы. Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары туристік фирмалардың балалармен саяхаттайтын тұлғаларға ұсынатын жеңілдіктері есебінен дамуда.

4. Жастар (студенттік) туризмі.

5. Балалар туризмі. Жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әртүрлі елдер арасындағы туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда. Балалар және жастар саяхатына туристік қызмет көрсету бағаларына біршама жеңілдіктер бар.

1.2. Туристік жарыстың оқушылардың экологиялық білімін

тереңдетудегі рөлі

Сабақта берілетін білім мазмұны мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғылыми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырлыған сыныптан тыс кешенді жұмыстарда қосымша жаңа мазмұндағы материалдарды кең қолдануға болады. Оқушылардың экологиялық біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар. Оқушылардың танымдылық белсенділіктерін аттырады, табиғатқа жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.

Мен өз жұмысымда оқушыларға экологиялық білім берудегі орындалатын сыныптан тыс жұмыстарға туристік жарысты жатқыздым. Туристік жарыс - ол оқушыларды табиғатқа саяхат жасату барысында екі топқа бөліп жарыстыру. Жарыс ұйымдастыру үшін нақты жоспар құрылады. Жоспарға мыналар кіреді:

• Әдебиеттерге ізденіс жасап, көректі мәліметтерді іріктеп алу.

• Туристік жарысқа ат қойып оның бағдарламасын жасау.

• Жарысқа қатысатын оқушыларды іріктеп алу.

• Жарыс өтілетін жерімен танысып, картасын жасау.

• Оқушыларды жарысқа апару үшін олармен алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу.

• Туристік жарыс өткізу.

Табиғат жайындағы ұғымдарды тек оқулықтағы тақырыпты ауызша оқыту арқылы жоғары нәтижеге жете алмаймыз. /11/ Ол үшін пәндегі оқылатын әрбір тақырып оқушылардың жарыс кезінде өзін қоршаған табиғатта байқағандарымен, өмір тәжірибелерімен, табиғи материалдарды қолға ұстап көріп, иісін сезіп, даусын естіп оларды қорғау арқылы табиғатқа жауапкершілік сезімімен ұштастыруға мүмкіндік туады. Табиғатқа саяхатқа шығып жарысу арқылы осы нәтижелерге қол жеткізуге болады.



2 ТАРАУ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫ, ЖАҢАЖОЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ; ӨТКІЗІЛГЕН ТУРИСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАРЫС

2.1. Жаңажол орта мектебінде саяхат - жарыс өткізуді

ұйымдастыру шаралары

Туристік жарыстың аты "Табиғат - ортақ үйіміз". Жарыс мына бағдарлама бойынша өткізіледі.



І.пункт. Таныстыру.

Топ атын, ұранын айту.



II- пункт. Арқа қоржын жинау.

Шашылып жатқан заттарды арқа қоржынға ретімен, ұқыппен жинау.



III - пункт. Картография. Топографиялық шартты белгілерді көрсету.

VІ -пункт. Метеорология

Ауа райын білдіретін шартты белгілерді көрсету. Халық болжамдарынан мысалдар келтіру, сөзөрім шешу.



V -пункт. Ботаника.

өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі ролі, өсімдік құрылысы, кебеюі, өсу және даму кезеңдеріне жарықтың, жылудың әсері туралы сұрақтарға жауап беру. Астық тұқымдас және майлы, дәрілік өсімдіктердің маңызын түсіндіру өсімдіктер жайында мақал -мәтөл айту.



VІ -пункт. Геометрия.

Өлшеу құралынсыз заттың ұзындығын, биіктігін, ара-қашықтықты өлшеу.



VІІ-пункт. Гидрология.

Арнайы құралдардың көмегінсіз өзеннің жылдамдығын анықтау, тереңдігін өлшеу, ағысы өзеннен өту.



VІІІ-пункт. Орнитология.

Бес экологиялық топқа жататын құстарды табу. Жыртқыш құстардың, суға жүзетін құстардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерін құстардың өсімдіктер және жануарлар әлеміндегі ролін, адам өміріндегі маңызын айту. Төңіректегі ағаштар арасынан құс ұяларын табу. Құстардың аттары жасырылған жұмбақсуретті шешу, сұрақтарға жауап беру.



ІХ-пункт. Айналаны бағдарлау.

Компас арқылы өздері тұрған нүкте мен кез-келген объект арасындағы бұрышты, компассыз оңтүстік және солтүстікті анықтау.



Х-пункт. Зоология.

Қарапайым жәндіктер мен көп жасушалы жануарлардың өкілдерін қай типке, қай класқа жататынын анықтау. Топырақ арасынан және су астынан жәндіктер тауып, олардың адам өміріндегі маңызын айту. Қосмекенділердің, жорғалаушылардың пайдасы мен зияны туралы, жануарлар дүниесін қорғау туралы әңгімелеу.



ХІ-пункт. Арқан байлау.

Арқан байлау тәсілдерін үйрену.



XII- пункт. Этнография.

Табиғат туралы, оны аялай білу туралы мақал - мәтелдер айту.



XIII - пункт. Ас адамның - арқауы

Ас пісіру. Барлық пункттердің бағаларының қорытындыларын шығару.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол орта мектеп директоры бағдарламамен танысып рұқсатқағаз бергеннен кейін сол мектептің 10 "Б" сынып оқушыларын жарысқа іріктеп алынды. Сынып жетекшісі сыныпқа жиналыс жасады. Жиналыста жарыс бағадарламсы оқушыларға таныстырылды. Олар екі топқа бөлініп, топ басшысын сайлады. Сөйтіп екі топ "Жер-ана" "Атамекен " топтары дайындалуға кірісті.

Сол жердің топографиялық картасы жасалынды. Картада жарыс пункттері белгіленді.

Оқушылармен сабақтан тыс кездерде бірге жұмыстар жасалынып тұрды. Оларға туризмнің адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, саяхатқа шығарда, олар қандай талаптарға сай болуы керектігі меңгертілді.

• Әрбір турист саяхатқа шығатын арқа қоржынды дұрыс жинай алу керек.

• Топографиялық шартты белгілерді, ауа-райын білідіретін шартты белгілерді анықтап алу керек.

• Заттың ұзындығын, биіктігін, ара-қашықтықты өлшеу құралынсыз өлшей алуы керек. өлшеуіш құрал әр кезде табыла бермейді.

• Судың жылдамдығын арнайы құралдардың көмегінсіз анықтай алуы керек.

• Компас арқылы және компассыз оңтүстік және солтүстікті ажырата білуі керек.

• Сақтық шаралары үшін қолданылатын арқан байлау тәсілдөрін білу керек.

• Әртүрлі әдістерді қолданып от жаға отырып, ас пісіре білу керек.

Осындай мәселелер оқушыларға үнемі үйретіліп отырды және аң мен құстардың, өсімдіктердің пайда зияны, адам өміріндегі ролі, оларды қорғау туралы мәліметтер жинау тапсырылды. Жарысқа дайындалу барысында осы уақытқа дейін оқыған білімдері қайта жаңғыртылды. Әр пунктке тағайындалған төрешілерге жарыс жоспары түсіндірілді./4,20,24/

2.2."Табиғат - ортақ үйіміз" атты туристік жарыс

бағдарламасы


Жарыс он үш пунктен тұрады. Әр пунктке бір төрешіден тағайындалады. Төреші қызметін сол мектептің пән мұғалімдері және студенттер атқара алады. Жарыс басталар пунк (старт) және басқа пункттерде тұрған төрешілер әр топқа баға беріп отырады. Алғаш бір топ жүріп кетсе, екінші топ 20 минуттан соң артынан жүрөді. Соңғы пунктте екі топ оқушылары және төрешілер жиналып екі топтың қорытынды бағаларын шығарады.

І-пункт. Таныстыру.

Оқушылар қаз -қатар екі топқа бөлініп тұрады. Әр топтың топ басшысы өз топтарының атын атайды. Әр топ оқушылары аты -жөні жазылған парақ қағазды төрешіге ұсынады. Әр топ басшысыыың қолында бір-бір қойын дәптер болады. Сол дәптерге төреші баға қояды. Жарыс басталатын пунктте тасталған жеребе бойынша бірінші топ әрі қарай екінші пунктке жүгіріп кетеді.



ІІ-пункт. Арқа қоржын жинау.

Жорық кезінде арқа қоржынның дұрыс жиналғаны абзал. Заттар дұрыс салынса қоржынды арқаға көтеріп жүру өте ыңғайлы болады. Танымал турист - альпинист Виталий Абалаков,Әлімқұлова. Р,Ердавлетов.С.Р, ойлап шығарғандықтан арқа қоржынды "абалаковтық" деп атайды. Ол барлық кезде алып жүруге ыңғайлы. Арқа қоржын қалың, су өтпейтін кенеттен, қатты, үзілмейтін жіптен тігіліп, жан-жағына су өтпейтін қалталар жапсырылады.

Әрбір турист жеңіл әрі ыңғайлы киімдерін, саяхат керөкті құрал-жабдықтарды іріктеп арқа қоржынға салып жүреді. Жаяу жорық кезінде мынадай киімдер мен заттарды алған жөн.

Киім-кешектер: спорт киімі, жылы жейде, іш киімдер, шұлық, жылы бас киім, орамал, қолғап (жыл мезгіліне байланысты) т.б.

Ыдыстар: қасық, бәкі, шыныаяқ, табақ, ожау, миска, т.б. шыныаяқтың пластикадан жасалғанын алған дұрыс, ол жеңіл, алюминий шыныаяқ секілді тез ысып кетпейді, сынып қалмайды, әрі сырлы шыныаяқ секілді сықырламайды, тез жуылады. Мисканың алюминийден жасалғаны, шұңқыр болғаны ыңғайлы. Себебі ол тамақ пісіруге қолданылады.

Әжетхана заттары: сабын, тіс пастасы мен щеткасы, айна, тарақ, крем т.б. бұлардан басқа көрпе, саңылаусыз қорапқа салынған сіріңке, фотоаппарат, компас, сағат, қойын дәптер, қаламсап т.б. заттарды алып шығу керек.

Бұл пунктте осы заттарды арқа қоржынға оқушылардың қалай орналастырғандарына қарап баға беріледі.

ІІІ-пункт. Картография.

Әрбір турист өзінің саяхатқа шығатын жерінен хабары болуы керек: ол жер тау ма, орман ба, әлде далалы алқап па? Туристік карталар көмекші рөлін атқарады. Жаяу жорыққа топографиялық карталарды пайдалану әлдеқайда ыңғайлы. Онда жергілікті жердің рельефі, өзендер, көлдер, таулар т.б. нақты белгіленіп көрсетіледі. Кез-келген картаның негізгі элементі шартты белгілер болып табылады.

Картаның бояуына қарап қай табиғат зонасы екенін білуге болады, көгілдір түс - өзен, көл, теңізді, ашық және қошқыл қоңыр түс тауларды, жасыл түс шалғындық жерлерді, ормандарды білдіреді.

Бұл пункте келгеннен соң оқушылар тақтадағы шартты топографиялық белгілерді көрсетіп, қандай жердің белгісін білдіретін айтады. Онда шалғындық жерлердің, жеміс бақтарының, өзенннің, ағаштардың, бұлақтың, топырақ жолдың, асфальт жолдың, көпірдің, үңгірдің т.б. шартты белгілері көрсөтілген.



ІV-пункт. Метеорология.

Оқушылардың табиғатқа шығып жарысуы үшін жақсы ауа-райы болғаны қажет. Ауа-райы жақсы болса адамның көңіл-күйі қызығушылығы да жоғары болады.

Бұл пунктте атмосфералық құбылысты білдіретін шартты белгілерді оқушылардың қаншалықты жақсы білетіндіктері тексеріледі. Атмосфералық құбылыстарға жататын қардың, ашық ауа-райы, бұршақ, қырау, найзағайдың, бұлтты ауа-райының, сіркіреуік жаңбырдың, шық, көктайғақ, тұманның шартты белгілерінің ретінен қай белгі қандай ауа-райын білдіретін оқушылар табуы керек. Содан кейін олар халық болжамдарынан мысалдар келтіреді. Қай топ мысал көп айтса сол топ жоғары бағаланады. Сосын оқушылар сөзөрім шешеді. Қазақтың аспан әлемі мен табиғат құбылыстары

туралы мақал-мәтелдеріндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып торкөздерді толтырады. Ерекше торкөздерден қаңтар және наурыз сөздерін оқуға болады.



V-пункт. Ботаника.

Жер бетінің өсімдіктер жамылғысы өте мол. Дүние жүзінде олардың 500 мыңдай аспанмен таласатын пальмалармен қатар тек микроскоп арқылы ғана көрінетін бір клеткалы балдырлар мен саңырауқұлақтар да бар. Сол 500 мың өсімдіктің 220 мыңдайы суда өседі. Ал қолдан өсірліген мәдени өсімдіктердің түрі 20 мыңнан асады.

Қазақстан территориясында 6 мыңға жуық өсімдік өседі. Мұның 760- ы те біздің республикамызда ғана ұшырасатын эндемик өсімдіктер. Республикамызда өсетін өсімдік түрлері де әр қилы және мол болып келеді. Бұлар табиғаттың бізге тартқан сыйы, жеріміздің ырысы, өліміздің байлығы.

Адамзат тіршілігі үшін өсімдіктер дүниесінің маңызы өте зор. Ерте кезден бастап-ақ адамдар өсімдіктерді жинап, жеміс-жидектерін азыққа, ал жапырақ, сабақ, тамырларын дәрі дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселер бояуға пайдаланып келген. Бертін келе өсімдіктердің ішіндегі бастыларын адам қолға өсіретін етіп алды. Бұл күндері біз өсімдіктерде көптеген азықтық қорлар, әр түрлі өндірістік шикізаттар аламыз, құрылыс матөриалын даярлаймыз.

Адам өмірі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. "Химиялық жасыл лаборатория" аталынатын өсімдіктер дүниесі болмаса ауада оттегі де болмас еді. Өсімдіктер біздің досымыз, тіршілігімізге тірек, өмірімізгі нәр, күнделікті тұрмысымызға көрік, кисек-киім, ішсек-тамақ, жатсақ-төсек, жазсақ қағаз.

Бұл пунктте оқушыларға жасыл өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі, өсімдіктердің құрылысы, көбеюі, өсімдіктің өсу және даму кезеңдеріне жарықтың, жылудың әсері туралы сұрақтарға жауап беріп, астық тұқымдас және майлы өсімдіктердің, дәрілік өсімдіктердің маңызын түсіндіреді. Әр топ өздері білетін өсімдіктер жайында мақал-мәтелдерді айтып жарысады.



VІ-пункт . Геометрия.

Туристік саяхат кезінде ара-қашықтықты белгілі бір зат өлшемін арнаулы құралдың көмегінсіз өлшеу өте қажет. Адам өзін қоршаған ортадағы заттардың өлшемін, қашықтықты көз мөлшермөн өлшеуге бейім келеді. Әр адамда болатын бұл қабілетті үздіксіз жаттығу арқылы дамытуға болады.

Ара қашықтықты анықтаудың әр түрлі жолдары бар.

1. Туристік жорықта арақашықтықты Лионде пластинкасымен анықтау қолайлы. Пластинканы белгілі бір объектіге бағыттайды. Пластинка мен адам көзінің арасы 10 см болуы тиіс. Лионде пластинкасында сандар жазылған. Объект қай санға сәйкес келсе арасындағы ара қашықтық сонша метр болады.

2. Бір заттың биіктігін сол заттың көлеңкесі арқылы анықтауға болады. Мысалы, ағаш биіктігін анықтау үшін көлнңкенің ұшына адамның басы дәл келетіндей етіп адам жатады. Адамның аяғына тақап көлеңкеге перпендикуляр бір таяқ қояды. Адамның көзіне таяқ пен ағаштың ұшы тең көрінуі керек.

3. Өлшеуші мен өзеннің арғы жағындағы зат арасын спорттық бас киімінің күнқағары арқылы да анықтауғы болады. Ол үшін күнқағар жиегі мен сол заттың тұрған орнын көзбен бір нүктеге келтіру керек. Содан соң 90°-қа бұрылып өзеннің бергі бетіндегі бір нүктеге келтіреді, сосын сол зат пен адам ара - қашықтығын қадаммен өлшеу арқылы ара-қашықтығын табады.

Ара-қашықтықты өлшеуіш үлгілері арқылы да анықтауға болады. Өлшеуіш үлгілері қызметін кез-келген адамның дене бөліктері атқара алады.

1.Ересек адамның сұқ саусағының ұзындыы 10 см. Оны өлшеу үшін саусақты алақанға тік бұрыш жасайтындай етіп бүгеміз. Егер саусақ 10 см-ден қысқа болса, онда оның ұзындығын есте сақтау керек, жорық кезінде бұл өте қажет болады.

2. Алақанды бос жазған кездегі бас бармақ пен шынашақ арасы 20см.

3. Адам қолын көтеріп, саусақтарын артқа қарай бүксе, иіктігі 2 метр болады.

4. Жерден адам бөліне дейінгі биіктік 1 метр.

5. Қолы екі жаққа жайылған кездегі саусақтарының арасындағы қашықтық адам бойының ұзындығына сәйкес келеді.

6. Әрбір адам өзінің қадамының ұзындығын мына формула арқылы өлшеуге болады.

Р/4+37=Lқ

Мұндағы, Р-адам бойының ұзындығы;

4 және 37 - тұрақты сандар;

Lқ - қадам ұзындығы;

Мысалы, Бойы 120 с адамның қадам ұзындығы мынаған тең болады.

120/4+37= 30+37=67см.

Бұл пунктте оқушылар өлшеу құрамынсыз-ақ кез-келген заттың ұзындығын, биіктігін, ара-қашықтықты өлшеуді үйренеді.



VІІІ-пункт. Гидрология.

Су - табиғаттың ғажайып байлығы және табиғи ресурстарының ең мол да бағалы түрі. Академик Ферсман: "Су - жердегі ең маңызды минерал, онсыз тірщілік жоқ",- деп жазған болатын.

Өмір дегеніміз - су. Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын қызметі ұлан - ғайыр, әрі сан алуан. Су айналамыздағы барлық заттың құрамында бар және олардың негізін құрайды. Табиғаттағы судың құрамын ауыстыратын зат жоқ, оның құндылығы осында.

Жер шарында қанша су бар? Өте көп деп жауап беруге болады. Жердің тек 1/3 бөлігі ғана құрлықтан тұрады, ал қалғаны - су. Сондықтан планетамызды "жер" дегеннен гөрі "су" деп атаса да болғандай.

Судың жер қабығы мен атмосферадағы мөлшері 1,5 млрд. текше. км-ге жуық. Егер осы суды жер бетіне біртегіс етіп жайсақ жер бетінде 3700 метрлік су қабығы пайда болар еді. Осыншама су көп бе, аз ба? ТМД (тәуелсіз мемлекттер достастығы) көлемінде 46 әркелкі өзендер жүйесі бар. Жалпы өзендер ұзындығы 200 мың км -ден асады. Бірақ бұл өзендер ТМД-да біркелкі таралмаған. Қазақстан су ресурстары екінші орынды алып жатыр. Қазақстанда терең де таяз, ағысы жылдам және ағысы баяу өзендер бар. Бұл пунктте оқушылар арнайы құралдың көмегінсіз өзеннің жылдамдығын анықтайды, тереңдігін өлшейді жіне ағысы қатты өзеннен қалай өту керектігін үйренеді.

VІІІ-бөлімше. Орнитология.

Құстар бауырымен жорғалаушылардан триас дәурінде шыққан. Ұзақ дамудың нәтижесінде ағашта жүрген түрлерінің жазықта қозғалу әдісіне көшуіне, одан ұшуға әкеліп соқты ұшуға бейімделуі құстадың құрылысына және олардың тіршілігіне өз белгілерін қалдырды.

Құстардың кейбір құрылыс белгілері (артқы аяқтарының мүйіз қабықшалары), сондай-ақ физиологиялық ерекшеліктөрі бауырымен жорғалаушыларға ұқсас. Олардан айырмашылығы - денелері қауырсынмен қапталған. Қауырсындар дененің жылулығын сақтайды. Көздерінің өткірлігі құстардың алыс жақынға тез бейімделуін қамтамасыз етеді, бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстарға жоғарғы дәрежедегі жүйке жұмысын және күржелірек мінөз-құлықтарын қамтамасыз етеді: ұя салу, қор жинау және т.б. Қазақстанда 18 тобырға жататын 488 құс түрі бар. Олардың ішінде ұя салатындары 388 (79,5%). 14 түрі Қазақстанға қыстауға келеді, ал 47 түрі /19/ республикамыздың кеңістігінен ұшып өтеді. 35 түрі оқтын-оқтын елімізге келіп тұрады.

Қазақстанда мекендейтін құстардың бес экологиялық топқа бөлуге болды.

1. Ашық жерлер мен су маңында мекендейтін құстар.

2. Мекен жайды төңіректейтін құстар.

3. Суда жүзетін құстар.

4. Жыртқыш құстар.

5. Орман құстары

Бұл пунктте оқушылар осы бес экологиялық топқа қай құстар жататынын табады. Жыртқыш құстардың, суда жүзетін құстардың сыртқы құрылысындағы ерекшелігін, құстардың өсімдіктер әлеміндегі, жануарлар тіршілігіндегі рөлін түсіндіріп, эстетикалық тәрбие берудегі, адам өміріндегі маңызын айтады. Содан кейін төңіректегі ағаштар арасынан құстардың салған ұяларын тауып қай құстың ұясы екенін анықтайды. Құстардың аттары жапсырылған жұмбақ сурет шешеді, сұрақтарға жауап береді.



ІХ-бөлімше. Айналаны бағдарлау.

Белгісіз жерлерде жөн табуда топографиялық бағдарлау өте маңызды мағынаға ие. Жергілікті жерді бағадарлау компас арқылы іске асырылады. Қалыпты жағдайда кез-келген компастың магнит тілінің ұштары солтүстік және оңтүстікке қарай бағытталып тұрады. Бұл пунктте оқушылар компас арқылы өздері тұрған нүкте мен кез-келген объект арасындағы нүктені табады. Компассыз оңтүстік және солтүстікті анықтайды.



Х-пункт. Зоология.

Адам баласына жануаралар туралы мәліметтер ертеден белгілі. Грецияның ұлы ойшылы Аристотельден басталады. Ол белгілі жануарларды екі топқа бөлөді: қаны бар жануарлар, қансыз жануарлар. Алғашқы топқа жоғары дәрежедегі жануарларды: жабайы аңдар, құстар, балықтарды жатқызса, екінші топқа жәндіктерді, жұмсақ денелілерді және төменгі сатыдағы жануарларды жатқызды. Швед жаратылыстану зерттеушісі К.Линней жануарларды 6 класқа бөлді: сүтқоректілер, қүстар, жыланшаяндар, балықтар буынаяқтылар, құрттар. Жануарлардың барлығы жасушадан құралған, ол дененің негізгі бөлігі болып табылады. Қарапайымдар тек бір ғана жасушадан түратын жәндіктер, қалған жануарлардың барлығының құрылысы күрделі, әрі көп жасушадан тұрады. Бұл пунктте оқушылар қарапайым жәндіктер мен көп жасушалы жануарлардың өкілдерін қай типке, қай класқа жататынын анықтайды. Топырақта және суда тіршілік ететін ағзаларды тауып олардың адам өміріндегі маңызын айтады. Қосмекенділердің, жорғалаушылардың пайдасы мен зияны туралы, жанурлар дүниесін қорғау туралы әңгімелейді.



ХІ-пункт. Арқан байлау.

Арқан (жіп) байлауды таудан, өзөндерден өткенде т.б. жағдайларда сақтық шаралары ретінде қолданады. Сақтық шараларын жіп байлаудың көптеген тәсілдерін қолдана отырып жүргізуге болады. Жіп байлау бірнеше тәсілдерге бөлінеді.



Тура түйін. Мұндай түйінді екі жіпті жалғау үшін қолданады. Суға түскенде түйін шешілместей олып қалады. Оңай шөшілуі үшін екі арқанды қосқан жерге таяқ кіргізіп қою керек.

Өткізіп байлау. Бұл тәсілді жартастан - жартасқа өткенде немесе өткелден жоқ судан өткенде қолданады.

Буындырып байлау. Бұл түйінді ағашқа, тасқа байлау үшін қолданады. Жеңіл әрі берік байланады.

Айқастырып байлау. Бұл түйінді ұзын арқанға айқастырып байлайды. Сақтану үшін қолданады.

Үзеңгі байлау. Жарақаттанушыны екі аяғын екі үзеңгіге салып жартастан, құздан, жардан түсіру үшін қолданатын тәсіл.

Тоқыма байлау. Зақымданған екі жіпті байлау үшін қолданылады.

Көкірекке байлау. Туризм кезінде бұл тәсіл кең қолданылады. Ағашқа, тасқа және адамды түрлі жағдайлардан құтқарған кезде көкірекке байланады.Бұл пунктте оқушылар арқан байлау тәсілдерін үйренеді.

ХІІ-пункт. Этнография.

Табиғат қорғауға тәрбиелеуде халықтық педагогиканың ролі ерекше және оның саласы мол. Олар - табиғатты қорғау дәстүрі оған сену сыйыну ырымдары, жан -жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдет-ғұрыптар т.б. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін білдіретін мақал-мәтелдер өте көп. "Өнер алды қызыл





тіл" деп, әдемі аталы сөзді құрметтейміз. Мұнымыз - даналықтың, ақыл - парасаттың алдында бас иуміз. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалану дәстүрге айналған. Сондықтан да, әсіресе қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді борыш санайды.

Мақал-мәтелдер халықтық педагогиканың өң бір інжу-маржаны боларлық мұра. Бұлардың адмгершілік тәрбиесіне ықпалы зор өйткені мақал мәтелдер жан-жақты мазмұны арқылы ең шынайы адамгершілік қасиеттерді білдіреді, баланың жаңа ұғымдарды біліп, ойының дамуына, санасынң қалыптасуына ықпал жасайды. Отанынан, халқына, табиғатына сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде мақал - мәтелдердің алатын орны зор. Баланың өмір тәжібиесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл - насихат әрі әсөрлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек.

Бұл пунктте оқушылар өздерінің өмір тәжірибөсінде естіп білген жер, су әлөмнің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын мақал - мәтелдерді айтады. Қай топ мақал - мәтелді көп айтса сол топқа жоғары баға беріледі.



ХІІІ-пункт. Ас - адамның арқауы.

Жорық кезінде, саяхат кезіндө әрбір адамның дене шаршауы байқалады. /1/ Мұндай кезде ағзасы майлармен, көмірсулармен, ақуыздармен, дәрумендермен толықтыратын кенеулі және сапалы азықты қажет етеді. Сондықтан тағам дайындау мәселесіне атүсті қарауға болмайды. Тағамның сапалығына, тұрып қалмауына көбірек көңіл бөлу керек.

Жорыққа шыққанда қандай азық - түлік алып шығу көректігіне тоқталайық.

Нан. Жорыққа қара нан алып шыққан абзал және оны үш күннөн кейін жеуге болмайды. Мұндай кезде нанның орнын кептірілген нанмен алмастыруға болады.

Жарма. Туристік жорыққа қарақұмық және сұлы жармасып алып шығуға болады. өйткені олар өте құнарлы жармалар болып табылады. Сонымен қатар күріш және ұнтақ жармасын да алып шыққан дұрыс. Жорық кезінде асбұршақ жармасын қолданып ас әзірлеген жақсы. Асбұршақ құрамындағы ақуыз мөлшері еттікінен кем емес. Асбұршақ кенеулі заттарға бай келеді.

Ет. Етті негізінен бұқтырма түрінде алып шығу керек. Сиыр етінен жасалған бұқтырманы қолданған жөн. Саяхат кезінде балықты және балықтан жасалған бұқтырманы міндетті түрде алып шығу керек. Біріншіден, балық бұқтырмалары дайын тамақ. Екіншіден, балық құрамында майдың мөлшері аз(10%). Ал үшіншіден балық бұқтырмасының құнарлығын ет алмастыра алмайды және ағзаға екі есе жеңіл сіңіріледі.



Сүт. Саяхатқа шыққанда қоютылған және құрғақ сүтті жиі пайдаланады.

Май. Күнбағыс майын жорық кезінде қолданан дұрыс.

Қант. Саяхат кезінде шекер пайдалану керек.

Бал. Бағалы азық түлік. Оны түнде жеген дұрыс. Көкөністер. Жазғы және күзгі саяхат кезінде оларды табу қиындық келтірмейді.

Шай, кофе, какаоны метал қорапта тасымалдаған жөн. Таңертең нөгізінен какаоны, түсте - кофені, кешке - шайды ішкен жақсы. Саяха кезінде жеміс киселін міндетті түрде салып шығу керек.

Бұл пунктте әр топ өздерімен бірге алып шыққан азық - түлікпен ас әзірлейді. Табиғатта жеген ас қандай дәмді сіңімді десеңізші!

Ас дайындау үшін әрине от жағу керек.

От жағудың бірнеше әдістері бар.

1. Құдық тәрізді жағу. Бұл әдісті ашық күнде қолданады. Жауын-шашын бұлай жаққан отты тез сөндіреді.

2. Конус тәрізді жағу. Бұл әдісті тамақ пісіргенде немесе шай қайнатқанда қолданған жөн.

3. Жұлдыз тәрізді жағу. Бұл әдіс те тамақ пісіргенде



қолданылады.

4. Айқастырып жағу. Жаңбырлы күнде тамақ пісіргенде. қолданатын ең.қолайлы әдіс.

5. Үш бөрене. Бұл әдісті жылыну үшін түнде қолданған жөн. Оқушылардың пісірген тамақтарының дәміне, сапасына қазған ошақтары мен жаққан оттарының барлығына баға беріледі. /2,14 /



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау