3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері
Қоғамдық игідіктерді пайдалануға беруде «билетсіздік» мәселе кездеседі. Бұл мәселенің мәні: тұтынушылар қоғамдық игіліктер өндірісін қаржылаудан қашады немесе олардың төлеміне кететін шығындарды азайтқысы келеді, басқаларға сеніп, яғни солар төлесін деп. «Билетсіз» басқаның есебінен пайда түсіру үшін игілікті тұтынудан алынатын пайдалылықты әдейі төмендетіп, қоғамдық игіліктің құндылығын азайтады. Осыған байланысты қоғамдық игілікті өндіру мен қаржыландыру ахуалында оны пайдалануға беру тәсілдерін таңдау мәселесі тұрады. Қоғамдық игілікті пайдалануға берудің 2 нұсқасы мүмкін: нарық арқылы немесе мемлекет арқылы. Қоғамдық игілікті нарық арқылы пайдалануға беру қосылмайтын қоғамдық игіліктерді жеке спектр арқылы өндіру. Бұл жағдайда қоғамдық игіліктер жеке игіліктер сияқты сатылады. Мысалы, әр түлі ойын-сауық шараларға билеттерді сату, кабель теледидар үшін, телекоммуникация немесе компьютерлік желістерге қосылу үшін төлем енгізу. Қоғамдық игіліктерді нарық арқылы пайдалануға берудің екінші нұсқасы – өзара келісілген қаржыландыру, бұл бірыңғай пакетте қосылатын қоғамдық игілік пен қосылмайтын жеке игілікті сату немесе қосымша (жанама) өнімді сату. Мысалы, қоғамдық теледидардың қаржыландыруына жіберілетін жарнама роликтерінің төлемі. Нарықтық қаржыландырудың үшінші тәсілі – жеке жәрдемдерден қоғамдық игіліктердің төлеуін ұйғаратын жәрдемақы. Бұндай жәрдемақылардың себебі: жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың материалдық емес пайда алуы қоғамдық бедел немесе қоғамдық игілікті жоғары бағалауы. Мысал – қоршаған ортаны т.б. қорғаудың қоғамдық бағдарламаларына қатысу. Қоғамдық игіліктердің өндірісі салықтар арқылы қаржыланады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
Игіліктердің жалпы және қоғамдық игіліктердің жеке алғандағы жіктеуін келтіріңіз. Игіліктердің қосылушылық/қосылмаушылық, бәсекелестік/бәсекелессіздік деген сипаттары нені білдіреді?
Қоғамдық игіліктерге сұраныс қалай анықталады? Оның ерекшелігі неде?
Қоғамдық игілік өндірісінің нәтижелі көлемі қалай анықталады?
Қоғамдық игіліктерді пайдалануға берудің қандай тәсілдері бар?
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Келесі категорияларды кестенің сәйкес орындарына орналастырыңыз: таза жеке игіліктер, бірлесіп тұтынатын игіліктер, ұжымдық игіліктер, таза қоғамдық игіліктер.
|
Қосылмаушылық
|
Қосылушылық
|
Бәсекелестік
|
|
|
Бәсекелессіздік
|
|
|
2. Төменде көрсетілгендердің қайсысы таза қоғамдық игілікке жатады?
а) қалалық парктер
б) қоғамдық көлік
в) мұражайлар
г) сот жүйесі
д) барлық аталған игіліктер
3. Қоғамдық игіліктің қандай көлемі нәтижелі болып табылады?
а) оны тұтынуда бірде бір тұтынушы шектелмегенде
б) өндірістің қоғамдық шекті шығындары оның тұтынуының қоғамдық шекті шығындарына тең болғанда
в) игілік өндірісінің жеке шекті шығындары тұтынуының қоғамдық шекті шығындарына тең болғанда
г) шығындар ең аз болғанда
СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапа белгісіздігі
Жақтардың біреуі (сатушы немесе сатып алушы), екінші жаққа қарағанда көптеу ақпаратқа ие болған жағдайда ақпараттың асимметриясы (бір-біріне сай еместігі) пайда болады. Ол туралы екінші жақ біледі.
Сондықтан ақпаратқа ие жағының әрекеттерін талдау негізінде, ол ойша кейбір пайымдау, қорытындылар жасауға тырысады. Симметриялық емес ақпараты бар нарықтар мысалдарының саны аз емес. Жұмыс беруші жаңа қызметкерді жұмысқа аларда оның мүмкіндіктері жөнінде мәліметі аз (қызметкердің өзімен салыстырғанда). Несие, сақтандыру, еңбек нарықтары – симметриялық емес ақпаратты нарықтар. Бизнесте көптеген ахуалдар осымен байланысты. Симметриялық емес ақпараттың 2 түрін айырады:
Жасырын сипаттарының болуымен байланысты симметрия: мәміле жасаған жақтарының біреуі мәміле заты жөнінде екінші жаққа белгісіз бірдемені біледі;
Жасырын әрекеттерінің болуымен байланысты асимметрия: экономикалық өзара қатынастар жақтарының біреуі екінші жақ бақылай алмайтын әрекеттерді жасайды.
Ең алғашқы болып ақпараттың асимметриясын Дж. Акерлоф қарады. Симметриялық емес ақпаратты талдау үшін оның ұсынған классикалық мысалы – пайдаланған автомобильдер нарығы. Бұл талдауда пайдаланған автомобильдердің екі түрі (жоғары және сапасы төмен) сатылатын нарықты қарастыру ұсынылады (104 суреттегі график). Мұнда сатушы да, сатып алушылар да автомобильдің сапасын анықтай алады. 104 суреттегі графиктерде жоғары сапалы автомобильдерге (SB және DB) сұраныс пен ұсыныс жоғары, (сапасы төмен автомобильдермен салыстырғанда (SН және DН)), себебі: сатушылар да, сатып алушылар да сананы бағалайды. Жоғары сапалы автомобильдер нарығындағы тепе-теңдік баға – 10000 доллар, сапасы төмен автомобильдер нарығында – 5000 доллар, бірінші және екінші нарықтардағы сату көлемі 50000 автомобильдерді құрайды. Егер сатып алушылар тауар сапасы жөнінде толық ақпаратқа ие болған жағдайда нарықта мынадай ахуалды көруші едік.
РВ SB PH
10000
DB SH
DC 5000
DC1 DC
DH
DC1
DH
25000 50000 QB 50000 75000 QH
а) б)
104 сурет. Жоғары сапалы (а) және сапасы төмен (б) автомобильдер нарығы
Алайда, бұл нарық симметриялық емес ақпаратты нарық болғандықтан, сатушыларда, (сатып алушыларға қарағанда), тауар сапасы жөніндегі мәлімет көбірек. Алдында сатып алушылар автомобильдің сапасын орташа деп бағалайды (оны сатып алғаннан кейін ғана сапасын бағалай алады). Орташа сапасы бар автомобильге нақты сұраныс екі графикте DС деп белгіленген, ол DB – дан төмен, ал DН – нан жоғары. Сатып алушылардың тауар сапасын осылай бағалауымен 25000 жоғары сапалы және 75000 сапасы төмен автомобильдер сатылды. Сатып алушылар сатып алған автомобильдердің көбінің сапасы төмен екендігін түсіне бастағанда, сұраныс қисық сызығы жылжиды. Графиктерде автомобильге сұраныстың жаңа қисық сызығы DС1 деп белгіленген. Бірақ, оған сәйкес сапасы төмен автомобильдердің одан да көп саны сатылады, сондықтан сұраныс қисық сызығы одан ары жылжиды. Соңында сұраныс жылжулары мынаған әкеледі: тек қана сапасы төмен автомобильдер сатылады (сұраныстың қисық сызығы DН орнына келеді (жылжиды)), себебі: қалыптасқан нарық бағасы жоғары сапалы автомобильдерді сату үшін өте төмен болып табылады. Симметриялық емес ақпаратты нарық жағдайында сапасы төмен тауарлар жоғары сапалы тауарларды ығыстырып шығарады. Сатып алушылар тауар сапасы жөнінде ештеңе білмейді, сапасы төмен екен деп, оның нәтижесінде бағалар түсіп, жоғары сапалы тауарлар нарықтан ығыстырылады. Кейбір оқулықтарда сапа белгісіздігі мәселесі «лимондар» мәселесі деп аталады. Симметриялық емес ақпаратты нарық жағдайында тауарды лимонмен салыстырады: ол туралы бейхабар адар оны тәтті екен деп алса, ащы болып шығады.
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
Ақпараттың симметриялық еместік мәселесі көбінесе нарықтық белгілердің көмегімен шешіледі. Нарықтық белгілер – тауар сапасы жөнінде сатушыларға сатып алушыларды ақпараттау мүмкіндігін беретін белгіленген механизмдер. Нарықтық белгілердің әрекетін көрсету үшін еңбек нарығының мысалын алайық. Фирма 2 қызметкерді жалдағалы тұр дейік. Ақпараттың симметриялық еместігі: еңбек сатушыларының еңбектің сапасы жөнінде мәліметі көбірек, сатып алушыларға қарағанда, (олар қандай дағдыларға ие екендігін, іскерлігі және т.б. сипаттарын жақсы біледі), ал жұмыс беруші бұның бәрін белгіленген уақыттан кейін ғана біледі. Жұмыс беруші фирма (бастық) жанағы келген қызметкерлер жөнінде, яғни олардың «сапасы» жөнінде нарықтық белгілерді алғысы келеді. Жетекші белгілерді маңызды мен қосымшаларға бөледі. Сыртқы түр белгісі (есептелсе де) ең маңызды емес (нашар қызметкер де кейде сыртқы түрімен, келбетімен жақсы әсер қалдырады). Ең маңызды белгі – қызметкердің білімі мен оның жұмыс тәжірибесі. Дәл осы белгілер нәтижелі жұмыстың кепілі ретінде қаралады.
Енді осы мысалды белгілердің қарапайым үлгісі негізінде қарайық. Ол үшін барлық қызметкерлерді 2 топқа бөлейік: төмен қабілетті қызметкерлер немесе төмен нәтижелі (олардың орташа және шекті өнімділігі = 1 тең); жоғары қабілетті немесе жоғары нәтижелі (олардың орташа және шекті өнімділігі 2 тең). Осы 2 топ қызметкерлер бәсекелес фирмаға жұмысқа жалданады. Фирма өндірісінің көлемі 10000 долларға тең. Жаңағы қызметкерлер, орташа алғанда, 10 жыл қызмет істейді деп ұйғарылған. Үміткерлердің орташа еңбек өнімділігін есептейік: (1+2)/2 = 1,5, әр топтан күтілетін табыс:
10000 доллар∙10 жылға = 100000;
20000 доллар∙10 жылға = 200000.
Егер фирмалар қызметкерлерді еңбек өнімділігі бойынша теңестірсе, 1 топтың 1 жылғы жалақысы 100000 доллар, 2 топтың 1 жылғы жалақысы 200000 доллар құраушы еді. Ақпараттың симметриялық емес жағдайында фирмалар қызметкерлерді жіктей алмайды, сондықтан олар орташа өнімділік негізінде 15000 доллар құрайтын жалақыны белгілейді. Нәтижесінде, жоғары нәтижелі қызметкерлер, төмен нәтижелілермен салыстырғанда, нашарлау жағдайда болады. Автомобильдермен келтірілген мысалдағы сияқты ақпарат симметриялық еместігі тәуір қызметкерлердің мүдделеріне шек қояды. Сондықтан, олар жұмыс берушілерге өздерінің нәтижелілігі жөнінде (білім туралы белгілерді) беруге тырысады. Қызметкердің білімін сипаттайтын көрсеткіштерді (алынған дәрежелер, дипломдағы бағалар және т.б.) бір жерде жинақтап, оқу орнында оқыған жылдарын Yдеп белгілейік. Білім алу процесі (үдерісі) белгілі шығындармен байланысты, бұл шығындардың жартысы әр қабілетті адамдар үшін әр түрлі (төмен қабілетті адамдарға білім алу қиынға түседі). Оқуға деген қабілеттілік және жұмысқа деген қабілеттілік өзара тығыз байланыста. Себебі: төмен қабілетті адамдар жұмыс процесінде (үдерісінде) оқуда сияқты, көп қиындық көреді, олар қойған талаптарға сай болу үшін, көп еңбектену керек. 1 топта Y жылдарға тең кезеңде білім алуға шыққан шығындар С1 = 40000 доллар∙Y құрайды, 2 топта – 20000 доллар∙Y. Бұл шығындар уақыт өткеннен соң жалақы түрінде табыс әкеледі. Оны В(Y) деп белгілейік. Жалақы 20000 доллар деңгейінде 2 топ үшін, 10000 доллар деңгейінде – 1 топ үшін дейік. Онда В(Y) алғашқы маңызы 100000 долларға тең – бұл білім алмаған адам 10 жылғы жұмыс үшін алатын табысы. Білім деңгейін толықтырғаннан кейін (2 топқа кіруге жеткілікті деңгей), В(Y) маңызы 20000 долларға дейін және одан да жоғары көтеріледі. Бұл білім деңгейін Y* деп белгілейік. Біздің мақсат: қызметкердің шығындарын азайтып, оның табысын көбейтетін білім деңгейін табу. Оңтайлы білім деңгейін таңдауын біз нөлдік деңгейі мен Y* деңгей араларында жасаймыз. Оңтайлы білім деңгейін таңдағанда, жеке адам білімнен алатын пайдаларды сол білімді алуға кететін шығындармен салыстырады. Екі топ үшін пайда 100000 доллардан құрайды. 1-ші топтың шығындары 40000 долларға тең, 2-ші топтың шығындары – 20000 доллар. Егер 100000<40000∙Y*, яғни Y*>2,5 болса, 1 топтың өкілдері білім алудан бас тартады. Сәйкес, 2-ші топтың өкілдері білімді Y* деңгейінде алады, егер 100000>20000∙Y*, яғни Y*<5. сонымен, білімнің тепе-теңдік деңгейі – 2,5 – 5 дейінгі жоғары болған қызметкерге фирма жоғарылау жалақы белгілеуге тиісті. Белгілер сатушыларға ақпараттық симметриялық еместік мәселесін шешуге көмектеседі: білім алған жөніндегі диплом (оңтайлы деңгейге сәйкес білім). Жұмыс өнімділігі жоғары қызметкерлер сәйкес жалақы да алады. Тәжірибеде кең қолданатын белгілер – кепілдемелер мен кепілдіктер. Ұзақ пайдаланатын тауарлардың көптеген өндіруші фирмалары (тұрмыстық және басқа техниканың) кепілдемелер мен кепілдіктерді сатып алушыларға осы тауарлардың жоғары сапасы жөнінде ақпарат беретін белгілер ретінде пайдаланады.
3. Моральдік тәукел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
Симметриялық емес ақпаратты нарықта пайда болатын тағы бір мәселе – моральдік тәуекел мәселесі. Оның мысалы – сақтандыру (ақпараттың симметриялық еместігі мәселесі ең алғашқы болып сақтандыру бизнесінде пайда болды). Бір үй иесі, өрттен қорқып, барлық сақтандыру шараларын жасайды дейік: түтін детекторын сатып алады, әрдайым электр сымдарын ауыстырады, өрт қауіпі бар ахуалдарының алдын алады және т.б. Барлық бұл әрекеттерді сақтық деп атайық та, оны ақша бірліктерде өлшейік (яғни сақтық шаралары шынында да ақша шығындарымен байланысты). Қолданған сақтық шаралары белгіленген шығындармен ғана байланысты емес, сондай-ақ белгіленген пайда да әкеледі – жоғарылаған сақтықтан шекті табыс болжамдаған залалдың шекті төмендеуіне сәйкес келеді. Сақтық шаралардың оңтайлы деңгейін анықтау үшін үй иесі сақтықтың шекті шығындарын салыстыра бастайды. Бірақ ахуал күрт өзгереді, егер үй иесі үйін сақтандырса. Оның сомасы үйдің, үй жөндеуінің, жиһаздың сомасының орнын толтыруға тиісті. Бұл жағдайда сақтықтың шекті табысы сақтандыру жоқ болған жағдайдан аздау, яғни үй иесі біледі: өрт болса, ол ұтылмайды. Үй иесі өртке қарсы қауіпсіздік шараларын қолданып, сақтандыру жағдайын тудырмағаны сақтандыру фирма үшін пайдалы. Осымен байланысты моральдік тәуекел мәселесі пайда болады. Үй өз құнынан көп асатын сомаға сақтандырылғанда, моральдік тәуекел күшееді, себебі: сақтандыру полисі бар үй иесі сақтандыру жағдайдың туғанын (болғанын) тілейді. Тәжірибеде бұл мәселе кепілдемелер мен кепілдіктердің көмегімен шешіледі (егер моральдік тәуекел сақтандыру бизнесте емес пайда болса), бірлесіп сақтандыру (полис иесі өзі сақтандыру сомасының жартысын төлейді) немесе франшизалар арқылы. Франшизалардың шарты: сақтандыру жағдайы туып, оның құны белгіленген сомадан төмен болса, полис иесі шығындарды өзі жабады, ал егер белгіленген сомадан жоғары болса, айырымын сақтандыру компаниясы төлейді. Мысалы, үйді өрттен сақтандыратын полистегі франшиза 50000 құрайды, өрт болып қалған жағдайда шығындар 40000 құраса, оларды үй иесі өзі төлейді. Егер өрттің құны (шығыны) 150000 бағаланса, 50000 соманы өзі төлейді, ал 100000 – сақтандыру фирмасы.
Ақпараттың симметриялық еместігін көрсететіп енді бір ахуал «тапсырыс беруші – агент» мәселесі. «Тапсырыс беруші – агент» қатынастары мына жағдайда пайда болады: мәміленің бір жағы (тапсырыс беруші) екіншінің (агент немесе атқарушы) қызметінен тәуелді болып, ол туралы толық ақпараты болмағанда. Мысалы, фирма директоры (немесе менеджері) жалданған қызметкерлердің қандай нәтижелілікпен жұмыс істеп жатқандары жөнінде толық ақпаратталмаған. Егер ол қызметкерлер жұмысының мониторингін жасай алса, фирманың нәтижелілігін қамтамасыз етуші еді. Қызметкер жөнінде дәл, шын, шұғыл ақпарат болмағандықтан, жұмыстан жалтару, алаң болу мәселесі туындайды, өйткені барлық қызметкерлер бірдей жалақы алады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
Ақпараттың симметриялық еместігі деген не? Графикті пайдаланыңыз.
Нарықтық белгілер арқылы ақпараттың симметриялық еместігі мәселесі қалай шешіледі?
Ақпараттың симметриялық еместігі салдарынан туындайтын мәселелердің мәнін түсіндіріңіз: моральдік тәуекел, «тапсырыс беруші – агент» мәселесі, жалтару (алаң болу).
Есептер, жаттығулар, тестілер
Фирма дүкенінде тауар бірлігін сатып алу «қолдан алғаннан» 20% қымбат. Бұл немен түсіндіріледі?
Тұтынудың жоғары деңгейі сияқты адам қабілеттері туралы осындай нарықтық белгінің маңыздылығын бағалаңыз. Табысқа ұмтылған қызметкердің әлуетті клиент алдында байсалды адам болып көріну тілегі қаншама негізделген? Бұл тілегін нарықтық белгі ретінде бағалауға бола ма?
Жоғары сапалы өнімді шығаратын фирма үшін клиенттерді ол туралы ақпараттаудың (мәлімдеудің) ең нәтижелі тәсілі...
а) өз өніміне кепілдеме беру
б) жарнама компаниясын күшейту
в) осындай фирма алаңдамау керек, сатып алушылар сапаны бағалайды.
4. Егер фирмалар әр қызметкердің қабілеттілік деңгейін дәл анықтай алса, жоғары қабілетті және қабілеттілігі төмен қызметкерлерге жалақыны қалай төлеуші еді?
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тарануха Ю.В., Земляков Д.Н. Микроэкономика – М.: Издательство «Дело и сервис», 2002. – 304с.
Ивашковский С.Н. Микроэкономика: Учеб.- 3-е изд., испр – М.: Дело, 2002 – 416с.
Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика – М.: «Экономика», «Дело», 1992 – 510с.
Гальперин В.М. Микроэкономика: учебник – СПб.: Экономическая школа, В 2-х т., 1998
Тарасевич Л.С. Микроэкономика: учебник – М: Юрайт-Издат, 2003 – 375с.
Кац М. Микроэкономика – Минск: ООО Новое знание, 2004, 828с.
Пятьдесят лекций по микроэкономике: учебник – СПб.: Экономическая школа, 2000
Мэнкью Н.Г. Принципы микроэкономики: учебник – СПб.: Питер, 2003 – 560с.
Емцов Р.Г. Микроэкономика: учебник – М.: Дело и Сервис, 1999 – 320с.
Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика: учеб. пос. – Алматы: Казстатинформ, 2001 – 240с.
Нуреев Р.М. Курс микроэкономики: Учебник для ВУЗов – М.: НОРМА, 2005 – 576с.
Макконнелл К., Брю С. Экономикс: Принципы, проблемы, политика. – Т.2 – М.: Республика, 1992 – 400с.
Мамыров Н.К. Микроэкономика: учеб.пос. – Алматы: Экономика, 1997 – 276с.
Овчиников Г.П. Микроэкономика: конспект лекций – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000 – 77с.
Чеканский А.Н. Микроэкономика. Промежуточный уровень – М.: ИНФРА-М, 2005 – 382с.
Базылев Н.И. Микроэкономика – М.: ИНФРА-М, 2004 – 206с.
Микро- макроэкономика: Практикум/Под ред. Огибина Ю.А. – СПб: «Литера плюс», «СПб оркестр», 1994 – 432с.
Селищев А.С. Практикум по микроэкономике: Ситуации. Задачи. Тесты. – СПб.: Питер, 2005 – 432с.
Сборник задач по микроэкономике к «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреев – М.: НОРМА, 2004 – 432с.
Микроэкономика: практический подход. Учебник для ВУЗов/Под ред. А.Г. Грязновой, А.Ю. Юданова – М.: КНОРУС, 2004 – 672с.
Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. – М.: Финансы и статистика, 1992
Томсон А. Экономика фирмы: учеб.пос. – М.: БИНОМ, 1998 – 544с.
Самуэльсон П. Экономика: вводный курс. – М.: Прогресс, 1964 – 844с.
Маршалл А. Принципы экономической науки. В 3-х ч. – М.: Прогресс, 1993
Коуз Р. Фирма, рынок и право. – М.: Дело, 1993 – 192с.
Орыс тілінен аударған Уристемова Н.К.
Компьютерде терген: Омарбаева Гауһар Тиштыққызы
Басуға қол қойылды
Пішімі 60×84/16. Офсеттік қағаз
Шартты баспа табақ көлемі ______
Таралымы _________ дана
Бағасы келісімді. Тапсырыс №_____
® Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің баспасы
Достарыңызбен бөлісу: |