Мазмұны Кіріспе I



жүктеу 415 Kb.
бет3/4
Дата06.02.2020
өлшемі415 Kb.
#28330
1   2   3   4

қалыптасуы

Ресейдегі 1905 - 1907 жж буржуазиялық-демократиялық революсиясы елдегі жұмысшы, аграрлық және ұлт-азаттық қозғаушы күші болды. Бұл революция царизм қанап отырған, жұмысшылармен оның орталарындағы байырғы халықтардың өздерінің тәуелсіздік алуға деген талпыныстарын одан сайын күшейтті. Қазақстандағы 1905-1907 жж. Революцияның негізгі қозғаушы күші теміржолшылар болды.

Қазақстан теміржолшыларының революциялық қозғалысы Орталық Ресейдегі басты оқиғалармен тығыз байланысты, сондықтан 1905-1907 жж. Революция орталықта қалай өрбісе, Қазақстанда да солай өрбіді.

Орынбор - Ташкент темір жолындағы жұмысшы қозғалысы оның құрылысы кезінде - ақ басталған еді, бұл күштеп жұмысқа салу, тонау мен қызмет бабын пайдаланудың темір жол құрылысында кең етек жаюына байланысты еді. Темір жолдың оңтүстік және солтүстік басқармасына, Петербургке Жол қатынас министірлігіне және Николай II патшаның атына көптеген арыздар жазылып, бұл жұмысшылардың өздерінің экономикалық мүделері мен жағдайларын заңды жолмен жақсыартудың алғашқы қадамдары болды. Жұмысшылардың жұмыс берушілермен күресінің ең таралған түрі бұл келісімде бекітілген уақыттан бүрын жұмысты тастап кетуі еді.

1902 жылдың қазан айында жолдың солтүстік бөлігінің 1 - ші учаскесінің рядчигі И. Б. Масловтың 56 жұмысшысы жұмыс орнын тастап кетті. Мүндай оқиғалар көп болған. 1902 жылдың 16 тамызда жолдың солтүстік бөлігіндегі 4 - ші учаскесінде 3797 жұмысшы болса, 1 қыркүйекте тек 1900 жұмысшы ғана болды [22.287].

Жұмысты тастап кетумен қатар, құрылысшы жұмысшылар стачкалар ұйымдастырды, негізінен экономикалық сипатқа ие болған стачкалар ұйымдастырылу жағынан стихиялы болды.

Ірі деген стачкалардың бірі Мұғаджар станциясында болып, оған 800 жұмысшы - құрылысшылар қатысты. Стачканың болуының себебі еңбек ақының кешіктірілуі еді. Стачка бірнеше күнге созылып, оған жергілікті қазақ шаруалары да қосылды. Олар темір жол желімі бойындағы жайылымдық жерлерді Орынбор қазақ әскерлеріне бірлігуіне қарсы болды.

Орыс - жапон соғысы, оның империалистік сипаты және орыс әскерлерінің жеңілуі жұмысшылар арасында патша режиміне деген қарсылық көз қарастарды бірден өршітіп жіберді. «Туркестанские ведомости» «Бізге Перовскіден хабарлауы бойынша, жергілікті қырғыздар соғысы жайлы білгісі келеді және ол жайлы мәліметтер бөлуге құлшынып отыр» деп жазды. 1904 жылдың қазан айында жолдың оңтүстік бөлігінің 2-ші учаскесінің (Арыс ст. жақын) қарауылы қазақ Жұмабай Дұнанбаев «орыс патшасы мен оның от басын балағаттағаны үшін» полицейлер тарапынан қысым көрген. 1904 жылдың желтоқсан айында Түркістан ст. жұмысшы Кириллов жариялы түрде орыс әскерлерінің қиыр шығыста жеңілуі мен патшаның дарынсыз екендігін айтқаны үшін сотқа тартылды[22.321].

Ресейдің орталығында 1905 жылдың 9 қаңтарындағы оқиғаға байланысты басталған революциялық толқын, сәл кешігіп болса да, Орынбор - Ташкент желісінің теміржолшыларында қамтыды. Оның кейбір шеберханалары мен деполарының жұмысшылары жалпы Ресейлік теміржолшылар сачкасына қатысты. Бұл стачка 1905 жылы 7 қаңтарында -ақ басталып кетті, оған Петербургке жақын орналасқан темір жолдардың шеберханалардың жұмысшылары жұмысты тоқтатып, бірнеше экономикалық және саяси талаптар қойды. Кейінірек бұл стачкаға Ресейдің 20 темір жолының шеберханалары мен деполары қосылды, соның ішінде Самара - Златаус темір жолының шеберханалары мен деполары да бар еді, осы темір жол желісі арқылы Орынбор - Ташкент желісі орталық Ресеймен жалғасатын. Ресей темір жолшыларының қаңтар - ақпан айларындағы стачкасіне Орта Азиядан бірінші болып, Орта Азия темір жолының Ташкенттік басты шеберханаларының жұмысшылары қосылды. Олардың басшылығы мен әсерінен Орынбор- Ташкент темір жолының уақытша шеберханаларының жұмысшыларында ереуілге қатысты. Ереуіл 1905 жылы 18 ақпанында басталды.

Бұл ереуілге Перовск, Туркестан, Шалқар және Орынбор - Ташкент желісінің басқа станцияларында темір жолшылары қатысты. Осы уақытта жолдың солтүстік бөлігінің жұмысшыларының жиналысында бірігіп, талаптар қоймақшы болғанда басқарма араласын жиін өтпей қалды [22.329-331].

1905 жылы 5 ақпаннан бастап Жол қатынастар министірлігі басты және желілік шеберханалармен паровоз деполарында 10 сағаттық жұмыстың орнына 9 сағаттық жұмыс күні, мейрам алды күндерінде жұмыс уақытын қысқартуға және т.б. жеңілдіктерге рүқсат берілді. Ресейдегі ақпан теміржолшылардың ереуілінің басты талабының бірі шеберханалармен депо жұмысшыларына темір жол қызметкерлер штаттарының қүқықтары мен жеңілдіктерін беру еді. Патша үкімет бұл мәселе бойынша сәл ғана жеңілдік жасауға келісті, ол үшін жұмысшы осы темір жол желімінде үздіксіз 10 жыл жұмыс істеу тиіс, сонымен қатар ол бөлімі және тәртібі жағынан осы жеңілдіктерге лайықтылар ғана және басшылықтың көзіне ілініп жүрген жұмысшыларға берілетін болып шешілді. Осындай іс-әрекеттермен үкімет жұмысшылар арсында өзінің позициясын күшейту үшін ақ сүйек жұмысшы топтарын қүрмақшы болды.

Бұл кезде жол бойының әр жерлерінде құрылыс жұмысшыларының бас көтерулері болып түрды, олардың ішіндегі ең ірілерінің бірі 1905 жылы мамыр айының соңында Жусалы станциясында болды. Бұл жерде 200-ге жуық жұмысшы басқармаға еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс уақытын қысқарту және т.б. талаптар қойды. Бүған учаскі басқармасы жұмысшылардың бір бөлігі жұмыстан шығарып «тәртіпті» әскери күшпен

орнатты. Орынбор - Ташкент темір жолында 1905 жылы көктемде болған жұмысшылардың ереуілдерімен бас көтерулері жұмысшы қозғалыстарының әлсіз жақтарын көрсетті: тұрақты жұмыс істейтін темір жол жұмысшыларының кадрларының толық қалыптасып бітуі, құрылыс жұмысшыларының ауыз бірлігінің болмауы және жолдың социал -демократиялық топтарының әлсіздгі, олар көп жағдайда 1905 - 1907 жж. Революция кезінде пайда болды. Социал - демократтардың ең ірі топтары Орынбор және Ташкент қалаларында болды.

Социал - демократтардың Ташкенттік тобының үгіт насихат парақшалары бүкіл Орынбор - Ташкент темір жолынан кеңінен тарай бастады, әсіресе Түркістан, Перовск, Жусалы, Қазалы, Шалқар, Ақтөбе станцияларында [1.72].

1905 жылдың көктемімен жазында Орынбор - Ташкент темір жол телімдерінде социал - демократиялық топтар (Перовскіде, Қазалы, Түркістан, Ақтөбе және т.б.) пайда болып, олар күшейе бастады. Бұл топтардың мүшелерінің көпшілігі жергілікті темір жолшылар болды. Орынбор - Ташкент социал - демократтарының басшылығы мен жолдың екі бөлігінің темір жұмысшылары белсенді іс-әрекеттерге дайындалып жатты.

Осы уақытта, яғни, 1905 жылы 25 шілдеде жолдың солтүстік бөлігінің құрылысы аяқталды. Қазалы мен Орынбор арасында түрақты қатынас орнатылды. Оңтүстік бөлігіні құрылыс жұмыстары аяқталды деген сұлтаумен басқарма «сенімсіз» деген жұмысшыларды жаппай қысқартуға үшыратты бұл жолдың темір жолшылардың арасында наразылық тудырды.



1905 жылдың тамыз айында социал демократтар Давидов пен Тороховтың басшылығымен Перовск депосының жұмысшыларының ереуілі болды. 1905 жылдың екінші қыркүйегінде Орынбор станциясы шеберханаларының жұмысшылары қала сыртына жиналып өз араларынан 17 делегат сайлап, олар шеберхана басқармаларына экономикалық талаптар әсіресе кесімді жұмыс үшін жалақыны көбейтуді сүрады. Олар станция және депо жұмысшыларымен бірге, поездардың қозғалысын тоқтатпақшы болды, бірақ алдын ала шақырылған әскер оларды онда жібермей қойды. Ереуіл 1905 жылдың 9 қыркүйегіне дейін жалғасты.

1905 жылдың жалпы қазан саяси ереуілінде Ресей теміржолшылары қытысты. Стачка 1905 жылдың 13 қазанында жолдың солтүстік бөлігінін Кинель бүзүлық учаскесінде басталды, ол ереуілге шыққан Самара-Златауст темір жолына жалғасып жатыр еді. Бүдан кейін стачка Қазалыға дейін тарап, ертесіне бүкіл солтүстік бөлігіне поездардың қозғалысы тоқтап қалды.

Ал, жолдың оңтүстік бөлігіндегі стачка бүдан да ымырасыз болып, ол мүнда 15 қазанда басталды. Бірінші болып стачкаға Орта Азия темір жолының басты шеберханаларының жұмысшылары қатысты оларға Орынбор - Ташкент темір жолының Ташкенттің шеберханалрының жұмысшылары қатысты. Ташкент темір жолшылары еш қандай экономикалық талаптар қоймады, басынан бастап қазан стачкасы саяси сипатқа ие болды.

Стачканы Ташкеттік социал - демократтар тобы басқарды, олар теміржолшылардың арасында үгіт насихат жұмысын жоғары деңгейде жүргізді. Ташкент социал-демократтарының ықпалы күшейіп бара жатқандығын көрген, генерал-адютант К. К. Максимович Николай II - ге жазған рапортында: «Мүндай үгіт насихаттың әсерінен революциялық топтар үлкен қадамдар мен жүрді, ал Европалық Ресей жалпы темір жол станциясы басталғанда оның әсері Түркістан аймағының жолдарында бірден байқалды. 1906 жылдың 15 қазанында Орта Азия және Орынбор - Ташкент темір жолдарының барлық жол қызметтері ереуілге шығып қозғалыс тоқтап қалды, темір жолдың өз қолдарына алған жұмысшылар тек станцияларға су және тамақ тасыған поездарды жіберіп отырды» деп жазды. [1.79-80].

Стачка Орынбор - Ташкент темір жолының оңтүстік бөлігіне тез тарап кетті 1905 жылдың 19 қазанына қарай бүкіл темір жол бойы стачкаларға қатысты. Бірақ бұл жерде кей станциялардың жұмысшылары материалдық, қызмет, түрғын жай жағдайларын көтеруді талап етті. Бұл жағдайға байланысты «ереуілшдер тек экономикалық талаптар қойды» деп жазды. Орта Азия темір жолында ереуілдер тоқтаған соң да (1905 жылы 27 қазан), жолдың оңтүстік бөлігінің жұмысшыларының көпшілігі стачканы жалғастыра берді. Сол кезде Ташкент теміржолшыларымен Ташкентке жақын орналасқан станцияларының жұмысшылары ереуілдерін тоқтатты. Осыған байланысты жолдың оңтүстік бөлігіндегі Түркістан станциясынан Қазалы станциясына дейінгі телімде пойыздар қозғалысы қалпына келмеді.

Оңтүстік жолдағы қазан стачкасын бұл кезеңде Перовск станциясының теміржолшылары басқарды. Бұл жерде стачка 15 қазанда басталды. Теміжолшылардың еруілдері 16-17 қазанда да жалғасып, күшейе бастады. Ереуілді патша манифестіде баса алмады. Осы күндері Перовск теміржолшылары жалпыресейлік саяси талаптарға ашықтан - ашық қосылды. Олар патша самодержавиясының қүлатылып, демократиялық республика қүруды талап етті. Патша манифесті Перовскіде сенім туғызбады. Олар манифестте көптеген бостандықтар берілген , бірақ оларды орындамай отыр, сондықтан қалай болса да біз осы талаптарды орындатуымыз керек деп үрандады.



Перовск станциясында стачканың жетекшілерінің бірі депо жұмысшысы, социал - демократ С.З.Табацкий болды, ол 21қазандағы митингіде : « Елдің экономикалық дамуымен бірге оның саяси көзқарастары да өзгереді, ол өзгерістер қалықьың билікті өз қолына алып, самодержавие керексіз дүниеге айналады » деп сөйледі [6.68].

Табацкий тергеу материалдарында «социал-демократтардың доктринасын дамытты, социал-демократтар мен социал-революционерлердің көзқарастарын салыстырды» деп атап өтті.

Перовск теміржолшыларының ымырасздығынан қазан стачкасы жалғаса берді, теміржол әкмшілігінің жергілікті билік жолдың оңтүстік бөлігіндегі пойыздар қозғалысын қалпына келтіре алмады. Орынбор-Ташкент темір жолының оңтүстік бөлігіндегі экономикалық ереуіл ташкенттік учаскесінен басқа жерлерде жалғаса берді. Жұмыс басқармасы ең болмаса жолаушы пойыздарының қозғалысын қалпына келтірмекші болды, Ташкенттен шыққан пойыздармен екі бригада жіберіп отырды, олар бір-бірін Қазалы станциясына дейін ауыстырып барулары керек еді. Бірақ бұл іс-әрекеттер еш нәтиже бермеді. Түркістан станциясында қозғалыс мүлде тоқтап қалды. Перовск темір жолшылары Ташкенттен шыққан пойыздарды жібермей қойды. Олар Ташкентке кетіп бара жатқан, Орынбор-Ташкент темір жолының басқарма адамдары мінген пойызды тоқтатып қойды. Оның ішінде жолдың оңтүстік бөлігінің құрылысының бастығы инженер Вяземский, оның көмекшісі Ольшевский, қозғалыс қызметінің бастығы Мануйлов және т.б. адамдар болды. Олар стачканың соңына дейін осы жерде қалуларына тура келді.

Өздерінің талаптарын орындатуды шешкен жұмысшыларға жұмыстан қуамыз деген қорқытулар әсер етпеді. Жұмыс басқармасы талаптарды орындауға мәжбүр болды, Оларға құрылыс жұмыстары кезінде алынған айыппүлдарын кейін қайтарып берді. Тек осыдан кейін ғана екі аптаға созылған стачка тоқтап, екінші қарашадан бастап пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Сөйтіп 1905 жылы жолдың оңтүстік бөлігінде болған қазан саяси стачкасы аяқталды. Бірақ пойыздардың қозғалысы толық қалпына келтірілген соң да, жұмысшылар толқулары болып жатты, қазан стачкасы біртіндеп қараша стачкасына жалғасып кетті [22.874]

Орта Азия темір жолындағы қараша ереуілінің басталуына Ташкент қаласының билігінің Ташкент горнизоның солдаттарының ереуілге шыққанына байланысты аяусыз басып тастауы себеп болды. Қараша ереуілі бүкіл Түркістанды қамтыды, оған өнеркәсіп жұмысшылары да қосылды. Осы уақытта бүкілресейлік почта және телеграф жұмысшыларының ереуілі болып жатқан.

1905 жылы 16 қарашада Ташкенттік темір жолшылар комитеті Орынбор-Ташкент темір жолының барлық депо бастықтарына телеграф арқылы Ташкентте болған оқиғаға байланысты, су таситын пойыздардан басқа пойыздарды жібермеулерін сүрады. Сол күні кешке және 17-18 қарашада ереуілге жолдың оңтүстік бөлігінің барлық станция депо және шеберханалары қосылды. Жерлерде ереуіл комиттері құрылып, Ташкентке және бүкіл жол бойына өздерінің ереуілге қосылғандығын және пойыз қозғалысының тоқтағандығы хабарлап отырды.

16 қарашада Түркістан станциясынан телеграфпен: «Біз, түркістандықтар, жиналыста Ташкент депосымен шеберханаларындағы жұмысшыларға қосыламыз және болған оқиғаға байланысты көңіл білдіреміз. 17 қарашадан бастап ереуілге шығамыз деп шештік» деп хаар жіберді. Осындай телеграмма 17 қарашада Арыс станциясынан келді: «Біз, Арыс депосының барлық шеберлері мен жұмысшылары Ташкенттік әкімшіліктің солдаттарды аяусыз үрып соғуына байланысты, ереуілге қосыламыз деп шештік. Жұмысты 17 қарашадан бастап тоқтаттық» [6.59].

Телеграммалар Жусалы және Перовск станцияларынан да келді. Бүкіл Ташкенттен Қазалыға дейін пойыздар қозғалысы тоқтап қалды, ереуілдер комитеттері қүрылып, өкілдер сайлана бастады. Олар ереуілдерді басқарып отырды. Қараша ереуілінің сипаты «жариялы саяси» болғанымен, кей жерлерде темір жолшылар қосымша экономикалық саяси сипаттағы талаптар қойды.

1905 жылы қараша стачкасы кезінде Ташкентте ташкенттік социал-демократтардың тобы басқаратын Орта Азия және Орынбор-Ташкент темір жолдарында ереуілдік комиттер қүрылды.

Орынбор-Ташкент темір жолының ереуілдік комитеті 1905 жылдың 25 қарашасында қүрылды. Тергеу материалдарында «қараша ереуілі кезінде екі жолдың ереуілге шыққан жұмысшылары комитеттердің араласуымен темір жол желілерін тек ереуілдердің мақсаттары үшін пайдаланды» деп көрсетілді.



Темір жол комиттері жолдың оңтүстік бөлігіндегі көптеген станцияларда (Арыс, Түркістан, Шиелі, Жусалы және т.б.) пайда болды. Станцияларда жұмысшылар өкілеттілер мен өкілдер сайлап, оларға комитет функциялары жүктелді. Комиттер мен делегаттар арқылы темір жолшылар пойыздардың жол бойымен қозғалуы мен ереуілшілердің мүдделерін шешіп

отырды. Мәселен, Арыс комитеті жолдың оңтүстік бөлігінің басқа станцияларының жұмысшыларын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қозғалысты реттеу үшін, жол жөндеуге жұмысшылар бөліп отырды. 1905 жылдың 19 қарашасында Түркістан станциясының өкілетті жұмысшылары телеграфпен Ташкентке: «Кеше сағат 11 -де Перовскіден екі паровозбен Ташкентке жалақысы үшін келе жатқан жұмысшылар келді. Ары қарай не істейтінін білмегендіктен үстап қалды. Ортақ шешімге келіп, өкілдерді жіберуге келісті» деп хабар келді. Сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің одағы қүрылып жатты, жолдың оңтүстік бөлігінің одақ мүшелерінің саны 1100 адамға жетті [13.78]

Темір жолшылардың қараша ереуілі кезінде Перовск оны басқаратын орталыққа айналды. Бұл жерде жұмысшылар ереуілге басынан бастап қатысты.

Қазан стачкасы Перовскіде, Орынбордағы сияқты, темір жолдың басшылықтағы қызметкерлері (құрылыс учаскесінің бастығы, қозғалыс тексерушісі және т.б.) қатысты, бірақ ең керекті кезде олар өз көзқарастарынан айни бастады. Перовск комитетінің қүрамына депо жұмысшылары- С.З. Табацкий мен А. И. Тороховтар кірді.

Перовск комитеті Ташкенттік топпен, самаралық РСДЖП үйымымен, бүкілресейлік темір жолшылар одағының Орталық комитетімен және Орта Азия темір жолшылар одағының орталық бюросы (Ашхабатта) мен Орынбор-Ташкент темір жолының Орталық бюросымен (Орынборда) тығыз қарым-қатынаста болды.

Перовскілік және Ташкенттік жұмысшылардың күресі мен қайсарлығы арқасында жолдың оңтүстік бөлігіндегі қараша ереуілі Орта Азия темір жолында (3 желтоқсанда) аяқталғаннан соң да, 1905 жылдың 9 желтоқсанына дейін созылды.



1906 жылдың көктемінен бастап, Орынбор-Ташкент темір жолында жұмысшылар қозғалысы қайта күшейе бастады, үжымдық кездесулер, бір күндік ереуілдер жіне т.б. шаралар үйымдастырылды. 1906 жылдың 19-20 мамырынды Орынбор депосында жұмысшылардың ереуілдері болды, Олар азық-түлік сатып алу үшін жалақыны дереу төлеуді талап етті. Жұмысшылар жұмысқа тек олардың талаптарын орындаған соң ғана шықты. Бірақ әкімшілік ереуілге шыққан бір күннің ақшасын үстап қалды. 1906 жылдың 2-4 маусымында жұмысшылар қайтадан ереуілге шықты. Бұл жолы жұмысшылар әкімшілікке қоятын талаптарын, алдын-ала жергілікті «Степь» газетінде жариялады. Бұл талаптарды қолдап 227 адам қол қойды. Тізімде барлығы 8 пункт болды. Олардың негізгілері: 1) қара жұмысшылардың еңбекақысын 80 тиынға, шеберлерге- 40-60 тиынға көбейту; 2) алдынғы ереуіл күнінің еңбекақысын төлеу; 3) еңбекақыны айына екі мезгіл (айдың 1 мен 15 күндері) беру; 4) еңбек жағдайын жақсарту (үстаханаларды түтетпеу, жұмысшылардың жуынатын жерін жөндеу және т.б.). Басқарма амалсыздан кейбір талаптарды орындауға мәжбүр болды [3.148].

Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшыларының бүд кездегі бас талаптарының бірі 8-сағаттық жұмыс күнін енгізу еді. Оларға ықпал еткен Орта Азия темір жолының жұмысшыларының 8-сағаттық жұмыс күнін енгізуге қолдарының жетуі еді (1906 жылдың 15 мамырынан бастап), олар үзақ уақыт бойы және қайтпай күресуі арқылы өз мақсаттарына жеткен еді. ОрынборТашкент темір жолына 8-сағаттық жұмыс күнін енгізуді бірінші көтерген Ташкент станциясының шеберханалары мен деполарының жұмысшылары болды.

Ұзақ уақытқа созылған темір жол басқармасының документтерді реттеу және Жол қатынастар министрлігінің үкімін күтуден шаршаған жұмысшылар 1906 жылдың 4 маусымында өз еріктерімен Ташкент депосында 8-сағаттық жұмыс күнін енгізді. Бұл жағдайды Петербургтегі Темір жол басқармасының бастығына хабар жеткізгеннен кейін ғана Жол қатынастар министрлігі 8-сағаттық жұмыс күнін енгізуге келісті. Бірақ олар бұл келісімді жартылай ғана орындайтын болды: 8-сағаттық жұмыс күнін жазғы 3-айға ғана - 15 мамырдан 15 тамыз аралығында енгізуге рүқсат берді. Бұған қарамастан, 8-сағаттық жұмыс күнін енгізу Ташкент депосының жұмысшыларының үлкен жеңісі болды. Олардың ізімен Қазалы станциясының теміржолшылары өз еріктерімен өз жұмыстарында 8-сағаттық жұмыс күнін енгізді. «Степь» газетінде: «Орынбор-Ташкент темір жолының Ташкент депосында 8-сағаттық жұмыс күні енгізілген соң, Қазалы депосының жұмысшыларыда осыны талап ете бастады. Жұмысшылардың өтініштері іске аспаған соң, жұмысшылар 8-сағаттық жұмысты революциялық жолмен енгізбекші болды. 18-21 шілде аралығында олар жұмыстан бір сағатқа ерте кетті [14.109]

1906 жылы жазы мен күзінде Орынбор-Ташкент темір жолының станцияларында жұмысшылар саяси митинглер мен саяси түтынулар мен кездесулер үйымдастырып отырды. Мысалы, 1906 жылдың 14 шілдесінде Қазалы станциясына саяси түтқындары бар пойыз келді. Жұмысшылар пойызға келіп қоршап алып, түтқындарға сәлем беріп, сөйлесті. Содан кейін қауіпсіздік мақсатында пойыз басқа жолға ауыстырылып, қарауыл қойылды. Осындай кездесу 1906 жылы 20 тамызда Ақтөбе станциясында болды.

1906 жылы Орынбор-Ташкент темір жолында жұмысшылардың ірі ереуілдері мен толқулары болмағанмен, теміржолшылардың санасы мен, олардың партиялық және кәсіподақтық күшеюі мен нығаюы жақсы жүрді.

Қазақстанның оңтүстік аудандарының (Жетісу және Сырдария облыстары) социал-демократиялық үйымдара мен топтары, соның ішінде Орынбор-Ташкент темір жолының оңтүстік бөлігінің станциялары-Түркістан, Перовск, Қазалы станцияларының жұмысшылары Түркістан үйымдарының РСДЖП одағының қүрамына кірді.Олар «Рабочий», «Солдатский листок», «Правда», «Руский Туркестан» газеттерін шығарды. Социал-демократиялық топтар одақтың комиттерінің қажеттіліктері үшін өздерінің бюджетінің 30 %-ын бөліп отырды [3.123]

Теміржолшылар Ташкенттің, Түркістанның, Перовск және Қазалының социал-демократиялық топтарының негізін қүрады. Сырдария облысының губернаторы патшаға 1907 жылғы есебінде облыстың социал-демократиялық топтарының көпшілін темір жол және жеке шеберханалардың жұмысшылары құрап отырса, ал эсерлер негізінен зиялы адамдардан: заңгерлер, дәрігерлер, инженерлер, студенттер мен шенеуніктерден құралды.

Осы уақытта азалының социал-демократиялық топтары күшейе бастады. Оған 1905 жылғы оқиғадан кейін Перовскілік топ қосыла бастады. Олар РСДЖП-ның Орталық комитетімен байланыс орнатып, олардан ақыл-кеңестер мен әдебиеттер алып отырды. Сонымен қатар Ташкенттік топ пен Түркістан үйымдарының одағымен байланыс орнатып, Орынборлық социал-демократиялық топтармен арасындағы жалғастырушы ролін атқарды. Олар жіберген әдебиеттерді Түркістандағы жергілікті әскери горнизонының жауынгерлері оқыды. Қазалыда социал-демократтар жергілікті теміржолшылар одағының іс-әрекеттерін басқарды.

1906 жылы 1 шілдеде РСДЖП-ның Ташкенттік үйымының үйымдастыруымен Ташкентте Орта Азия және Орынбор-Ташкент одақтарының I съезі шақырылды, ол одақтың мақсаттары мен міндеттерін, үйым мен одақтың ережелерін талқыға салып, қабылдады. Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшыларының атынан 3 делегат: Ташкент депосынан -2, Қазалыдан -1 адам қатысты.//

Ресейдің басқа темір жолдарының (Сібір және Рязань-Орал темір жолдары) одақтары кәсіптік сипатта болса, Орта Азия және Орынбор-Ташкент темір жолдарының одақтары әуел бастан кәсіптік-саяси сипатта жұмыс істеді. Сондықтан съезде одақ ережелерін қабылдады, оның бірінші параграфында: «темір жол одағы мынандай міндеттер қояды: 1) жынысына, сеніміне және ұлтына қарамай тең және қүпия түрде сайлау өткізу; 2) 8-сағаттық жұмыс күнін талап ету; 3) теміржолшылар мен төменгі қызметкерлердің тілегін материалдық-қүқықтық жағдайын көтеру». Одақ ережесі бойынша одаққа теміржолшылар мен темір жол батальондарының жауынгерлерімен қатар темір жолда қызмет істемейтін адамдар да мүше бола алды. Теміржолшылар одағының съезінде Устав бойынша аудандық одақ комитеттерін бекітті, Орынбор-Ташкент темір жолының бойында сегіз аудандық комитет құрылды, оның төртеуі Түркістан аймағында «Ташкент, Түркістан, Перовск және Қазалы станцияларында», ал қалған төртеуі -Орынбор губерниясының аумағында «Шалқар, Ақтөбе, Орынбор және Бұзылық станцияларында» болды [5.632]

Бүкілресейлік темір жол одағының Түркістан бөлімшесі 8 мың одақ мүшесінің басын қосты, оның көпшілігі жаңадан салынған Орынбор-Ташкент жолына 6 мың адам (Орта Азия темір жолының 2 мың адам) тиесілі болды. Олар бүкіл аймақтың кәсіподақ мүшелерін 40,8 % -ын қүрады.

Орынбор-Ташкент темір жолының темір жол одағы жерлердің ыдратушылық әрекеттеріне қарамастан, 1906 жылы социал -демократтардың күшті ықпалында болды.

Үшінші маусымнан кейін патша жұмысшыны және шаруалар қозғалысын аяусыз қуғындады. Реакция барлық бағытта шабуылға шықты. 1907 - 1910 жылдары арасындаревалюцияға қатысқаны үшін 26 мың адам сотталды, оның 5086 - ы өлім жазасына кесілді: 1909 жылы түмелерде 170 мың адам болды. Жұмысшы табының үйымдары да қатал репресияға үшырады. 1906 жылы мен 1910 жылдың араында 500 кәсіподақ үйымдары жабылды. Кәсіподақ мүшелерінің саны 250 мыңнан 13 мыңға дейін қысқарды. Елде революциялық толулар аямай басылып жатты.

«Үшінші маусым төңкерісінен» кейінде Орынбор-Ташкент темір жолында ереуілдер болып түрды, бірақ Столыпиндік реакция жүріп кетті.

1905-1907 жылдардағы революция мен буржуазилық демократиялық болып қана қойған жоқ.

Бұл революция Қазақстан ішінде тарихи кезең болды. «Бүкіл дала саяси додаға тартылып азаттық үшін қозғалыс тасқыны қүрсауына енді»[ 12.85]

Ал профессор М. Қойгелдиевтің сөзімен айтқанда: «1905-1907 жылдары отарлық бүғаудағы қазақ қоғамында таптық санадан гөрі ұлттық сананың тезірек пісіп жетілуіне қолайлы алғышарттар басым түсіп жатты»[ 11.150].

Осыған қарап, жұмысшылардың тәуелсіз демократиялық Республика құрамыз деген ұранмен жасаған төңкерісі. Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыстың тууына өте өлкен ықпал жасады.


& 2.2 Темір жол бойындағы кәсіпорындарының дамуы және саяси күрес.

Ресейдегі 1905-1907 жж. буржуазиялық-демократиялық революция жеңіліске ұшырады, үшінші шілдедегі төңкерістен кейін елде столыпиндік реакция болды. Самодержавие өзінің басты күшін жұмысшыларға қарсы қойды, әсіресе оның авонгардына- Ресейдің социал-демократиялық жұмысшы партиясына. Қуғын-сүргінге кәсіподақтық үйымдарда үшырады: 1906-1910 жылдар аралығында 500-ден кәсіподақ табылып, 600-ге жуық кәсіподақты тіркеуден бас тартты; заңды түрде тіркелген кәсіподақтық мүшелерінің санында бірден азайып кетті. 1907 жылдың басында 245 мың болса 1909 жылдың соңына қарай 13 мың адам-ақ қалды. Жұмысшы қозғалысы да қүлдырап: 1907 жылы ереуілшілер саны 704 мың болса, ал 1910 жылы олардың саны 47,6 мың болды.

Жұмысшылардың партиялық және кәсіподақтық үйымдарына патша жандайшаптары жансыздар ендіріп, олар революциялық қозғалыстың мүшелерін әшкерелеп беріп отырды. Социал-демократар мен жұмысшы кәсіподақтарының аман қалғандары тығылып, түтқындалу, жұмыстан қуылу, әрдайым аңдылып жүргендеріне қарамастан, осындай ауыр жағдайларда жұмыс істеуге тура келді. Социал-демократиялық партияның күші буржуазиялық топтары мен жұмысшылары арасында жік туып, меншевиктердің жік тудыру әрекеттері, ликвидаторлардың, троцкистердің әрекеттері партияның жұмысына көзін тудырды.

Сталиндік реакция жылдары Қазақстандағы барлық дерлік социал-демократиялық топтар мен үйымдар талқанданды. Аймақтың жұмысшылары III мемлекеттік думаға депутаттар жіберу құқығынан айырылды. Революция жылдары жұмысшыларға беретін қүқықтарын қайтадан ала бастады, жұмыс күні үзартылды, жұмыстың бағалануы төмендетілді, шығару нормасы жоғарылатылды және т.б. болды [17.239].

Реакцияның жүруі және соған байланысты жалпылай репресияларға үшырауы Қазақстанның теміржолшыларын социал-демократиялық және кәсіптік үйымдарына ауыр тиді. Олардың көпшілігі жойылды, аман қалғандары заңсыз жолдармен жұмыс істеуге тура келді. Осы кезеңде теміржолшылардың қарсылығы қаражүздіктер мен темір жол басқармасының басшы адамдарына қарасты үйымдастырылған ланкестік әрекеттер арқылы білінді: 1908 жылы Перовск станциясында шеберханалардың жұмысшылары жек көретін учаскенің бастығы Каль ауыр жараланды, ол 1907 жылы жұмысшыларды қысымға алған кезде-ақ жұмысшылар ереуілге шыққан: ал 1910 жылы Ақтөбе станциясында жергілікті темір жол бастығы Тизегаузенді өлтіру әрекеті жасалды, ол аз уақыттың ішінде болмайтын іс-әрекеттері үшін жұмыстан 80 адамды қуды [14.98].

Басқарма өкілдерін өлтіру және олардың өмірлеріне қауіп төндіру Орынбор және басқа станцияларды орын алды. Теміржолшылардың арасында 1 адамға қарсы бағыттаоған ланкестік тактикасы белең ала бастады. Оларға әсерлердің ықпалы бар екендігі көрінді. Сонымен қатар анархистік топтер қүрыла бастады, мысалы 1908 жылы Перовскіде.

Осы жағдайларда Қазақстан социал-демократтары теміржолшылар арасындағы жіктелуге қарсы аянбай күрес жүргізді. Эсерлер мен анархистерді әшкереледі, социал-демократиялық партия ішіндегі іріткі салушыларды: меншевиктерді, атзовистерді, ликвидаторларды әшкерелеп, заңды жұмыс пен заңсыз іс-әрекеттерді қатар алып жүру: жұмысшы массасын өздеріне тартып, бірлікті сақтап қалуға тырысты. Большевиктердің бұл күресі өз жемісін бере бастады: теміржолшылар арасында эсерлер, анархистер мен басқалардың ықпалы түсе бастады. 1908 жылдың ақпан айында РСДЖП-ның Ташкенттік комитетінің жұмысының қайта жандануымен байланысты. Түркістан қарауыл бөлімінің бастығы хабарлайды «теміржолшылар арасында социал-демократиялық партиясының тактикасына деген сенімсіздік пайда бола бастады, олардың өкілдерінің іс-әрекеттері, көзі ашық жұмысшылардың ызасын келтіреді» деді. Демек теміржолшылар арасында большевиктердің іс-әрекеттеріне қосылмайтын теміржолшылар көп екендігіне көзімізді жеткізуге болады [22.369-378].

1908-1910 жж. Орал, Түркістан, Омбы, Перопавл және басқа станциялардың темір жол (немесе кәсіптік) одақтары заңсыз іс-әрекеттер жасады, сонымен қатар большевиктер эсерлердің ықпалынан тәуелсіз кәсіптік одақтар қүра бастады және біршама жетістіктерге жетті. Мысалы, 1908 жылдың күзінде Орал станциясында шеберханалар мен депо жұмысшыларының кәсіптік одағы қүрылды, ол жергілікті социал-демократтардың ықпалында болды. Одақтың мүшелері, шеберханалар жұмысшылары: Тисленов, Ванющин, Толмачев, Андрей Морозов, Маскалев, Дондуков және т.б. болды.



Орал, Орынбор, Омбы, Ташкент және басқа қалалардың социал-демократиялық үйымдарының 1908-1910 жж. әрекеттері сонымен қатар темір жолшылар арасында саяси насихат пен үгіт жұмыстарын жүргізу болды. Жандармерия материалдарында олардың үйым жайында Оралдың социал-демократиялық одағы жақсы үйымдастырылған. Партия топтарға бөлініп әр топ теміржолшылар арасында насихат жұмысын жүргізеді. Өздерінің типографиясы бар. Депо спесоры Покатилов, темір жол қызметкері Улянов, үйымның белсенді мүшелері болды; олардан басқа үйымға мүше қатарында О. Доскова, Даниленько, Н. Шилов, П. Шилов, Коканов, Хазанов, К. Чувеловтар болды [5.379].

Орынбор социал-демократиялық ұйымы 1908 жылдың 1 мамырында қалаға жақын жерде халықаралық жұмысшылар күніне байланысты митинг өткізді. Митингіге көп жұмысшы қатысты. Ұйым сонымен қатар басты шеберханалардың жұмысшылардың арасында саяси түтқындар мен жұмыссыздарға ақша жинаумен айналысты. 1909 жылдың сәуір айында олар «өлім жазасына қарсы қоғамдық топтарға» қор жинаумен айналысып, мемлекеттік думаға өлім жазасына қарсы петицияны ұсынбақшы болған. «Оренбургский край» газетасының баспаханасын тәркілеген кезде, бұл петицияға 30 адам қол қойған еді [5.321].

1910 жазынан бастап, Ресейде революцияялық көтерілудің жаңа кезеңі басталды, ол өнеркәсіптің дамуымен тығыз байланысты болды. Петербург Москва және басқа өнеркәсіп орталықтарында жалпылық стачкалар болды, саяси демонстрация, жиындар мен ереуілдер болды.

Ресейдің орталық аудандарында басталған, жаңа революциялық көтерілу, Қазақстанның теміржол желілерінде қамтыды. 1910 жылының көктемі мен жазында орынборлық бас шеберханаларда жұмысшылардың бас көтерулері болды, ол 1909 жылдың көктемінде басталып кеткен еді. Бұл бас көтерулердің негізгі себептері темір жол басқармасының жөнсіз әрекеттері, олар бағалау нормавсын түсірді, жұмысшыларға үлкен мөлшерде айып пұл салды. Жинау цехының жұмысшыларын жаппай қуа бастады, бұл цехтың жұмысшылары шеберханалар жұмысшыларының күресінің ұйымдастырушылары еді. Басқарма шеберханаларды жабуға әрекеттенді.

Орынбор теміржолшылары большевиктер газеттер «Звезда» және «Рабочая газета» байланыс орнатып оларға ақша жинады. Олар жаңадан құрылып жатқан «Рабочая газета» газетасына 10 сом 84 тиын жинап берді [3.154].

1911 жылдың көктемі мен жазында Орынбор-Ташкент темір жолында, әсіресе Ташкент, Түркістан және Перовск станцияларында паравоз бригадаларының бас көтерулері болды, олар паравоздарға арналған жанармайдың нормасын бірден түсіруге байланысты, жалақының қысқаруына қарсы болды.Кейбір паравоз бригадалары пойыздарды жүргізуден бас тартты, паравоздардың жанармайын бүрынғы жеткізуді талап етті. Бірақ олардың арыздары мен қарсылықтары іске аспағандықтан көпшілігі есеп айырысқан соң басқа темір жолдарға кетіп қалды. Революцияның жаңа көтерілу кезеңінде Қазақстанның темір жолдарындағы жұмысшы қозғалысын ары қарай дамуына Ленск оқиғасы себеп болды. 1912 жылы 4 сәуірде царизм қолдарында қаруы жоқ жалақыны көбейтуді, жұмыс және түрмыс жағдайларын көтеруді сұраған сібір алтын кеніштерінің жұмысшыларын аяусыз басқаннан кейін, бұл айуандық іс-әрекеттерге қарсы күреске Қазақстан теміржолшылары да қосылды.

1912 жылдың 20 сәуірінде Түркістан станциясында далада, түнге қарай теміржолшылардың жиналыс болды, ол жайында жергілікті жандарм хабарлаған. Бұл жиналыста теміржолшылар Ташкент станциясының жұмысшылары сияқты қайта үйымдасып бүкілресейлік теміржолшылар одағына қайта кіру бүкіл Орынбор-Ташкент темір жол желісі мен басқа да жолдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ереуілдер болған жағдайда оларға түсіністікпен қарау және көмектесу мәселелерін талқылады. Жандарм офицері жиналыстың басты себептері «Ленск оқиғасы» соңғы кездердегі жұмысшыларды жұмыстан жаппай қуу, сондықтан көптеген бүрынна істеп келе жатқан жұмысшылар жұмыссыз қалып, соған байланысты штабтардың қысқаруы, жұмыс көлемінің артуына әкеліп соқты. Соған қарамастан жалақы көлемі артпады, қайта түсірілді. Бұл жағдай аймақта өмірге қажетті заттардың бағасы өскенде одан сайын шиеленісе түсті деп хабарлаған.



1912 жылдың 28 сәуірінде Орынбор мен бүкіл желіге социал-демократиялық партияның үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Онда бірінші мамырды тойлауға, сонымен бірге 8-сағаттық жұмыс күнін енгізу, әскерді таратып, оның орнына халықтың милиция қүруға шақырды. 1912 жылғы 30 сәуірдегі жандармдық материалдарды «Орынбор-Ташкент темір жолының басты шеберханаларының жұмысшылары 1 мамырда ереуілге шығып, жұмысшылар мейрамын Ленск оқиғаларына қарсылық білдіретін 1 күндік ереуіл үйымдастырмақшы» деп жазылды. Шыныменде 1912 жылы 1 мамырда басты шеберханалардың жұмысшыларының ереуілі болды [5.638]

1912 жылдың жазында Орынбор-Ташкент темір жолының Ташкент учаскесінде 6 ай бойы жалақысын ала алмай, әбден титықтаған мердігер Қарақановтың 300 жұмысшысының ереуілі болды.

1912 жылдың 19 мамырында Ақтөбе станциясының жандарм офицері революциялық үгіт-насихаттың жүргізілетіндігі соншалықты мықты үйымдастырылған, олардың басшыларын үстау мүмкін емес. 1913 жылы осы жерде Орынбор-Ор темір жол желісінің құрылысына мердігерлер жалдаған 210 жұмысшының ереуілі болды. Жұмысшылар мердігерлердің жұмысқа дейін алдын-ала ақша береміз деген уәделерін орындауды талап етті. Басқарманың ақшаны сәл күте түрыңдар деген сөздеріне қарамай жұмысшылардың көпшілігі төлқүжаттарын алып, қайтып кетті.

Бұл жылдары Қазақстанның темір жолшылары бүкілресейлік жұмысшы және социал-демократиялық қозғалыстарымен өздерінің байланыстарын нығайта түседі, олардың арасында большевиктік «Звезда» және «Правда» газеттері тарады. Орал, Орынбор, Омбы және басқа станциялардың жұмысшылары «Правда» газеті үшін ақша жинап, олардың номерлерін алып, оларды таратумен айналысты. 1913 жылы бірінші ақпандағы жандармерия материалдарында «Орынбор станциясының теміржолшыларының арасында 10 адамнан түратын үйірме ашылып, үйірме астаналық социал-демократиялық газеттерге көмектесуге шешім қабылдаған» деп жазды.

Болыпевиктер мен меньшевиктер Қазақстанның теміржолшыларының арасында өздерінің газеттерін көптеп таратуға тырысты. Егер реакция жылдары меныпевиктер мен эсерлердің газеттері көптеп тараса, 1913-1914 жылдардан бастап, большевиктердің газеттері көптеп тарай бастады. Бұл газеттердің жұмысшылардың арасында беделі зор болды. Бұл газеттер арқылы жұмысшылар арасында жұмысшылар қозғалысы, социал-демократиялық партиялардың іс-әрекеттері туралы, үндеулер мен үгіт-насихаттар бүкіл Ресей империясының территориясына таралып, осы газеттер арқылы жұмысшы қозғалысы мен кәсіподақтардың жұмысын реттеп отырды. Бұл газеттер сонымен қатар дүние жүзінің жұмысшы қозғалыстары мен кәсіподақтарының жұмыстары мен іс-әрекеттері туралы жазды. Осы теміржолшылардың арасына тараған үндеулер мен үгіт-насихаттарды теміржолшылардың ішіндегі қазақ ұлтының өкілдері осы дүниелермен танысып, олардың да саяси-әлеуметтік көзқарастары өзгере бастағаны белгілі. XX ғасырдың бас кезіндегі жұмысшы қозғалыстары қазақ халқының санасын көтеруге ықпал етті.

Большевиктердің заңды түрде тіркелген үйымдар мен еңбекшілер одақтарында беделі өсе бастады. Олармен күресу жылдан жылға қиындап кетті. Сырт көзге байқалмайтын іс-әрекеттері арқылы қүқық қорғау органдарының көзіне түсе бермеді. Социал-демократтардың заңды түрде тіркелген кәсіптік және мәдени ағартушылық үйымдардағы іс-әрекеттеріне ешқандай кінарат тағуға болмайды.

1914 жылдың бас кезінде Қазақстанның темір жол желілерінде жұмысшы қозғалысының күшейгені байқалды. 1914 жылы 22 қаңтарда Орынборлық басты шеберханалардың вагон цехында 1 күндік ереуіл болып өтті. Жұмысшылар жұмыс жағдайын жақсарту, цехта жалдануды орнату, су қүятын үлкен ыдыс, асханалар бригадаларға жұмыстарды әділ бөлу, қарым-қатынаста сыпайы болу және т.б. талаптар қойды. Жұмысшылардың бұл талаптарының көпшілігін шеберханалар басқармасы орындады. 1914 жылдың қаңтар-наурыз айларывда Ақмоланың губернаторы хабарлағандай, сібір темір жолының паравоз бригадаларының толқуы болып өтті, олар жалақысынан ақша үстап қалуға қарсы болды. Бұл уақытта Қазақстанда салынып жатқан темір жолдарда да жұмысшылардың толқулары болды. Бірақ революциялық көтерілуі 1914 жылдың тамызында басталған бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен тоқтап қалды [8.589].

Соғыс Ресейде және басқа елдерде шовинистік көзқарас белең ала бастады. Ол әсіресе буржуазиялық партияларды (эсер, меньшевиктер және т.б.) қамтиды. Батыстың социал-демократиялық партиялары соғыс кезінде өздерінің буржуазиялық-үкіметтерін қолдады. Оппуртонизм мен социал-шовинизмге бөлінген II Интернационал құлады. В. И. Ленин бастаған жұмысшылардың социал-демократиялық партиясы империалистік соғысқа қарсы шықты. Империалистік соғысты Азаматтық соғысқа үластырмақшы болды. Елде төңкеріс жасап, болыпевиктердің билігін орнатпақ болды. Қазақстанның теміржолшылары, болыпевиктердің басшылығымен империалистік соғысқа қарсы шықты, жаңа революцияның қолдады.

Бірінші дүние жүзілік соғыс Ресейдің экономикасын тығырыққа тіреп, қүлдыратты. Миллиондаған адамдардың өмірін қиып, халықтарды күйініш, аштық және кедейшілікке үшыратты. Бірінші дүние жүзілік соғыс Қазақстанның теміржолшыларының жағдайына ауырпашылықтар түсірді. Соғыс жылдары Қазақстаннан темір жол арқылы көп көлемде мал, ауыл шаруашылық өнімдері мал өнімдері мен алып кетті. Соғыстың үшжылының ішінде Түркістан аймағынан : 20889 мың пұт - мақта, 300000 пұт -ет, 109000 пұт-мақта майы, 447000 пұт- балық, 229000 пұт-сабын, 75000 бас-жылқы, 12700 бас - түйе, 38000 шаршы- киіз, 13441-киіз үй шығарылды. Соғыс егістік жер көлемі мен мал басын азайтты, азық-түлік пен түрмысқа қажетті заттардың бағасы бірден өсті. Бүның бәрі Қазақстанның жұмысшыларының жағдайын төмендеттті [17.93].



Соғыстың басталуымен Қазақстанның теміржол желілерінде ерекше күзет енгізілді, ол бойынша ереуілдер, жұмысшылардың бас қосулары мен жиындары, үгіт насихаттың барлық түріне, үгіт парақшаларына, жұмысшылар үшін ақша жинау және т.б. тыйым салынды. Орынбор -Ташкент теміржолында ерекше күзет 1914 жылы 18 шілдеде енгізілді. Бұл ереженің негізінде 1905 жылы 14 жетоқсанда шыққан, патша өкімі жатты. Теміржолшылардың ереуілге және үгіт-насихат жұмыстарына қатысса, оларды әскери уақыттың ережесі бойынша әскери трибунал заңдары бойынша соттайтын. Бірақ осы қатаң тәртіптер Қазақстан теміржолшыларының царизмге қарсы күресін тоқтатпады.

1915 жылдың шілде айынан қазан айына дейін Орынбор станциясының басты шеберханаларымен деполарының жұмысшыларының ірі-ірі толқулары болды. Жұмысшылар өздерінің жиындарында талаптарының тізімдерін жасады, өкілдерді сайлады, жол басқармасына осы тізімдерді беріп, олармен келіссөздер жүргізді. Талаптардың көпшілігі экономикалық сипатқа ие болды.

Мәселен, жұмысшылар өкілдері жол бастығына жалақыны көтеру, медециналық қызмет көрсетуді жақсарту, азық - түлік үшін несие беру сияқты талаптар бар тізімді үсынды. Жол бастығының көнуіне тура келді, ол жұмысшыларға азық - түлік сатып алу үшін 10000 сом несие және оларды жеткізу үшін вагон бөлді [22.487]

1915 жылдың 3 қырқүйегінде депо жұмысшыларының делегациясы жол бастығынан жалақыны көтеруді талап етсе, 11 қырқүйекте осындай талапты басты шеберханалардың жұмысшылары қойды. 1915 жылдың 5 қазанындағы жиналысындағы депо жұмысшылары жол бастығына өздерінің резалюциясын тапсыруға шешім қабылдады. Онда азық-түлікті азық- түлік бөлімінің және жолдың зейнетақылық кассасының есебінен сатып алу, несие беруді жеңілдету сияқты талаптар болды. Сонымен қатар Орынбор губернаторына жұмысшылардың қатысуымен тұрмысқа қажетті заттардың және пәтерлердің бағасын белгілеу, Ресейдің батыс жағынан келген босқындар үшін ресторандар, қонақ үйлер мен басқа ғимараттарды жұмысшылардың қатысуымен реквезициялау сияқты талаптар тізімін беруді үйғарды.

Орынбор теміржолшыларының толқулары кезінде ереуілдер болып түрды, 1915 жылдың 1 желтоқсанында Орынбор шеберханаларының паровоз цехының 178 жұмысшысы қатысқан ереуіл болды, олар сияқты ішінде қатты түтіндеп кететін болғандықтан жұмыс істеуден бас тартты [5.357].

1916 жылдың аяғы мен 1917 жылдың басында Орынбор станциясында жұмысшылардың ереулдері болып түрды.1916 жылдың 15 желтоқсанында басты шеберханалардың жұмысшылары ереулге шығып, өздерінің жұмыстан қуылған жолдастарын қайтып жұмысқа алуды талап етті; 1917 жылдың 31 қаңтарында шеберханалардың ұсталық цехының жұмысшылары кесімді төлемнің құнын күніне 99 тиынға өзгертуге талап етті.

Қазақстанның темір жолдарындағы негізгі оқиғалардың қысқаша көріністерін алып қарайтын болсақ, Революциялық көтерілудің жаңа кезеңі мен бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдары Қазақстан теміржолшылар Ресейдегі царизмнің қүлауына белсенді түрде араласты. Айта кету керек Қазақстан теміржолшыларының күресі Ресейдегі царизмнің және буржуазия мен капиталисттердің қанауына қарсы шығып, өздерінің тәуелсіздігін алуына ұмтылды.


жүктеу 415 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау