Мазмұны кіріспе І тарау. Тарих толқынындағы көне қалалар


Талас-Тараз өңірінің тарихындағы елеулі оқиғалар



жүктеу 435 Kb.
бет4/4
Дата11.02.2020
өлшемі435 Kb.
#28719
1   2   3   4

Талас-Тараз өңірінің тарихындағы елеулі оқиғалар

Б.з.б. 1-мыңжылдықта Азия құрлығының орталық белдемінде түркі халыөтарының арғы тегі – ғұндардың мемлекеті қалыптасты. Оның құрамына Жетісуды мекендеген үйсін тайпалары да кірді.

Б.з.б. 2 ғасырда үйсіндер сақ тайпаларын бағындырып, өз мемлекетін құрды.

6 ғасырда Суяб, Құлан, Испиджаб, Тараз қалаларын басып өтетін Ұлы Жібек жолының сырдариялық және тяньшандық бағыттары қалыптасты.

6 ғасырда Тараз қаласы мен оны қоршаған өлке туралы алғашқы жазба дерекгер пайда болды.

568 ж. Таразда Византия елшісі Земарх, 629 ж. Қытайдың будда миссионері Сюань Цзян болып қайтты.

609 ж. Батыр баба, би Бәйдібек дүниеге келген.

704 ж. Жетісуда түргештер саяси жетекшілікті өз қолдарына алып араб жаулаушылығына қарсы күресті.

715 — 738 ж. Сұлу-Сулық қаған тұсында Тараз қаласы қара түргештердің астанасы болып, өлкенің экономикасы мен мәдениеті едәуір дамыды.

740 ж. Құланда Батыс түрік қағанатының соңғы әміршісі Ашина Син қаза тапты.

751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде аббасидтердің әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньжи (Гау Шиян) арасында 5 күнге созылған орасан зор шайқас болып, қытайлар толық күйретілді.

756 ж. түргештердің екі қағанының ордалары Тараз бен Суябты қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қоластына өтеді.

940 ж. ел ордасының бірі Тараз каласы болған Қарлұқ қағанаты ыдырады. 10 — 12 ғасырда Қарахандар мемлекеті қалыптасты.

956 ж. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бұғра Қарахан қайтыс болды.

960 ж. таққа отырған оның ұлы Мұса исламды мемлекеттік дін ретінде жариялайды.

1041 ж. Қарахан мемлекеті Батыс жөне Шығыс Қарахан қағанатарына бөлініп кетті.

12 ғасырда ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші-Айша бибі кесенесі салынды.

12 ғасырдың 1-жартысыңда Жетісу жерін қағандар басып алып өз мемлекетін құрады.

1208 ж. Моңғолиядан ығысқан Күшлік хан бастаған наймандар Жетісуға келіп, 1211 ж. мұндағы билікті қолдарына алады.

1210 — 12 ж. Шыңғысхан әскері Жетісуды ешбір соғыссыз басып алды, қарлұқтар билеушісі Шыңғысханға қызметке тұрады.

1219 ж. Шыңғысхан әскерлері Тараз аймағын басып өтіп Сыр бойындағы қалаларға шықты.

1219 — 22 ж. Хорезмді толық бағындырғаннан кейін Шыңғысхан жаулап алған жерлерді ұлыстарға бөлді. Тараз аймағы Шағатай ұлысына қарады.

1269 ж. көктемде Шыңғыс хан ұрпақтары мен моңғол ақсүйектерінің қатысуымен болған моңғол империясының соңғы құрылтайы — «Талас кұрылтайы» өтті.

1347—48 ж. шамасында Шағатай ұлысының ыдырауы нәтижесінде Моғолстан мемлекеті құрылды.

1370 ж. Мауераннахрда билік басына Әмір Темір келді.

1370 — 90 ж. Әмір Темір Моғолстанға бірнеше жорық жасап, Тараз өңірін қаты шапқыншылыққа ұшыратты.

1452 ж. Есен тайшы бастаған ойраттар моғолдардың бытырап жатқанын пайдаланып, Шу өңіріне басып кірді.

1457 ж. қалмақтар жүктері мен бала шағаларын Шу бойына қалдырып, Түркістанға жорық жасады.

15 ғасырдың 50 — 70 жылдары Шығыс Дешті Қышпақ пен Сырдария бойынан Батыс Жетісуға 200 мындай адам көшіп келді. Сөйтіп, бұл өңірде Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет — Қазақ хандығы қалыптасты.

1499 ж. тарихшы, әдебиетші, «Тарих-и Рашиди» кітабының авторы Мұхаммед Хайдар Дулати дүниеге келді.

1526 — 30 ж. Моғол империясының негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхамед Бабыр «Бабырнама» тарихи шығармасын жазды. Шығармада Тараз туралы құнды деректер келтірілген.

1541 — 46 ж. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегін жазды.

1729 ж. біріккен кдзақ қолыньщ жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі болған — Аңырақай шайқасы өтті.

1771 ж. Шу атырабында әйгілі шешен, батыр Бөлтірік Әлменұлы дүниеге келді.

1781/82 ж. әйгілі қайраткер, батыр Сыпатай Әлібекұлы дүниеге келді.

1789 ж. Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, қайраткер Байзақ датқа дүниеге келді.

1828—29 ж. Ресей үкіметі мен қоқан билеушілерінің келісімі бойынша екі ел шекарасы Шу өзені бойымен өтгі. 19 ғасырдың басында Ұзынағаштан Ақмешітке дейінгі бүкіл Оңтүстік Қазақстанды қоқандықтар басып алды.

1821 ж. қоқандықтар ежелгі Тараз қаласының орнына Әулие-Ата бекінісін тұрғызды.

1846 ж. Жамбыл тауының етегінде ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл дүниеге келді.

1860 ж. Ресей әскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді әскери қимылдары басталды.

1867 ж. 11 маусымда Ресей үкіметінің қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады.

1873 ж. Әулиеатада 5 төсектік қабылдау бөлмесі бар алғашқы аурухана ашылды.

1884 ж. 22 маусымда халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаев дүниеге келді.

1894 ж. 26 желтоқсанда мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов дүниеге келді.

1905 ж. қарашада Әулиеата уезі қазақтары Ресей империясы Министрлер кеңесінің төрағасы граф С.Ю.Виттеге патша өкіметінің отаршылдық саясатына наразылық танытып арыз-тілек жолдады.

1910 ж. 24 желтоқсанда қазақ халқының әскери қайраткері, ержүрек қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы дүниеге келді.

1918 ж. 30 сәуірде автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасы құрылып, Әулиеата уезі соның құрамына енді.

1919 ж. тамызда «Аулие-Атинский вестник» газеті шыға бастады.

1924ж. Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты Әулиеата уезі Сырдария облысының құрамына енді.

1928 ж. каңтарда уезд таратылып 6 ауданнан тұратын округ құрылды.

1931 ж. облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.

1936 ж. 10 қаңтарда Әулиеата қаласы Мирзоян болып өзгертілді.

1936 ж. көркемөнерпаздар үйірмесінің негізінде колхоз-совхоз театры құрылды.

1936 — 39 ж. шығыстанушы ғалым А.Н.Бернштам Тараз, Адахкес, т.б. ежелгі қала орындарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

1938 ж. 5 маусымда қалаға ұлы ақын Жамбыл есімі берілді.

1939 ж. 14 қазанда 9 ауданнан тұратын Жамбыл облысы құрылды.

1939 ж. облыстық мұрағат ұйымдастырылды.

1940 ж. наурызда Жамбыл облыстық партия комитетінің 1- хатшыс болып М.И.Ткаченко сайланды.

1940 ж. 10 мың дана кітап қоры бар облыстық кітапхана ұйымдастырылды.

1951 ж. 15 наурызда Жуалы ауданы Жамбыл облысына берілді.

1955 ж. Жамбыл қаласында республикадағы тұңғыш мәдени-ағарту училищесі ашылды.

1957 ж. желтоқсанда Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болып М.Сапарғалиев сайланды.

1961 ж. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Алматы қаласынан Жамбылға көшірілді.

1961 ж. Тараз қаласының тарихи орталығында Жамбыл Жабаев ескерткіші ашылды.

1963 ж. Қаратау, 1969 ж. Жаңатас кенттері қала дәрежесін алды.

1965 ж. сәуірде Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болып Б.Садуақасов сайланды.

1967 ж. Жамбыл метал құралымдар зауыты іске қосылды.

1967 ж. 8 тамызда Жамбыл облысы Ленин орденімен марапатталды.

1967 ж. облыстық филармония ұйымдастырылды.

1967 ж. Жамбыл педагогикалық институты ашылды.

1970 ж. Жамбыл — Кдеатау темір жол тармағы Жанатас каласына жеткізілді.



1970 ж. облыстық «Алатау» ән-би ансамблі ұйымдастырылды.

1971 ж. наурызда Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болып М.Жұрмұхамедов сайланды.

1972 ж. маусымында Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болып Х.Ш.Бектұрғанов сайланды.

1979 ж. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты салынып бітіп, қала «Үлкен химияның астанасына» айналды.

1981 ж. 13 наурызда Қордай ауданы Кенен ауылында халық ақыны Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды.

1983 ж. ақпанда Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болып Ә.Х.Жақьшов сайланды.

1985 ж. Байзақ және Жамбыл ауданындағы егістікке жарамды алқапты игеру мақсатында салынған Базарбай суару жүйесі іске қосылды.

1988 ж. желтоқсанда Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болып С.М.Байжанов сайланды.

1995 ж. қарашада Жамбыл облысының әкімі болып А.Қ. Тшанов тағайындалды.

1995 ж. облыстағы ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін үйлестіріп отыратын ұйым — Қазақстан халықтарының Жамбыл облыстық Кіші ассамблеясы құрылды.

1996 ж. 16 ақпанында қапалық апталық «Жамбыл-Тараз» газеті шыға бастады.

1996 ж. Тараздағы Төле би көшесіндегі саябаққа 1986 ж. желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қ. Рысқұлбековке ескерткіш орнатылды.

1997 ж. 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Жамбыл қаласына тарихи аты — Тараз қайтарылды.

1998 ж. қаңтарында Жамбыл облысының әкімі болып С.С. Қалмырзаев тағайындалды.

1998 ж. Тараз қаласындағы барлық жоғары оку орындары біріктіріліп Тараз мемлекетгік университеті құрылды.

1998 ж. Тараз қаласындағы тарихи Атшабар алаңының іргесіне Мұхаммед Хайдар Дулати ескерткіші орнатылды.

1999 ж. ақпанда Жамбыл облысының әкімі болып С.Ә.Үмбетов тағайындалды.

2000 ж. қазан айында Тараз қаласының орталығында, облыстық драма театры алдында жауынгер әрі жазушы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына ескерткіш орнатылды.

2001 ж. Тараз қаласында ерекше қабілет танытқан балаларды оқытатын «Дарын» мекгебі ашылды.

2002 ж. 25 - 26 қыркүйекте Тараз шаһарының 2000 жылдық тойы салтанатпен атап өтілді. Тараздағы Достық алаңында Бәйдібек баба ескерткіші орнатылды. Ескерткішті Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ашты.

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.

  1. Б. Әбілдаұлы. Талас, Айша Бибі, Қарахан. Алматы Санат. 2002, (16б).

  2. А.Н. Бернштам. Талас алқабының ежелгі ескерткіштері. Алматы. 1941, (12б).

  3. Ә. Кекілбай. Талайғы Тараз Алматы 2002 (15б)

  4. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары 2002 (24б).

  5. К. Байпаков, Л. Ерзакович. Древния города Казахстана. Алма-Ата 1971г. (64-65б).

  6. М.Мырзахметов, И.Жеменей, А.Әбдуалиев. Көне Тараз. Алматы. 2002, (40б).

  7. Б.Әбілдаұлы. Талас, Айша Бибі, Қарахан. Алматы. Санат 2002, (72б).

  8. Тараз Жамбыл облысы. Энциклопедиясы. Алматы. 2003, (25б).

  9. Ә.Х. Марғұлан «Жұлдыз» журналы 1984, №4 (176б).

  10. Ә.Кекілбай. Талайғы Тараз. Алматы 2002, (83б).

  11. А.Н. Бернштам. Талас алқабының ескерткіштері. Алматы 1941, (15б).

  12. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. 2002, (136б).

  13. Б. Әбілдаұлы. Талас –Тарас-Тараз. Егемен Қазақстан 2002, 28 тамыз

  14. Ж. Дәдебаев. Атыңнан айналайын. Әулие ата. Алматы 2002, (35б).

  15. С. Әулие. «Тараздағы мұражай». Тарих сериясы 2005, №1 (134б)

  16. «Прошлое Казахстана в источниках и материалах». Алма-Ата-Москва 1936, (114б).

  17. М. Қожанов. «Құлпырып жасарған Тараз» //АР-ДАҚ 2002, қыркүйек.

  18. Б. Әбілдаұлы. Талас, Айша Бибі, Қарахан. Алматы «Санат» 2002, (70б).

  19. Ж. Дәдебаев. «Аңызбен ақиқат» //Егемен Қазақстан 2002, 27 шілде (3б).

  20. А.Н.Бернштам, Памятник старины Таласской долины. Алма-Ата 1941 ж (101 б).

  21. М. Мырзахметов, И.Жеменей, А.Әбдуалиев. көне Тараз Алматы 2002, (87б).

  22. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары 2002, (116б).

  23. Б.Әбілдаұлы. Талас, Айша Бибі Қарахан. Алматы, «Санат» 2002, (245б).

  24. Молдақыков Т.«Тараз өңіріндегі тарихи ескерткіштер».//Қазақстан музейлері 2007, № 4 (36б).

  25. Ә. Кекілбай «Талайғы Тараз» Тағдырымен тағылымы. Егемен Қазақстан 2002, 17-қыркүйек.

  26. М.Мырзахметов, М. Жеменей, А. Әбдуалиев. «Көне Тараз» Алматы 2002, (39-40бб).

  27. С. Өтениязов. Білім және еңбек журналы. 1981, № 12.

  28. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди», Алматы 2003, (101б).

  29. Байбосынов К. Талас-Тараз қаласы- ғасырлар куәсі. Егемен Қазақстан 1997, 21-қаңтар.

  30. М. Мырзахметов, И. Жеменей, А. Әбдусалиев «Көне Тараз» (49б)

  31. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары 2002, (82б).

  32. Б. Әбілдаұлы. Талас-Тараз. Алматы «Санат» 1998 (285б).

  33. Тараз Жамбыл облысы. Энциклопедия. Аламты 2003, (28б)

  34. Ә. Кекілбай «Талайғы Тараз». Алматы 2002, (109б).

  35. Мұаммед Хайдар Дулаеи Тари-х Рашиди. Алматы 2003 (45б).

  36. Дәдебаев Ж. Істемі Қаған «Қазақ әдебиеті». 2002, 18 ақпан.

  37. М. Мырзахметов, И. Жеменей, А. Абдуалиев. «Көне Тараз». Алматы 2002, (55б).

  38. М. Қожанов. «Тарих тұңғиығынан сыр шерткен шаһар». //Сақшы 2002, 26 қыркүйек (3б).

  39. Талаз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-

  40. Практикалық конференциясының материалдары 2002, (24б).

  41. М. Мырзахметов, И. Жеменей, А. Әбдуалиев «Көне Тараз» Алматы 2002, (35б).

  42. Ж.Дәдебаев Атыңнан айналайын Әулие ата. Алматы 2002, (56б).

  43. Б. Әбілдаұлы. Ең байырғы қала. //Ақиқат 2002, № 9-36б.

  44. Атабаев Қ.М. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, Қазақ университеті 2000, (105б).

  45. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди. Алматы 2003, (106б).

  46. Б.Әбділдаұлы. Айша Бибі шыққан тегі мен заманы туралы толғаныс.. //Егемен Қазақстан 2002 ж. 29- мамыр.

  47. Елеуұлы. М. Шу өңірі: аңыз бен тарих Қаз МҰУ хабаршысы, тарих сериясы. Алматы, 1996, (7-9бб).

  48. Ә. Қалмырзаұлы. Теберік дүние. Алматы. «Қасиет» 1997, (42б).

  49. М.Жолдасбекұлы. Қ.Салғараұлы, А. Сейдімбек. Елтұтқа. Астана 2001ж (52б).

  50. Қ. Тұяқбаев. Көне шаһар маржандары. //Егемен Қазақстан 2001, 5-маусым.

  51. М.Бейсембай. Көне Тараз сәулеті. Алматы ақшамы. 2002, 26- қыркүйек.

  52. Ердәулетов С.Р. Тараз Аулие-Ата. Джамбул. Алма-ата 1983, (18-19).

  53. Б.Әбілдаұлы Талас, Айша Бибі, Қарахан. Алматы «Санат» 2002, (116б).

  54. Ахмедов Ғ. Алаш Алаш болғанда: ескерткіштер мен тарихи деректер. Алматы. Жалын, 1996 (29б).

  55. Омарбеков Т.Шаймұратұлы Ж. Евразиялық Одақ: бір үміт, бір күдік. //Ақиқат. 1997, №2.

  56. М. Қожанов. Тарих тұңғиығынан сыр шерткен шаһар. //Сақшы. 2002, 26-қыркүйек.

  57. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-

практикалық конференциясының материалдары 2002, (48б).

  1. Ә.Х.Марғұлан. Жұлдыз журналы. 1984, № 4. (178б).

  2. Ә.Кекілбай. Талайғы Тараз. Алматы 2002, (107б).

  3. Көшімов М. Әулиеата хабарлары. //Айқап, 1912,№1.

  4. Ә.Кекілбай. Талайғы Тараз тағдырымен тағылымы. //Егемен Қазақстан 2002, 10- қыркүйек.

  5. Б. Әбілдаұлы. Талас, Айша Бибі, Қарахан. Алматы «Санат» 2002, «120б!.

  6. Ж. Дәдебаев. Атыңнан айналайын Әулие ата. Алматы, 2002, (37б)

  7. Ә.Дербісәлі. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы 1995, (71б).

  8. Н. Жорабайқызы. Тараз Ежелгі мәдениет мерейі. Алматы ақшамы. 2002, 3 қыркүйек.

  9. С. Байтілен. Ежелгі Қазақ даласы. Таразға 2000 жыл // Білім 2002, №3-30б.

  10. М.Мырзахметов.И. Жеменей, А. Әбдуалиев. «Көне Тараз». Алматы, 2002, (21б).

  11. К. Сәттібайұлы. Көнеден жеткен көркем шаһар. //Жас Алаш. 2002, 1-қазан.

  12. Ә. Кекілбай. Талайғы Тараз. Алматы 2002, (108б).

  13. К. Байбосынов. Талас-аңғары бабалар тарихы. Ел мәдениеті. 2007, 28-қаңтар.

  14. Қожабекұлы Б.А. Тарихи таным. Алматы: Ататек 1994, (102) //Қазақ әдебиеті 2002, 6-қыркүйек.

  15. А. Егеубай. Ләйлектердің ұясы- құтты Тараз. //Қазақ әдебиеті 2002, 6-қыркүйек.

  16. Тараз өңіріндегі тарихи ескерткіштер //Қазақстан музейлері 2007, №4-37б.

  17. Тараздың тойы- тарихтың тойы. //Жас Алаш 2002, 26-қыркүйек.

  18. Таразым өлең. Парасат 2002, №9-10б.


Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институтының Тарих факультетінің 42-24 тобының бітіруші студенті Дүйсенова Шолпанның «Таластың тарихи ескеркіштері атты диплом жұмысына
ПІКІР

Отан тарихында Талас өңірінің ерекше орын алатындығын қазіргі заман зерттеушілері айтып та жазып та жүр.

Бізге Н. Я. Бичуриннің, А.Нү Бернштамның, Ә.Х.Марғұланның, Ю. А. Зуевтың, Т.Сенигованың, С. Өтениязовтың тарихи еңбектерінен Талас қаласы біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші ғасырдың орта кезінде салынған белгілі. Мұндай қорытынды жасау үшін негізгі дерек көптеген зерттеушілерге белгісіздеу «Үлкен хань әулетінің тарихы» деген қытай жылнамасы болып отыр. Үлкен хань әулеті Қытай мемлекетін қазіргі жыл санауымыздан бұрынғы 202 жылдан бастап қазіргі дәуірдің VIII ғасырына дейін билеген. "Цянь-Ханьщу» деп аталатын бұл жылнаманы біздің дәуіріміздегі 27 жылы Қытай тарихшысы Баньгу жазған.

Тараз тарихы — қазақ үшін шығыстың ұлы Жібек жолы. Адамның алпыс екі тамыры сияқты еліміздің ықлым заманғы болмыс-бітіміне, табиғатына, өнері мен өміріне, мәдениеті мен әлеуметтік жай-күйіне тереңдеп алып кетеді.

Тараз туралы ең алғашқы жазба деректер Қытай тарихында сақталып қалған. Онда Тараздың біздің дәуірімізге дейінгі жүз жылдықтың бастапқы кезіндегі түрік тайпалар бірлестігінің орталығы болғандығы айтылады. Ал жыл санауымыздың 36-жылдары шамасында мұнда түркі тайпасының көсемі Чжичжи өзінің астанасын тігеді. Бұл туралы тарихи деректерде «Чжичжи Таластың жоғарғы жағынан келіп... болашақ мемлекет астанасы болады, деп қала салды. Қала сыртынан айнала терең ор қазылды, мұнаралары бар биік ағаш қорған салынды, одан әрі топырақтан дуал тұрғызылып, ол екінші қорғау болды», деп жазады.

Дүйсенова Шолпан бұл зерттеуін жазу барысында 50 аса тарихи әдебиеттерді оқып талдаған. Еңбеккерлігімен қатар тарихи зерттеу жұмысына бейімділігін ескеріп өте жақсы деп бағалауға болады.



Ғылыми жетекші: С.К. Бердібеков

Т.Ғ.К. доцент.


ПІКІР

Дүйсенова Шолпан Талас өңірінің ескерткіштері атты диплом жұмысы тарихи ескерткіштердің даму мәселесін зерттеуге арналған.


Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік құжаттардың мазмұндарын оқып үйрену, баспа беттерінде жарық көрген тарихи материалдарды оқып танысу, олардың мазмұндарын зерттеу жұмыстардың негізгі талап- тілектерімен салыстыру арқылы осы диплом жұмысының негізгі бағытымен міндеттерін мазмұнын жасау негізгі міндеті мен мақсаты болып есептелген.

Тарих бесігінде тербеліп қалыптасқан Талас- Тараз өңірінің қалалары да әлемдегі ұлы қалалар тағдырымен тағдырлас, өзіндік қайталанбас ғұмырды бастан кешкен қалалар. Жоғарыда қойылған мақсаты- міндеттерді жүзеге асыру барысында зерттеу еңбектерінде Талас-Тараз қалалары жайлы баспадан жарық көрген тарихи әдебиеттер және мерзімдік басылымдар, тарихи әдебитеттер мен зерттеу материалдарын қазақ тарихы журналы беттерінде зерттеу материалдар қолданылған. Пайдаланылған А.Н. Бернштон «Талас алқабының ежелге ескерткіштері» деген тарихи- археологиялық очеркі. Қытайдың 6000 жылды қамтитын «Цянь-Хань-Шу», яғни «Кейінгі Хан әулетінің тарихы деген жылнамасы оны алғаш орысшаға аударған Н.Бичурин. Мекемтас Мырзахметұлы, Ислам Жеменей және Асқар Әдуалиевтің «Көне Тарз» атты еңбегі Әбіш Кекілбайдың «Талайғы Тараз» атты еңбегі, Бақтияр Әбілдаұлының «Талас Айша бибі, Қарахан» атты кітабы. Мұхаммед «Хайдар Дулати» Тарих- и Рашиди» еңбегі, Тараз Жамбыл облысы энциклопедиясы, сонымен қатар оқулықтар, әр жылдары мерзімдік басылым беттерінде әр жылдары мерзімдік басылым беттерінде жарық көрген мақалалар пайдаланылған.



Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бес тақырыпшадан және қорытындыдан тұрады. Дипломдық жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі, суреттер берілген. «Тарих толқынындағы көне қалалар трихы» деп аталатын тақырып аясында Талас-Тараз қалаларының қалыптасуы мен дамуы, және Талас қаласының атаулары жайында, жан-жақты талқыланады. «Талас өңіріндегі қалалар туралы парсы деректері» деп аталатын тақырыпта Талас-Тараз қалалары жайында шет елдер тілінен парсы тіліне аударылған және парсы тілінде жазылған деректер көрсетіліп отыр.
Диплом жұмысы тарихи деректемелер мен әдебиеттерді жан-жақты зерттеу арқылы жазылғандығын және тарих мәндерін меңгергендігін ескеріп жоғары бағалауға болады деген пікір айтамыз.
ҚХДУ Отырар Институты

Қазақстан тарихы кафедрасының

меңгерушісі: т.ғ.к. профессор Әшім Жанысбеков




жүктеу 435 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау