Мазмұны Кіріспе. 1-тарау


-тарау. Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан



жүктеу 1,23 Mb.
бет2/4
Дата02.03.2018
өлшемі1,23 Mb.
#10972
1   2   3   4

2-тарау. Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан

соғысы жылдарындағы әлеуметтік-азаматтық

сезімінің қалыптасуы.
2.1. Оқушылардың тылдағы азаматтық іс-әрекеттері.
Мектеп оқушылары майданға аттанған әкелерінің, ағаларының орнына тұрып егін жинау, мал бағы, шөп жинау, Отан қорғау қорына қаржы жинау, эвакуцияланған балаларға, үлкендерге, жараланған жауынгерлерге қамқорлық жасау сияқты отанжандылық істері халықтың Ұлы Отан соғысының жылдардағы ерлік еңбегі шежіресінен лайықты орын алмақ.

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1942 жылы 3-ші қарашадағы қаулысы бойынша мектептердің 8-10 кластарында оқушылардың аптада өтілетін сабақтары біраз көбейтіліп, ауыл шаруашылық машиналары трактор мен комбайнды, автомашинаны міндетті түрде оқытатын, ал 5-7 класстары ауыл шаруашылық неіздерін үйрететін болды. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.

Мектеп оқушылары жұмыс көліктөрін күту, соқамен жер жырту, тырмалау, шөп шабу т.б. сол сияқты біліктерді меңгеру. Сонымен жоғары класс оқушылары кохоздар мен совхоздарға механизатор кадрлары дайындалды. 80 мың оқушы, 23 мың мұғалім үйірмелерге қатысып, агротехника негіздерімен танысты. Соғыстың бастапқы екі жыл ішінде оқушылардан 17 672 тракторшы, 4520 комбайнер мен 2306 шофер даярланды.

Техника тетігін жете меңгерген бұл оқушылар ауыл шаруашылық жұмыстарына көп жәрдемін тигізді. Мәселен, 7-класс оқушылары Мария Васильева комбаин штурвалына отырып, Кеңбидай совхозының егіс даласында (Оңтүстік Қазақстан облысы) маусымдық тапсырмасын 200 процентке жекізіп, 395 кг жанармай үнемдеді (307).

7-8 кластың 80 оқушысынан құралған Алға орта мектебінің (Ақтөбе облысы) трактор бригадасы күндік нормаларын әрдайым 150-170 процентке жеткізіп орындаған.

Бірқатар мектептерде жоғары класс оқушылары бекітілген ауыл шаруашылық жұмыстарын кешенді жүйемен жүргізуді үйренді. Мұндай әдіс оқушылардың терең интөлектуалды болуын, өсімдіктану, зоология, физика, химия пәндерінен алған білімдерін тәжірибемен байланыстырып отыруын талап етті. Мысалы, Талдықорған ауданы №1 жеті жылдық мектебінің оқушылары қарамағындағы бірнеше гектар егілетін жерді ерте көктемнен күзгі егін орағына дейін күтіп, астық өнімін бастырып, колхозға тапсырған. Осындай бастамадағы мектеп оқушыларының еңбек етуінің бейімдеу, білімдік зор мәні болды. Біріншіден, оқушылар жұмыс істеу шеберлігіне үйреніп, көптеген еңбек дағдыларын алса, екіншіден, олар техника тетігін дәнді дақылдардың өнімі туралы екендігін естігендерін, кітаптан оқығандарын енді өз көздерімен көріп, іс үстінде меңгерді.

Мұның өзі оқушылардың ауыл шаруашылық жұмысына араласуының елеулі маңызы болғанын көрсетеді.

Жамбыл қаласындағы Октябрь революциясы атындағы мектептің оқушыларына «Колхоздардың соғыс талабына сай мол өнім алуына көмектесейік», -деген үндеу хат жолдады. Үндеу хатта: «Соғыстың бұл қаһарлы күндерінде біздер, оқушылар мен оқытушылар, жауды талқандау, қирату сияқты жалпымызға ортақ істен шет қала алмаймыз». Мектептің 5-10 кластары жазғы дем алыста колхоздарға барады. Егістің арам шөбін отауға 500 оқушы тегіс шығуға міндеттенеміз. 5-7 кластың әрбір оқушысы 75 еңбек күннен, ал жоғарғы кластағылар 100 еңбеккүн табуға сөз береміз. Бұл біздің – минимумыз»- делінген.

Жамбылдықтардың бастамасын бүкіл еліміздің оқушылары қолдады. Олардың бастамасы негізінде ВЛКСМ Орталық Комитеті ауыл шаруашылық жұмыстарындағы оқушылардың жарысының шартын белгіледі

Жарысқа қатысатын 6-8 класс оқушылары күніне 6-8 сағат жұмыс істеп, жылына кем дегенде 50 еңбеккүн өндіру керек еді.

Егіс даласында оқушылар бригадасы күн санап артты. 6-8 класс оқушыларынан Ақтөбе облысында 1867 бригада құрылған. Батыс Қазақстан облысының 14200 оқушылары ұйымшылдықпен Қызыл Армияға еселеп беру үшін егін алқабын арам шөптен тазартқан.

Соғыс жылының алғашқы күңдерінен астық өнімін ысырапсыз жинау, қоғамдық малдың қысқы жем-шөбін дайындауға Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының 1698 оқушысы қатынасты. Осы ауданның «Еңбек» колхозының бастауыш класс оқушылары 197 гектар егінінің арам шөбін отаған. .

Ақтөбе облысының оқушылары ауыл шаруашылық зиянкестерін аулаудың Бүкілодақтық II байқауына қатынасып, 288 мың саршұнақтың терісін дайындау пунктеріне өткізді. Осы облыстың Күнжар орталау мектебінің оқушысы Достанов 459 зиянкесті құртты.

Ауыл шаруашылық жұмыстарында оқушылар еңбегінің қаншалықты орын алғандығын «Бірлік» орталау мектебінің жұмысынан көруге болады. Олар «социалистік жарысты» оқушылар отрядтары арасында өндірістете отырып, мектеп бойынша 3200 еңбеккүн тапқан. Сөйтіп колхозға мыңдаған пұт жоғары бағалы дәнді дақылдарының өнімін өткізген. Осы кластың Дүйсекеев, Қазиев, Шаяхметов т.б. оқушылары зор белсенділікпен 114-156 еңбек күндерін Отан қорғау қорына тапсырған. Соғыстың бірінші жылы шаруашылық жұмысына републиканың 350 мың оқушысы араласты. Егін орағы кезінде оқушылардың жұмыстарын дұрыс ұтымды ұйымдастыра білген жерде оқушылар көп қолғабыс тигізді. Астық және ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын жерлерде оқушылар бақылаулары ұйымдастырьтып, егіс даласына астық ысырабына жол бермеу мақсатында бастауыш класс оқушылары масақ жинауға шықты. Отанжандылық сезім билеген, туған еліміздің күш-қуатын асыра беруге бастама өрістей берді. Әр оқушы қоғам жұмысына көмектесуді өзінің борышы деп санады.

Жамбыл облысының Крупская атындағы бастауыш мектебінің оқушылары сабақтан бос уақытында масақ теруге шақырды. Отряд оқушыларының бастамасын мыңдаған оқушылар қуаттады. Бұл қарапайым бастаманың маңызын мына бір ғана мысал көрсетеді. Егер әр шаршы метр жерге 30 масақтан қалғанда, 1 гектар жерден 2 центнер астық, ал тіпті бір масақта бір дәннен кеткен күнде де 150-180 килограмм астық ысырап болмақ. «Әрбір дән жауға оқ !» деген ұранмен Казрис орта мектебінің (Сырдарйя ауданы) 120 оқушы 50 гектар жердің масағынан 1500 килограмм таза дән бастырды. Ал ақтөбеліктер 27617 гектар егістіктің масағын жинады.

Ақмола облысының Пролитариат бастауыш мектебінің (мұғалімі Герасимова) оқуышылары 560 гектар еігістікті шырмауықтан тазартып, колхозға әрқайсысы елу еңбеккүннен түсірген.

Еңбекке ерте араласып, қажырлы еңбектің үлгісін көрсеткен жеткіншектер Қазақстанда аз болған жоқ.

Солардың бірі - Семейдің «Еңбекші» колхозының екінші класс октябряты А. Қайырбеков дәнді дақылдардың масағын теруде 109 еңбек күн тапты. Ысырапқа бермей белсенділікпен масақ терген бастауыш кластың 1681 оқушыларын (1942 жыл) Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті, Халық ағарту Коммиссариаты және бастауыш мектептер Одағының Орталық Комитеті Құрмет грамоталарымен наградтады.

Колхоздың егіс даласында оқушылар стахановтың еңбек үлгілерін көтеріп, колхозшыларды жанқиярлық еңбекке бастады. Ақмола облысы, Чапаев ауданы «Трудовик» колхозының байырғы председателі Зубков оқушылардың орындаған жұмысына сүйіспеншілігін: «Олар кішкентай болғанмен қайырымды ер азамат, жұмыста үлкендермен кем түспеді» - деген оқушылардың қоғамдық ұйымдары жас тракторшылар, комбайншылар үйірмелерін құруға, машиналардың құрама бөлшектерін жинауға, қар тоқтату, шефке алу жұмыстарына да көңіл аударды. Мысалы, Макин ауданы (Ақмола облысы) орталығындағы №5 дружина оқушылары жексенбілік уақытында 148 гектар егістік жерге қар ұстап 11 дискі, 24 шығыршық жинады. Ал Шортанды ауданының (Ақмола облысы) оқушылары 2919 центнер бидайды 415 көлікпен тасыды. Осы ауданның Тельман атындағы колхоздың оқушылары колхоздың үш тракторын іске қосты.

1941 жылдың күзгі егін жинау жұмысына колхоз даласына 214 мың оқушылар қатысты.

«Жас төлдерді қамқорлығымызға аламыз» - деген касогорлықтардың (Калинин облысы) бастамасына республика оқушылары қосылды. Төл күтуді өздерінің төл ісі санаған Қызылорда облысының 2 мың оқушылары (1942 жыл) 6685 бас төлді қамқорлықтарына алған оқушы Абенов Серік «Сартарық» колхозының 500 қозысын бағып тапсырған.

Оқушылар колхоздың мал фермаларын, күтімге қойған көліктерін, жас төлдерін қамқорлыққа алды. Сабақтан соң мал фермасына барып, малдарға шөп салып, су беріп жайлады.

Малшылар арасында үгіт жұмысын жүргізіп, майдан мен тылдың өмірінен әңгімелер өткізіп халықтың рухын көтеріп тұрды.

Жас малшыларға арнап, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті «Пионерлердің төлдерді күту тәжірибесінен» деген кітапша шығарды.

Республиканың бірсыпыра аудандарында 1943 жылы сәуірдің 20-нан 30-на дейін адандық, колхоз аралық жас малшылардың слеті өткізілді. Өз слеттерін жас малшылар табыспен қарсы алды.

12 жасар оқушы Құнақбаева қамқорлығына алған (Оңтүстік Қазақстан облысы, Күйік совхозы) 59 қозысын, 27 қойын шығынсыз өсірді.

Қазақстан Орталық Комитеті алдында «Әрқайсымыз 2 төлден өсіреміз» - деген міндеттемелерін Зелен ауданы Орал облысы №1 жеті жылдық мектебінің оқушыларыда орындап шыққан.

Қарағанды жеткіншектері 49852 бас қозы -торпақты шефке алып, төл күтуде өздерін күш, міндет деп танытты.

Соғыстың алғашқы жылы 70370 мал басын 12389 оқушы қарады, ал соңғы жылдары 21682 жеткіншек 82272 бас малды күткен. Қоғам малын күтуде атқарылған еңбегімен көзге түскен оқушылар малшылардың республикалық кеңесінде құрмет грамоталарымен марапатталған.

Оқушылар әрқашан өздеріне лайықты қоғамдық жұмыстарды тауып, оны жауапкершілікпен орындар отырды. Мәселен, Қызылорда облысы, Фрунзе ауданы 4-класс оқушысы Қайырболат Қожалиев колхозшылар арасында үгіт насихат жұмыстарын, ПВХО, ГСО үйірмелерін ұйымдастырған.

Оқушылардың осындай көмегі еңбекке деген қабілетін, түрлі дағдыларын қалыптастырып, Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілігш арттыра түсті.

Қазақстан мектеп оқушылары 1942 жылы 2 миллион 445 мың еңбеккүн өндіріп, 33300 ересек колхозшының еңбегін атқарды. Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Халық Ағарту Комиссариатының құрметті мақтау қағаздарымен осы жылы үздік еңбегі үшін 1294 оқушы, 349 мұғалім марапатталды. Ең таңдаулы отряд вожатыйларына ақшадай силық берілді. Семейдің Ерназар мектебі, Қарағандыдан №8 мектеп, ССРО Жер халық комиссариатының силығын алды. 29 оқушы, 15 мұғалім, 6 пионер отрядына ВЛКСМ Орталық Комитетінің құрмет грамотасы берілді (309).

Ауыл шаруашылығында ғана емес, өндірістің басқа саласында да оқушылар үлкен көмек көрсетті. Арал оқушылары екі теңіз кемесінің балығын түсіріп, одан түскен 4850 сомды Отан қорғау қорына берді (249). Оңтүстік Қазақстан оқушылары госпиталға арнап 266 куба метр отьін дайындады.

Шеберханалар мен үйірмелердегі оқу-өндірістік жұмыстараға көңіл аударды. Балалар үйлері жанынан 95 өндірістік шеберханалар жабдықталды. Республика мектептеріндегі 110 шеберханада 8096 оқушы тігіншілік, балташылық цехтарында қол өнеріне үйренді (248). Олар жауынгерлер мен балалардың қажеттілігін өтеп отырды. Мәселен, 1942-1943 оқу жылында оқушылар эвакуацияланып келген балалар мен майданға кеткен жауынгерлер балаларына 1500 пар етікті жөндеп, қамқорлық жасады.

Соғыс жылдары ересек азаматтармен қатар еңбектің үлгісін көрсеткен республика оқушылары «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марпатталды. Тек Алматы қаласының №22 мектебінің 19 оқушысына, Қарағанды облысының 99 оқушысына осындай медальдар тапсырылды (349).

Оқушылардың жұмысында дәрі-дәрмектік және қоректік өсімдіктер жинау ісі үлкен орын алды. ВЛКСМ Орталық Комитеті 1941 жылғы 22 қыркүйектегі «Шипалы және қоректік өсімдіктер жинаудағы оқушылар ұйымдарының жұмысы туралы» қаулысы мектеп оқушыларынан шипалы өсімдіктер жинауға көмектесуін міндеттеді.

Республикада шипалы өсімдіктер жинайтын арнауды 41 туристік лагерьде 3 мың оқушылар болды. Мұнымен қатар әр облыста пайдалы өсімдіктер жинайтын оқушылар бригадалары жұмыс істеген. Жабайы шикізат өнімдерін жинайтын оқушылардың активтерінің ынталы топтары құрылған. Мәселен, 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы ынталы топтарда бастауыш кластардың 1085 оқушысы болған (316).

Дайындау пунктінің тәжірибелі маман қызметкерлері дәрі өсімдіктр жинауға шығатын оқушылармен жиналыстар өткізіп тұрды. Жабайы өсімдіктердің пайдасы, оны қалай сұрыптап алу жайды оқушылардың танымын баспасөздің бетінде де жарияланып, шағын кітаптар мен брошюралар шықты. Мыңдаған оқушылар ұжымы шипалы өсімдіктер жинайтын экспедиция, жорық, онкүндік, жексенбіліктерге қатынасты. Жаз айларында бұл жұмыстар оқушылар арасында кең өріс алған. Оқушылардың арасында қоғамға пайдалы бұл еңбектің түрі кең тарағаны соншалық: дайындау пунктеріне 1941жылы 4477 тонна жабайы өсімдік тапсырылған (245). Мысалы, Алматы халық ағарту органының оқушылар лагеріндегі балалар қысқа мерзім ішінде 1588 килограмм итмұрын мен жалбыз дайындап, үздік жұмыстары үшін қалалық бірінші сыйлыққа ие болған. Осы лагерьдің бірінші отрядындағы оқушылар (вожатыйы Шарафутдинова Г.) 517 килограмм итмұрын тапсырды.

Дәрілік және қоректік өсімдіктер жинауда әр оқушы белгілі көлемде норма берілен, мысалы, 1942 жылы республиканың оқушыларына дәрілік, қоректік өсімдіктерді жинауда мына төмендегідей норма тапсырма берілген.

Өткен жылдардағыдай 1943 жылы да Оңтүтік Қазақтан облысының мектеп оқушылары 4123 тонна дәрі-дәрметік өсімдіктер, 4059 тонна анабазис жинап, белгіленген жоспарын 173 процентке орындап, өзге облыстардың алдына шыққан.

Түрксіб темір жол мектебінің оқушылары шипалы өсімдіктерден жасалған дәрілерді сақтауға 10 мың аптекалық шыны ыдыстарын жинаған.

Оқушылар күшімен мемлекетке дәрі-дәрмектік өсімдік жинап тапсырғаны үшін Қазақстан оқушыларына 1944 жылы ВЛКСМ Орталық Комитеті мен ССРО денсаулық сақтау Халық Комиссариатының ауыспалы Қызыл туы тапсырылды. Соғыстың соңғы жылдары да республика оқушыларының дәрілік және қоректік өсімдіктерді жинау белсенділік қарқыны бәсеңдеген жоқ.

Ауыл шаруашылығы мен майдан мұқтажын өтеуге шипалы және қоректік өсімдіктер жинаудың шикі зат өнімдерінің қосымша қорын жасауда үлкен маңызы болды. Өсімдіктер жинауда алдыңғы қатарлы көзге түскен көптеген оқушылар құрмет белгісі значогі, мақтау грамотасымен марапатталған. Мысалы, 5-6-класс оқушылары арасында 812-ден 1000 килограммға дейін сапалы жеміс өнімдерін жинап, Қазақстан Халық Комиссариатынан кәсіпорындарына тапсырған Сайдалиев (Сижан мектебі), Бердібаев О. (Бөгет мектебі), Кенжебаев В. (Қопалы мектебі), Асетдинов X. (Бөгет мектебі) т.б. оқушылар ССРО Халық Комиссариатының өнеркәсіп мекемесінің «Социалистік жарыстың озаты» деген белгісімен, ал Ямышев мектебінің оқушылары А.Өреханова, Т.Қораблева 60 килограмнан кептірген итмұрын тапсырып, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің мақтау грамотасымен марапатталған.

Соғыстың ауыр жылдары Аркади Гайдар повесіндегі, отанжанды іскер, Отапқыр, ер көңілді, қиыншылықтың қандайына төтеп беріп, жеңе білетін табанды қайсар, тимуршылар жұмысы жандандырылып, бүкіл оқушыларың қозғалысына айналды. Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті 1943 жылғы 29 наурыздағы қаулысында: Тимуршылар жауынгерлер отбасының тұрмыс еңбегіне көмектесу, жас сәбилерді күту, жауынгерлерге хат жазу. Қызыл әскер отбасының бау-бақшасын қарап, оның өнімін жинасу, Тимуршылардың міндеті,-деп көрсетті.

Сол сияқты «Правда» газеті жазғандай: «Шынында... жауынгерлердің отбасына қамқорлық - біздің Қызыл Армияға деген бүкіл қамқолығымыздың жартысы», - деуі Тимуршылар қозғалысының соғыс жылдарындағы маңыздылығын аша түсті (190). Мектептерде жаппай Тимур командасы құрылды. Олардың жұмысы алуан түрлі болды, әсіресе, жауынгерлыр отбасына қамқорлық жасауда үлкен еңбек сіңірді.

1943 жылғы архив мәліметтеріне қарағанда республикада 3081 Тимуршылар командосы 38664 оқушыны қамтыған. Мұнан басқа жерлестерінің мұқтаж - тілегін біліп отырған 500 оқушылар бригадасымен шағын оқушылар топтары ұйымдастырылған. Тек Алматының 1600 Тимуршылры 3272 қала тұрғындарының тұрмыс жағдайымен танысқан(310). Осындай мұқиат танысудың нәтижесінде Түлкібас ауданы Высокое селосындағы балалр санаториасындағы Тимуршылар командасы 630 кірпіш құйып, майдандағы жауынгерлердің отбасына мал қорасын тұрғызып берген.

Тимуршылардың қолға алған ісін аяғына дейін тыңғылықты орындауы оқушыларға үлкендердің сенімін арттырды. Мәселен, Ермолавты отбасының тұрмыс жағдайымен танысқан Жамбыл қаласының Крупская орта мектептің тимуршылары қалалық кеңеспен комуналдық шаруашылық басқармасының алдына үй беру мәселесі шешіліп, оған қоса ақшалай қаражат бөлінген.

Олар жаз айларында азаматтары майданға кеткен отбасылардың бақша - огород салатын жерін өңдеп, қысқа отын-суы мен малының жем шөбін дайындады. Шемонайхы (Шығыз Қазақстан) тимуршылары отыз жеті үйдің 27 текше метр отынын кесіп, 5 жүк пішентасып берген (69). Отын тиеген вагондарды түсірген №40 мектептің (Алматы) екі пионер отряды өздеріне тиісті сексеуілді қамқорлықтарына алған отбасыларына үлестірген. Мектептің тимуршылары атына жауынгер Настеловтен алғыс хат келді: «Сендерге және класс жетекшілерінің А.Г.Вольф, вожатыйларың Катя Виткова менің отбасыма қамқорлық жасағандарың үшін көп рахмет» -деген.

Тимуршылар госпитальда емделіп жатқан солдаттар мен офицерлерді қамқорлықтарына алып, кезекші оқушылар палаталарға әрдайым көркем әдебиет, газет журналдар таратып, оларға концерт қойып, туыстарына хат жазып тұрды. Вознесенок бастауыш мектебінің 3-класс оқушылары №14-61 госпитальде жатқан жауынерлермен хат арқылы танысып, кейін өздері келіп жауынгерлерді қамқорлықтарына алған. Көп ұзамай барған сапары жайлы бір топ оқушылар аудандық партия комитетіне баяндаған. Бюро шешімі бойынша аудан еңбекшілері госпитальді қамқорлықтарына алған. Қамқорлықтың басшысы болған 3-класс оқушылар мен госпитальдегі жауынгерлердің достығы нығая түскен.

Тимуршылардың анықтама бюросы соғыс жолында айырылған жауынгерлерді ата-анасы, туған-туыстарымен табыстыруға көмектесті. Семей қаласының №22 мектебінің тимуршыларына танкис Гофман осы қалаға эвакуацияланған әке-шешесінен хабарсыз екенін жазған. Бұл тапсырманы дружина штабы тимуршылар командасының капитаны Юра Левинге жүктеді. Юра тимуршылардың бірін анықтама столына, екіншісін эвакопунктке, үшіншілерін военкоматқа, қалғандарын көше аралап жүріп, қала тұрғындарынан сұрастыруға жіберді. Тимуршылар үш сағаттың ішінде танкист Гофманның ата-анасын тауып, оларға майданда қаза тапты деп жүрген баласының хабарын айтты. Майданға жіберген хатына тимуршылар алғыс білдірген жедел хат алды. Мұндай қамқорлық жауынгерлердің күшін еселеп, жауды талқандауға жігерлендіре түсті.

Тимуршылар командасының ізгі істері жөніндегі мысалды республикамыздың түкпір-түкпіріне елеулі бастама ретінде көріне бастады. Облыстық, қалалық тимуршылар командасының капитандарының арнаулы слеттерін өткізді. Слетке тимуршылар бір-бірімен пікір алысып, тәжірибе алмасып отырды. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Петропавл қаласында, мектеп жандарында тимуршылар слеті өткен. Слеттерде оқушылар істеген жұмысын қорытындылап, алдағы міндеттерін белгілеген. Мысалы, Алматы қалалық тимуршылар слетінде №22 мектептің тимур командасының капитаны Нина Гунькина істеген игі істері туралы тимуршылар 850 көркем әдеби кітап, дәрі-дәрмек жасайтын 2,5 килограмм акация гүлін, жер өңдейтін гүлін жинаған. Өздерінің жауынгерлерге, олардың отбасыларына посылка жіберілгенін айтады. Осы тәрізді жұмыстар астана мектептерінің (№25,16,54 т.б.) көпшілігіне ұйымдастырылған.

Мұндай жұмыстарқалада ғана емес, ауыл оқушыларынан да қызу қолдау тапты. Панин ортаау мектебінің (Көмек ауданы) төртінші класс оқушылары: «Қаһарман Ленинград қаласының жауынгерлеріне әр әрқайсысына бір-екі жиімнен жинайық!» - деген ұранмен мектеп оқушыларын шақырды. Құрбыларының игі бастамасын көршілес Камен орта мектебінің оқшылары қуаттап, үш жүзден астам жылы киім майданға жіберді.

Сабақ аяқталса да мектептің шамы көпке дейін сөнбейтін. Оқушылар сабақтың соңында қалып, жауынгерлерге жылы киімдер тігіп, тоқытады. Ақкөл мектебінің бір топ оқушылары (Тасболатова, Абдіхақова, Ескеншаева, Тоқбергенова т.б.) ұстазы Үсімбаеваның жетекшілігінен алдыңғы шептің жауынгерлеріне бес жүз бидай жіберген.

Кеңес үкіметінің 25 жылдығы қарсаңында республика оқушылары жинаған 146 648 сырт киімнің 57 236-сын Алматы облысының оқушылары тапсырған. Қазақстан оқушыларының жауынгерлерге де бұл қамқорлығы соғыстың соңғы күндеріне дейін бәсеңдемеген.

Алдыңғы шептегі жауынгерлерге мейрам қарсаңында темекі қалтасы, қол орамалдар, носки, тоқыма шарфтар т.б. посылкамен жіберу оқушылардың дағдысына айналды. Қызыл Армия жауынгерлеріне соғыстың бастапқы жылы 2915 посылға жіберілді. Посылканың ішіне басқалар өзідерінің оқуы, мектептегі қоғам жұмысы, жауынгерлерге деген сүйіспеншілігін білдіріп хат жіберген.

Жайсан мектебі оқуыларының Балтық теңізі флотындағы жерлес жауынгерлеріне посылкамен жіберген хатында: «Саша ағай біз тек «төрт» пен «беске» оқимыз деп уәде береміз. Колхоздың егіс даласына көмектесіп, металл сынығын жинадық. Ал сіз берік болып, жауға күштірек соққы беріңіз», - деп жазған. Оқушылардың хатына ұшқыш Александр Герасимович Батурин төменгі жауабын жазған.

«Саламатсыздар ма, балалар! Жазған хаттарыңа көп рахмет. Балалар, ... туған жерді дұшпаннан қорғаудамыз. Біздің бөлімшені әскери ерлігі үшін «Қызыл Ту» орденімен марапаттады.

Сендердің бақытты, оқуда табысты болуларыңа тілектеспін, әрдайым тәртіпті болып, сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Жауынгерлік сәлеммен А.Батурин».

Қазір Александр Герасимович Батурин Татарстанның Альмет қаласының тұрғыны. Аспан шайқасында асқан ерлігі үшін Жеңіс Одағының Батыры атағымен қатар жауынгерлік екі Қызыл Ту Орденімен марапатталған. Күні бүгіне дейін Александр Герасимовичтің мектеп оқушыларымен достығы үзілмеген.

Ақмола қаласының №1 орта мектебінің оқушылары майданнан 1500 хат алды.

Жауынгерлер хаттары оқушылардың оқу сапасын арттырып, тәртібін нығайтуға, Отанның сүйетін ер азамат болып өсуіне көмектесті.

Ауыл балаларының майдан жауынгерлеріне жіберілген сыйы тек киім кешек, көркем әдебиет қана емес, оларға арнап ат өсіру, оны күтімге алып бағу, содан соң майдандағы жауынгерлерге тату ету де салт еді:

Сұр бестіні әскерге алды,

Ат сымбатты кетті жаңып,

Жұрт Серікті құшақтады,

Арқасынан құшып қағып.

Тәлім алсын бала көрген,

Жас Серіктен мүлтіксіз-ақ,

Ерге қанат тұлпар берген

Атты бақсаң Серіктей бақ, -

деп келетін атақты ақын Тайр Жароковтың өлеңі де осыны айтады.

Қорыта келгенде, жауынгерлерге, оның елде қалған отбасына көмек көрсету, қамқорлық жасауға қатысу тимуршы оқушылардың жүрегіне адам баласының ізгі қасиеттері - адамды сүю, оны қадірлеу, аяныштық-мейірімділік білдіру, әділеттілікті дәріптеуді ұялатты.

Сондықтан халық арасында көп тарап, үлкендер тарапынан, әсіресе, мұң-мұқтажы көп, майданнан баласы оралмаған қайғылы қарттар, мүгедек жауынгерлердің қолғанаты болған тимур командалары ерекше құрметке, жұрт сүйіспеншілігі бөленді.

Жазушы Лев Кассиль соғыс жылдарындағы тимуршылар қозғалысына ерекше зор маңыз берді. Ұлы Отан соғысының шежіресінде «тимуршылар» -деген сөз әлденешө рет аталады. Ауыр күндері барлық күш-жігерін халықтың жаулармен күресіне көмектесуге тырысқан балалардың Отанға деген сүйіспеншілігі және жас патриоттардың оған деген жан-жақты қамқорлығының айғағы ретінде, бұл сөз біздің халқымыздың жадында қалып, тарихта сақталы өспеген ұлттарымызға қазіргі кезеңде үлгі өнеге болмақ.

Соғыс жылдары оқушылар қоғамдық пайдалы еңбекпен қатар мәдени-көпшілік және үгіт насихат жұмыстары да жүргізіді. Оқушылардың үгіт бригадасы колхозшылар, завод, шахта жұмысшылары, жаралы жауынгерлер арасында газет-журналдар оқып, кеңестік хабарлар бюросының хабарымен таныстырды. Егіс басындағы бригадаларды түрлі ұран, плакаттармен безендіріп, жарытың құрмет тақтасын толтырды.

Оңтүстік Қазақстан облысы еңбекшілері арасында мектеп оқушылары 2272 саяси ақпараттық хабар, 1242 лекция, 1241 листовка шығарып, 244 концерт қойды.

Бұл мәдени жұмыстар екінші жағынан Отан қорғау қорын толтыруға үлкен себін тигізді. Мәселен, Қаскелен орта мектебінің драма үйірмесі 30 концерт ұйымдастырып, одан түскен 50 000 сомды Отан қорғау қорына берді.

Жыл сайын озат мектеп ұжымдарының жұмысы атап көрсетіліп, отырды. 1943 жылдан бастап республикада «Майданға көмек» атты аудандық, қалалық көрмелері өткізілді.

Соғыс жылдары қорғаныс қорын ұйымдастырудағы еңбекшілердің бастамасын оқушылар қызу қолдады. Отан қорғау қорын жасау қлзғалысы Қазақстан мектептерінде кең өріс алды.

Қостанай облысының мектеп оқушылары «Қостанай пионері» атты танк құрылысына қаржы жинауға ынта білдірді. Бір ғана Пешков орта мектебінің оқушылары 1750 сом ақша жинады. Облыс бойынша 10 000 сомнан аса ақша жиналды. Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бюросы Қостанай оқушыларының бастамасын қуаттай отырып, солардың бастамасы негізінде «Қазақстан пионері» атты танк колонасына қаржы жинауға республика оқушыларын шақырды.

«Қазақстан пионері» атындағы танк колонасының құрылысына республика оқушылары 2 199 982 сом қаржы жинап тапсырған.

Оқушыларымыз мұнан тыс республиканың комсомол кластарымен бірлесе отырып, «Халық мұғалімі», «Қазақстан колхозшылары» танк колонналары 7 516 340, «Қазақстан комсомол» авиаэкскадрльясына 472002 сом қаржы жинады.

Кең байтақ республикамыздың облыс оқушыларының Отан қорғау жолындағы күресте жеке өз үні, дербес бастамасы болды. Ақмола қаласының оқушылары «Ақмола оқушылары», Сыр өңірінің жеткіншектері «Нұрсейітов» атындағы танкілер жасауға, ал петропавлдықтар «Солтүстік Қазақстан пионерлері» сүңгуір қайығына қаржы жинап тапсырды.

Түркістан - Сібір темір жолы - мектеп оқушылары «Қазақстан пионері» авияэкскадрильясын жасауға арнап, 107 мың сом қаржы жинады, ол үшін Қызыл Армия алғысын алды. Алматы теміржолшылар мектебінің оқушылары митингілеріне үкімет сәлемі мен алғыс жариялаған «кеден» хатын өте қуанышпен және көтеріңкі сезіммен тыңдап, республикамыздың барлық мектеп оқушыларына үндеу қабылдады, онда былай делінген:

«Жазғы демалыста барлығымыз бір адамдай қоғамдық-пайдалы еңбекке бар күшімізді жұмсайық».

Колхоздар мен совхоздарға, колхозшылар мен совхоз жұмысшыларына егістік жерлерді жақсы өңдеп, мол өнім алу үшін көмектесуге аттанайық.

Әрбір мектеп жанынан участоктар ұйымдастырып, қосалқы шаруашылық жұмысын жүргізейік.

Жексенбіліктер өткізу, жолдарды реттеу арқылы темір жол транспорттарына көмектесейік.

Мектептегі жаңа оқу жылының дайындығына белсене қатысайық, мектеп пен оның құрал-жабдықтарын жөндеуден өткізуге көмек көрсетейік. Мұғалімдердің басшылығымен көрнекі құрал жасап шығарайық.

Тимуршылар командасының жұмысын жақсарта түсейік, жауынгерлермен эвакуцияланып келгендер отбасына қамқорлықты арттырайық.

Балалар біздің туысқандарымыз майдан мен тылда жексұрын жауға барлық күшін жұмсауда. Отан бізден жақсы оқып, пайдалы еңбек етуді де талап етеді. Оқуда және қоғамдық пайдалы еңбекте үздік көрсеткішке жетіп, Отанға жетістігіміз туралы рапорт беретіндей болайық»

Митингтің тапсыруымен үндеудің соңына 60 оқу озаттары қол қойған.

Бұл үндеуден соң мектеп жастары, оларға қоса мұғалімдер, әсіресе, 1943-1944 жылдары 15 милионға дейін еңбеккүн тапқан.

Република көлемідегі «Майданға көмегі» жексенбілігіне (7 қыркүйек, 1941ж.) мектеп оқушлары бір адамдай қатысты. Олар жексенбілікте металл сынықтарын жинап, колхоздың егін даласы мен фермасында жұмыс атқарды. Жексенбіліктен түскен бүкіл 1097913 сол қаржы Отан қорғау қорының пайдасына тапсырды. Осындай жексенбіліктер мен сенбіліктер оқушылардың арасында жиі өткізіліп тұрды.

Халықаралық жастар күні қарсаңында «Пионер майданға!» деген ұранмен өткен республикалық жексенбілікте Ақмола оқушылары 131641 сом ақша, 7541 еңбеккүн тауып, 259 тонна металл сынықтарын жинады. 188 гектар жердің тарысын бастырып, 1500 гектар жердің масағын үйді.

Бірқатар аудандар мен қалаларды оқушылар, мұғалімдер мектеп үйлерін жөндеуден түскен қаржыны Отан қорғау қорына берді. Қазақстан құрылыс ісінің үлгі бастамасының маршысы болған Қостанайдың оқушылары облыс көлемінде пионерлерден 12 жөндеу бригадасы құрылып, олардың күшімен 723 партаны жөндеді. Мектепке керекті көрнекі оқу құралдары іске қосылды. Отан қорғау қорына оқушылар қымбат бағалы заттар, сақтық қаржыларын, облигациялар тапсырды. Мысалы, Семей қаласының №20 мектебінде оқитын апалы-сіңілі Роза мен Динара Тойбазаровалардың әрқайсысы 1500 сомның облигациясын тапсырды. Соғыстың алғашқы жылдары мектеп оқушылары 167 310 сомның облигациясын берді.

Пионер оқушыларының «Әрқайсысымыз 100 килограмнан кем емес металл сынығын жинаймыз!» -деген үндеуі республика оқушыларының арасында қолдау тапты. Ақтан орта мектебі бір-екі айдың ішінде 4,5 тонна металл сынығын жинады. 1941 жылдың 1 қазанына дейін мектеп оқушылары 6317 тонна металл сынықтарын жинап тапсырды. Оқушылар арасынан Отанымыздың қорғаныс күшін нығайтуда кең өріс алған түсті және қара металл сынықтарын жинау, жауға тойтарыс беруде қару-жарақ шығаратын соғыс заводтарына металл сынықтарының қанша қажеттілігі барын түсінген оқушылардың жауапкершілігіне мына бір өлең шумақтарынан көруге болады:

Мартены требует лом,

Мы его соберем,

Заводам дадим металл на митье,

Фронту, бойцу - ружье.

Оқушылар өздерін металл сынықтарын жинау үстінде майдан шебінің алдыңғы қатарында жүргендей сезінді. Өйткені әр 100 килолграмм металл сынығын жауынгерлерімізге 6 минмет жасап беруге болатын. Алған міндеттемелерін балалар артығымен орындап шықты. Мысалы, 1942 жылдың 10 мамырындағы жекенбілікте Орал қаласының №1 орта мектебінің 6-класс оқушылары 8700 килограмм қара металл, 29 килограмм түсті металл сынықтарын, ал оқушы Губанова Ада соғыс аяғына дейін 2300 кг металл сынығын жинады.

Соғыстың басынан аяғына дейін металл сынықтарын оқушылар ұжымдары өзара жарысқа түсті. Жексенбі күндері, сабақтан бос уақыттарында металл сынықтарын жинауда балалардың ақтарып-төңкермейтін жер қалдырмайтын. Соғыстың аяқталып қалғанына қарамастан мұғалімдердің басшылығымен (1944-1945 оқу жылы) жазғы демалысында оқушылар 978,218 тонна метал сынықтарын неміс басқыншыларына соққы беретін қаһарлы машиналар жасауға қорғаныс өндірісіне жіберді. Неміс фашистеріне тойтарыс берген он оқтың тоғызы Қазақстан металынан болса, демек оған республика оқушылары да үлес қосты.

Ыстық сезіммен Отанын сүйген республика балалары бүкіл кеңес халқымен бірге ұлы жеңіске қорғауға өздерінің бекем бел байлағандықтарын осылай көрсетті. Олар өздерінің жанқиярлық қоғамға пайдалы еңбегімен жауды талғандауға үлес қосты.

Майданға көрсеткен пәрменді жәрдемі үшін республика мектептері, пионер дружиналары мен отрядтарына, жеке мұғалімдер мен оқушыларға ССРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті мен Кеңес Армиясының алғыс жедел хаттары түсті. Олар: Ақмола қаласының Киров атындағы орта мектебі, Алматы қаласының №33 мектебі, Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы қазақ орта мектебінің 5-класс оқушысы Буланбаева Канура, Ералин Қадыбек, осы ауданның жеті жылдық мектебінің 2-класс оқушысы Клава Паранова, Қарағанды облысы, Жамбыл атындағы мектептің оқушысы Лиля Горботенко т.б. үкімет жедел хатын алды.

Соғыс жылдары оқушылар жұмысында оккупациялық аймақта, блокада да қалған балалармен тікелей байланыс жасау ереке орын алды. Қазақстанға келген балалар ата-анасынан айырылған жауынгерлер мен партизандар балалары болатын. Кеңес үкіметі әрдайым жауынгерлер мен Отан соғысы мүгедектері, қорғансыз жетім балаларға қамқорлық жасады. ССРО Халық Комиссариат Кеңесі 1942 жылғы 23 қаңтардағы «Жетім қалған балаларды орналастыру туралы» қаулысы балардың панасыздығын болдырмаудың мемлекеттік маңызы бар іс екендігін атап көрсетті.

Кеңес мекемелерінің ынтасы бойынша соғыста жетім қалған баалардың асырап алу және патронтажға алу сияқты халыққа жаңа сипаты Отанжандылық қасиет кең өріс алды. Мысалы, тек 1943-1944 жылдарда әскери қызметкерлердің отбасына көмек үшін 4 рет ұйымдастырылған айлықтар кезінде 2574 бала асырап,

791 баланы патронажға алған. Мүгедек балалар үшін республикамызда төрт мүгедек балалар үйі ұйымдастырылған. 1945 жылы Қазақстанда балалар үйінің саны 182-ге жетті.

Колхоздар мен совхоздар айлық көмек, жеңіл және ауыр өнеркәсіп салалары мен артель шеберханаларда көпшілік қолды товарларды жоспардағы мөлшерден артық шығарып, балалар қорына тапсырды.

Гурьев облысы бойынша 1944-1945 оқу жылы балалар қорына 10 760 пар аяқ киім, 525 спорт киімі жиналып, 6800 пар аяқ киім оңдалды, 12 225 бала отыз мектептен ыстық тамақ алып тұрды.

1945 жылдың көктемінде Қызылорла облысы, шиелі ауданы, «1 мамыр» совхозының балалар үйіне жәрдемдесу жайлы барлық облыс жастарына арналған үндеу қабылдады. Сөйтіп олар өздерінің жеке меншігінен 2500 килограмм күріш беріп, 2 гектар жерге балалардың пайдасына өз жандарынан тұқым септі. Бұл игі бастама - бүкіл республиканың колхоз, совхоз жастарынан кең қолдау тапты. Алматы облысы, Қаскелен тұтынушылар комбинаты балаларға арнап, 800 сырт киім, 40 пар ботинка, баларар шеберханаларында 20 пар аяқ киімдік былғары тапсырды.

Аз уақыттың ішінде Алматы облысының еңбеккерлері бес балалар үйіне 148 центнер бидай, 158 центнер овощ, 17 бас қой, 12 мың сом ақша табыс етті.

Өндірісте істейтін жастар жеткіншектердің рухани байлығын қалыптастыруды да ұмытпай, балалар кітапханасына да арнап 13790 кітап жинап тапсырды.

Соғыс жылдары отбасы тарапынан балаларға жасалған қамқорлықты мектеп, қоғамдық ұйымдар жасауы керек еді.

Жоғары класс оқушыларынан құрылған бригадалар балардың панасыздығына қарсы күрес жүргізді. Оқушылардың мектеп жасындағы баларды оқуға тарту мақсатынан балалар көп жиналатын (вокзал, кинотеатр, базар т.б.) орындарға кезекшілер бөлді.

Тимуршылар жылы лебіз, ақпейілділікпен эвакуцияланған балаларды қарсы алды. Оларды киіндіріп, жайлы орнасуға көмектесті. Балалар мұқтаждығын біліп отыруға оқушылар бригадасы құрылды. Эвакуацияланған балалардың жәрдем қорына 1941 жылы Қазақстандықтар 511 467 сом қаржы жинады.

Батыс Қазақстан оқушылары 815 балалар пальтосын, 159 пар пима, 81 бөрік, 687 көйлек, 255 пар ботинка, 559 жылы киім т.б. дайындады.

Жамбыл, Семей, Қарағанды, Ақмола облыстарының оқушылары қысқы дайындық кезінде балалар үйлеріне айтарлықтай қамқорлық көмек көрсетіп, отырды. Көпшілік бастамасынан шет қалмай, өздерінің ізгі дәстүрлерін жалғастыра отырып, Қаскелен оқушылары аудандағы балалар үйіне 19 центнер бидай, 37 центнер көкөніс, 12 мың сом ақша жинап берді.

Ол жылдары неміс басқыншыларынан азат етілген облыстар ішінде Қазақстан еңбекшілері Орлов облысының 35 ауданы, Ленинград облысының 12 және Ростов, Калинин облысының жаудан құтқарылған аудандарын, ондаған қалаларды қамқорлық көмек көрсетуге шефке алған болатын. Бұлардан басқа Мәскеу төңіреіндегі, Курс облысындағы, Сталинград маңындағы тұрғындарға туысқандық көмек көрсетеді. Қазақстанның өнеркәсіп орындары орталық қалалардың балаларына арнап 2 065 700 сомның өнімін шығарды.

Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің 1943 жылғы 21 қаңтарындағы қаулысы Ростов балаларына киім жинауға міндеттенген болатын.

Жастар жұмыс соңынан тапқан 887899 сом қаржысын туысқандық көмек ретінде жіберді. Жастар жаппай жексенбілік ұйымдастырып, одан түскен қаржыны республикалық балалар қорына берді.

Соғыс жылдары балалар қоры республика бойынша 2341080 санға жетті. Тек қана республикалық екі жексенбілікте 1771365 сом ақша жиналды. Ауыл көркемөнерпаздары ұжымының күшімен бірнеше рет арқылы кештер өткізіліп, концерттер берілді, спектаклдер қойылды.

Жастар майданаға кеткен жауынгерлердің балаларына көмектесетін арнайы жөндеу шеберханалары ұйымастырылды. Денсаулығы нашар балаларға тамақ берілді.

Азат етілген орталық облыс аудандарында көмек ұйымдастырылғанда оқушылар да шет қалған жоқ. Оқушылар арқылы концерттер мен жексенбіліктер ұйымдастырып, шығынға ұшыраған құрбыларына оқулықтар, жазу құралдарын жинады. Оқушылар басқыншылардан азат етілген Ростовтық достарына 14820 пар қысқы жылы киім, жауынгерлердің отбасыларына 107 495 сом қаржы жинап берді.

Орлов облысындағы құрбыларына Оңтүстік Қазақстан оқушылары 13 мың оқулық, 10,5 мың көркем әдебиет, 11 мың дәптер, 9025 қалам салым жіберді.

1944 жылдың ақпан айында мектеп оқушыларының бастауынан республика бойынша «Оқушылар күні» атты жексенбілігін ұйымдастырылды. Сол жексенбілік 975861 сом ақша, 1167 балалар киімі, 100694 килограмм азық-түлік, 4175 ыдыс-аяқ жиналды.

Қызыл Армияның 27 жылдық мерекесіне республиканың барлық мектептерінде «Жауынгерлердің балаларына қамқорлық төл ісіміз» деген салтанатты жиындар өткізді. Мерекеге тарту ретінде жауынгерлердің балаларына 110 000 сомның тәтті тағамдары ұйыдастырылды. Ақысыз концерт, кино қойылды.

Бұл күні Семейдің № 45 мектебінің оқушылары 500 орындықты асхананы пайдалануға берді. Балаларға 45 нақтылы күрте, 50 көйлек, 5 пар аяқ киім, 200 метр мата, 10 костюм жинап тапсырды.

Қостанайдың Крупская атындағы орта мектебінің қушыларының митингісі (1943 ж.) болып өтті. Митингіде неміс фашистерінен азат етілген Орал облысының оқушыларына көмектесеміз деп қаулы алып, облыс оқушыларын жарысқа шақырды. Олар Орал мектептеріне 1870 сом ақша, 785 оқулық кітап, қаламап, қаламұш, дәптер, қаламсауыт, блокнот,

физика және биология кабинетіне қажетті оқу қуралдарын дайындады. Балаларға бөрік, нәски, шұлық т.б. жинады. Облыс оқушылары құрбыларына 73829 сом қаржы, 1955 оқулық, 1334 көркем әдебиет, 19 география картасы, физика кабинеттеріне 118 аспап т.б. көрнекі оқу құралдарын жіберді.

Сол сияқты Гурьев, Ақтөбе, " Солтүстік Қазақстан, Семей, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының оқушылары Мәскеу, Ленинград, Орлов, Ростов, балаларын өз қамқорлықтарына алды. Мәселен, Орел қаласының 272 кварталында тұратын бір топ оқушы қыздар (ЗинаСвердликова, Наташа Быкова, Дина Крофеева, Нина Иконникова, Бежепова Лариса) сабақтан бос уақыттарында аулада сахна құрып, көркем өнерпаздардың күнімен пьесалар, концерт қойып, одан түскен 100 қаожыны балалардың 200 мыңдық қорына тапсырды. Әрине, бұл көп ақша емес. Айта кететін жай, кеңес балаларының ұлтжандылық борышын түсіне білуінде. Сайып келгенде, олар әр кластың, әр мектептен жиналған оқушылар еді. Олардың ерікті ұйымшылдық түрде қаржы жинаудың сыры неміс фашистері төндірген қара бұлтын сейілту -

Отанға деген сүйіспеншлігі.

Орталық аймақтық мектептерін оқу құралмен қамтамасыз етуде күдіктер, жексенбіліктер әткізіліп тұрды. Мысалы, Ақтөбе қаласының №7,9,11 мектептерінің оқушылары біріге отырып, Орлов облысының Дятькова қалаының жеті жылдық мектебін оқу құрал, аспаптармен толық қамтамасыздандырып, 4400 сом ақша жіберілді.

Азат етілген аудандарға Қазақстаннан шыққан эталондардың ішінде үй-тұрмыс қажетіне керекті бұйымдармен қатар қазақ оқушыларының жаңа достарына жолдаған алғашқы хаттары, керней, барабан, т.б. болатын.

Ауылдық жердегі тимуршылар майданда қаза тапқап әскери қызметкерлер мен жауынгерлердің салаларының пайдасына мектеп жанындағы участокте өсірілген көкөністерін колхоз даласында тапқан еңбеккүндерін берді. Мәселен, Оскаровка ауданының оқушылары 10 центнер жоғары бағаны азық өнімін балаларға жинап берді.

Република оқушыларының атына солдаттар мен офицерлер, жауынгер отбасыларынан алғыс хаттар мен жедел хаттар келіп түсті.

Алексеев орта мектебінің 5-класс оқушылары алғыс жедел хатын алды.

Таңдаулы оқушылар осы облыс аудандарында бөлінген малды күтуге қатысты. Неміс

басқыншыларының зардабын шеккен бауырларымызға оқушылардың туысқандық көмегі олардың ұлттық достығы мен Отанға теңгесі жоқ сүйіспеншілігін көрсетеді. Сөйтіп, неміс фашистерінен азат етілген облыстарға Қазақстан оқушылары халық

шаруашылығын қалпына көлтіруге өз үлестерін қосты.

Соғыс жылдары оқушылардың қатыспаған жұмыс саласы болған жоқ. Ондай фактілер мұрағат қорлары мен баспасөз бетінде, оқушылардың естел іктерінен көптеп кездеседі.


жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау