Мазмұны Кіріспе. 1-тарау


Оқушылардың мектепке қамқорлығы



жүктеу 1,23 Mb.
бет3/4
Дата02.03.2018
өлшемі1,23 Mb.
#10972
1   2   3   4

2.2. Оқушылардың мектепке қамқорлығы.
Соғыс мектептің оқу жұмысына да күрделі талаптар қойды. Қазақстан алыстағы тылдардың бірі болғандықтан, уақытша оккупацияланған аудандармен соғыс жүріп жатқан жерлерден көптеген балаларды эвакуациялады. Майдан шебінен 129 балалар үйі, Мәскеуден 17400 орынды мектеп-интернаттар көшірілді.

Мұндай мысалдарды көптеп көрсетуге болады. Бұл қазақ балалаоының өзі сияхты құрбыларына деген қамқорлығын көрсетеді.

Дер кезінде қолданылып отырған шаралардың негізінде оқушылардың мектепті тастап кетуіне жол берілмей, оқушылар мектепке қайтарылды. Қостанай облысының оқушылары мектептерде буфет, ыстық тамақ ұйымдастырып, оқушылардың аяқ киімін жөндейтін шеберхана ұйымдастырған. Оқу озаттарының кезекшілері 131 баланы үйден оқытып, 300 баланың оқуын тастамауына көмектесіп, 326 оқушыны мектепке қайтарған. Сол сияқты Жамбыл облысы бойынша (1944ж.)бір мың бала қайтадан оқуын жалғастырған.

Ол жылдары оқушылардың бастамасымен үйде сабақ дайындауға жағдай жоқ, оқу құралдары жетіспеген балалармен үй тапсырмасын бірігіп мектеп қабырғасында даярлаған. Мұғалімдердің естеліктеріне қарағанда, сабақ дайындпудың мұндай түрі үлгермеушілер қатарын кеміткен. Мәселен, Алматы қаласындағы №25 мектептің оқушылары жеке класс бөлмелерінде сабаққа әзірлену кезінде түсінбөген жерлерін бір-бірінен сұрап, үйге берілген тапсырманы күнделікті орындап отырған.

Оқушылардың өзара көмегі ретінде үлгерімі нашар оқушыларға, қосымша сабақ жүргізетін оқу озаттарын бекіткен. Мәселен, осындай көмектің нәтижесінде Павлодар қаласында №8 мектебінің 5Б класының үлгерімі жақсарып, жалпы мектеп үлгерімімен салыстырғанда үлгірімі жоғары болған. Егер мектеп бойынша оқу үлгерімі 90,6 процент болса, осы кластың оқушыларының үлгерімі 96,3 процент болған. Осындай мектептердің қатарында Семейдің №13, Қарағандының 319 оқушылар дружиналары мен отрядтары, Ақсуат мектебінің оқушылары болды.

Сол кездегі жалпы оқушылар жұмысының мазмұнын көрсететін Павлодар қаласындағы орта мектептің 1943-1944 оқу жылында оқушылармен өткізген әңгімелер тақырыбы: «Қазақстан жастары Отан үшін шайқасты», «Жас гвардияшылар», «Қызыл ту мен пионер галустігі тұрады», «Партизандар Отан соғысында», «Пашистердің айуандығы», «Отан соғысының батырлары-Москваны қорғаңдар» т.б. болған. Алматы облысындағы Желек орта мектебіндегі А.Матросов атындағы №1 оқушылар дружинасының жиыны. «Отан соғысына қатысқан балалар». «Пионер галустігі мен пиоенрлердің міндеті», «Аманкелдінің сарбаздары» деген тақырыпта өткен. Сонымен бірге Алматы қаласының оқушылар жиындары» Менің кең байтақ Отаным», «Ана», т.б, түрлі тақырыптарда өткен.

Дружина ұйымына оқушылардың әзірлік кезінде «Майдандағы балалар», «Тыңдаған балалар», «Партизан балалар», «Неміс тұтқынындағы балалар», деген тақырыптарға арналып қабырға газеті мен ротомонтаж шығарылып, альбом әзірленіп, өлеңдер жатталып, пионер газеттерінен кеңестік қабарлау бюросының мәліметтерін оқыған.

Соғыс жылдары майданнан келген хаттарды оқушылардың бірігіп оқуының да үлкен психологиялық мәні болған. Ол жылдары оқушылар Армия жауынгерлері, командирлерімен қатар нақтылы жағдайлырға байланысты майданның алдыңғы шебіндегі құрбыларының хатын алып тұрған. Эмоциясына қатты қозғау салып, тылдағы оқушы жастардың майданға жіберу намысын тудырған.

Оқушылардың «Салтанатты уәдесінде»: «Мен барлық жан дүниесімен фашист басқыншыларын жек көрем және өзім әрдайым Отанымды қорғауға дайынмын. Біздің бақытымыз үшін жанын пида еткен күрескерлердің атынан ант етемін. Олардың қаны менің пионер галустігімде, біздің қызыл туымызда лаулайтын өмір бақи Ұмытпаймын»-делінген. Ұлы шайқаста жастар тарапынан соғыс Комиссариатына түскен арыздардың саны көп болған. Мәселен Қарағанды қаласының 8 мектебінің бір топ оқушылары 15 адам өз еріктерімен мектеп директоры Матжикпен майданға аттанып, ерлікпен қаза тапқан.

Міне осындай елдікке бастаған хаттардың бірі астана қаласының оқушыларына жас панфиловшылардан келген. Онда: «Қымбатты балалар», Алматы пионерлер! Сіздерді атақты батыр гвардияшы-панфиловшылар өз тәрбиесіне алды, енді біз олармен бірге неміс фашистерімен күресте, ұрыстар мен жорықтарда барлық күшімізді жұмсап, гвардия жауынгерлері мен командирлері болуға оқып үйренудеміз...

Біз сендерді де, даңқты достар тылдағы жас гвардияшылар, тек қана «өте жақсы» деген бағаға оқуға, пионер деген жоғарғы атаққа сай болуға, басқалардың бәріне үлгі болуға шақырамыз.

Үйірмелер «Маяковский шығармашылығындағы Отаншылдықты», «Физика мен химияның қорғаныстағы маңызы» туралы баяндама, лекциялар тыңдаған. Әдебиет үйірмесі «Қазақстан жазушылары Ұлы Отан соғысында» т.б. тақырыптарда оқушылар конференциясын өткізген. Үйірме жетекшілері соғыс жылдары жастарға саяси сауаттылыққа беруге көңіл бөлген. Тарих үйірмесінде қайраткерлердің қоғамда орнын білумен қатар, болған тарихи уақиғаларды қортындылай білуге, тарихи дамудың заңдылығын түсінуге үйреткен. Оқу материалдарын әдебиет, тарих т.б. үйірме жұмыстарымен ұштастырып, «Қазақстан жазушылырының шығармашылығы»,

«Қазақстанның қазба байлықтары», «Отан соғысы» тақырыптарына үйірме мүшелері оқушылар арасында әңгіме - лекция өткізген. Алматыдағы №41 мектептің жанындағы оқушылар лекториясы «Ғылым мен техниканың жаңалықтары», «Жаңа дәуірдің жаңа адамы», «Отан соғысындағы жастардың ерлігі» туралы баяндамалар жасаған.

Әскери-техникалық бағыттағы үйірмелер балаларды типография, радио істеріне үйреткен. Қызылорда облысының (487 үйірме, II 480 үйірмені) үйірмешілер радио бөлшектерін ажыратып құрастыруға оны қозғалысқа келтіруге, жұмысқа қосу, радио-узелден трансляция жүргізу шеберліктерін меңгерген. Олар көбінесе лабароториялық жұмыстарға қажетті приборлар жасаған.

Оқушылардың техникаға әуестігін жерлес жауынгерлерінің соғыс машиналары жайды әңгімелері де әсер еткен. Мұндай кездесулер үйірменшілердің техникалық кітаптарға қызығушылығын, шығармашылық ізденімпаздығын, олардың жеке пәндерден жүйелі білім алуына, ғылымға деген ынтасын қалыптастырады. Үйірме жұмысы ұжым мүддесін жоғары санауға тәрбиелейді. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан Алматыда «Жас техниктердің мектепке көмегі деген оқушылардың техникалық шығармашылығының байқауы 1944 жылы өтті. Техникалық байқауға екі мыңнан астам бала қатысқан.

Соғыс жылдары техникалық шығармашылықпен қатар оқушылардың мәдени көпшілік және үгіт насихат жұмыстарын да кеңінен жүргізген. Көркем өнерпаздар қырман басындағы бригадаларға концерттер қойып берген. Соғыс жылдарында жас таланттардың өнерін байқау мерекесі -үшінші Республикалық олимпиада 1943жылы шілденің 10-13 дейін Алматыда өткен. Олимпиадаға қатысқан 425 баланың 72-сі сыйлықтарға ие болған. Қазақ ССР Халық Ағарту Комиссариатының Қызыл туы Қызылорда облысының көркемөнерпаздарына тапсырылған. (256)

Кластан тыс жүргізілген жұмыстар оқудың сапасын жақсартқан оқушылардың оқу мен еңбіктігі жіне майданға жасаған көмегі үшін Павлодар облысының 14 дружинасына Қазақстан ЛКЕМ Орталық Комитетінің мақтау қағаздарын тапсырған.

Оқушылардың бұл жылдары оқуға деген көз қарасы да айтарлықтай өзгөрген. Мәселен Павлодар мектебінің оқушысы Васильев (Пешков ауданы) шығарма жұмысында: «Мен мәдениетті, білімді, азамат болу үшін жақсы оқимын. Қызыл Армия қатарында жаңа техникамен жабдықталған машиналарды меңгеруге де білім қажет»-деп жазған. Мұнан біз оқушылардың Қоғамның дамуына білімнің қаншалықты қажеттігін түсінгенін байқаймыз.

Ақтөбенің Пионер II мектепке әдістемелік көмек көрсетіп, үйірме жұмысына 225 бала қатысқан. Оқушылар үйінің көркемөнерпаздары госпиталь әскери бөлімдерде, балалар бақшасы мен пионер саябақтарында концерт қойған.

Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімі бойынша Алматы қаласындағы Пионер үйі республикалық пионер сарайына (ақпан, 1944ж) айналдырды. Пионер сарайында 7 үйірме, шеберханалар мен автотранспорт кабинеті, демалыс бөлмесі т.б. жұмыс істеді.

Соғыстың соңғы жылдары қайтадан 127 пионерүйі, 3 техника станциясы, ауыл шаруашылық, натуралистер станциялары, екі велосипед, 3 су-қайық станциясы, жас өспірімдер театры жұмыс істей бастады. Балалар ұйымы қатарына өтерде берген сертін жеткіншектер Ұлы Отан соғысы жылдары зор қасиетпен орындады.

Оқушыладың Отанжандылы істері-майдан шебіндегі жауынгерлерге жылы киім әзірлеу, соғыс өнеркәсібіне металл сынықтарын, еліміздің қорғаны қаржы жинау. Қызыл Армия отбасыларымен колхоздың ауыл шаруашылық жұмыстарына көмектесуі. Тимуршылар қозғаласы әлеуметтік тәрбие мәселесінің ойдағыдай жүзеге асырылғандығының дәлелі. Бұл істер бүкіл халықтық күреспен бірлестікте жүргізілді.

Жер-жердегі оқушылардың әртүрлі бастамасы мектеп оқушылырын ұлы мақсатқа, бейімділікке, ерлікке т.б. мінез сапасының артықшылығын байқатты. Оқушылардың госпитальдегі жаралы жауынгерлерге көмегі, қоғамдық жұмыстары шешуші роль атқарған. Ол жылдары балалардың еңбегі шаруашылық пен өнеркәсіп саласындағы белгілі бір міндеттерді орындауға бағытталған.
2.3. Тимуршылар қозғалысы - оқушылардың әлеуметтік азаматтық сезімін қалыптастырудың психологиялық әдісі.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестер мен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасының дамуының бірсатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.

Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлуі қажет.

Зерттеуіміздің объектісі ретінде жеткіншек жас кезеңіндегі оқушылар алынғаннан соң жеткіншектер туралы мәліметтер бере кеткенді жөн санадым.

Диплом жұмысының тақырыбының зерттеу мақсатымызға орай біз зерттеу әдістерінің бірқатарын жүргіздік. Әуелі зерттеуде баланың өзі мен қатар жас құрбы-құрдастарының арасындағы қарым-қатынасын оның ортадағы мәртебесін анықтауда - «Социаметрия» әдісін қолдандық. Сонымен қатар оқушылар арасында сауалнама жүргіздік.

Мақсаты: орта буын оқушыларының бойындағы әлеуметтік-азаматтық сезімнің деңгейін, бір-бірімен, ортамен қарым-қатынасы, азаматтық ар-ожданы, қадір-қасиеті, борыш сезімін бағалау.

Орындау ережесі: «Сіздерге. 20 сұрақ берілген. Жауаптарыңызды арнайы өңдеу арқылы әрқайсысымыздың өзіңізге тән ерекшеліктеріңізді анықтауға мүмкіндік туады. Сауалнаманың әр сұрағына үш вариант жауап берілген. Олардың ішінде дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс. Сондықтан, сұраққа жауап беру барысында онша көп ойланбастан, сұрақтарға бірінші дұрыс деп тапқан жауапты тауып, оның әріптік белгісін параққа жазып беру керек.

Егер сіз жауаптардың ішінен «А» варианты дұрыс деп тапсаңыз, онда бірінші бағанаға белгі қоясыз, «В» варианты дұрыс деп таңдасаңыз орта бағанға белгі соғып, ал «С» вариант дұрыс десеңіз - үшінші бағанаға белгі қоясыз».

Сауалнама.

1. Мен басқалардан ұжымнан басқа қашық жерде бір өзім өмір сүре аламын.

А) Ия; в) кейде с) жоқ.

2. Іс-әрекетті орындауда өзімнің бастамам бойынша

А) дұрыс; в) білмеймін; с) дұрыс емес

3. Жоспарлаған іс-шараны басқалардың көмегінсіз өзім дербес орындағанды жақсы көремін.

А) дұрыс в) кейде с) дұрыс емес.

4. Маған көпті көрген, тәжірибесі мол адамдар ұнайды.

А) Ия; в) білмеймін; с) жоқ

5. Мені ерекше қызықтыратын іс-әрекеттер.

А) адамдармен әңгімелесі және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

В) айтуға қиналамын; С) машиналармен механизмдерді басқару және негізгі өндіретін заттарды жасап шығару;

6. Адамдар моральдық нормаларды сақтауды қазіргіден қаталырақ талап етуге керек.

А) Ия; в) Кейде; С) жоқ

7.Мен мынадай музыканы тыңдағанда рахаттанамын.

А) әскери оркестр марштарын; В) білмеймін;

С) скрипкамен орындаған әуендер.

8. Мен жазғы екі айды осылай өткізгім келеді.

А) бір немесе бірнеше достарыммен ардагерлерге көмектесу;

В) Айтуға қиналамын; С) Туристік лагерді топта басқару;

9. Мені мына жұмыстар қызықтырады.

А) Жора-жолдастарыммен көмек қажетсінетін адамдарға көмектесу;

В) Айтуға қиналамын;

С) Архитектор болып, бір өзім тыныш бөлмеде жұмыс атқарғанды.

10. Көптеген жұмыстарды бастағанда мен...

А) тәуекелшілікке барамын; В) білмеймін;

С) мүмкін сәтті болар деймін.

11. Маған көбінесе ұнайтын адам:

А) өте ақылды, көпті көргөн адам; В) айтуға қиналамын;

С) қабілеті орта болса да өзін жақсы ұстайтын адам

12. Мен шешімді:

А) Басқалардан жылдам қабылдаймын; В) Білмеймін;

С) Басқалардан соң қабылдаймын.

13. Маған үлкен әсер ететін нәрсе:

А) шеберлік, әсемдік, мейірімділік;

В) айтуға қиналамын;

С) күш пен қуат.

14. Мен өзімді серіктестікке бекем адаммын деп ойлаймын:

А) Ия; В) орташа; С) жоқ.

15. Егер де мен өткенге оралман, бірінші кезеңде мен... жолығар едім.

А) Б.Момышұлы

В) Білмеймін

С) Пушкинмен

16. Дүкенде қызмет істесем, мен... қалар едім.

А) Ардагерлерге тегін қызмет көрсетуді;

В) білмеймін; С) Кассир болуды.

17. Үйде, бос уақытта мен...

А) Үй шаруашылығына көмектесумен айналысамын;

В) Айтуға қиналамын; С) көңіл көтеремін және тынығамын.

18. Менің ойымша, ең қайғылы оқиғалар (Ұлы Отан соғысы) көп жылдан кейін де естен шығып кетпейді:

А) Ия; в) Кейде с) жоқ.

19. Менің ойымша... өмір сүру қызығырақ болар еді.

А) адамдар бір-біріне қамқор болса; В) айтуға қиналамын;

С) үнемі көңіл көтеріп жүрсе.

20. Мен ардагерлер өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы көп ойланамын

А) Ия; В) кейде; С) жоқ.

Бағалау шкаласы: А - 2 балл. В - 1 балл.

С - 0 балл болып бағаланады яғни 35-40 балл - өте жоғары 30-34 балл - 8-9 балл - жоғары 25-29 балл - 5-7 балл орта 20-24 балл - 2-4 балл төмен 1-9 балл - 0-1 балл өте төмен

Сынып оқушыларының неше пайызы жоғары, нешеуі жақсы, орта және төмен көрсеткішке не болғаны байланысты олардың жалпы әлеуметтік-азаматтық сезімінің деңгейін болжамдауға болады.

Тимуршылар қозғалысы - әлеуметтік-азаматтық сезімді қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде жүргізілген зерттеудің қорытынды нәтижесі.



Р/С

Психологиялық ерекшеліктері

2004 қыркүйек

2005 мамыр

Зерттеудің қорытынды

6 ә сынып

(20 оқушы)



6 ә сынып

(20 оқушы)



нәтижесінің пайыздық көрсеткішінің айырмасы

1

Қарым-қатынасы

32%

63%

31%

2

Адамгершілігі

66-25%

96 - 60%

19%

3

Мейірімділігі

7630%

106 -80%

50%

4

Қайырымдылығы

56-40%

86 - 60%

20%

5

Үйірсектігі

46-29%

66 - 72%

43%

6

Кішіпейілділігі

66-45%

76 - 68%

23%

7

Еңбекке қатынасы

46-60%

76 - 82%

22%

8

Жауапкершілігі

56 - 31%

86 - 52%

21%

9

Отанжандылығы

66 - 42%

96 - 77%

35%

10

Ерік жігері

46 - 33%

66 - 55

22%

11

Қажыр қайраты

56 - 38%

76- 58%

28%

Сауалнама №24 С.Ерубаев атындағы орта мектепте 6 класс оқушыларымен жүргізілді. 2003-2004 және 2004-2005 оқу жылы барысындағы сыныптан тыс «Болашақ» ұйымының «Қамқоршылар» - «Тимуршылар» командысының іс-жоспары негізінде атқарылған іс-әрекеттердің нәтижесін психологиялық әдістемелер, «Социометриялық», «Мен не білемін?», Л.С.Выготскийдің «Жалпылама айт», оқушылардың жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелері, анкеталық т.б. әдістерді қолдана отырып, қорытынды нәтижелерін кестеде көрсеттік. (қосымша№1-2).

Тимуршылар қозғалысы оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде 2004-2005 оқу жылының қыркүйек және мамыр айларынла екі рет психологиялық әдістемелердің көмегімен зерттеудің қорытынды көрсеткіштері салыстырмалы түрде орта балдық көрсеткіш пайыз есебінде бір-бірінен айырмашылығын аңғардық.

Оқу жылының басында тимуршылар командасын іс-жоспармен танысып, (қосымша №1-2) оқушылардың бойындағы әлеуметтік-азаматтық қасиетінің бірі Қ- Қ -С (қыркүйек айында 32% құраса оқу жылының соңында 63% пайызға нығая түскендігін байқатады). Оқушылардың адамгершілік қасиеті оқу жылының басында орта есеппен алты балдық көрсеткіші 25% құраса оқу жылының соңында 9 балдық көрсеткіш 60% пайызға өсіп, 19 пайызға көтерілген. Балалардың бойындағы мейірімділігі қыркүйек айында жеті 7 балл көрсетіп 30 пайыз болса, мамыр айында 10 балға, яғни өте жоғары деңгейге жеткен оқушылар саны 80 пайыз құрады.

Оқы жылының басында оқушылардың қайырымдылық қасиеті орта есеппен 5 балды көрсеткішті 40 пайызға жетсе, ал оқу жылының соңында сегіз балды жинаған оқушылар саны 60 пайызға жетіп 1,5 есе артқандығына көз жеткземіз.

6 - сынып оқушыларының қыркүйек айында үйірсектігінің көрсеткіші 4 балдық деңгейде 24 пайызды құраса, мамыр айының ортасындағы зерттеуде 6 балдық көрсеткіш 72 пайызға жетіп, үйірсектігі 2 есеге артқан.

Оқушылардың кішіпейілділік қасиеті оқу жылының басында 6 балдық көрсеткішке оқушылардың 45 пайызға жетсе, оқу жылының соңында 7 балл жинақтағандардың саны 68 пайызға жеткен. Бұдан балалардың бойындағы кішіпейілділік қасиеттерінің артқандығын көруге болады.

Еңбекке қатысу әрекетінің деңгейі қыркүйек айында 4 балдық өлшемі 60 пайызын қамтыса, мамыр айында 7 балдық көрсеткішке 82 пайызға артқан. Жауапкершілігі оқу жылының басында 5 балдық деңгейде 31 пайызын құраса, оқу жылының соңында сегіз балл, яғни 52 пайызға өскен. Бұл оқушылардың тапсырылған істі орындауға деген жауапкершілігін байқатады.

Тимуршылар қозғалысына дейінгі яғни қырқүйекте оқушылардың Отанжандылық сезімінің орта деңгейі 6 балл, 31 пайыз болса, мамырда 9 балдық көрсеткіш 77 пайызға артқан. Бұл оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, құрметінің арттырғандығының негізі болыпты.

Оқушылардың бойындағы ерік-жігер сапасы қыркүйек айында орта есептегі көрсеткіші 4 балл алған оқушылар саны 33 пайызын құрап, ал жыл соңында 6 балдық көрсеткішке көтеріліп, 50 пайызын құраған.

Оқушылардың бойындағы қажыр-қайрат, табандылық қасиеті оқу жылы басында оқушылардың басым бөлігі 4 балдық көрсеткіштің 30 пайызын құраса, бұл көрсеткіш оқу жылының соңында 7 балдық деңгейде 58 пайызға артқан, яғни екі есеге артуына сыныптан тыс жұмыстардың жоспарлы жүргізілуінің нәтижесі екендігін байқады.

Бұл балдық деңгейдегі пайыздық көрсеткіштерді талдай отырып, аға ұрпақтың игілікті істері жеке адамды қалыптастырудағы әлеуметтік адамгершілік сезімін арттыруда психологиялық әдіс ретінде құнды мұра екендігіне көз жеткіздік.



Қорытынды.
Ұлы Отан соғысы жылдары мектеп оқушылары алдына: «Оқушылардың өз халқының адал ұлдары болуын, Отанның қас жауларына қарсы тұруға, оқу мен еңбекке, әскери қабілеттілікке, ұйымшылдыққа, төзе білуге тәрбиелеу» - міндеттерін қойған.

Мектептің жұмысы әскери-дене шынықтыру, жаппай саяси және оқыту бағытында жүргізілген. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан өнеркәсібінің, транспортын, ауыл шаруашылық жұмыстарын соғыс жағдайларына қарай шұғыл құрылып, міндеттерінің өзгеруі, барлық халықпен бірге: «Бәрі майдан үшін!» -деген ұранға сай жұмыс істесе, ал оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының басты міндеті оқушыларға өз ісіне жауапкершілігін сезінуі, тәртіптілігін, ерлігін, Отан сүю, оның намысын қорғау, бір сөзден айтқанда адамгершілік-азаматтық қасиетті әр жас адамның бойына сіңіруі іске асырылған. Оқушылардың жұмысына басшылық етуде еңбек сүйгіштікке, оқушылардың майданға көмегін, әскери дене шынықтыру жұмысын, оқушылардың оқуы мен тәртібін жақсарту маңызды мәселе болғаны көрсетілген.

Жыл сайын республика мектептерінде өтілетін әскери тактикалық ойындарың ұйымдастырылуы оқушылардың әскери қабілеттерін жетілдіріп, әлеуметтік өмірдің мәселелерімен жанастырған. Сайып келгенде дене тәрбиесінің мақсаты мектеп оқушыларының арасында тәріпті нығайту, олардың отан үшін әскери бағыттағы істерін ұйымдастыру болғанын байқадық.

Оқушылардың тылдағы азаматтық істері майданға аттанған әкелерінің, ағаларының орнына тұрып егін жинау, мал бағы, шөп жинау, Отан қорғау қорына қаржы жинау, эвакуацияланған балаларға, үлкендерге, жараланған жауынгерлерге қамқорлық жасау. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі шежіресінен лайық оры алмақ.

Әсіресе жоғары класс оқушылары колхоздар мен совхоздарда агротехника негіздерімен танысып, техника тетігін жете меңгерген. Бірқатар мектептерде жоғары класс оқушылары бекітілген ауыл шаруашылық жұмыстарын кешенді жүйемен: оқушылардың терең білімді болуын, өсімдіктану, зоология, физика, химия пәндерінен алған білімдерін тәжірибемен байланыстырып жүргізуін талап етеді. Осындай бастамадағы мектеп оқушыларының еңбек етуінің тәрбиелік, біл імділік зор мәні болды. Біріншіден, оқушылар жұмыс істеу шеберлігіне үйреніп, көптеген еңбек дағдыларын алса, екіншіден олар бұрын техника тетігі, дәнді дақылдарының өнімі туралы естігендерін, кітаптан оқығандарын өз көздерімен көріп, іс үстінде меңгерген.

1942 жылы ауыл ауыл шарушылық жұмысына республиканың 350 мың оқушысы араласқан. Олар астық және ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын жерлерде бақылауды ұйымдастырып, егін даласына атық ысырабына жол бермеуде бастауыш класс оқушылары масақ жинауға шыққан. Отанжандылық, азаматтылық сезім билеген, туған елімізді күш қуатын асыра беруге бастама өрістегенін әр оқушы қоғам жұмысына көмектесуді өзігнің борышы деп санауынан байқауға болады.

1943 жылы мұрағат мәліметтеріне қарағанда республикада 3081 тимуршылар командасы 38664 оқушыны қамтығанын көреміз, Қорыта келгенде жауынгерлерге, оның елде қалған отбасына көмек көрсету, қамқорлық жасауға қатысу тимуршы оқушылардың жүрегіне адам баласының ізгі әлеуметтік-азаматтық сезімдерді - адамды сүю, оны қадірлеу, мейірімділік пен әділеттілікті дәріптеуді ұялатты. Сондықтан халық арасында көп тараған, үлкендер жағына, әсіресе мұң-мұқтажы көп, майданнан баласы оралмаған қайғылы қарттар, мүгедек жауынгерлердің қолқанаты болған тимур командалары ерекше құрметке, жұрт сүйіспеншілігіне бөленген.

Соғыс жылдары оқушылар қоғамдық пайдалы еңбекпен қатар мәдени-көпшілік және үгіт насихат жұмыстарын жүргізген. Олардың үгіт бригадасы колхозшылар, завод, шахта жұмысшылары, жаралы жауынгерлер арасында газет журналдар оқып, кеңестік бюросының хабарымен таныстырған.

Қазіргі осы жұмыстардың түрін кең түрде жұртшылық болып қолға алып, жастарымыздың қарттар мен мүгедектерге, сәби балаларға деген қамқорлық қайырымдылығы қажет болып отыр. Жоғарғы класс ер балаларының интеллектуалдық біліммен қатар, өздігінен әскери даярлығын жетілдіруге көңіл аударуы, мектептерде әскери дайындық сабақтарын қайтадан оқу бағдарламаына ендіріп, әскери кабинеттер ашуы абзал.

Әлеуметтік-азаматтық көзқарас белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасады. Жағдайдың өзгеруіне байланысты оның мазмұны мен түрі өзгеріп отырады.

Әлеуметтік-азаматтық көзқарасты қалыптастыру жолдары ретінде оқушылармен кластан тыс жұмыстар, іс-шаралар, өлкетану, оқу, дене шынықтыру, қоғамдық пайдаланып, еңбек арқылы жүзеге асырылады. Өйткені іс-әрекеттің барысында жеке адам қалыптасады. Оның жетекші күші сұранысы мен қажеттілігінде. Өмір сүру, еңбек ету үшін қажеттігін қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік азаматтық көз қарасты қалыптастыру үшін қоғам мен жеке адамның сұранысы мен қажеттігін зерттеп, іс-жүзінде қолдану қажет.

Әлеуметік өмірде қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушылардың бойында әлеуметтік-азаматтық көзқарасты қалыптастыруға болады. Ол үшін мына үлгі бойынша: қажеттілік, мақсат және іс-әрекет арқылы жүзеге асыруды басшылыққа аламыз.

Жеке адамның әлеуметтік-азаматтық көзқарасы қоғамдық құрылысқа жауапкершілігі мен азаматтық борышты атқарудағы міндетінен көрінеді.

Оқушылардың әлеуметтік -азаматтық көзқарасының қалыптасуы, саяси қоғамдық белсенділігі мен рухани қажеттілігін арттыруға бағытталады. Қоғамның және жеке адамның қабілетінің даму бағытын прогреске қарай бағыттау керек. Бұл әлеуметтік-азаматтық көзқарасты қалыптастыру педагогикалық басшылық арқылы қоғамның мақсат мүддесі мен оқушылардың талабына сай жүргізіледі.

Оқушыларға әлеуметтік-азаматтық қасиеттерді қалыптастырудың тарихи тәрибесін талдай келе, оны іске асырудың мынадай жолдарын ұсынамыз:

«Жас натуралитер» үйірмелерін құрып, онда жеміс ағаштарымен техникалық дақылдарды егіп, күтіп-баптаудағы ата-бабаларымыздың ғасырлық тәжірибелерімен оқушыларды таныстырып, жоспарлы жұмыс жүрізу барысында саналы еңбек ету белсенділігін қалыптастыру.

Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында - «Жас ұрпақтың басқа ұлттардың өкілдерімен өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруге ықпал жасау, ұлт аралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру» делінген. Осыған сәйкес, Атамекен бағдарламасының «Достық»клубын құру оның жоспарына басқа ұлт өкілдерінен Республикамызға еңбек сіңірген қоғам, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайлы және ұлттық негізде құрылған «ұлттардың мәдени орталықтарының жұмысымен танысып, олардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылса, сонынң нәтижесінде оқушылардың сол ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және мәдениет жайлы таным, түсінік пен сол ұлтқа деген құрмет сезімін қалыптастырамыз.

Мектеп жанынан «көркемөнер» үйірмелерін құрып, оған облыс, ауданда қызмет етіп жатқан өнер қайраткерлерінің бастамасы, жетекшілігімен драма, хор, ән-би топтары құрылса, ол арқылы оқушылардың бойындағы әдеби - саздық дарынды дамыту арқылы келешек ізбасар өнер қайраткерлерін даярлау.

«Жас ұлан» - әскери-қорғаныс үйірмесін құру», оған еңбек демалысына шыққан әскери қызметкер басшылық жасаса, үйірме арқылы оқушыларды әскери кәсіпке, қызметке және техника қызығушылығын оятар еді. Үйірме жұмысының жоспарына ел қорғаған қазақ батырлары Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Сыпатай, т.б. ерлігі жайлы, олардың жауынгерлік киім үлгісі, қару-жарағы, көлігі жайлы мағлұмат берілсе. Қазіргі кездегі әскери техникаға жете тоқталып, шетел әскери қызметі мен техникасын салыстыра отырып өткізілсе. Бұл үйірмеде сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Ауғанстан оқиғасының жауынгерлері және әскери қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, әскери комиссариат және бөлімшелерге саяхат жасап, мектеппен байланыс орнатылса. Бұл кластан тыс құрылған әскери үйірмеден өткен оқушы Отан қорғау ісін өзімнің қасиетті борышым дейтін азамат болып шығары сөзсіз.

«Тимуршылар» - істеріне қатысу балаларда әлеуметтік-азаматтық гуманизмді дамытып, бойларында зеректік, адамдарға жанашыр қамқоршы болу, адал жолдастық сезімді дамытқан. Сол тарихи тәжірибені басшылыққа алып, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы - «Қамқоршылар» қозғалысын ұйымдастыру. Ол Атамекен бағдарламасының «Қайырымдылық», «Сәби», «Ардагер» және «Ата-ана» бағыттарымен жоспар түзіліп жүргізуге болады.



Қорыта келе қоғамдық әлеуметтік ортаға байланысты оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімі іс-әрекет арқылы қалыптасады.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Абулханова-Славская К.А. Типология активности личности в социальной психологии. (Психология личности и обзор жизни) Просвещение. 1981.

  2. Агеев В.С. Психологическое исследвания социальных стереотипов. (Вопросы психологии) 1981 №1

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Алматы. 1996.

  4. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М. 1981

  5. Андреев В.С. Социальная психология. М.1980

  6. Ануфриев Е.А. Социальный статус и активность личности: личность как обьект и субьект социальных отношении. М. Изд-ва МГУ 1984 2876.

  7. Амиралиев Ш.А. Жақсы дәстүр жалғаса береді «Мектеп» баспасы А., 1980.

  8. Амирсланов А.Х. Социальная активность как фактор самореализации личности в общественной деятельности. Баку. 1989.

  9. Аркадий П.Г. Тимур и его каманда. Изд-во Детская литература М. 1968.

  10. Архангельский Л.М. Нравственное воспитание личности М. 1968.

  11. Асмолов А.Т. Личность как предмет психологического исследование. М.1984.

  12. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Қазақтың мемлекеттік оқу - педагогика баспасы. А. 1963.

  13. Әбдіжаппарова Ж. Мектеп оқушыларына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. «Мектеп» баспасы. А. 1969.

  14. Әбдіразақов Е. Халық педагогикасы тәрбие өзегі. (Мұғалімдермен тәрбиешілерге көмекші құрал). А.Ш., 1993ж.

  15. Әл - Фараби «Әлеуметтік - этикалық трактаттары» 1975ж

  16. Богданова Т.П. Образ жизни и социальная активность личности. Минск 1979.

  17. Божович. Л.И. Личность и формирование в детском возросте. М. 1963.

  18. Борисенко В.Н. Бессмертные подвиги молодежи в годы Великой Отечественной войны. М. «Знание» 1954.

  19. Буева Л.П. Социальная среда и сознание личности издат-во МГУ. 1968.

  20. Брунер Дж. Психология познания. М. 1977.

  21. Вульфов Б.З. Воспитание гражданина в советской школе (Под. Ред. Г.Н.Филонов) М. 1970.

  22. Газман О.С. Социально-педагогическое аспекты развития. (журнал «Советская падагогика») М. 1988 №5.

  23. Гоноболин Ф.Н. Психология. А. 1976.

  24. Горлик Ф.Б. Воспитывая гражданина, формируя мировоззрения. М. 1986.

  25. Гурова Р.П. Кохорина Е.Ш. О воспитании гражданских качеств у учащихся. М. 1978.

  26. Ғабдуллин М.Ғ. Ата - аналарға тәрбие туралы. Кеңес. «Мектеп» баспасы. А. 1966.

  27. Дмитриев А.Е. Сущность характеристика социальной активной личности в условиях развитого социамума М. 1983.

  28. Друг большой заботливый из-во «Молодая гвардия» 1969.

  29. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М. 1996.

  30. Дубровина И.В. Индивидуальные особенности школьников. М., 1975г.

  31. Ержанова Р.Ш. Жастардың өмітлік белсенді позициясы. А. 1 985.

  32. Ержанова Р.Ш. Кузьмина М.Н. Жеткіншектердің қоғамдық белсенділігін тәрбиелеу. А. 1975.

  33. Золотнякова Р.С. Проблемы психологии общения Ростов-на -Дону 1976.

  34. Зосимовский А.В. Воспитание общественной активности школьников-подростков. Под ред.

  35. Гмурмана Изд-во АП.Н. М. 1962

  36. Жарықбаев Қ. Психология А. 1970

  37. Жарықбаев К. Ұлттық психология тарихы А. 1993.

  38. Игнатовский В.Н. Гражданский долг и нравственная ответственность личности. Л. 1975.

  39. Иконников С.Н. Лисовский В.Т. На пароге гражданской зрелости. А.1982.

  40. Ильин Е.Н. Искусство общения М. «Педагогика» 1982.

  41. Кле М. Психология подростка. Психологичөское развитие. М. 1991.

  42. Ковалева А.Г. Курс лекции по социальной психологии М. 1972.

  43. Кон И.С. Социология личности. М. 1967.

  44. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психододиагностикалық қызмет. Құрастырған Көмекбаева Л.К. А. 2004.

  45. Маркова А.К. Психология обучения подростка М. 95.

  46. Майерс Д. Социальная психология. Питер. 1998.

  47. Мұқанова Б.П. Жеткіншектердің әлеуметтік белсен-ділігін қалыптастыру мен дамытудағы мұғалім мен оқушының өзара қатынасының педагогикалық негізі. А. 1992. 2676.

  48. Нұрмұханбетова Т.Р. Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік псиология. Ш. 2004.

  49. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. Т.З. М. 1996.

  50. Петровский А.В. Ерошевский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А. 1987.

  51. Петровский А.В. Способности и труд. М. 1996.

  52. Платонов Ю.П. «Психология коллективной деятельности» МГУ-1980г.

  53. Порыгин Б.Д. Основы социально-психолгический теорие. М. 1971.

  54. Роль общения в формировании личности подростка. В книге. «В мире подростка» М. 1962

  55. Популярная психология для родителей под рөд. А.С. Спиваковской. С.Пб. 1997.

  56. Снайдер. Д. Практическая психология для подростқов. М. 1999.

  57. Тәжібаев Т. Жалпы психология.-А. 1993.

  58. Табылдиев Тәрбие өрнектері. А. 1989.

  59. Умарский Л.И. Коллектив и лияность. М. 1975.

  60. Шербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М. 1987.

  61. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М. 1995.

  62. Якобсон П.М. Эмоциональная жизнь школьников. М. 1966.

  63. Ярошевский М.Г. Психология в XX столетия М. 1971.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағат материалдары



Қосымшалар





жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау