Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға кiрiсу



жүктеу 6,76 Mb.
бет31/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42

471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға кiрiсу

1. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы шағымдану немесе наразылық бiлдiру мерзiмi өткен соң не жеке шағым жасалған немесе наразылық бiлдiрiлген жағдайда, iстi жоғары тұрған сот қарағаннан кейiн заңды күшiне енедi және орындалады.

2. Соттың шағымдануға немесе наразылық бiлдiруге жатпайтын қаулысы ол шыққаннан кейiн дереу күшiне енедi және орындалады.

3. Алдын ала тыңдау барысында немесе соттың басты талқылауы кезінде шығарылған істi қысқарту туралы сот қаулысы оның айыпталушыны немесе сотталушыны күзетпен ұстаудан босатуға қатысты бөлiгiнде дереу орындалуға жатады.

4. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы, үкімі жария етілген кезінен бастап күшіне енеді.

5. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары осы Кодекстің 445-бабында көзделген тәртіппен орындалады.

6. Соттың жеке қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзім өткен соң басқару функцияларын орындайтын тиісті лауазымды адамға жіберіледі. Жеке қаулы бойынша бiр айлық мерзiмнен кешiктiрмей қажеттi шаралар қолданылуға және нәтижелерi туралы қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиiс.
472-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауға кiрiсу тәртiбi

1. Заңды күшiне енген соттың үкiмi мен қаулысы мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сөзсiз орындалуға жатады. Соттың үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Үкiм мен қаулыны орындауға кiрiсу бiрiншi саты бойынша iстi қараған сотқа жүктеледi. Үкiмдi орындау туралы өкiмдi судья үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес үкiмдi орындау мiндетi жүктелген органға жiбередi. Апелляциялық сатыдағы сотқа күзетпен ұстауда отырған адамдарға қатысты iстi апелляциялық тұрғыда қараудың нәтижелерiн хабарлау мiндеттерi жүктеледi. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгерген жағдайда үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса берілуге тиiс.

3. Егер үкiмде сотталған адамды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасынан, Қазақстан Республикасының Президентi берген құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы мәселенi қою қажеттiгi көрсетiлсе, үкiмдi шығарған сот Қазақстан Республикасының Президентiне сотталушыны мемлекеттiк наградасынан, көрсетiлген атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы ұсынымды, сондай-ақ үкiмнiң көшiрмесi мен оның заңды күшiне енуi туралы анықтаманы жолдайды.

4. Үкiмдi орындаушы органдар оның орындалғаны туралы үкiмдi шығарған сотқа дереу хабарлайды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкiмшiлiгi, үкiм шығарған сотқа сотталған адамның жазасын өтеу орны туралы хабарлауға тиiс. Апелляциялық сатының үкімін орындау туралы хабарлама бірінші сатыдағы тиісті сотқа жіберіледі.
473-бап. Үкiмдi орындауға кiрiсу туралы сотталған адамның туған-туысқандары мен азаматтық қуынушыға хабарлау

1. Күзетпен ұстауда отырған сотталған адамды абақтыда ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға кесiлген үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн қамау орнының әкiмшiлiгi сотталған адамның отбасын жазаны өтеу үшiн оның қайда жiберiлетiнi туралы хабардар етуге мiндеттi.

2. Азаматтық қуыным қанағаттандырылған жағдайда сот атқарушысы азаматтық қуынушыны үкiмнiң орындалғаны туралы хабардар етедi.
474-бап. Туыстарына сотталған адаммен жүздесуге рұқсат беру

Үкiм орындалғанға дейiн iс бойынша төрағалық етушi немесе сот төрағасы күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына олардың өтiнiшi бойынша сотталған адаммен жүздесу және телефон арқылы сөйлесу мүмкiндiгiн беруге мiндеттi.


475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру

1. Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкiмдi орындау мынадай негiздердiң бiрi болған кезде:

1) жазаны өтеуге кедергi келтiретiн, сотталған адамның ауыр сырқаты болса – ол сауығып кеткенге дейiн;

2) сотталған әйелдiң жүктi болуы немесе сотталған әйелдiң жас балалары болса және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75-бабында көзделген тәртiппен;

3) өрт немесе өзгедей дүлей апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдайлардың салдарынан, сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазаны дереу өтеуi аса ауыр зардапқа әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сот белгiлеген, бірақ алты айдан аспайтын мерзiмге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға қатысты – үш айдан аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

2. Сот үкімі бойынша сотталған адамнан өндіріліп алынуға тиіс айыппұлды, өзгедей төлеу, егер оны дереу төлеу сотталған адам үшiн мүмкiн болмаса, алты айға дейiн мерзiмге кейiнге қалдырылуы немесе бөлiп-бөліп төлеуге қалдырылады.

3. Үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру туралы мәселенi, егер бұл сот үкім шығарған кезде шешілмеген болса, сотталған адамның, оның заңды өкiлiнiң, жақын туыстарының, қорғаушысының өтiнiшi бойынша не прокурордың немесе үкімді орындау жүктелген органның ұсынымы бойынша сот шешедi.

Қосымша жаза бөлігінде үкімді орындауды кейінге қалдыруға жол берілмейді.


476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер

Соттың жүргiзуiне үкiмдi орындауға байланысты мынадай:

1) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін,жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, айыппұл төлеу түрiндегi жазаны қоғамдық жұмысқа тартумен не күзетпен үстаумен, қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 42-бабы), қоғамдық жұмыстарға тартуды, күзетпен ұстаумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 44-бабы), бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 45-бабы) ауыстыру туралы;

2) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшінтағайындалған түзеу жұмыстарын орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, қоғамдық жұмыстарға тарту не күзетпен үстаумен, қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 43-бабы) ауыстыру туралы;

3) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынып жүрген және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты iздестiру жариялау, оны тоқтату мен бұлтартпау шарасын таңдау туралы;

4) қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған адамның үкімі бойынша тағайындалған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін өзгерту туралы;

5) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 73-бабы) туралы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабы);

6) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды жою (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 73-бабының алтыншы бөлiгi) туралы;

7) ауыруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай жазадан босату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 76-бабы), сондай-ақ жазаны әрі қарай орындау үшін жазадан босату туралы қаулыларды жою, оның ішінде сауығып кетуіне байланысты;

8) шартты түрде соттауды жою немесе пробациялық бақылау мерзімін ұзарту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65-бабы) туралы;

9) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң толық немесе iшiнара күшiн жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 45-бабы);

10) жазаны орындауды кейінге қалдырудың күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабы);

11) соттың айыптау үкiмiмерзiмiнiң өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 78-бабы) туралы;

12) басқа да орындалмаған үкiмдер болған кезде, егер бұл уақыт бойынша соңғы үкiмде шешiлмесе, үкiмдi орындау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 61-бабы) туралы;

13) күзетпен ұсталған мерзiмiн, сондай-ақ емдеу мекемесiнде болған уақытын есепке алу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63, 97, 98-баптары) туралы;

14) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе тоқтату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96, 98-баптары) туралы;

15) керi күшi бар не жасалған әрекет үшін қылмыстық жауаптылықты жоятын қылмыстық заңның, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің заңды немесе нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп танудың, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы себептi жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету туралы, сотталған адам жасаған әрекеттің саралануын өзгерту, жазалау мерзімін, қылмыстың қайталануын қысқарту туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 5-бабы);

16) қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес түзеу жұмыстарына сотталған адамның жалақысынан ұсталатын соманың мөлшерiн төмендету туралы, сондай-ақ сот үкімі бойынша сотталған адамнан өндірілетін айыппұлдарды өзгедей өтемдерді төлеу мерзімін ұзарту немесе кейінге қалдыру туралы;

17) үкiмдi орындау кезiнде туындаған қандай да болсын күмәндар мен түсiнiксiздiктердi ұғындыру туралы;

18) сотталған адамның қайтыс болуына байланысты iс жүргiзудi қысқарту туралы;

19) үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері адамдарының әрекеттеріне және шешімдеріне сотталған адамдардың шағымдарын прокурордың қарауы туралы;

20) сотталғандықты алып тастау туралы;

21) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі негізінде жазадан босату, жазасын жеңілдету немесе жаза мерзімін қысқарту туралы мәселелердi қарау жатады.
477-бап. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi шешетiн соттар

1. Үкiмдi орындау туралы мәселені үкімді шығарған аудандық және оған теңестірілген сот, ал егер үкiм үкiмдi шығарған соттың қызмет ету ауданынан тыс жерде орындалған болса, үкімді орындауға байланысты мәселелердi сол деңгейдегі сот, үкiмнiң орындалу ауданында сол деңгейдегі сот болмаған жағдайда жоғары тұрған сот шешедi.

Апелляциялық үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді де осы соттар қарайды.

Мамандандырылған ауданаралық соттар, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелерді қоспағанда, аталған мәселелерді қарамайды.

2. Соттылықты алып тастау туралы мәселені сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша жұмыс істейтін, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот қарайды.

3. Кез келген сипаттағы күмәнді және түсініксіздіктерді түсіндіру туралы мәселені сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша сот қарайды.

4. Үкімді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі сот қаулысының көшірмесі заңды күшіне енгізілгеннен кейін қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Егер сот қаулысы жоғары тұрған сот сатысында қайта қаралса қылмыстық іс материалдарына, сондай-ақ осы сот сатыларының көшірмелері қоса тігіледі.
478-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi

1. Сот осы Кодекстің 476-бабының 16), 19), 20) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сотталған адамның өтінішхаты бойынша қарайды.

2. Осы Кодекстің 476-бабының 1) – 3), 6), 8), 10), 12), 14), 18) тармақтарында көрсетілген мәселелер жазаның орындалуын жүзеге асыратын немесе кәмелетке толмағанды түзетуді қамтамасыз ететін органның өтінішхаты бойынша қаралады.

3. Осы Кодекстің 476-бабының 4), 5), 7), 9), 11), 13), 15), 17) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сотталған адамның өтінішхаты бойынша да, жазаның орындалуын жүргізетін немесе кәмелетке толмағанды түзетуді қамтамасыз ететін органның өтінішхаты бойынша да сот қарайды.

4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселені сотталған адамның қатысуымен өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 2), 3), 6), 7), 8), 10), 14), 17) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.

5. Осы Кодекстің 476-бабының 4), 5), 7), 9), 11), 16), 21) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сот сотталған адаммен ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі шеңберінде прокурордың өтінішхаты бойынша қарауы мүмкін.

6. Сотталған адам өзiнiң құқықтарын қорғаушының көмегiмен жүзеге асыра алады. Сот кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ өздерiнiң құқығын қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айыратын дене және психикалық кемiстiктерден зардап шегушiлерге, сол сияқты iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамдарға да үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi сот қараған кезде қорғаушының қатысуы мiндеттi. Сотталған адамдарға адвокаттар заң көмегін соттың қаулысы негізінде көрсеткен жағдайларда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 68-бабына сәйкес жүргізіледі.

7. Ауруына байланысты сотталушыны босату туралы не оны емдеу мекемесiне орналастыру туралы мәселенi қараған кезде қорытынды берген дәрiгерлік комиссиясы өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.

8. Шартты түрде сотталған адамға іздеу жариялаған кезде пробациялық бақылау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады және іздестіру тоқтатылған соң сот қаулысымен қалпына келтіріледі.

Бұл ретте сот пробация қызметінің ұсынымы бойынша бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізу басталған сәттен бастап пробациялық бақылау мерзімінің өтуін тоқтата тұрады.

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қараған кезде сот отырысына жәбірленуші қатысуға құқылы не ол өз өкілін ұсына алады.

9. Егер мәселе үкiмдi орындаудың азаматтық қуыным бөлiгiне қатысты болса, сот отырысына азаматтық қуынушы немесе оның өкiлi де шақырылады. Аталған адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi келтірмейді.

10. Сот мәжiлiсiне прокурор қатысып отырады.

11. Үкімді орындаумен байланысты мәселелерді қарау сотталған адамның, прокурордың немесе үкімді орындаушы орган өкілінің тиісті өтінішхатты баяндауымен басталады. Бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледi, сот отырысына келген адамдардың түсiнiктерi, прокурордың пiкiрi тыңдалады, бұдан соң судья қаулы шығарады.

12. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.
479-бап. Сотталғандықты алып тастау туралы өтiнiшхаттарды қарау

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 80-бабына сәйкес сотталғандықты алып тастау туралы мәселенi жазасын өтеген адамның өтiнiшхаты бойынша тұрғылықты жерiндегi сот шешедi.

2. Сот отырысына өзiне қатысты сотталғандықты алып тастау туралы өтiнiшхаты қаралатын адамның қатысуы мiндеттi.

3. Қарау өтiнiшхатпен жүгінген адамның түсiнiгiн тыңдаумен басталады, бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледi және шақырылған адамдардың сөздерi тыңдалады.

4. Сотталғандықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда, бұл туралы сот алдында қайталап өтiнiшхат беру бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр жылдан ерте қозғалмауы мүмкін.
480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы мәселелерді қарау

1. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы мәселе сотталған адамның өтінішхаты бойынша қаралады. Сот ұсынысты сотталған адамның келісімімен жазаны орындауды жүзеге асыратын органға жіберуі мүмкін.

2. Үкімді орындайтын орган заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны сотталған адамның өткерген мерзімін растайтын материалдарды, жасаған қылмысымен келтірген залалдың орнын толтырғандығы туралы, олардың маскүнемдік пен нашақорлықтан емделгені және оның нәтижелері, міндетті түрде емдеуді қажет ететін өзге де ауруларының бар-жоғы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы және басқалары туралы мәліметтерді қоса алғанда, сотталған адамның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді сотқа ұсынуға міндетті. Сондай-ақ жазаны орындауды жүзеге асыратын орган және сотталған адамның өзі де сотталған адамның босап шыққаннан кейінгі болжамды тұратын орны мен оны болашақта жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы деректерді сотқа ұсынуы мүмкін.

3. Сотталған адам сотқа ұсынылған материалдармен сот отырысы басталғанға дейін танысуға, өзінің түсініктемелерін, дәлелдемелерін ұсынуға, өтінішхаттарды беруге құқылы.

4. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның, қорғаушының (осы Кодекстің 476-бабының бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайларда) жазаны орындауды жүзеге асыратын орган өкілінің, прокурордың қатысуы міндетті. Жәбірленушінің, азаматтық қуынушының және оның өкілдерінің келмей қалуы өтінішхатты қарауға кедергі бола алмайды.

5. Сот отырысының дайындау бөлігі жүргізілгеннен кейін тиісінше сотталған адам не жазаны орындайтын орган өтінішхатты баяндайды. Содан кейін сот келіп түскен барлық материалдарды зерттейді және сот отырысына келген адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Сотталған адам сот отырысында барлық материалдарды зерттеуге қатысуға, сотта сөз сөйлеуге және қаралып отырған мәселе бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.

Прокурор өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырмай қалдыру туралы дәлелді пікірін сотқа баяндайды.

6. Қарау нәтижелері бойынша сот:

1) өтінішхатты қанағаттандыру және сотталған адамды жазаны одан әрі өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы өтінішхатты қанағаттандыру туралы;

2) жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы;

3) жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын өтеуден босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Сот жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы шешімді бұл туралы келіп түскен өтінішхатты қанағаттандырған жағдайда да, сол сияқты жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда да қабылдауға құқылы.


481-бап. Ауруы бойынша жазадан босату туралы өтінішхаттарды қарау

1. Ауруы бойынша жазаны өтеуден босату туралы мәселе сотталған адамның (оның заңды өкілінің немесе өкілінің) немесе жазаны орындауды жүзеге асыратын органның өтінішхаты бойынша қаралады.

2. Үкімді орындайтын орган заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны сотталған адамның өткерген мерзімін растайтын материалдарды, олардың маскүнемдік пен нашақорлықтан емделгені және оның нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, сотталған адамның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді, сотталған адамның жазаны өтеуге кедергі келтіретін психикалық ауытқуларының немесе өзге де ауыр науқастарының бар-жоғы, тиісті ем жасаудың қажеттілігі және оны емдеу-түзеу жүйесінің мекемелерінде жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы медициналық комиссияның қорытындысын сотқа ұсынуға міндетті.

3. Үкімді орындайтын орган сотталған адамның ауруы бойынша босатылғаннан кейін болжамды түрде тұратын орны туралы деректерді, ал егер аурудың сипаты оған заңда міндетті емдеуді қолдану көзделген жағдайларда – сотталған адам жіберілетін немесе орналастырылатын мекеменің атауын сотқа ұсынады.

4. Ауруы бойынша жазаны өтеуден босату туралы мәселені қарау кезінде қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың, жазаны орындауды жүзеге асыратын орган өкілінің, қорытынды берген дәрігерлік комиссия өкілінің сот отырысына қатысуы міндетті. Қажетті жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.

Сот медициналық қорытындысының жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесіне сәйкестігін зерттейді.

Сотталған адам, егер оның ауруының сипаты бұған кедергі келтірмесе, сот отырысына қатысады.

5. Сот отырысының дайындау бөлігі жүргізілгеннен кейін тиісінше сотталған адам (егер ол қатысып отырса) не жазаны орындайтын орган өтінішхатты баяндайды. Содан кейін сот келіп түскен материалдарды зерттейді және сот отырысына келген адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Қажет болған жағдайда диагнозды және науқастың ауырлығын нақтылау, сондай-ақ арнайы білімді қажет ететін өзге де мәселелерді шешу кезінде сот сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптаманы, оның ішінде қайта сараптаманы тағайындауға құқылы.

6. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша сот:

1) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып немесе қолданбастан өтінішхатты қанағаттандыру және сотталған адамды медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана немесе қолданбай ауруы бойынша жазаны одан әрі өтеуден босату туралы;

2) егер психикалық ауытқушылықтары немесе өзге де ауыр науқастары жазаны өтеуге кедергі келтірмесе, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады;

7. Сотталған адамның өз бойында психикалық ауытқушылықтарының болуына байланысты жазаны өтеуден босатылғаннан кейін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу кезінде сот мынадай:

1) сотталған адамның психикалық ауытқушылықтары оның өзі үшін немесе басқа адамдар үшін қауіп төндіру не өзгедей зиян келтіру мүмкіндігін тудыра ма;

2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары және оның нақты қайсысы қолдануға жатады деген мәселелерді шешеді.

Сотталған адамның психикалық ауытқушылықтары оның өзі үшін немесе басқа адамдар үшін қауіп төндірмейтінін не өзгедей зиян келтірмейтінін тани отырып, сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тағайындамайды.

Егер айыптау үкімінің мерзімі өтпесе, сот қаулысында сотталған адам сауыққаннан кейін оның жазасының қалпына келтірілетіні көрсетілуге тиіс. Сотталған адамның мәжбүрлі емдеуде болған уақыты жазаның өтелген мерзіміне есептеледі.


482-бап. Сотталған адамдардың шағымдарын қарау

1. Сотталған адамдар өз құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын үкімді орындаушы органдардың әрекеттерін (әрекетсіздіктерін), сондай-ақ прокурордың үкімді орындауға байланысты шешімдеріне прокурордың осыған ұқсас шағымдарын қанағаттандырудан прокурордың бас тартуы бойынша сотқа шағымдануға құқылы. Сотталған адамдардың шағымдарын қарауды сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша аудандық сот жүзеге асырылады.

2. Сотталған адамның және әрекеті шағымдалған адамның сот отырысына қатысуы міндетті.

3. Сотталған адамдардың шағымдарын қарау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Қарау нәтижелері бойынша судья кеңесу бөлмесінде:

1) шағымды қанағаттандыру, шағым жасалған әрекеттерді (әрекетсіздікті) және шешімдерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы;

2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

3) азаптаулар, өзге де заңсыз әрекеттер қолдану, қатыгездік жасағаны туралы арыз бойынша тергеуді жүзеге асыру үшін тиісті прокурорға шағым жолдау туралы қаулы шығарады.


483-бап. Судьяның қаулысына шағымдану және наразылық білдіру

Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49, 50 және 52-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкiн.


10-бөлім. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу
52-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау
484-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін сот актілері

1. Заңды күшіне енгеннен кейін:

1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері, қаулылары олар кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана;

2) кассациялық сатыдағы соттың қаулылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасында қайта қаралуы мүмкін.

2. Мемлекеттік айыптаушының және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, заңды күшіне енген сот қаулылары тергеуші судьяның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қадағалау тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты алқасының қаулылары түпкілікті болып табылады. Олар қабылданған қаулының адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты айрықша жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші сатыдағы соттың апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қаралмаған үкімдері мен қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың кассациялық тәртіппен қайта қаралмаған үкімдері мен қаулыларына наразылық білдіруі мүмкін.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау