Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның талап етуі бойынша заттар мен құжаттарды ұсыну



жүктеу 6,76 Mb.
бет21/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42

260-бап. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның талап етуі бойынша заттар мен құжаттарды ұсыну

1. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам тінту немесе алу жүргізбей-ақ кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысынан, сол сияқты азаматтардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде уақытша пайдалану үшін қажетті заттар мен құжаттарды беруді талап етуге құқылы. Мұндай заттар мен құжаттарға:

1) эксперимент жүргізу кезінде зерттелетін оқиғаның жағдайы мен шарттарын қалпына келтіруге арналған осыған ұқсас заттар немесе олардың макеттері;

2) тану үшін ұсынылған заттармен немесе құжатпен біртектес заттар;

3) егер сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам не оның тапсырмасы бойынша әрекет етуші маман, сарапшы немесе сарапшылық мекеме оларға иелік етпесе, тергеу іс-әрекеттерін не сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде қолдануға арналған құрал-жабдықтар, құралдар, аспаптар, материалдар жатады.

Қажеттілігі өткеннен кейін бұл заттар құжатпен тиесілілігі бойынша қайтарылуға тиіс.

2. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары және лауазымды тұлғалары сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның талабы бойынша өз құзыреті шектерінде құжаттамалық ревизия немесе қызметтік тексеру жүргізуге және ревизия немесе тексеру актісін барлық қосымшаларымен бірге белгіленген мерзімде беруге міндетті.

3. Ревизия немесе тексеру актісінде не өзге де құжатта белгіленген қағидалардан ауытқушылықтарды, олқылықтарды, қайшылықтарды және өзге де кемшіліктерді анықтай отырып, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам құжаттағы атап өтілген қателерді жоюды талап етуге құқылы.


261-бап. Заттар мен құжаттарды ұсыну хаттамасы

Заттай дәлелдемелер ретінде маңызы болуы мүмкін заттар мен құжаттарды ұсыну туралы сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам осы Кодекстің 199-бабының қағидаларына сәйкес хаттама жасайды.

Хаттамада сондай-ақ:

1) затты немесе құжатты берген адам туралы мәліметтер;

2) осы адамның затты немесе құжатты іске қосуы туралы өтінішхаты;

3) затты немесе құжатты қарап тексеру, ал егер ол почта арқылы берілген болса, онда ораманы қарап тексерудің барысы мен нәтижелері;

4) осы заттардың белгілері, қасиеттері, техникалық сипаттамалары, егер олардың іс үшін мәні болса, талап етілген заттар пайдаланылған іс жүргізу кезінде тергеу іс-әрекетінің хаттамасында көрсетіледі;

5) затты немесе құжатты сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамға іс жүзінде беру не затты немесе құжатты берген адамға қайтарылғаны көрсетілуі тиіс.

2. Заттай дәлелдеме ретінде маңызы болуы мүмкін затты немесе құжатты берген адамға сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның қолымен куәландырылған хаттаманың көшірмесін береді.

3. Егер қабылданған зат немесе құжат почта арқылы келіп түскен болса, хаттаманың көшірмесі немесе оның үзінді көшірмесі жөнелтушіге жіберіледі, почталық түбіртек хаттамаға қоса беріледі. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам почта арқылы келіп түскен затты немесе құжатты іске қатысты емес деп есептеген және оны почта арқылы жөнелтушіге қайтарған жағдайда да, түбіртек хаттамаға қоса тігіледі.

4. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам ұсынылған затты немесе құжатты заттай дәлелдеме ретінде іске қосу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жазбаша дәлелдемелер ретінде ұсынылған ревизиялардың және басқа да қызметтік тексерулердің актілері арнайы ресімделмей-ақ іске қосып тігіледі.

5. Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде уақытша пайдалану үшін сұратып алынған заттарды алу мен қайтару хаттамада көрсетіледі және затты берген адамның қолымен куәландырылады.


34- тарау. Сараптама жүргізу үшін үлгілерді алу
262-бап. Үлгiлерді алудың негiздерi

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган тiрi адамның, мәйiттiң, жануардың, өсімдіктің, бұйымның материалдың немесе заттың қасиеттерiн бейнелейтiн үлгiлерiн, егер оларды сараптамалық зерттеу сарапшының алдына қойылған мәселелерді шешу үшін қажет болғанда, алуға құқылы.

2. Үлгi ретiнде, атап айтқанда:

1) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененiң сыртқы бетiнiң микроскопиялық қорытындылары;

2) сiлекей, тер және басқа бөлiнiп шығатындар;

3) терi бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы;

4) қолжазба мәтiн, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтiн басқа материалдар;

5) дауыс фонограммасы;

6) материалдардың, заттардың, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары;

7) гильзалардың, оқтардың қару мен тетiк iздерiнiң үлгiлерi алынады.

3. Зерттеу процесінде сарапшы экспериментік үлгілерді дайындауы мүмкін, ол туралы қорытындыда хабарланады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осындай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, бұл өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.

Зерттеу жүргiзгеннен кейiн сарапшы үлгiлердi буып-түйiлген және мөрмен бекiтiлген күйiнде өзiнiң қорытындысына қоса береді.

4. Үлгiлер алу туралы дәлелдi қаулы шығарылады, онда: үлгiлердi алатын адам; үлгiлер алынатын адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер қандай мөлшерде алынуға тиiс екенi; үлгiлердi алу үшiн адамның қашан және кiмге келуi керек екенi; үлгiлер алынғаннан кейiн қашан және кiмге ұсынылуға тиiс екенi көрсетiлуге тиiс.
263-бап. Үлгiлер алуға құқығы бар адамдар мен органдар

1. Егер де бұл үлгілер алынатын басқа жынысты адамның жалаңаштануына әкелмейтін және ерекше кәсіби машықтарды талап етпейтін болса, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам жеке өзі, қажет болған кезде дәрігердің, өзге маманның қатысуымен үлгілерді алуға құқылы. Өзге жағдайларда үлгілер сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның тапсырмасымен дәрігер немесе маман алуы мүмкін.

2. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеулердің бөлігі болып табылған жағдайларда оны сарапшы жүргізуі мүмкін.
264-бап. Үлгілер алуға рұқсат етілетін адамдар

1. Үлгiлер күдіктiден, айыпталушыдан, жәбiрленушiден, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп отырған адамнан алынуы мүмкiн.

2. Оқиға болған жердегi немесе заттай дәлелдемелерде iздердi өзге адамның қалдыруы мүмкiн екенi туралы жеткiлiктi деректер болған кезде үлгiлер сол адамнан, бiрақ аталған iздер пайда болуы мүмкiн мән-жайлар туралы одан куә (жәбiрленушi) ретiнде жауап алғаннан кейiн ғана алынуы мүмкiн.
265-бап. Үлгiлер алу тәртiбi

1. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам адамды өзiне шақыртып немесе ол тұрған жерге келiп, оны үлгiлер алу туралы қаулымен немесе оған түскен сот қаулысымен қолын қойғыза отырып таныстырады, осы адамға, маманға өзінің құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, егер олар мәлімделген болса, бас тарту туралы мәселені шешеді. Бұдан кейін сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам немесе прокурор қажетті іс-әрекеттерді жасайды және сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алады. Бұл ретте ауыртпайтын және адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға болады.

2. Мәйіттен үлгілер алу, сондай-ақ шикізаттың, өнімнің, басқа материалдардың сынамаларын үлгілер ретінде алу тиісінше эксгумация, алу немесе тінту жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

3. Алынған үлгілер буып-түйiліп, бекітіледі және үлгілерді алған адамның қолымен куәландырады. Одан кейін сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам немесе прокурор оларды алынған үлгілер хаттамасымен бірге тиісті сарапшыға жібереді және оны алған адамның қолымен куәландырады.

Егер үлгілерді алу сот қаулысы бойынша жүзеге асырылса, онда осы қаулыны орындайтын тергеуші, анықтаушы немесе прокурор үлгілерді оларды алу хаттамасымен бірге сотқа жібереді. Сот тараптардың қатысуымен үлгілерді қарайды, олардың түпнұсқалылығы мен сақталғандығына көз жеткізеді, осындан кейін үлгілерді осы қаулымен және оларды алу хаттамасымен бірге тиісті сарапшыға береді.
266-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлерді алуы

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган үлгi алынуға тиiстi адамды, сондай-ақ одан үлгіні алу туралы қаулыны дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Дәрiгерден, басқа маманнан бас тарту туралы мәселенi қаулы шығарған орган шешедi.

2. Дәрiгер немесе басқа маман қажеттi іс-әрекеттерді жасайды және сараптамалық зерттеу үшін үлгiлер алады. Бұл ретте ауыртпайтын және адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға болады. Үлгiлер буып-түйiліп, мөр басылады, үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады және қылмыстық процесті жүргізетін органға жiберiледi.

3. Егер жануарлардан зерттеу үшін үлгілерді алу қажеттігі туындайтын болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны ветеринарға немесе басқа маманға жібереді.


267-бап. Үлгiлер алу кезiнде жеке адамның құқықтарын қорғау

Үлгiлерді алудың әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз болуға тиiс. Қатты ауырсыну сезімдерін туғызатын күрделi медициналық емшараларды немесе әдiстердi қолдануға бұған үлгiлер алынуға тиiстi адамның, ал егер ол кәмелетке толмаған болса немесе психикалық ауруға шалдыққан болса – оның заңды өкiлдерiнің жазбаша келiсiмімен ғана жол берiледі.


268-бап. Үлгiлер алу туралы қаулының орындалу мiндеттiлiгi

1. Күдіктіден, айыпталушыдан үлгiлер мәжбүрленiп алынуы мүмкiн.

2. Жәбiрленушi мен куәдан үлгiлер алу, күдікті, айыпталушы өзiн қылмыс жасады деп әшкерелейтiн осы іс-әрекеттің айғақтарын тексеруді табанды түрде талап еткенде, сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы ауруларды диагностикалау үшiн, мұндай диагностика iс үшiн маңызы болғанда үлгiлер алу қажет болғаннан басқа жағдайларда, олардың келісімімен ғана алынуы мүмкiн.

3. Жәбiрленушiден, куәдан осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған жағдайларда, сондай-ақ өтініш берушіден және өтініш беруші қылмыс жасаған деп тікелей көрсеткен адамнан үлгiлердi мәжбүрлеп алуға прокурордың санкциясымен немесе соттың шешiмi бойынша ғана жол берiледi.


269-бап. Үлгiлер алу хаттамасы

1. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам үлгiлердi алғаннан кейiн хаттама жасайды, онда үлгiлердi алу үшiн жасалған барлық іс-әрекеттері олардың жүргiзiлу ретiмен, бұл үшiн қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өзi сипатталады.

2. Егер үлгiлердi қылмыстық процесті жүргізетін органның тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған аталған iс-әрекетке қатысушылардың барлығы қол қояды және ол осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде белгiленген тәртiппен қылмыстық iске қосып тiгу үшiн қылмыстық процесті жүргізетін органға бередi.

3. Үлгiлер буып-түйiлген және мөр басылған түрде хаттамаға қоса беріледі.


35-тарау. Сот сараптамасы
270-бап. Сараптаманы тағайындау

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн материалдарды зерттеудің нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайларда тағайындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң болуы қылмыстық iстi жүргiзушi адамды тиiстi жағдайларда сарапшы тағайындау қажеттiгiнен босатпайды.


271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау

1. Егер iс бойынша:

1) өлiмнiң себептерiн;

2) денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;

3) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе олар күмән туындатқан күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;

4) күдіктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туындағанда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;

5) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетiне күмән туындаған жағдайларда, олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;

6) iстiң өзге дәлелдемелерімен дәйекті түрде анықталмайтын өзге де мән-жайларын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау және жүргiзу мiндеттi болады.

2. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасаған күдіктінің, айыпталушының психикалық жай-күйiне күмән туындаса, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу міндетті болады.

Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтарында тізбеленген негіздер бойынша күдіктіге, жәбірленушіге, куәға амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады және жүргiзіледі. Егер сарапшы стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргізбей және сынақтан өтушіні стационарлық тексеруге орналастырмай қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарлаған жағдайда, осы Кодекстің 279-бабының тәртібімен қылмыстық іс бойынша стационарлық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.


272-бап. Сараптама тағайындау тәртібі

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган сараптама тағайындау қажет екендігін мойындай отырып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптама тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзыретіне жататын органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.

3. Осы Кодекстің 271-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіге, куәгерге қатысты сот сараптамасы олардың немесе олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі, бұл келісімдерді аталған адамдар жазбаша түрде береді.

4. Сараптама тағайындаған адам сот сараптамасының тағайындалғаны туралы қаулымен күдіктіні, айыпталушыны, оның қорғаушысын, жәбірленушіні, оның өкілін таныстырады және оларға осы Кодекстің 274-бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді. Бұл туралы сараптама тағайындаған адам және қаулымен таныстырылған адамдар қол қоятын хаттама жасалады.

5. Сараптама өздерінің немесе олар өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өздерінің немесе олар өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізетін органға өз пікірі бойынша сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды атайды. Оның шешілуіне ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам өтінішхат келіп түскен кезден бастап үш тәуліктің ішінде өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығарады.

6. Тергеу судьясы осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігі 7) тармағының тәртібімен сараптама тағайындаған кезде сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам өз іс жүргізуіндегі бар қажетті заттарды, материалдарды сарапшының билігіне береді.

7. Қылмыстық процестегі сараптама осы Кодекстің 122-бабының үшінші бөлігі 3) тармағының тәртібімен сараптама қорытындысын беру туралы адвокаттың сұрау салуы негізінде қылмыстық процесті жүргізетін органынан зерттеу обьектісін алдырту қажет болмаған жағдайларда жүргізіледі.

8. Сараптамалық қорытынды беру туралы адвокаттың сұрау салуын жолдау туралы осы баптың жетінші бөлігінің тәртібімен сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамға бір мезгілде хабарланады, ол қажет болған кезде қосымша сұрақтарды сарапшыға жолдайды. Адвокаттың сұрау салуы негізінде берілген сарапшының қорытындысы екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамға жолданады.

9. Сараптама тағайындауға бастамашы болған процеске қатысушы сарапшылық зерттеу объектілері ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды ондай құжаттар қатарынан дәлелді қаулымен алып тастауға құқылы.

10. Ұсынылған сұрақтарды қарап, қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанына қатысы жоқтарын алып тастайды, сарапшыдан бас тарту негіздерінің бар-жоғын анықтағаннан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.

11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Қорғау тарапының өтінішхаты мен адвокаттық сұрау салуы бойынша сараптама жүргізілген жағдайларда шығыстарды өтеу оның мүддесі үшін жүргізілген адамға жүктеледі.

12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін орган егер сараптама жүргізілгенде олардың қатысуы қажет деп танылса, сарапшыға күдіктіні, жәбірленушіні, айыпталушыны, куәні жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 7) тармағында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам соттың алдында қамауда ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және/немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы өтінішхат енгізеді.
273-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар

1. Сот сараптамасын жүргізу:

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

2) лицензияның негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асырушы адамдарға;

3) заңда көзделген тәртіппен және шарттарда сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның және сот қаулысының негізінде біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.

2. Сараптама жүргiзу процеске қатысушылар ұсынған адамдардың бiрiне тапсырылуы мүмкiн.

3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы талабы аталған адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
274-бап. Күдіктінің, айыпталуышының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және өкілдің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары

1. Сараптама тағайындау және оны жүргізу кезінде жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталуышының, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің:

1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға, бұл туралы хаттама жасалады;

2) сарапшыдан бас тартуды немесе сот сараптама органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхатты мәлімдеуге;

3) олар көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат жасауға;

4) сарапшы алдында қосымша сұрақтар қою немесе қойылған сұрақтарды нақтылау туралы өтінішхат жасауға;

5) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен осы Кодекстің 278-бабында көзделген тәртіпте сараптама жүргізілген кезде қатысуға;

6) осы Кодекстің 284-бабында көзделген тәртіппен сарапшы қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысуға құқығы бар.

2. Тізбеленген құқықтарға, куә, соның ішінде қорғануға құқығы бар, сараптама алынатын және егер оның психикалық жағдайы мүмкіндік берсе, оған қатысты мәжбүрлі медициналық сипаттағы шаралар қолдану жөнінде іс жүргізу жүргізілетін адам да осы құқықтарға ие болады.

3. Егер сараптама адамды күдікті деп танығанға дейін немесе күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін жүргізілген болса, қылмыстық қудалау органы оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оған осы Кодекстің 286-бабында көзделген құқығын түсіндіруге міндетті.

4. Жәбірленушілер мен куәларға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуынан зардап шеккен адамға және оған қатысты күдікті деп тану туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама олардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Егер осы адамдар кәмелетке толмаған немесе сот әрекетке қабілетсіз деп танылған болса, сараптама жүргізуге жазбаша келісімді оның заңды өкілдері береді. Аталған қағида осы Кодекстің 271-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргізуге қолданылмайды.

5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдар мәлімдеген өтінішхаттар қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін орган сараптама тағайындау туралы өзінің қаулысын өзгертеді немесе толықтырады. Өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда ол дәлелді қаулы шығарып, оны өтінішхатты мәлімдеген адамға қол қойғыза отырып жария етеді.


275-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

1) олардан мәліметтер алу мақсаттарында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде, алдау, азаптау, қатыгездік, зорлық-зомбылық, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар қолдану арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамды баламалы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдерін және жанама әсерлерді қоса алғанда, сот-сараптамалық зерттеулердің пайдаланылатын әдістері туралы оған қолжетімді нысанда хабардар етуге тиіс. Көрсетілген ақпарат сот сараптамасы жүргізілетін адамның өтінішхаты бойынша оның заңды өкіліне де беріледі.

3. Өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.

4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтінішхаттар жасауға мүмкіндік беріледі. Осы Кодексте көзделген тәртіппен берілген шағымдарды және өтінішхаттарды медициналық ұйымның әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде адресатқа жібереді және олар цензураға жатпайды.

5. Өзі келісім берген адамға қатысты жүргізілетін сот сараптамасы аталған адамның бастамасы бойынша оның кез келген сатысында тоқтатылуы мүмкін.
276-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері

1. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер қаулыда нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған адамға үш күн мерзімде хабарлайды.

2. Сараптама жүргізу тергеу судьясының қаулысымен тағайындалған жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін орган сот сараптамасы органының басшысына қажетті материалдарды, заттарды жолдайды.

3. Сараптама адвокаттың сұрау салуы бойынша жүргізілген жағдайда қажетті материалдарды адвокат ұсынады.

4. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) егер: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайлары сараптаманың нақты міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сараптама тағайындаған органға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді қайтаруға;

2) сараптама тағайындаған адам алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтінішхат жасауға құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.

5. Сот сараптамасы органы басшысы:

1) сараптама жүргізу үшін қажетті объектілерді өз бетімен талап етіп алдыруға;

2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сараптама тағайындаған адамның келісімінсіз оны жүргізуге тартуға;

3) сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

6. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны және зерттеу объектілерін алысымен, осы Кодекстің 272-бабы бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сарапшысына немесе сарапшылар комиссиясына жүргізуді тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;

3) сараптама жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;

4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау