Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Жәбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы



жүктеу 6,76 Mb.
бет25/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42

338-бап. Жәбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы

1. Басты сот талқылауы жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

2. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны жәбiрленушi болмағанда iстiң барлық мән-жайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуы-болмауына қарай оны кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi. Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып шешедi.

3. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оны айғақ беру үшiн белгiлi уақытта келуге мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады.

4. Жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелсiз себептермен келмеуi iстi қысқартуға әкеліп соғады, бiрақ сотталушының өтiнiшхаты бойынша iс мәнiсi жөнiнде жәбiрленушiнiң қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
339-бап. Азаматтық қуынушының немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы

1. Сот талқылауына азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады.

2. Азаматтық қуынушы немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық қуыным қараусыз қалдырылуы мүмкiн. Азаматтық қуынушының азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қуынымды қою құқығы сақталады.

3. Сот азаматтық қуынушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша азаматтық қуынымды азаматтық қуынушының қатысуынсыз қарауға құқылы.

4. Сот қажет деп тапқан жағдайда немесе қуынымды прокурор қолдағанда сот азаматтық қуынымды азаматтық қуынушының немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне байланыссыз қарайды.

5. Азаматтық жауапкердің немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық қуынымды қарауды тоқтатпайды.


340-бап. Басты сот талқылауының шегi

1. Басты сот талқылауы тек сотталушыға қатысты және сотқа берiлген айыптаудың шектерінде ғана жүргiзiледi.

2. Айыптауды өзгертуге бұл арқылы сотталушының қорғануға деген құқығы бұзылмаған жағдайда ғана жол берiледi.

3. Егер басты сот талқылауы барысында қаралып отырған істің басқа қылмыстық іске қосу не сотталушыға неғұрлым ауыр айып тағу,жаңа адамдарға қатыстыiстi жеке қарау мүмкiн болмаса, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және оларды сотқа беругеқажеттілігі туындаса, сот айыптаушы тараптың бұл жөнiндегi өтiнiшхаты бойынша, процестiң басқа қатысушыларының пiкiрiн ескере отырып, істі қарауды тоқтатады және осы Кодекстың 321-бабының тәртібінде алдын алдын ала тыңдауды өткiзеді.

4. Сотталушыға неғұрлым ауыр немесе бастапқыдан ерекшеленетін айып тағу және (немесе) қылмыстық істерді қосу туралы өтінішхатты алдын ала тыңдауда қанағаттандырған кезде сот прокурорға жаңа айыптау актісін жасау және оны сотталушыға табыс ету үшін қажетті уақыт береді

5. Қылмыстық істерді қосу және бастапқы айыптауға қайтару туралы өтінішхатты қанағаттандырған кезде сот прокурорға жаңа айыптау актісін жасау және оны сотталушыға табыс ету үшін уақыт береді.


341-бап. Басты сот талқылауын кейiнге қалдыру және қылмыстық iстi тоқтата тұру

1. Сот отырысына шақырылған адамдардың бiрiнiң келмеуi салдарынан немесе жаңа дәлелдер алдыру қажеттiгiне немесе медиация рәсімін өткізуге, іс жүргізетінлік келісім жасауға байланысты iстi талқылау мүмкiн болмаған кезде сот iстi талқылауды белгілі бір мерзімге кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарады. Сот біруақытылы тараптарды айыптау және қорғау куәларының, сондай-ақ өтінішхаттар бойынша сот отырысына шақырылған өзге де адамдардың келуін тиісінше қамтамасыз етуді міндеттеуге құқылы. Қажет болған кезде сот тараптарға олардың өтінішхатымен мәлімдеген дәлелдемелерді алуына көмек көрсетеді.

2. Осы Кодекстiң 45-бабының бiрiншi – төртінші бөлiктерiнде көзделген негiздер болған кезде сот бiр немесе бiрнеше сотталушыға қатысты iс бойынша iс жүргiзудi осы жағдайлар жойылғанға дейiн тоқтата тұрады және басқа сотталушыларға қатысты сот талқылауын жалғастыра бередi.

3. Жасырынып жүрген сотталушыны iздестіру сот қаулысымен жарияланады.



342-бап. Бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешу

1. Басты сот талқылауы кезiнде сот сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдап алуға, өзгертуге немесе оның күшiн жоюға құқылы.

2. Сотталушыны бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау мерзiмi iстiң сотқа түскен күнiнен бастап және үкiм шығарылғанға дейiн алты айдан аспауға тиiс.

3. Ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн сот өзiнiң қаулысымен қамауға алу мерзiмiн он екi айға дейiн ұзартуға құқылы.

4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген күзетпен ұстау мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйде қамауда ұстау немесе өзге де бұлтартпау шарасына ауыстыруға тиiс.

5. Осы баптың екiншi және төртiншi бөлiктерiнде белгiленген шектеулер аса ауыр қылмыстар туралы iстерге қолданылмайды.


343-бап. Басты сот талқылауында iстi қысқарту

Егер басты сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3) – 12) тармақтарында көрсетiлген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ айыптаушы осы Кодекстiң 337-бабының алтыншы бөлiгiнiң қағидаларына сәйкес айыптаудан бас тартқанда, iс басты сот талқылауында қысқартылуға тиiс. Iс осы Кодекстiң 36-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да басты сот талқылауында қысқартылуы мүмкiн.


344-бап. Басты сот талқылауында қаулы шығару тәртiбi

1. Басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша сот қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс.

2. Iстi қысқарту туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, бас тартулар туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады.

3. Өзге қаулылар соттың қалауынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен не сол орнында – сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.


345-бап. Басты сот талқылауының тәртiбi

1. Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтедi. Басты сот талқылауы бейнебайланыс режимінде де өтуі мүмкін, ол туралы шешімді іс бойынша төрағалық етуші қабылдайды.

2. Соттың сот отырысы залына кiруiнiң алдында сот приставы, ол болмаған кезде сот отырысының хатшысы: «Сот келе жатыр» деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрi орындарынан тұрады, мұнан соң төрағалық етушiнiң ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.

3. Сот талқылауына қатысушылардың бәрi сотқа қарап сөйлегенде, айғақтар бергенде және мәлiмдеме жасағанда орындарынан тұрады. Бұл қағидалардан ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi.

4. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушiнiң сот отырысының тәртiбiн сақтау туралы өкiмiне бағынуға тиiс.

5. Он алты жасқа дейiнгi адамдар, егер олар тарап немесе куә болмаса, сот отырысы залына жiберiлмейдi. Қажет болғанда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Залға сондай-ақ мас күйдегі адамдар жiберiлмейдi.

6. Сот отырысы залында суретке түсiруге, дыбыс, бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсiруге процеске қатысушылардың келісімімен және төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi. Осы іс-әрекеттер сот талқылауының қалыпты барысына кедергі келтірмеуі тиіс.

7. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында сот осы Кодекстің 98-бабында көзделген ережелерге сәйкес шаралар қабылдайды және сот талқылауын жүргізеді.

8. Басты сот талқылауы басталар алдында төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сотқа өтініш жасау құқығы туралы түсіндіреді.

9. Тараптардың бірінің немесе сот талқылауына қатысушының қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы өтінішхаты бойынша сот осы мәселе бойынша қаулы шығаруға құқылы.


346-бап. Басты сот талқылауында тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар

1. Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеуді анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған кезде төрағалық етуші сот отырысы залынан адамды шығарып жіберуге немесе сотты құрметтемеу фактісінің анықталғаны туралы жариялауға, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда кінәлі адамға осы Кодекстің 160-бабында қөзделген тәртіппен ақша өндіріп алу қолданылады. Шығарып жіберу, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестің кез келген қатысушысына немесе өзге адамға қатысты жүргізілуі мүмкін. Ақша өндіріп алу сотталушыға қолданылмайды.

2. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жiберiлсе, онда үкiм оның көзiнше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейiн дереу қолхат алып хабарлануға тиiс.

3. Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және ақша өндіріп алуды қолдану туралы сот қаулы шығарады.

4. Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға ақша өндіріп алуды қолдануы мүмкiн.

5. Егер тәртiп бұзушының сот отырысындағы iс-әрекетiнде қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселені шешу үшiн прокурорға жолдайды.


347-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы

1. Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi.

2. Хаттама компьютерлік, электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады.

Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары да сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі және істің материалдарымен бірге сақталады.

3. Хаттамада: басты сот талқылауының күнi, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай iс қаралып жатқаны; соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекеттерi, iске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық бiлдiрулерi және өтiнiшхаттары; соттың кеңесу бөлмесiне бармай шығарған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесiнде шығарылуына нұсқау; iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлуi; айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан жауап алуға қатысқан адамдардың сұрақтары; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары; сот отырысында жүргiзiлген қарап тексерулер мен дәлелдемелердi зерттеу жөнiндегi басқа iс-әрекеттердiң нәтижелерi; қинау, зорлық-зомбылық, өзге де қатал немесе адамдық ар-намысты қорлайтын қатынастың қолданылғанын зерттеу және ол туралы арыздардың нәтижелері, iске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтiнген фактiлерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыссөзiнде сөйлеген сөздерiнiң және сотталушының соңғы сөзiнiң негiзгi мазмұны; үкiмiнiң жарияланғаны және оған шағымдану тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы нұсқама көрсетiледi. Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезінде орын алған жүйелілік бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактiлер және тәртiп бұзушының жеке басы мен соттың тәртiп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетiледi.

4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқа билердің қатысуымен қаралаған істер бойынша он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға және бүтiндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды. Тараптардың өтінішхаты бойынша хаттаманың дайын болған бөлігі дайын болуына қарай беріледі.

5. Сот талқылауы хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының арасында түсiнiспеушiлiк болған кезде соңғысы өзiнiң келiспеушiлiктерiн жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен, соның ішінде, сот отырысының дыбыс-, бейнежазбаларымен бiрге хаттамаға қоса беруге құқылы.

6. Осындай жағдайларда сот құрамы туралы және бүкіл сот талқылауында аталған техникалық құралдармен түсірудің қолданылғаны туралы көрсете отырып, хаттама бөлігі қысқаша жасалады.

7. Төрағалық етушi тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен және дыбыс- бейнежазба материалдарымен танысуға мүмкiндiкті қамтамасыз етуге мiндеттi.

8. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы және дыбыс, бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының жазылуымен таныстыру жөнiнде өтiнiшхат жасауға құқылы. Мұндай мүмкiндiк өтiнiшхат мәлiмделгеннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.

9. Сот тараптардың немесе осы баптың сегізінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.
348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескерулер

Басты сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейiнгi бес тәулiктiң iшiнде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстiң 347-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көрсетiлген өзге де адамдар сот отырсының хаттамасымен танысуға, хаттамаға жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы. Сот отырысы хаттамасының көлемі үлкен болған жағдайларда төрағалық етуші тараптардың өтінішхатты бойынша олардың танысуы және ескертулер беруі үшін неғұрлым ұзақ ақылға қонымды мерзім белгілейді.


349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау

1. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi төрағалық етушi, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол нақтылау үшiн ескерту берген адамдарды шақыртуға құқылы.

2. Ескертулердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдамау туралы шағымдануға және наразылық келтіруге жатпайтын дәлелдi қаулы шығарады, оған келіспеушілік апелляциялық шағымға, наразылыққа қосылуы мүмкін. Хаттамаға және судьяның қаулысына жасалған ескертулер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

43-тарау. Басты сот талқылауының дайындық бөлігі
350-бап. Басты сот талқылауының ашылуы

Басты сот талқылау тағайындалған уақытта сот отырысының хатшысы немесе пристав сот отырысына қатысып отырғандарға жариялайды: «Бәріңіздің тұруларыңызды өтінемін! Сот келе жатыр!». Содан кейін төрағалық етуші сот отырысы залына кіріп, барлық қатысушыларға өз орындарына отыруын ұсынады және қандай қылмыстық iс екенін, iстiң ашық немесе жабық сот отырысында қаралатыны туралы жариялайды. Егер жабық сот отырысы жарияланған болса, төрағалық етуші процесске қатысушылардан және сот отырысына шақырылғандардан басқа адамдардың залдан шығуын ұсынады.

Сот отырысында дыбыс-, бейнежазбалар, киноға түсіру пайдаланылатын кезде төрағалық етуші ол жөнінде хабарлайды.
351-бап. Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуiн тексеру

Сот отырысының хатшысы сотқа сот отырысына қатысуға тиiстi адамдардың келгенi туралы баяндайды және келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды.


352-бап. Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

1. Егер сот отырысына қатысу үшін аудармашы шақырылса, төрағалық етуші аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды және оған осы Кодекстiң 81-бабында көзделген құқықтарын, мiндеттерiн түсiндiредi.

2. Төрағалық етушi аудармашыға әдейi дұрыс аударма жасамағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тiгiледi. Аудармашыға, сондай-ақ, өз мiндеттерiн орындаудан жалтарған жағдайда оған осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақша өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
353-бап. Аудармашыдан бас тарту туралы мәселенi шешу

Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға олардың аудармашыдан бас тартуды мәлiмдеу құқығын түсiндiредi және аудармашыдан бас тартудың әкеп соғатын заңдарда көзделген негiздерiн түсiндiредi. Мәлiмделген бас тартуды сот осы Кодекстiң 86-бабында белгiленген қағидалар бойынша шешедi. Егер аудармашыдан бас тарту қанағаттандырылса, сот басқа аудармашыны шақырады, оған қатысты бас тарту туралы мәселе де осындай тәртіпте қаралады.


354-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу

Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейiн, сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етушi сот жауап алмаған куәлардың жауап алған куәлармен, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен сөйлеспеуi үшiн шара қолданады.


355-бап. Сотталушының жеке басын және оған айыптау актісі көшiрмесiнiң уақтылы тапсырылғанын анықтау

Төрағалық етушi сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айын, күнiн және туған жерін анықтай отырып, оның жеке басын айқындайды, деректерді оның жеке басын куәландыратын құжатпен салыстырады, сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлетiнiн, тұратын жерiн немен айналысатынын, бiлiмiн, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректердi анықтайды. Мұнан кейiн төрағалық етушi сотталушыға айыптау актісі көшiрмесінiң тапсырылғанын және қашан тапсырылғанын анықтайды. Бұл ретте істі соттың талқылауы, бұл туралы сотталушы өтiнiшхат жасамайтын болса, сондай-ақ осы Кодекстiң 411-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, айыптау актісінің көшiрмелерi тапсырылған күннен бастап үш тәулiктен бұрын басталмауға тиiс.


356-бап. Сот құрамын, процеске басқа қатысушыларды жариялау

Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды, кiмнiң айыптаушы, қорғаушы, жәбiрленушi, азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ сот отырысы хатшысы, сот приставы, сарапшысы, маманы болып табылатынын хабарлайды.


357-бап. Бас тартуды шешу тәртiбi

1. Төрағалық етушi тараптардың сот құрамынан, сондай-ақ осы Кодекстiң 356-бабында аталған адамдардан осы Кодекстiң 88, 89, 90, 91, 92, 93-баптарында көзделген негiздер бойынша бас тартуды мәлiмдеу құқығын түсiндiредi. Бұл қағидалар запастағы судьяға қатысты да қолданылады.

2. Мәлiмделген бас тартуды сот осы Кодекстiң 86, 87-баптарында белгiленген қағидалар бойынша шешедi.
358-бап. Сотталушыға оның құқықтарын түсiндiру

Төрағалық етушi сотталушыға оның осы Кодекстiң 65-бабында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын, жәбірленушімен сондай-ақ заңда көрсетілген жағдайларда, сонымен қатар медиация тәртібімен бiтiмге келу үшін іс жүргізетінлік келісім жасасуға құқығын түсiндiредi.


359-бап. Жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға, азаматтық қуынушыға және азаматтық жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру

Төрағалық етушi жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға, азаматтық қуынушыға, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне олардың осы Кодекстiң 71, 72, 73, 74, 76, 77-баптарында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi. Жеке айыптау iстерi бойынша, сондай-ақ бiрiншi рет жасалған қылмыстық теріс қылық туралы істер бойынша және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша жәбiрленушiге бұған қоса оның сотталушымен, соның ішінде медиация тәртібімен бiтiмге келу құқығы түсiндiрiледi.


360-бап. Сарапшыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

Төрағалық етушi сарапшыға оның осы Кодекстiң 79-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған әдейi жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.


361-бап. Маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

Төрағалық етушi маманға оның осы Кодекстiң 80-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған өз мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн осы бапта белгiленген жауаптылық туралы ескертедi.


362-бап. Өтiнiшхаттарды мәлiмдеу және шешу

1. Төрағалық етушi тараптардан олардың жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды алдыру туралы, оның ішінде медиация рәсімін өткізу туралы өтiнiшхаттарының бар-жоғы туралы сұрайды. Өтiнiшхатын мәлiмдеген адам қандай мән-жайларды анықтау үшiн қосымша дәлелдемелердiң қажет екенiн көрсетуге мiндеттi.

2. Төрағалық етушi, сондай-ақ тараптардан олардан талқылаудан дәлелдемелер ретiнде жiбермеуге тиiс материалдарды алып тастау туралы өтiнiшхаттарының бар-жоғын анықтауға мiндеттi.

3. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн мәлiмделген әрбiр өтiнiшхатты, оның ішінде іс жүргізу келісімін жасасу және медиация рәсімін өткізу туралы өтінішхатты қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруға тиiс.

4. Сот іс жүргізетінлік келісім немесе медиация тәртібімен бітімге қол жеткізу туралы келісімдер жасасу туралы, сондай-ақ тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретiнде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтiнiшхаттарды қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.

5. Сот өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тартқан адам оны одан әрi мәлiмдеуге құқылы.


363-бап. Iске қатысушы адамдардың бiрi болмаған кезде істi тыңдау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу

Сот талқылауына қатысушылардың бiрi, сол сияқты куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың iстi талқылау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және талқылауды кейiнге қалдыру немесе оны жалғастыру және келмеген адамдарды келесi сот отырысына шақырту немесе оларды алып келу туралы қаулы шығарады.


44-тарау. Сот тергеуі
364-бап. Сот тергеуiнiң басталуы

1. Сот тергеуi толық немесе қысқартылған тәртіпте жүзеге асырылады және айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнiсiн баяндаудан, ал жеке айыптау iстерi бойынша – арыз берген адамның немесе оның өкiлiнiң, ал олар болмағанда – сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.

2. Айыптау ауырлығы төмендеу түрiне өзгертiлген жағдайда немесе айыптаудың бiр бөлiгiнен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негiзделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға мiндеттi. Айыптаушы айыптаудың мәнін баяндап болған соң сотқа іс жүргізетінлік келісім жасасу ниеті туралы мәлімдеуге құқылы.

365-бап. Сотталушының көзқарасын анықтау

1. Төрағалық етушi сотталушыдан оған айыптаудың түсiнiктi-түсiнiктi емес екенiн сұрайды, оған айыптаудың мәнiсiн түсiндiредi және оның сотқа тағылған айыпқа өз көзқарасын хабарлау ниетінің бар-жоғын, осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурормен іс жүргізетінлік келісім немесе медиациялық тәртіпте жәбірленушімен келісімге қол жеткізу туралы келісім жасау ниетiнiң бар-жоғын анықтайды.

2. Сотталушыға сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде бiлдiрiлген кiнәсiн мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екенiн, өз кiнәсiн мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге мiндеттi емес екенi және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған зиян келтiрiлгендей түсiнiлмейтiнi түсiндiрiлуге тиiс. Сотталғанға сондай-ақ өз кінәсін мойындау және шын жүректен өкіну оның жауапкершілігін және жазасын жеңілдететін мән-жайлар болып табылатыны түсіндіріледі. Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге құқылы. Сотталушының жауап бермеуi оның өз кiнәсiн мойындамағаны деп түсiнiледi.

3. Төрағалық етушi сотталушыдан оған қойылған азаматтық қуынымды мойындайтынын-мойындамайтынын (толық, iшiнара) сұрайды. Егер сотталушы бұл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелiн айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуi оның азаматтық қуынымды мойындамағаны деп түсiнiледi.

4. Тараптар сотталушыға оның позициясын нақтылауға бағытталған, соның ішінде прокурормен жасалған іс жүргізетінлік келісім бойынша сұрақтар қоюға құқылы.
366-бап. Дәлелдемелердi ұсыну және зерттеу тәртiбi

1. Сот тергеуiнде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледi.

2. Дәлелдемелердi алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн тараптармен келiсе отырып, сот белгiлейдi. Дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн белгiлеу немесе өзгерту мәселелерi бойынша сот қаулы шығарады.

3. Сотталушы төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде айғақ беруге құқылы.

4. Егер тергеу судьясы осы Кодекстің 217-бабына сәйкес олардың айғақтарын сақтауға тапсырған болса, сотқа куә мен жәбірленуші шақырылмайды және олардан жауап алынбайды.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау