13
2.4 Бейнелеу өнері сабағында қолданылатын құрал жабдықтар мен жұмыс істеуде ереженің маңыздылығы
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |