Мазмұны 1бөлім. Жалпы психологияға кіріспе


) Мұғалім бақылауынан біраз уақыт бойы шығып қалған (ауруына байланысты).  2)



жүктеу 325,58 Kb.
бет44/54
Дата29.06.2022
өлшемі325,58 Kb.
#38976
түріКонспект
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
тірек конспек Психология және спорт психологиясы docx

1) Мұғалім бақылауынан біраз уақыт бойы шығып қалған (ауруына байланысты). 

2) Ми ауруларымен ауырған балалар. 

3) Туысынан мүкіс еститін, не естуі нашарлап бара жатқан балалар. 

4) Түрлі аурулармен ауырып, организмі әлсіреген балалар. 

5) Нашар мінезді балалар (сотқар, қасарыспа, қыңыр т. б) 

Еңбек – адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттердің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Жалпы еңбек әрекетінің ерекшелігі – оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді.
Жеке адам қайда да қоғамнан, ұжымнан тыс еңбек етіп, өз қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Баланың еңбек дағдылары жанұяда қалыптасады. 2-3 жастағы балалардың шешініп , киінуінде, ойыншықтарды жинауында еңбектің нышандары бар. Мектепке дейінгі жастағы балалардың үй ішіне қолғабысы – еңбек процесінің нақты көрінісі. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
  1. Ж.Аймауытов Психология А,1995


  2. Ведение в психологию Под.ред.АВ.Петровского М, Академия 1997


  3. Жарықбаев Қ Психология пед.колледждерге арналған –А1993


  4. Имангалиев Е. Жеке тұлганы әлеуметтік-психологиялық болжау әдісі А,2008


  5. Локолова Н.Н. 120 уроков психологических развития младшых школьников М,Россия, 2000




  1. Дене тәрбиесі және спорттағы спорт командасы мен ұжымның психологиясы


Жоспар:


1 Арнайы психологиялық дайындық


2 Спортшының белгілі сайысқа жалпы психологиялық дайындығы

Жаттығу кезіндегі спортшылардың экстремалды жағдайға ұшырауы жүйке күйзелісіне себепкер болады. Сол себепті жарыс кезеңінде өзінің шеберлігін дәлелдеу үшін спортшы келесі әрекеттерді істеуі қажет: 1) Өзге адамдардың қысымына бағынбай, әртүрлі жағдайларда әрекет ету. 2) Қателіктер саны аз болу үшін, керекті жаттығулар мен іс-әрекеттерді жоғарғы дәрежедегі нақты дәлдікпен істеу. 3) Жарыс кезіндегі жағдайлар мен шешімдерді тез әрі дұрыс бағалау кезінде, көп ойланып толғанбау. 4) Өз бетінше жүйке жүйесінің өзгерісін бақылауда ұстау. Мұндай нәтижеге тек дұрыс психологиялық дайындық арқылы қол жеткізуге болады. Осы тәсілмен спортшыларды дайындаудың мақсаты – олардың психикалық жағдайының жоғарғы дәрежеге жеткізуі осыған байланысты олар жарыстарда өзінің функционалдық және арнайы дайындығын жарыстарда толық түрде максималды мүмкіншілікке қол жеткізе алады. Көптеген жарыс алдындағы жарыстық факторға, теріс ықпал және келіспеушілік білдіретін функцияларға қарсы тұра білу, демек жарыс кезінде жоғарғы сенімділік көрсете біледі. Спортшылардың психологиялық дайындығы деп спортшының жоғарғы ұйымшылдық және басқармалық іске асыру процессі, оның потенциалдық мүмкіншіліктер нәтижесіне тең болар мүмкіндіктерін айтады. Сондықтан психологиялық дайындық жалпы системалы – спорттық жаттығулардың қосалқы бөлігі болып табылады және оның физикалық, техникалық, тактикалық сияқты басқа түрлеріне тәуелді болып келеді. Физикалық тұрғыдан төмен дәрежеде жетілсе, оның психикалық регуляцияның жағымды әсеріне қарамастан, команда немесе спортшы жоғарғы көрсеткіш жетістіктерге жете алмайды. Мұндай жағдайда нәтижесі мүмкіндігіне тура келетін болады, демек жоғары емес. Шартты түрде психологиялық дайындықтың үш түрі айқындалады: - жалпы психологиялық дайындық; - жарыстарға арнайы психологиялық дайындық; - белгілі жарыста теріс ықпалға қарсы психологиялық көмек. Жалпыланған түрінде өз алдында спортшының психологиялық адаптация арқылы жүктеме жасау. Ол екі түрмен жүзеге асады. Біріншісі, спортшының экстремалдық жағдайларда универсалды жағынан адамды техникалық жағдайларға үйретеді.


Арнайы психологиялық дайындық спортшының жарыстық іскерлікке әсерлі дайындалуына бағытталған, ол басты жеке мәселелерді шешеді. Олар: а) Спортшыға маңызы болар әлеуметтік құндылықтар. б) Спортшыда психикалық «Ішкі тіректің» қалыптасуы. в) Психологиялық кедергілерден асу, әсіресе белгілі қарсыласпен болатын жарыстарда. г) Алда болар күресті психологиялық жобалау. д) Жарыс алдындағы психологиялық істер жобасын дайындау. Психологиялық қорғаныс тұлғаның тұрақтылық қалпын жүйеге келтіру жүйесін жӛнге келтіруге, үрей сезімдерін тӛмендетуге, оның ұрыс пен байланыста болуына қарсы бағытталған. Бұл негізінде жедел түрде психолого педагогикалық жағынан жаттықтырушының араласуы немесе спортшының негативік жағдайының өтемақысы болып табылады.
Спортшының белгілі сайысқа жалпы психологиялық дайындығы, оның өз қатысуындағы мүмкіндіктерінен бастап, соңында қатысу финалымен аяқталады. Осы уақыт аралығын жүйелі түрде үш кезеңге бөлген дұрыс: 1- кезең. Алда болатын жарыстар туралы алынған хабарламадан бастап, жеребе кестесін алуына дейін. 2- кезең. Жеребе нәтижелерімен танысқаннан бастап, жарыстың бірінші кезең басталуына дейін. 3- кезең. Жарыстың басталуының бірінші кезеңінен соңына дейін. Психологиялық дайындықта белгілі қазіргі таңдағы психологтар әдіс-тәсілдерінің мазмұнын, мысалдарын кеңінен қолданады. Оны тӛмендегі дәрежелеу анықтайды: Психологиялық дайындықтың әдіс-тәсілдерін келесісін айқындау: Қолдану мақсаты бойынша: іске қосушы, корригерлеуші, түзеуші, демалдырушы. Мазмұны бойынша: психолого-педагогикалық (сендіруші, көбіне бағыттаушы) әсіресе психологиялық, түрлендіруші (сөз және тұлға арқылы әсер ету), әлеуметтік ойын арқылы: психофизиологиялық-ақпараттық, психо-фармакологиялық, тыныс алушы, жинақтаушы (қозғалысты тыныс алушылық). Ықпал етуі бойынша: Интелектуалдық аймақты түзелеуге, эмоционалдық аймаққа әсер етуі тәсілі, ақылдылық аймаққа еш нәрсе етпеу. Мекен-жайы бойынша: Жаттықтырушының психикалық жағдайына бағытталған күштер, командаға және спортшыларға басшылық ету. Қолдану уақыты бойынша: Жарыс алдындағы ескертуші, жарыстық, жарыстан кейінгі ескерту. Қолдану түріне байланысты: өзінің ұстау (ауто әсер ету), гетерореттеу (ӛзге психологопедагогикалық процесс иелерінің қатысуымен – жаттықтырушы, психологтар, дәрігерлер, уқалаушылар, педагогтардың әсері). Жеке тұлғамен жұмыста спортшының жеке психологиялық қабілеттерін ескермесек, ешбір жаттығулар, оқу тәсілдері керекті нәтижеге жеткізбейді.
Жыныстық айырмашылық: кеңінен жайылған мәліме; ер адамдар әйел адамына қарағанда спортқа жақын, спорттық күреске икемді, бәсекелестік рухы жоғары, алдына қойған мақсатқа жете біледі, күйзеліске тұрақты, көңіліне алмайды және төзімді, ұрыс-жанжалға жақын емес, бәрін бірдей тыңдай бермейді. Әйелдерде спорттық байланысты бірсыпыра жақсы мінездеме болады. Олар: зергерлік нақтылық істерді жоғары нәтижеге көрсетеді. Бірқатар бірқалыпты, жолықтырар жұмысты атқарады, тәртіпті болады, бірақ олар қиын мінезді келеді, ұрыс жанжалға жақын келеді өздеріне жаттықтырушының кӛп назар аударғанын қалайды.
Жастық айырмашылық: спортта жоғары мәртебелі дәрежеге қазіргі кезде көп спортшылар жас шағында (16-18жас) жетеді, бірақ бұл жаста адам әлі тұлға ретінде толық қалыптасқан жоқ; оның сезімі қалыптаспаған, пікірі тұрақты емес, көзқарасы, қарым - қатынасы және т.б.


Әдебиеттер:
1. Адамбеков Қ.І. Балалар мен жасөспірімдердің дене қасиеттерін тәрбиелеу және оның тиімділігін бағалау. – Алматы, 1993. 2. Ақпаев А.Т. Спортшылар мен спарт командасының психологиялық дайындықтар негізі - Алматы, 2003. 3. Ақпаев А.Т. Дене шынықтыру дайындығының негіздері - Алматы, 2002. 4. Алексеев А.В. Ключи к резервам психики.- Краснодар, 1995. Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г.




  1. жүктеу 325,58 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау