Қозғалыс әрекетін оқыту психологиясының негіздері
Жоспар:
1 Спорт және дене тәрбиесі психологиясы пәні .
2 Дене тәрбиесі психологиясының педагогикалық бағыттылығы.
3 Спорт психологиясы психология ғылымының қолданбалы тармағы .
Психология – психиканы және оның пайда болу, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Спорт және дене тәрбиесі психологиясы – бұл оқу-жаттығу, жарыс кездерінде және дене тәрбиесі және спорт сабақтарына қатысты ерекше шарттарда адамның психикасының дамуы және қалыптасуының заңдылықтарын зерттейтін психологияның бір саласы.
Жоғарыдағы заңдылықтар бұл ғылымның зерттеу объектісі болып табылады.
Бұл ғылымның зерртеу нысаны - өз денесінің қозғалысын игере алатын, оны өз күшінің көмегімен қозғалыс уақытында мақсаты түрде оны басқара алатын адам болып табылады.
Айту: Бұл мақсатпен адам, жеке тұлғаның сапалары мен жай-күйін, псикалық процестерін жетілдіріпғ дене сапаларын (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік) дамытады. Ол өзінің өмір қызметі жағдайындағы физикалық және психикалық белсенділікті арттыруға қажетті әрекеттің жалпы және арнайы алгоритмдерін (іскерлік пен дағдыны) қалыптастырады, спорттық қызметтің әр түрлі әлеуметтік жағдайларында өзін-өзі басқара алуға үйренеді.
2. Дене тәрбиесі психологиясының педагогикалық бағыттылығы.
Дене тәрбиесінде маман-педагогтың (дене тәрбиесі мұғалімі), тәрбиеленішілердің (оқушы) орны мен қызметтері және білім мен тәрбие беру бағытындағы олардың бірлескен әрекеті ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі сабақтарының өзіндік ерекшеліктері бар:
- 1-ден, бұл ұздіксіз, көпжылдық үрдіс. Ол адам дүниеге келгеннен бастап, оның өмірінің әр кезеңін қамтиды.
- 2-ден, бұл процесс мазмұны мен формасы жағынан әрқашан да адам дамуындағы жас кезеңдері заңдылықтарының ерекшеліктерімен байланысты.
Қай жаста, қандай спорт түрінде дене жүктемесін орындауға болады. Мысалы, штанга көтерумен жас кезден бастап айналусыға болмайды, себебі, ол кезде ағзаның өсуі жүріп жатады, ал гимнастикамен 5 жастан, тіпті одан да ерте бастауға болады, өйткені, бұлшықеттер жұмсақ әрі эластикалы сондықтан да созылуы мен иілгіштігі жеңіл дамиды.
Адамның морфофункциональдық қасиеті жағынан табиғи өзгеру процесі ретінде жаратылыс заңдарына байлансты жүріп жатады және ағзаның қалпы мен бітімі әртүрлі өзгерістерге ұшырайды (дене салмағы мен көлемі ұлғаяды).
Физикалық дамудың негіздері – онтогенездік заңдылақтардың ерекшеліктерімен анықталады. Бірақ, бұл процесс жаратылыс заңдарына сүйене отырып, сонымен қатар адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі жағдайларға да байланысты болады. Берілгендердің ішінде негізінен дене тәрбиесі ерекше орын алады. Жеке тұлғанын қоғамда толық қалыптасуына жәрдемдесіп, белсенді өмірге қажетті дене сапаларын, қозғалыстағы іскерлік пен дағдыны дамытуды қамтамасыз етуде жас кезеңдерінің объективті заңдылықтарын дұрыс қолдана білудің де маңызы зор.
Қозғалыс қызметінің қарқындылығы – дене тәрбиесінің практикалық жақтан негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол қозғалыс қызмметінің және басқа да педагогикалық тапсырмалардың орындалу әдістерін бірізділікпен топтастыруды қамтиды.
Біз білетініміздей, психология – психиканы және оның пайда болу, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Осының негізінде, дене тәрбиесі психологиясының негізгі алға қойған мақсаты – бұл адамды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін, адам дамуындағы психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарға сүйене отырып, оқу-тәрбие үрдісінің алға жылжуы, дене тәрбиесі типі түрінде жүзеге асады деп қорытынды жасауға болады.
Бұған қарағанда дене тәрбиесі психологиясы педагогикалық жағдайларға бағытталған, ал оның мазмұны педагогикалық процестің ұжымының, оқушылардың, дене тәрбиесі мұғалімінің психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған сұрақтардан құралады.
3. Спорт психологиясы психология ғылымының қолданбалы тармағы ретінде.
Спорт психологиясы жаттығу және жарыс жағдайларындағы жеке адамдар мен ұжымның психикалық қызметтерінің заңдылықтарын зерттейді.
Спорттық қызмет өте ерекше: ол басқа қызмет түрлерінен, 1-ден, алға қойған мақсатымен, 2-ден, мақсатқа жетудің тәсілдерімен ерекшеленеді.
Спортттық қызметтің аймағы – бұл жарыстарға дайындақ (жаттығулар) және оған қатысу. Бұның бәрі спортшыдан арнайы сапаларды, дағдыларды, білім мен іскерлікті, рухани және дене күшінің жеткілікті шидамдылығын талап етеді.
Спортшылар командалары мен топтарының ішіндегі қарым-қатынас та өте ерекше, сол себепті оларды басқару арнайы білім мен іскерлікті талап етеді. Сондықтан да, спорт психологиясы өзіндік зерттеу нәтижелерін негізінде ала отырып, жалпы психологияның қағидаларына сүйенеді.
Спорт психологиясының ішінде психология мынадай бөлімдерге бөлінеді:
1. Спортқа тәрбиелеу және оқыту.
2. Спортшылардың физикалық, техникалық күнделікті дайындығы.
3. Спорттық психогигиена, психодиагностика, спорттық ұжымның психологиясы, жеке спортшының, жаттықтырушының, спорттық командалардың жетекшілерінің психикалық ерекшедіктері.
Спорт практикасында жеке спорт түрлерінің ерекшеліктері мен оқылатын бөлімдерінің маңызы өте зор. (жүзу психологиясы, оқпен ату психологиясы, футбол, шахмат т.б.) спорт психологиясына жеке спорт түрлері бойынша жарыс уақытында болатын проблемаларды шешу ерекше орын алады.
Спорт психологиясы ерекше жағдайларда жаттығулар мен жарыстарда жаттықтырушы мен спортшылардың психикалық ерекшеліктерінің заңдылықтарын ашуға бағытталған. Мұнда әртүрлі арнайы психилогиялық әдістер мент тәсілдердің көмегімен жарысқа дайындық кездерінде және сайысқа қатысуда спортшының белсенділігі мен өнімді нәтиже беруіне жәрдемдесіп, психикасына әсер етеді.
Спорт психологиясы ғылымның ең жас тармағы болса да, өзіндік даму тарихи бар ғылым.
1) Дамудың бірінші кезеңі – дүниеге келу кезеңі. Спорт психологиясы бұл кезеңде негізінен спорттық қызметтің психологиялық көрінісін суреттейтін танымдық-бейнелік пән ретінде көрінді. Бұл кезең танымдық бағытта болды. Алғашында, физикалық жаттығулармен шұғылданудың адам психикасына тигізетін әсері жайлы қарастырылды. Кейін келе бұл ғылымның зерттеу аясы кеңи түсті.
Бұл кезеңде спорт қызметіндегі танымның рөліне, спорттық қозғалыс дағдының, танымдық, эмоциональдық және күш-қуаттық қасиеттердің ерекшеліктеріне, осы аталғандардың спорттағы алатын орнына және де жарыс алдындағы және жарыстағы психикалық қалыпты зерттеуге ерекше көңіл бөлінді.
Спорт психологиясының дүниеге келуі негізінен екі мектеппен байланысты:
1) Москва қаласындағы В.И.Ленин орденінің иегері Мемлекеттік орталық дене мәдениеті Институтымен (жетекшісі профессор П.А.Рудин)№
2) Ленинград қаласындағы екі мәрте орденмен марапатталған П.Ф.Лесгафта атындағы Мемлекеттік дене мәдениеті институтымен (жетекшісі профессор А.Ц.Пуни).
2. Екінші кезең – құрылу кезеңі. Бұл кезеңде спорт психологиясы ғылымның қосымша тармағы ретінде, профессиональды бағытта дами бастады. Осылайша, практикалық мәселелерді шешуге қажетті теориылық аспектілер мен спорттық әдістемелік жағына қатысты еңбектердің рөлі арта түсті.
Осы кезеңде спорт психологиясы, негізінен, біртіндеп спорттың әдістемесі мен оның теориялық жағына сүйене бастады.
Ең алдымен, күш-қуаттық қасиеттердің дамуы мен қалыптасуына аса көп көңіл бөлінді. Содан кейін барып спортшының психологиялық дайындығы жайлы ой қалыптасты.
Спорттық ұжымның қалыптасуы мен спортшылардың жеке қасиеттерінің тәрбиелеу жайлы сұрақтарға және де техникалық, физикалық ерекшеліктерді қамтитын жалпы психологиялық дайындықтың мәселелерін шешу үшін жұмыстар атқарылды.
Психилогиялық ерекшеліктер аймағын зерттеуде «спорттық қалып» ерекше орын алады.
3. Қазіргі кезең. Бұл кезеңде спорт психологиясының танымдық-психологиялық пән ретінде қалытасуы. Бұл спорт туралы психология ғылымның даму кезеңі, бұрынғы жұмыс бағытың сақтай келе және спорт психологиясының қазіргі кездегі проблемаларын есепке ала отырып, зерттеу ісіне спортта жетістікке жетуде кездесетін қиыншылықтарды қатыстыра отырып зерттеумен ерекшеленеді.
Қазіргі спорт тәжірибесі, оның қарқынды дамуы – спорттық қызметті ұйымдастыру мен оны басқарудың жан-жақты формаларын, әдістері мен құралдарын ойластыруды мақсат етеді. Дайын жетілген физикалық, психикалық жүктемелер спортшының психологиялық дайындығын арттыру үшін, спортта жаңа әрі тиімді әдістер мен құралдарды енгізуді талап етеді.
Сонымен, спорт психологиясы – бұл спортпен шұғылданатын адамның психологиясы туралы ғылым.
Адам туралы ғылымдар жүйесінде спорт психологиясының алатын орны қандай?
Психология философиялық негіздері – спорт психологиясының жалпы теориялық негіздемесі болып табылады. әлеуметтік негіздер оған әлеуметтік көзқарастарды береді, ал жаратылыс ғылымдары – спорт психологиясының материалдық негізін құрай отырып, спорттағы субъектінің табиғи ұйымдасқанын көрсетеді.
өз кезегігде, барлық спорттық ғылымның негіздері спорт психологиясымен байланысты.
Философия негіздері философиялық тұжырымдарға қажетті материалды спорт психологиясынан алады.
- әлеуметтік ғылымдарда спорттың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін, психологиялық зерттеудің нәтижелерін пайдпаланады.
- Ал жаратылыс ғылымдарында, спорт аумағындағы адам ағзасының маңызды жақтарын бөліп көрсету үшін, адамның спорт қызметіндегі психологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктерін есепке алады.
- Еске алатын бір нәрсе, ол спорт психологиясы ғылымының атауы психология және спорт деген екі ғылыми терминнің бірігуінен жасалған. Осы екеуі сопрт психологиямының негізін қалайды және оның «теориялық негізі» болып табылады.
Өзімізге белгілі болғандай спорттық ғылымдар адамның спорт аймағындағы теориялық білімдер сферасын қалыптастыруға бағытталған. Олар спортшының жарыстарға жеке және ұжымдық дайындығы мен жарысқа белсенді қатысуына жағдайлар туғызу үшін физикалық, техникалық бірізді дайындықтар негізін жасауға бағытталған. Егер спортшының жарысқа дайындығын психологиялық негізі туралы айтсақ, психология ғылым ретінде толығымен адамның тәртібі, жағдайы мен қызметінің заңдылықтарын зерттейді. Көптеген ғылыми зерттеулер адамның спорттық қызметі, қалпы көбінесе психологиялық факторлар мен процестегі қатысты болатынын дәлелдеді. Ондай психологиялық факторлар мен процестерге: адамның мотивациялық және эмоциялық аймағы, жеке қасиеттері мінез бітістері мен темпераменті, күш-қуат сапалары және зейін, ес, ойлаудың ерекше қызметтері жатады.
Қорыта келгенде, спорт психологиясының жеке ғылым ретінде бөлінуі тек емес. Ол спорт адамның психикасын терең, ерекше түрде зерттейді.
4. Спорт психологиясы мен дене тәрбиесі психологиясының өзара байланысы.
Бұл сұрақты қарастырмас бұрын, ең алдымен дене тәрбиесі психологиясына, екінші спорт психологиясына анықтама берген жөн.
1. Дене тәрбиесі психологиясының негізгі мәселесі – жалпы сауықтыру, білім беру және тәрбие салаларының психологиясы негізіндегі тәжірибелік сұрақтарға рационалды жауап беруге көмектесу.
Дене тәрбиесіне қатысу барысында бала өзінің сыртқы ортаға деген көзқарасын, ой-өрісін, дене қимылын, айналадан олған әсерін қалыптастырып үйренеді. Оның еске сақтау, ойлау қабілеті, психологиялық қасиеттерді өз бетінше қалыптастыру қабілеттері дамиды.
2. Сопрт психологиясы – жаттығулар мен жарыс кездеріндегі жеке адамдар мен топтардың психикалық ерекшеліктерінің заңдылықтарын зерттейді. Адам спортпен айналасқан уақытында арнайы сапаларды, дағдыларды, іскерліктерді, қасиеттерді қалыптастырады. Онда қозғалыс есі көрініс тауып, ойлауы, еркі өзін-өзі бағалау, өзіне-өзі анализ жасау, өзін-өзі басқару қабілеттері дамиды.
Спорт – бұл ерекше, адам қызметінің ерекше түрі.
А. Өзіндік ерекшеліктері:
1. Дене тәрбиесінің мақсаты - әр адамның денсаулығын нығайту, адам ағзасының, психофизиологиялық деңгейін арттыру, дамыту. Ал спортпен айналысудың басты мақсаты – спортта жоғарғы нәтижелерге жету.
2. Дене тәрбиесі негізінен ерте балалық шақтан адам психикасының дамуына бағытталған. Шешіліп жатқан мәселелер ортақ сипатта болады.
Спорт қызметінің арнайы түрі ретінде негізінен адамдарды барынша үлкен психологиялық ауыртпалыққа арнайы дайындау мәселесін шешеді. Мұнда мәселенің тар бағыты негізі болады.
3. Дене тәрбиесімен айналысу барлық адамдарға міндетті және мүмкін жағдайда. Дене тәрбиесі үрдісін сезінбей қызу және өнімді өмір қызметінде физикалық білім, қабілет, дағдымен қаруланған, гармониялық дамыған адам ретінде сезінуі қиын.
Спорттық қызмет барлық адамға міндетті емес. Спортпен спортшы деп аталатын, спортқа деген қызығушылығы мол «таңдаулы» адамдар ғана айналысады.
Спорттық қызмет айтарлықтай еңбекті және адамнан едәуір дене және психологиялық қажырлықты талап етеді. Сондықтан спортпен айналысу – бұл көбінің еншісінде емес.
4. Дене тәрбиесі – жалпы білім беретін орынның міндетті оқу тәртібі (балабақшаның, мектептің, арнайы мамандандырылған оқу орындардың, жоғары оқу орындарының).
Спорттық ұйымдар – бұл ортақ мақсат пен идея ұсталған белгілі бір топ адамдарын өз еріктерімен біріктіретін қоғамдық топтар.
Б. Байланыстыратын белгілер.
1. Дене жатығуларымен айналысуға бағытталған қызмет жүйесі дене тәрбиесі секілді спортты да біріктіреді.
2. Дене тәрбиесінде де спорттық қызметте де психологиялық сапалардың, білім мен дағдының(өзін-өзі игеру, бақылау) сонымен қатар психологиялық процестердің (қозғалыс естің, ойлаудың, елестеудің, зейіннің) және жеке қасиеттер (мінез, ерік, қабілет, эмоция, мотивациялық сфера) дамуы мен жүзеге асыру процестері мақсатты түрде орындалады.
3. Тұлғаның моральдық, адамгершілік, этика-эстетикалық қасиеттері және адам тәртібі нәтижесінде бір бүтін құралады.
4. Спорттық топтар құрамы мен қарым-қатынас, топ бастау және ақпарат алмастыру құралы жоспарында дене тәрбиесі бағдарламасымен жұмыс істейтін топтар құрамының тұлғааралық қарым-қатынастары айтарлықтай ұқсас.
5. Дене тәрбиесіндегі секілді спорттық қызметте де сабақтың құрылу сызбасы мен көп жылғы мерзімге еспетелген қызметтің ары қарайғы жоспары байланыстырушы белгі болып табылады.
5. Дене тәрбиесі және спорт психологиясының тапсырмалары.
Бүгінгі таңда «дене тәрбиесі» ұғымының мәніне ортақ көзқарас жоқ.. бір авторлар оны психофизиологиялық даму заңдылықтарының биологизаторлық ұғымы негізіне сүйеніп, адамның функционалдық қабілеттернің мақсатқа бағытталған даму үрдісі деп көрсетеді.
Басқалар дене тәрбиесін адамның дене сапаларын дамыту және оны қимыл-қозғалысқа үйрету деп қарастырады.
Кең ұғымда «дене тәрбиесі» ұғымы «дене шынықтыру білімі» ұғымына сай келуі мүмкін.
Сонымен, дене тәрбиесі – бұл адамның қоғамда әлеуметтік міндеттерін орындауға арнайы дацындауға, дене бітімінің жан-жақты дамуына бағытталған педагогикалық үрдіс.
Мұндай ұғым өзіне адамның физикалық дамуын қамтамасыз ететін білім мен тәрбиені, сонымен бірге басты физикалық және арнайы сапалардың дамуына ықпал ету әрекетін, нақты индивидтің биологиялық ерекшелігімен шартталған гинетикалық бағдарламаның айтарлықтай толық игерілуіне ықпал ететін ағзаның функционалдық қабілеттерінің жоғарылауын қосып алады.
Дене тәрбиесінің сақсатын белгілі бір концепцияға сәйкес тұлғаның физикалық, психикалық саулығын және гармониялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталығн білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру деп қарастыруға болады (еңбекке және тұрмысқа дайындық құру, дене шынықтыру сабағында қажеттілікті жасау).
Бұл мақсатқа жету келесі мәселелерді шешуді ұйғарады.
Жүзеге асырылуын, сондай-ақ денсаулығының сақталуы мен нығаюын есепке ала отырып, оның тәрбиелену процесін ынталандыру.
в) Қозғалыс қабілеттері, дағдылары мен осымен байланысты білімдердің жеке фонд өміріне қажет жүйелі құрылымды қарастыратың білім беру тапсырмаларын қою.
Әдебиеттер:
1. Жақыпов С.М., Тоқсанбаева Н.Қ. Психологияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2012
2. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А. Психологияны оқыту әдістемесі. Қарағанды, 2012
3. Методика преподавания психологии: конспект лекций/ О.Ю.Тарская, В.И.Валовик, Е.В.Бушуева и др-М.2007
4. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. М.,2001
5. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. М.,2000
6. Г.Кертаева Оқытудың кейбір әдістері. –А. 1992
Достарыңызбен бөлісу: |