Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет6/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174

 
13
бәсекеге қабілетті маман етіп қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетудiң жолы - әрбір 
жеке  студенттіңұжымда  субьектілік  таныта  отырып,  әлеуметтік  тәжірибені 
белсенді  меңгеруі.  Осыдан  адамның  түрлі  әлеуметтік  қоғамдарға,  әлеуметтік 
қатынастық  жүйелерге  бірігуі,  өзіннің  тұлғалық  қасиеттерінің  дамуына  ықпал 
ететін  мәдениетті,  әлеуметтік  шамалар  мен  бағалылықтарды  меңгеруі  келiп 
шығады.  Бұл  студенттің  өзiн-өзi  анықтау  мәдениетiболып  табылады,  яғни, 
оның  нақты  қоғамға,  әлеуметтік  топқа  тән  құндылықтарды,  шамаларды,  міңез-
құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу үрдісі, әлеуметтенуі. 
А.С.Макаренко тұлғаның қалыптасып, әлеуметтенуіндегі ұжымның орны, 
ұжыммен  атқаралылатын  жұмыс  формалары  сынды  теориялық,  практикалық 
мәнді тағылым қалдырған педагог.  А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы 
қалыптастырудың  егжей-тегжейлi  технологиясынан  тұратындығы  тәрбие 
теориясынан белгілі. Ол ұжымның өмiр сүру заңын былай түсiндiредi: қозғалыс 
–  ұжымның  өмiр  сүру  формасы;  тоқтау  –  оның  жойылу  формасы.  Әйгiлi 
педагог  ұжымның  даму  қағидаларын  анықтады  (ашықтық,  жауапкерлi 
тәуелдiлiк,  перспектива-лық,  бiрлiктi  әрекет).  Ұжым  болу  үшiн,  топ  сапалы 
тiктелу  жолынан  өтуi  қажет.  Осы  жолда  А.С.Макаренко  бiрнеше  сатыларды 
белгiлейдi:  бiрiншi  саты  -  ұжымның  құрылуы  (алғашқы  бiрiгу  сатысы);  екiншi 
сатыда  белсендiлердiң  ықпалы  арта  түседi.  Үшiншi  және  одан  кейiнгi  сатылар 
ұжымның 
кемелденуi. 
Алдыңғы 
даму 
сатыларында 
қол 
жеткiзген 
қасиеттертұлғалық  ерекшелiктердi  топтастырады:  жолдастарына  қарағанда 
өзiне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерiнiң, әрекет-қылықтарының 
тұрақтануы.  Егер  ұжым  осы  сатыға  жетсе,  онда  толыққанды,  адамгершiлiктi 
тұлға қалыптастыру үстiнде деген сөз. Ал осы барлық даму сатылары ұжымның 
үлкен  және  кiшi  дәстүрлердi  басшылыққа  алғандығынан  қалыптасады. 
Дәстүрлер  –  тәрбиеленушiлердi  эмоционалды  қабылдайтын  әдет-ғұрып,  ниет 
арқылы  жасалатын  ұжым  өмiрiнiң  тұрақты  формалары.  Дәстүр  жүрiп-тұру 
нормаларының  бекуiне  көмектесiп,  ұжымдық  мәселелердi  бiрлiктi  шешу 
қабiлеттерiн дамытады, өмiрдi қызықты етедi. 
Сондай-ақ,  А.С.Макаренко  ұжымаралық  қатынасқа  көп  көңiл  бөлдi. 
Қалыптасқан  ұжымның  ерекше  белгiлерi  ретiнде  ол  мыналарды  ескердi:  1) 
үнемi сергектiк, iс-әрекетке дайындық; 2) өзiндiк қадiрiн сезiну; 3) мүшелерiнiң 
достық  бiрлiгi;  4)  әр  мүшенiң  өз  қауiпсiздiгiн  сезiнуi;  5)  iс-қимыл,  әрекет 
белсендiлiгi;  6)  дер  кезiнде  ұстамдылыққа  әдеттенуi,көңiл  шарпулары  мен 
тiлдесудегi өзiне шек қоя бiлуi [5,71-75]. Тұлғаның әлеуметтенуіндегі ұжымдық 
дәстүрлердің рөлі педагог еңбектерiнде көрiнiсiн тауып, бiздiң дәуiрiмiзге дейiн 
жетiп,  студенттерді  тәрбиелеуде  таптырмас  құралға  айналып  отыр.Сонымен 
студенттердің  әлеуметтенуінде  ұжымда  олардың  қарым-қатынасын  реттейтін, 
жетілдіретін,  дамытып,  қалыптастыратын  дәстүрдердің  болуы  міндетті  деуге 
әбден  болады.  Студенттердің  әлеуметтенуінде  ұжымдық  дәстүрлер  –  ол  жеке 
студенттің,  сондай-ақ  ұжымның  қажеттілігімен  үндесе  келе  міндетті  түрде 
орындалатын іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар болуы шарт.  
Жоғарыда келтірілген теорияларға сүйене келе біз Әлеуметтік педагогика 
және  өзін-өзі  тану  мамандығы  студенттерінің  ұжымдық  дәстүрлер  жүйесін 
жасауды ойластырдық және оларды былайша топтастыра отырып белгіледік: 


 
14
тарихи:  мамандық  тарихын  оқып,  зерделеуді  Отан  тарихымен  (Мәдени 
мұра бағдарламасы негізінде) ұштастыру; 
құндылық: педагогикалық парыз; 
педагогикалық  дәстүрлер:  топтағы  қарым-қатынасты  ізгілендіру,  топ 
және курс аралық тәжірибе алмасудағы ашықтық, өзін-өзі басқару; 
ресми ретуалдар мен мерекелер: студенттік арнаулар, кәсіби мейрамдар, 
мадақтау және жазалау.  
Студенттерінің  ұжымдық  дәстүрлер  жүйесінің  мазмұнын  тарқатып 
көрсететін  болсақ,  тарихи:  мамандық  тарихын  оқып,  зерделеуді  Отан 
тарихымен  (Мәдени  мұра  бағдарламасы  негізінде)  ұштастыру  ұжымдық 
дәстүрлер  арқылы  студенттерді  әлеуметтендіруге  жағдай  жасаудың    негізгі 
өзегі  деуге  болады.  Өйткені  әлеуметтік  педагогика  және  өзін-өзі  тану 
мамандығы бойынша дайындалған студенттер келешекте әртүрлі жастағы түрлі 
ұлт  өкілдерімен  жұмыс  жасайтын  болады.  Бұл  Қазақстан  Республикасындағы 
этникалық-мәдени  бiлiм  тұжырымдамасында  нақты  белгіленген.  «Этникалық-
мәдени  бiлiм  стратегиясы  өзара  байланысты  екi  мақсатты:  этникалық 
сәйкестендiру  мен  мемлекеттiк  интеграцияны  жүзеге  асыруға  бағытталады. 
Халықтың  этникалық-мәдени  сәйкестiлiгi  өз  тарихында,  мәдениетiнде  болған 
оқиғаларды 
бiлу, 
қалыптасқан 
рухани 
құндылықтарға 
адалдық, 
ұлт 
қаhармандарын  қастерлеу  нәтижесiнде  құрылады.  Ол  ұлттың  азат  және  ерiктi 
жасампаздық  шығармашылығы  процесiнде  қалыптасады.  Этникалық-мәдени 
сәйкестiлiк  жағдайына  халықтың  өзi  тудырған  әлеуметтiк-жүйе  арқылы  қол 
жетедi.  Оған  отбасы,  мектепке  дейiнгi  балалар  мекемелерi,  оқу  орындары, 
ұлттық-мәдени  орталықтар,  журналдар  мен  газеттер,  көркем  және  ғылыми 
әдебиет,  ғылыми-зерттеу  және  әкiмшiлiк  мекемелерi,  тағы  басқалары 
жатады.Мемлекеттiк интеграция - Этникалық-мәдени бiлiм берудiң iргелi және 
стратегиялық мақсаты. Егер жекелеген халық этникалық сәйкестiлiкке бiршама 
қысқа  мерзiмде  жете  алатын  болса,  мемлекеттiк  интеграцияға  қол  жеткiзу  - 
мемлекеттегi барлық этностардың күш-жiгерiн қажет ететiн ұзақ процес. Сайып 
келгенде,  мемлекеттiлiктiң  нақ  өзi  Қазақстанды  мекендеген  халықтардың 
этникалық  сәйкестiлiк  мүмкiндiгiнiң  негiзгi  шарты  болып  табылады. 
Этникалық-мәдени  және  мемлекеттiк  сәйкестiлiкке  бiлiм  беру  жүйесi  арқылы 
барынша  тиiмдi  қол  жеткiзуге  болады»-  деп  көрсеткен  [6].  Демек,  жоғары  оқу 
орындарында  маман  дайындау  барысында  оларды  этникалық  мәдениетке 
дайындау олардың әлеуметтенуіне жағдай жасау болып табылады. 
Келесі  құндылық:  педагогикалық  парыз  тобы  деп,  ізгілік  талаптарды 
білдіретіндердің  барлығы  қарастырылады,  яғни,  педагогикалық  парыз 
(педагогикалық  деонтология)  ретінде  әлеуметтік-тарихи,  мәдени  дәстүрлерге 
қажетті  студенттердің  мінез-құлқын  қалыптастыруға  жағдай  жасау;педагогтің 
кәсіби  тәртібі,  қызметке  және  қарым-қатынасқа  қатысушылардың  арасындағы 
сенімділікке  кепіл  болатын  кәсіби  этика  ...  басқа  адамдарға,  олардың 
идеяларына қатысты педагогикалық шыдамдылықты, құзырлылықты, оқу және 
тәрбие  қызметінде  қабылданатын  шешімдерге 
моральдікжауаптылықты 
танытады [7]. 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау