11
жетілдіріп отыру қажет. Яғни, педагог-психологтың білім, іскерлік, дағдылары
бүгінгі күннің өзекті сұрақтары мен міндеттеріне жауап беруі тиіс.
Жоғары оқу орнындағы кәсіби тәжірибенің сапалы жүргізілуі, оқу
пәндерін ізгілік парадигмасы негізінде ұйымдастыру болашақ педагог-
психологтың
кәсібіне
бейімделуін
нәтижелі
етеді.
Сондықтан
оқу
орындарындағы аудиториялық сабақтар мен өндіріс, білім беру ұйымдары
арасында әрқашан, яғни тәжірибе барысында және одан тыс уақытта тығыз
байланыстың болуы шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы, Астана, 2004.
2. Қазақстан Республикасы Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы,
1994 ж.
3. Жапбасбаева М.Б. Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетте маңызды
сапалары //«Білім әлеуметтануы» ІІ халықаралық симпозиум материалдары
жинағы. – Алматы, 2013 ж.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ҰЖЫМДЫҚ ДӘСТҮРЛЕР
Албытова Назымгуль Пышакбаевна, Көшкінбай Қанатбек
Астана қ., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
nalbytova@mail.ru
,
serik_kanat888@mail.ru
Бүгінгі өмірімізде технократиялық қатынастың күннен-күнге өріс алуы
әрбір жеке адамның, сонымен қатар тұтас қоғамның дамуына елеулі кедергілер
келтіреді. Сондықтан маман дайындауда гуманистік, яғни, адамды шынайы
құндылық деп танитын қатынастың қажеттілігі, осы саланы барынша дамыта
түсуге деген сұраныс күннен-күнге артып отырғанын байқатады. Мәселен,
қазіргі қоғамдағы өзгерістер мен жаңарулар, ақпараттық кеңістіктің өріс алуы
студенттік кезеңдегі әлеуметтенуге түрліше әсер етуде. Соның салдарынан
өмірде болып жатқан құбылыстар мен қайшылықтарды дұрыс қабылдауды
реттейтін әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардың маңыздылығы арта түсуде.
Тұлғаның жаңа қоғамдық қатынастар талабына бейімделуі мен әлеуметтенуі
философиялық, психологиялық, педагогикалық сондай-ақ, өз алдына отау
тіккен Әлеуметтік педагогика ғылымының өзекті проблемасына айналып отыр.
Әлеуметтену - жеке адамның әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеру
үрдісі және нәтижесі. Адамның түрлі әлеуметтік қоғамдарға, әлеуметтік
қатынастық жүйелерге бірігуі, өзінің тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал
ететін мәдениетті, әлеуметтік шамалар мен бағалылықтарды меңгеруі. Жеке
адамның нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, шамаларды,
міңез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу үрдісі [1].
12
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдама-
сында: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі
ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен білім
алушыллардың баурап кететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді, -
делінген [2]. Білім беруде студент оқытушының объектісі ғана емес,
педагогикалық үрдісте жеке субъект ретінде көрінеді. Жоғары мектепте
студенттердің әлеуметтенуі үшін оқытушы олардың жеке ерекшелігімен қатар
белсенділігі, шығармашылық ізденісі және өзі қалаған мамандығына
қызығатынын жете білуі маңызды болмақ. Студенттердің іс-әрекетін
қалыптастыру жүйесінде әлеуметтендіру процесін қамтамасыз ететін тұлғаның
шығармашылық
сапасы
болып
табылады.
Сондықтан
да
“тұлға”,
“шығармашылық”,
“іс-әрекет”
ұғымын
философиялық
категориялар
тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда тұлғаның барлық танымдық іс-әрекеті
оның әлеуметтенуін қамтиды.
Адам ақыл парасаттың иесі ретінде айнала қоршаған ортаны танып білу
барысында оның даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін біліп, оған өзінің
қатынасын белгілейді. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін белсенді
әрекетке
түседі.
Тұлға
белсенділігі
оның
дамуы
барысында
тұтас
педагогикалық процесс әсерінен саналы бағытталған іс-әрекетте көрінеді.
Әлеуметтік тұрғыда жеке тұлғаның шығармашылық іс-әрекеті өзінің
бейімділігі мен талабын дамытатын процесс ретінде, шығармашылыққа деген
іштей терең ұмтылысы бола отырып, оның қалыптасуының белсенді факторына
айналады. Шығармашылық гносеологияның жай мәселесі емес, ол өркениет
тағдырымен, адамзат тарихының мәнімен тығыз байланысқан дүниетанудың ең
негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан да ол жалпыадамзат мәдениеті мен
барлық шығармашылық әрекеттерінің түрлерінің бірлестігінде қарастырылады.
Жалпы тұлғаның әлеуметтенуінде оның мінез-құлықтық және іс-әрекеттік
белсенділігіне негіз болатын жетекші фактор – түрткі (мотив). Бұл маман
дайындауға бағытталған арнайы педагогикалық үдерісте де есепке алынуға тиіс
[3,4].
Педагогика тарихында білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкес
ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларды жүйелі пайдаланудың оқу-тәрбие
үрдісіне тигізетін оң ықпалы туралы ғылыми зертеулер мен әдістемелік
нұсқаулар бар. Олар балалар мен жастар ұйымдары, клубтар мен бірлестіктер,
спорт секциялары және т.б. болуы мүмкін. Мұндай аудиториядан тыс
ұйымдастырылған жұмыс формаларының нәтижелерін Әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану мәселесі тұрғысынан қарастырсақ, олардың тұлғаның
әлеуметтенуіне тигізетін ықпалын атап айту қажет.
Студенттердің
әлеуметтенуі
жанұя,
достары
мен
жолдастары,
оқытушылар ұжымы, қоғамдық ұйымдар, студенттік топтар әсерлерiнен
қалыптасады. Осы ықпалдар iшiнде топ ұжымы мен оқытушы арасындағы
қарым-қатынас ерекше рөлге ие. Студенттер мен оқытушылар тарапынан
қойылған талаптарбiрлiкте болып, бiр-бiрiне қайшы келмеуi аса маңызды.
Бүгiнгi нақты мақсат - бұл студенттің психологиялық ерекшеліктері және
ептiлiктерi мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |