Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет4/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174

 
9
 студенттердің  сапалы  білім  алуға  деген  құқықтарын  нығайту,  жоғары 
оқу  орны  басшыларының  сапалы  білім  беру  қызметін  ұсыну  жауапкершілігін 
анықтайтын  тетіктерді  әзірлеу  және  енгізу»,-  деп  анықталған  [1].  Бұл  жоғары 
білім  беру  жүйесінің  оқу  үдерісінде  ізгілік  парадигмасы  негізінде  мамандыққа 
бейімделудің жоғары маңыздылығын дәлелдеп отыр. 
Жаңа  білім  парадигмасы  студентке  оқу  қызметінің  субъектісі  ретінде 
қарап,  білімге  құндылық  бағдарын  қалыптастыра  отырып,  танымдық  және 
рухани 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруды 
және 
жан-жақты 
дамыған, 
шығармашыл  жеке  тұлғасын  қалыптастыруды  көздейді.  Мұндай  жаңа 
әдіснамалық  жүйе  дәстүрлі  оқыту  процесін  түбегейлі  өзгертудің  қажеттігін 
көрсетіп,  оқытудың  шығармашылық  қызметін  дамытып,  білім  мазмұнының 
ұлттық  негізде  берілуін  жаңа  өркениеттік  бағдар  тұрғысынан  жетілдіруді 
міндеттейді. 
Ізгілік  парадигмасына  тең  дәрежелік,  диалогтік  қатынас,  еркіндік,  бірдей 
даму,  бірлік  пен  қабылдау  секілді  қағидалар  тән.  Бiлiмдегi  ізгілік 
парадигмасының iске асырылуы мәдениет, өркениет құндылықтары мен оларды 
болашақ  педагог-психолог  мамандардың  арасында  ұдайы  жаңартып  отыру 
арқылы жүреді.  
Қазақстан  Республикасы  Гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасында: 
«Білім  беруді  гуманитарладырудың  басты  міндеті  бүкіл  тәрбие,  оқу-ағарту 
және  мәдениет  кешенін  гуманистік  бағдардағы  адам  тәрбиелеуге  жұмылдыру. 
Білім  беруді  гуманитарландыру  жолдарының  бірі  -  педагог  кадрларды 
гуманитарлық  қайта  даярлықтан  өткізуді  тиісінше  ұйымдастыру,  бүгінгі 
студент – ертеңгі педагогтерді оқытуды уақытылы қайта құру», - деп  көрсетіп 
отыр  [2].  Осы  аталған  міндеттерді  шешу  болашақ  педагог-психологтардың 
мамандыққа 
бейімделуін 
ізгілік 
парадигмасы 
негізінде 
ұйымдастыру 
қажеттілігін айқындайды. 
Педагог мамандығы ежелден келе жатқан мамандықтың бірі. Бұл кәсіптің 
ерекшелігі    оның  кез  келген  уақыттағы  қажеттілігінің  жоғары  болуында.  
Сондай-ақ,  білім  беру  үдерісін  психологиялық  қамтамасыз  ету  бүгінгі  таңда 
жоғары сұранысқа ие болып отыр. Бұл қазіргі қоғамдағы адам факторы рөлінің 
жоғарылауымен,  білім  беру  үдерісінің  адами  құндылықтардың  дамуы  мен 
қалыптасуына  бағытталуы,  қоғамның  өзгермелі  жағдайында  өз  өмірі  үшін 
жауапкершілікті  сезінуге,  экономика,  әлеуметтік  қатынастар  және  еңбек 
нарығында  практикалық  іскерліктер  мен  дағдыларды  игерген  тұлғаның 
қалыптасуымен түсіндіріледі. 
Білім беру үдерісінде оқушыны жан-жақты терең түсіну, ұстаз бен оқушы 
арасында  «алтын  көпір»  орнату  үшін  білім  беру  мекемелерінде  педагог-
психолог кәсібі енгізілген. Яғни, педагог-психолог мамандығы өзінің бастауын 
педагог кәсібінен алады.  
Педагог-психолог  мамандығының  екі  табиғаты  бар.  Кәсіби  маңызды 
сапалар  педагогтың  да,  психологтың  да  сапаларының  жиынтығынан  құрылып, 
маман  тұлғасының  тұтастығын  бейнелейді  [3].  Педагог-психолог  кәсібіне 
бейімделуде,  бастысы,  маманның  кәсібін  қабылдауы,  қызығушылығының 
жоғарылығы, мақсаттылығы, соған сәйкес ерік-жігер сапаларының дұрыс жолға 


 
10
қойылуы  болып  табылады.  Ал  еңбексүйгіштік,  төзімділік,  табандылық, 
оптимистік көзқарас және гуманистік бағыттылық – болашақ педагог-психолог 
кәсібінің негізі болады. 
Болашақ 
педагог-психологтардың 
ізгілік 
парадигмасы 
негізінде 
мамандыққа 
бейімделуін 
мақсатты 
ұйымдастыру 
өз 
мәнінде 
бола 
бермейтіндігін  тәжірибе  байқатып  отыр.  Мұның  себебі,  оқу  орны  мен 
өндірістің  арасындағы  үздіксіз  де  жүйелі  байланыстың  болмауы  және 
пәнаралық  байланысқа  мүмкіндіктің  аздығы  салдарынан  теориялық  білімнің 
практикалық  сабақтарда  және  нақты  тәжірибеде  көрініс  бермеуі  болып 
табылады.  
Алайда,  жан-жақты  зерттеулер  мен  тәжірибе  көріністері  жоғары  оқу 
орнының 
оқу 
үдерісінде 
болашақ 
педагог-психологтың 
мамандыққа 
бейімделуін  ізгілік  парадигмасы  негізінде  ұйымдастырудың  мүмкіндіктері  мол 
деп  тануға  негіз  бар  екенін  және  ол  жоспарлы  ұйымдастырылу  қажеттілігін 
дәлелдейді. Себебі: 
- біріншіден,  студенттердің  жас  ерекшеліктері  олардың  болашақ 
мамандықтары 
туралы 
нақты 
көзқарастарын 
қалыптастырып, 
оған 
қызығушылықтарын арттыруына мүмкіндік береді; 
- екіншіден, 
студенттердің 
болашақ 
мамандығына 
даярлығын 
тереңдететін  кәсіптік  пәндерде  ізгілік  парадигмасының  мазмұнын  ашып,  оны 
жоспарлы 
енгізуге 
мүмкіндік 
бар. 
Олар: 
Педагогикалық 
шеберлік, 
Эксперименталды  психология,  Тұлғаның  психологиялық  –  педагогикалық  
диагностикасы,  Педагогиканы  оқыту    әдістемесі,  Психологияны  оқыту 
әдістемесі, Әлеуметтік педагогика және Әлеуметтік психология; 
- үшіншіден,  болашақ  педагог-психологтардың  тұлғасын  зерттеп,  танып, 
соның негізінде олардың жеке және интеллектуалдық ерекшеліктеріне бағыттап 
білім беру және қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды; 
- төртіншіден,  болашақ  педагог-психолог  мамандар  кәсіби  тәжірибені  әр 
түрлі  ұйымдарда  (білім  беру  мекемелері,  жетімдер,  қарттар  үйі,  түзету-
сауықтыру орталықтары) өткізуіне мүмкіндік бар. 
Болашақ  педагог-психологтың  ізгілік  парадигмасы  негізінде  мамандыққа 
бейімделуі  студенттің  тұлғалық  қасиеттерін  жетілдіруге,  оның  кәсіби 
борышына  деген  оң  көзқарасын  қалыптастыруға  жоғары  оқу  орны  ның  оқу 
үдерісінде  баса назар аударуды көздейді.  
Студент  болашақ  педагог-психолог  мамандығына  ізгілік  парадигмасы 
негізінде  бейімделуі  үшін  қазіргі  заманғы  идеялық  бағыттарды  және  өзі  өмір 
сүріп  жатқан  қоғамның  адамгершілік  кодексін,  сондай-ақ  дүниежүзілік 
идеологиядан  хабардар  болуы  шарт.  Осы  жағдайда  ғана  ол  өзіне  қажетті 
идеологиялық  және  адамгершілік  қағидаларын  ұстанып,  өзге  тұлғаларға 
дүниетанымдық  кеңес  беруде  жоғары  сұранысқа  ие  болады.  Жалпы  және 
арнайы  құзыреттіліктер  болашақ  маманның  өзін-өзі  дамытуы  нәтижесінде 
артып,  оны  тоқтатқан  жағдайда  бұрынғы  жинақталған  білімдер  мен 
іскерліктерін ғана қолдануға мүмкіндік береді. 
Болашақ  педагог-психологтың  ізгілік  парадигмасы  негізінде  мамандыққа 
бейімделуі құзыреттіліктің алғышарты болып табылады. Сондықтан оны ұдайы 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау