Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет141/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   174

 
305 
қамтамасыз  ету  –  жеке  адамның  уақыт  және  кеңістікпен  шектелген  нақты 
жағдайда әлеуметтену процесі болып табылады.  
Баланың  психологиялық  денсаулығының  негізі  –  онтогенездің  әр 
кезеңіндегі  қалыпты  даму  болып  табылады.  Біз  қысқа  мерзімде  бірлескен 
танымдық-диалогтық  іс  әрекеттінегізге  ала  отырып,  психотерапия    көмегімен 
қамтамасыз ету, жетілдіру жұмыстарын жүргізе аламыз. 
Психотерапия  –  грек  тілінен  аударғанда  «жанды  емдеу»  деген  мағынаны 
білдіреді. 
«Психотерапия» 

термині 
1872 
жылы 
Д.Тьюктың 
«иллюстарция»влияние  разума  на  тело»  -  кітабында  енгізіліп,  19  –  ғасырдың 
аяғынан  кең  қолдана  бастады.  Ол  ауырған  адамға  қайырымдылық  мәселелері 
мен шараларын қарастырады. 
Психотерапияның  адам  жан  дүниесіне  әсер  етуі  жөнінде  төрт  негізгі 
моделі бар: 
- психотерапияның емдеу әдісі ретінде медициналық моделі; 
- психотерапияны үйрету үрдісі ретінде психологиялық моделі; 
- психотерапия 
манипуляция 
ретінде 
қоғамды 
бақылап 
отыру 
мақсатындағы әлеуметтік моделі; 
- психотерапия  адамдармен  өзара  әрекеттес  құбылыс  кешені  ретінде 
философиялық моделі. 
Психотерапияда ғылым негіздерінде тек қана психологиялық әдістер мен 
құралдар қолданылуда көрсетілген фармакологиялық және ағзалық әдістер мен 
құралдарға  тиым  салынады.  Қазіргі  кездерде  психотерапияны  зерттер  әдістері 
клиникалқы – бағдарлы психотерапия мен жеке адамға бағдарлы психотерапия 
болып екіге бөлінеді. 
Клиникалық бағдарлы психотерапияда қолданылатны әдістер: 
- гипноз 
- аутогендік жаттығу 
- сендіру мен өзін - өзі сендірудің түрлері. 
Жеке  адамға  бағдарлы  психотерпияда  көптеген  психологиялық  ағымдар 
мен мектептердің үлгілеріне негізділген әдістер мен тәсілдер қолданылады. 
Психологиялық денсаулық негiзiнде тұлғаның  жеке басының  қасиеттерi 
дамып,  психикалық  кейiптерi  қалыптасады.  Сонымен  қатар,  психологиялық 
денсаулық  тұлғаның  танымдық  үрдiстерiнiң  жетiлуiн  қамтамасыз    ететiн 
бiрден-бiр  фактор және жағдай болады.  
Тұлғаның  өзiн-өзi  дамытып,  жетiлдiруiн,  реттей  алуын,  яғни  өзiндiк   
бағаның  дұрыс болуын қамтамасыз  ететiн  де,  олардың   тұлғааралық  қарым-
қатынасын 
реттейтiн 
психологиялық 
денсаулығы 
болып 
табылады.   
Ғылымдағы  тұлғаның  психологиялық  денсаулығының  мәндiлiгi  барлық 
адамдарға  белгілі,  алайда  психологиялық  денсаулығында  зерттелмеген, 
шешiлмеген, қарастырылмаған мәселелер де жеткiлiктi.  
Тұлғаның  психологиялық  денсаулығына  ерте  диагностика,  коррекция, 
профилактика, бұзылуының алдын алу қазіргі  психологиялық қызметтiң басты 
мiндеті.  
 
 


 
306 
Әдебиеттер: 
 
1. Унарбекова Н.Д. Тұлғаның психологиялық денсаулығы: Монография. – 
Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 156 б. 
2. Психология/ Под ред. А.А. Крылова. – М.: ''Проспект'', 1999. – 584 с. 
3. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. – СПб.: Питер, 2001. – 608 с. 
4. Психология  личности:  Учеб.  пособие.  /  Под  ред.  проф.  П.Н.Ермакова, 
проф. В.А.Лабунской.- Москва: Эксмо, 2007.- 653 с. 
 
 
 
ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ БЕРУГЕ БОЛАШАҚ 
МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ 
 
Агбаева У.Б., Сабиева А.Ж., Бактуразова А. 
Қызылорда қ., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
altynai_sabieva@mail.ru
 
 
Жас  ұрпаққа  отансүйгіштік  тәрбие  беру  мәселесі  адамзат  тарихының  өн 
бойында ғасырлардан-ғасырларға ұласып келе жатқан ұлы мақсат, мұраттардың 
ішіндегі  ең  бастысының  бірі  болып  саналады.  Оны  әр  елдің  өткен  тарихынан, 
бүгінгі саяси иделогиясы мен болашаққа жасаған стратегиялық жоспарларынан 
көруге болады.  
Қазіргі таңда ұрпақтан ұрпаққа жалғасып  келе жатқан осы мүдде адамзат 
өркениетімен  бірге  халықаралық  қауымдастықтан  өзінің  лайықты  орнын  алып 
отыр.  Қазақстан  үшін  мыңжылдықтың  табалдырығына  енген  кезеңінде 
мемлекетіміздің  негізгі  нысаны  рухани,  әлеуметтік  асыл  мұрат,  Қазақстандық  
патриотизм  қалыптастыру,  Отанымыздың  нығая  беруі,  елдік  пен  бірлік, 
мемлекеттік пен тұтастық ұстанымдарын жүзеге  асыру болып қала береді. 
Бүгінгі  таңда  жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  оқушыларына 
отансүйгіштік  тәрбие  беру  оның  сапалы  ұйымдастырылуы  мен  жүзеге 
асырылуына  байланысты.  Оқушыларды  отансүйгіштік  рухта  тәрбиелеу  –  
жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  тәрбие  жұмысындағы  негізгі  бағыттардың 
бірі.   
Қазақстан  Республикасының  Президенті:  «Біздің  маңызды  идеологиялық 
міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі 
танып білуін қалыптастыру», - деп, қоғамымыздағы Отансүйгіштік тәрбие беру 
проблемасына ерекше тоқталған болатын [1]. 
Патриотизм – Отанға деген  сүйіспеншілік, жеке адамның аман- саулығы 
қоғамдық,  мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  өзін 
мемлекетке тәуелді екенін, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту 
екенін  мойындау,  қысқасын  айтқанда,  «патриотизм  дегеніміз  мемлекет  деген 
ұғымды,  жеке  адамның  барлық  жағымен,  өткені  мен  бүгінгі  күнімен  және 
болашағымен байланыстыру қарым-қатынасын біріктіреді» [2] деп, терең жан – 
жақты анықтама берген, қаһарман жазушы Б.Момышұлы.   


 
307 
Жеткіншек  шақ  -  адам  дамуының  күрделі  кезеңі  болып  табылады.  Бұл 
кезең  аз  уақытқа  созылғанмен,  негізінен  индивидумның  алдағы  өмірін 
анықтайды.  Әсіресе,  осы  жеткіншек  шақта  мінездің  және  т.б.  адам 
қасиеттерінің  қалыптасуы  маңызды  орын  алады.  Бұл  кезеңдегі  болатын 
жағдайлар,  яғни  балалардың  ересектер  қамқорлығынан  өз  бетінділікке 
ұмтылуы,  әдеттегі  мектеп  іс  әрекетінен  әлеуметтік  іс  -  әрекеттің  басқа 
түрлеріне 
ауысу 
және 
организмнің 
гармоналды 
ауысуы 
байқалады. 
Жеткіншектің  өмірінде  болатын  осындай  өзгерістер  оны  қоршаған  ортаның 
жағымсыз әсерлеріне сезімтал етеді [3]. 
Жеткіншектер  тәрбиесі,  бірінші  кезекте,  олардың  физиологиялық 
дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық 
процесіне және  тәрбиесіне ықпал етеді. Жеткіншектердің физиологиялық даму 
ерекшеліктерін  және  бұл  ерекшеліктердің  баланың  жетілуінде  көрініс  табуын, 
жақсы  ортаның,  мектеп  ұжымындағы  достары  мен  жолдастарының  болуын 
ескере  отырып  дұрыс  ұйымдастырылған  тәрбие  арқылы  және  отбасындағы 
жағдайы  арқылы  жасөспірімнің  жеке  тұлғасын  қалыптастыруға  педагогикалық 
басшылықтың шамасы жетеді. 
Демек,  осы  жастағы  оқушылармен  жүргізілетін  жұмыстың  маңызды 
міндеті  тәрбиешілердің  мектепте  және  мектептен  тыс  кезде  балалардың  әр 
қайсысымен  жеке  жұмыс  жүргізіп,  қажетті  әдептілікті  сақтай  отырып, 
қызметтерін  педагогикалық  ұстамдылық  пен  шыдамдылыққа  негіздей  дұрыс 
ұйымдастыру  болып  табылады.  Жеткіншектер  өмірінде,  әсіресе,  9  сыныпта, 
яғни,  толық  орта  білім  алу  жолына  таңдау  жасайтын  кезде,  олардың  бойында 
әртүрлі  мамандықтарға,  мектеп  пәндерінің  ішіндегі  белгілі  бір  пәнге  деген 
қызығушылығы пайда болады. 
Сынып ұжымын қалыптастыру процесі әр түрлі қызмет: оқу, ойын, еңбек 
түріндегі  қызметтер  арқылы  жүріп  жатады.  Сынып  ұжымындағы  жетекші 
қызметті – олардың жалпы және адамгершілік дамуының басты факторы болып 
табылатын оқу қызметін атқарады. Жеткіншек өзінің алуан қырлы қабілеттерін 
дамытатын  және  жетілдіретін  басқа  ұжымдарда  да  бола  алады.  Бірақ 
жеткіншектерді  қызықтыратын істерге сай құрылатын ұжымдар (сыныптан тыс 
мекемелердің  үйірмелері  мен  секциялары,  туған  жеріне  қызмет  істейтін 
мекемелер мен секциялар т.б.) жеткіншектің жеке  тұлғалық қасиетін дамытуда 
көмекші  қызмет  атқарады,  сондықтан  жеткіншек  өзінің  қабілеттерін, 
мүмкіндіктерін,  жетістіктері  мен  сәтсіздіктерін  сыныптан  тыс  жұмыстарда 
неғұрлым толығырақ сезіне алады.  
Оқушыларды  тәрбиелеу  тек  сабақпен  ғана  шектеліп  қоймайды,  ол 
сабақтан  тыс  уақытта  да  жалғасады,  тереңдетіледі.  Сабақ  процесі  кезінде 
тәрбие  міндеттерінің  барлығын  шешу  мүмкін  емес.  Әр  түрлі  сыпныптан, 
мектептен тыс жұмыстар жоспарлануы қажет. 
Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімдік 
сипаттығы  мақсатты  түрде  ұйымдастырылған  шаралар  жатады.  Сыныптан  тыс 
жұмыстар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болады. 
Ұстаздар ата-аналармен бірге отырып, әрбір оқушының қызықты, сүйікті 
ісімен 
айналысуына 
мүмкіндік 
беретін 
әртүрлі 
клубтар, 
үйірмелер 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау